Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарга негізделген:
1) Ақпараттық нақтылық ұстанымы. Ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.
2) Теңгерілімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Басқарудың біртүтас мақсаттары мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге жэне де басқа да сипаттамаларына қарай теңгерілімділігін қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
I.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................................................5
Ақша қаражаттарының мәні және түрлері………………………………..5
1.2. Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және есептеу әдістері…………………………………………………………………………14
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау…………………20
II. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ……………25
Ақша қаражаттарын басқару……………………………………………25
Ақша қаражаттарын тарту саясаты……………………………….…….27
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары………...……………………………..…33
III.АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ.………………………………………………………….……..37
3.1. Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру………………………..37
3.2.Қазiргi кездегі шетел мемлекеттеріндегі кәсіпорындардың ақшалай ағындарын тиiмдi басқаруы бойынша инновациялық шешiмдер……....…40
ҚОРТЫНДЫ..............................................................................................45

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_5765.doc

— 389.00 Кб (Скачать файл)

     Таза табыстан алынады:

  • негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы;
  • запастарды өсіру;
  • дебиторлық қарызды жоғарылату;
  • кредиторлық қарызды жоғарылату;
  • өзге де қысқа мерзімді міндеттемелерді қысқарту;
  • өткен жылғы бөлінбеген пайданы пайдалану;
  • резервтік қор қаражаттарын пайдалану;
  • болашақ кезең шығындарын өсіру;
  • алынған құндылықтар бойынша ҚҚС қалдығының өсуі.

  Егер есепті кезең нәтижесі бойынша шығын алынған болса, онда жанама әдісте есептемелер оның көлеміне негізделіп жүргізіледі.

 Ақша қаражаттарын оперативті  басқаруда жанама әдісті қолдану артықшылығы, ол қаржылық нәтижелер мен меншікті айналым қаражаттары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорын қызметіндегі кемшіліктерді анықтап,  олардан шығу жолдарын қарастыруға болады.

Әдіс кемшіліктері:

  • ішкі  қолданушылармен аналитикалық есепті жасаудағы жоғарғы еңбектілік;
  • бухгалтерлік есептің ішкі көрсеткіштерін қарастыру қажеттілігі (бас кітап);

 

1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары  ағымын жоспарлау

 

 Ақша қаражаттары ағымы –  бұл кәсіпорынның есепті және  жоспарланған уақыттағы алатын және төлейтін ақша қаражаттарының жиынтығы.

Ақша қаражаттарының қозғалысын жоспарлау бухгалтерлік есептің кассалық әдісі негізінде құрылады. Яғни, барлық түсімдер мен төлемдер ақшаның кассаға нақты төленуі немесе банктің есепті шотына аударылуы негізінде есепке алынады.

Ақша қаражаттарының ағымы болжамы, өзімен бірге кассалық әдіс негізінде құрылған пайда және шығындар туралы есепті ұсына отырып, жоспарланатын түсімдер мен шығыстар құрылымын ашады.

Ақша қаражаттары ағымының есебін құру және болжамдау келесілерге әкеледі:

  • ақша қаражатының қажетті көлемін анықтау;
  • сату көлемін болжамдау;
  • ақша қаражаттарының түсімін болжамдау;
  • ақша қаражаттарының төлемдерін болжамдау;
  • есепті кезең соңына арналған бос ақша қаражатын анықтау;
  • үлкен көлемде қолданылмай тұрған бос ақша қаражатын азайту.

Ақша қаражатының ағымын болжамдау, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп тәрізді тек кәсіпорын басшысының ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Яғни, олар сол арқылы кәсіпорын өтімділігін, жұмысының тиімділігін және қарыздары мен дивидендттерін төлеуге қажетті көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз ете алу қабілеттілігі бағаланады /7,249б./ Осылайша, кәсіпорын басшысы да, инвестор да ақша ағымын зерттей келе:

  • болашақта ақша қаражаттарымен қамтылу мүмкіндігі туралы;
  • міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігі туралы;
  • дивидендттерді төлеу мүмкіндігі туралы;
  • қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы мәліметтерді ала алады.

Ақша қаражаттары ағымын болжау немесе ақшалай төлемдер мен түсімдер жоспары – бұл кәсіпорынның немесе нақты жобаның дамуы үшін қажетті көлемдегі ақша сомасын анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші жылы ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін ай бойынша, екінші жылы тоқсан бойынша, әрі қарай жыл бойынша жоспарлау ұсынады. Егер сату болжамы, әрбір қызмет түрі бойынша түсімдердің сметасы ай бойынша бөлінсе, онда бірінші жылға арнап ай бойынша жоспар құруға болады.

Мұндағы икемділік ақша ағымын жоспарлау үздіксіздігінде. Яғни, жоспарланған көрсеткіштерді өзгеріске ұшырамайтындай етіп емес, барлық уақытта нақты көрсеткіштермен талдау жасала және салыстырыла отырып қажетті өзгертулерді енгізуге және бақылауға база құрылады.

Кезең аяғындағы қажетті қалдық жоспарланбаған шығыстарды жабу үшін қажетті ақша қаражаттарының резервін көрсетеді. Егер, резерв көлемі кәсіпорынның ақша қаражаттарының қалдығынан асатын болса, онда қосымша несие алуға қажеттілік туып және аяқасты ақша қаражаттарының жетіспеушілігі тумауына жоспар құрылу қажет.

Ал егер, ақша қаражаттары қалдығының нақты көлемі резервтен жоғары болса, онда ақшалай ресурстарды тиімді пайдалану үшін қайта бөлу немесе қайта инвестициялау туралы шешім қабылдау қажет.

Келесі жылдың әр айына арналған ақша қаражаттарының қозғалысының болжамын жасау үшін «кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысын болжамдау» формасы қолданылады. Бұл құжаттың шешетін негізгі мәселесі ақша қаражаттарының түсімі мен шығысы арасындағы біркелкілікті тексеру, яғни кәсіпорынның болашақ өтімділігін тексеру (кәсіпорынның міндеттемелері бойынша есеп айырысуға қажетті ақшалай соманың банк шотында болуы) /14, 327б./.

Ең бастысы болжам өзгеріс енгізуге болатын жұмыс құжаты болуы тиіс. Ең қиын шешілетін мәселе қолма-қол сатылымнан және несиеге сатудан түскен ақша қаражаттарының төлемі мен түсімін болжау мен бағалауда  туады. Бұл екі болжам да сатылым көлемін болжауға байланысты. Ал болжам өз есебінде кәсіпорынның өмір сүру ортасына және қызметін жоспарлауына байланысты болады. Болжам жасалатын уақыт кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына, басқару аппаратының қажеттілігіне және басқару аппаратының өз болжамдарына деген сенімділік деңгейіне байланысты.

Кәсіпорынның ақша ағымдарын басқару үшін маңызды қаржылық құжат болып кассадағы және банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары, яғни төлем балансы табылады. Ол басқарушыға операциондық және инвестициялық қарекетті оперативтік қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекет пен серіктестердің алдындағы міндеттемелерді орындауға, төлем қабілеттілігінде және кәсіпорынның активтерінің өтімділігіндегі өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.

Төлем балансын қалыптастыпудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның ақша қаражаттары мен төлемдерінің келіп түсуінің нақты мерзімдерін бекіту және олардың жоспарлы тапсырмалар түрінде филиалдарға жеткізу.

Төлем балансы негізінде басты қажеттіліктерге қаражаттарды жұмсауды бақылайды. Бұл бақылаудың маңызы уақытша қаржылық қиыншылықтар туған кезде арта түседі. Бұл құжатты дайындау қажеттілігі несиелер бойынша төлемдер жасау тәртібінің өзгерісі кезінде, мемлекет, жабдықтаушылар, қызметкерлер және құрылтайшылар алдында төлемдік міндеттемелер бар болған жағдайда артады. Осының барлығы күн сайынғы ақша түсімдерінің ағымдары мен төлемдердің арасындағы тепе-теңдікке басқарушының ерекше назар аударуын қажет етеді. Егер, тепе-теңдік жоқ болса, онда кәсіпорын айналымына қосымша ақша қаражаттарын тарту шаралары немесе ағымдағы инвестициялық шығындарды төмендету шаралары қолданылады, ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары жасалады.

Ақша ағымдарының қозғалысын болжамдау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі жұмыс парағы бойынша есептелген ақша түсімдерінің таза ағымын, ақша қаражаттарын төлеудің әр түрлі баптарын қосады. Ақша қаражаттарының таза ағымдарының сомасы жоспарланған қарекетті жүргізу үшін қажет ақша қаражаттарының деңгейі туралы мәлімет береді. Екінші бөлімінде (қаржылық) негізгі қызметтің кәсіпорын жоспарларына әсерін көрсетеді. Кәсіпорын басшысының назары үш негізгі шамаға аударылуы қажет:

  • ақша қаражаттарыныңт таза ағымы;
  • қажетті қаржыландыру;
  • ақша қаражаттарының бос қалдықтары;

Ақшалай қаражаттарға қажеттілікті анықтауда бірнеше модельдер қолданылцы мүмкін. Бұлар:

  • ақша қаражатының жалпы көлемін және оның эквивалентін бағалау үшін;
  • ақша қаражатының қандай бөлігін есептік шотта, қандай бөлігін тез өткізілетін бағалы қағазға салу қажет екенін анықтау үшін;
  • ақша қаражаттары мен тез өткізілетін активтердің трансформациясын қандай көлемде орындау керектігін анықтау үшін қолданылады /15,147б./

      Батыс елдері тәжірибесінде  келесі модельдер белгілі:

  • Баумоль моделі;
  • Миллер-Орр моделі;
  • Монте-Карло моделі;
  • Стоун моделі.

Баумоль моделі 1952 жылы ашылған. Бұл модель бойынша есеп шоттағы ақша қаражаттарының сақталуының артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады, талдау жүргізіледі. Кәсіпорын максималды ақша қаражаттар деңгейін қолдана отырып қызмет етеді, ақша қаражаттарды уақыт аралығында жұмсайды, тауарды өткізуден түскен қаражаттарды кәсіпорын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салуы да мүмкін. Ақшалай қаражаттар таусылған соң кәсіпорын сатып алынған бағалы қағаздарды сата бастайды және ақша қаражаттарын алғашқы көлемге дейін қайтадан толықтырады.

Баумоль моделі бойынша ақша қаражаттарының көлемі:


                              Q = √ 2*V*C/ r                    (2)



мұндағы,  V – ақша қаражаттарына болжамды қажеттілік;

        С – бағалы  қағаздарға ақша қаражаттарын конвертациялау  бойынша шығындар;

         r – кәсіпорын  үшін мүмкін қысқа мерзімді  салымдар бойынша пайыздық табыс  көлемі

         Q/2 – ақша  қаражаттарының орташа қоры

Бұл модель көбінесе тұрақты ақша қаражаттар шығындары бар және тұрақты болжамды ақша қаражат шығыстары бар кәсіпорындар үшін арналған.

Миллер-Орр моделі. Бұл модель келесі сұрақтарға жауап береді: ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысын алдын-ала білу мүмкін болмаған жағдайда ақшалай қаражаттарды қалай басқару қажет.

Миллер-Орр моделі бойынша келесі этаптар орындалады:

    • ақша қаражаттар сомасының минималды көлемі бекітіледі, бұл ақша қаражаттар көлемі әрдайым кәсіпорынның есептік шотында тұрақты болуы қажет (бұл көлем эксперттік жолмен кәсіпорынның шоттарды төлеу бойынша орташа қажеттілігімен анықталады) (Он)
    • статистикалық мәліметтер арқылы есептік шотқа келіп түсетін күнделікті ақша қаражаттар көлемінің ауытқуы анықталады. (V)
    • ақша қаражаттарының есептік шоттағы сақталуы бойынша шығындар анықталады (Рх), сонымен қоса бағалы қағаздар мен ақша қаражаттарының өзара трансформациялану шығындары (Рт) анықталады.
    • Есептік шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының ауытқу қадамы (S) анықталады.

 

                        S = 3 * 3√3*  РтV / 4* Рх                                                                             (3)

 

  • есеп шоттағы ақша қаражатының жоғарғы шегі (ОВ) анықталады.

 

                          ОВ=Он+S                                                                         (4)

  • есеп шоттағы ақша қаражатының қалдығы – қайтару нүктесі (ТВ) анықталады.  

                           ТВ=Он+S/3                                                                 (5)

 

Стоун моделі 1972 жылы пайда болған. Миллер-Орр моделінің дамыған түрі. Бұл модельдің мақсаты – ақша қаражатының транформациялану операциясын минималдау. Миллер-Орр моделі ақша қаражатының жоғарғы шегіне жеткендегі уақытта өте өтімді активтерге немесе активтерді сатуға арналады. Стоун моделінде трансформациялау операциялары жақын күндердегі ақша қаражатының қозғалысын болжамдауға тәуелді болады.

Миллер-Орр моделі бойынша фирма А нүктесінде бағалы қағаздарды сатып алады. Стоун моделі бойынша ақша қаражаттарды трансформациялау өлшемі жақын күндердегі болжамды қалдықтарына тәуелді болады.

Монте-Карло моделі 1980 жылы Лернер ұсынған. Бұл имитациялық модельдеу әдісіне жатады.

Мұнда ақша қаражаты қалдықтарының оптималды өлшемін бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Ақша қаражаттар қалдығы екі көрсеткіштің функциясы ретінде қарастырылады: өткізу көлемі, ақша қаражатының түсімі.

Қорытындылай келе, келесі шешімге келуге болады, кәсіпорын гүлденуі оның қарекетін қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру қабілеттілігінде. Басшы үшін ең негізгі мәселе – бұл негізгі қызметтен түсетін ақша қаражаттарының оң ағымдарын жоспарлау және тиімді қаржыландыру көдерін іздеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ

 

    1. Ақша қаражаттарын басқару

 

Орташа өндірістік фирманың шамамен 1,5% активтер ақша қаражаты түрінде болады. Олар депозиттік (не ағымдағы) шоттар және қолма-қол ақша, сонымен қатар мемлекеттік қазыналық вексельдер банктік депозиттік сертификаттар, ашық түрдегі инвестициялық қорларға салымдар, артықшылығы бар акциялар сияқты қысқа мерзімді жоғарғы өтімділікті құнды қағаздар жатады.

Ақша қаражаттары жиі пайда  әкелмейтін активтер деп аталады. Олар еңбекақыны төлеу үшін, шикізат, материал, негізгі құралдарды сатып алуға, салықты төлеуге дивиденттерді төлеуге т.б. керек. Осыған қарамастан ақша қаражаттары өздігінен табыс әкелмейді. Сондықтан ақша қаражаттарын басқарудың мақсаты болып фирманың дұрыс қызмет етуің қамтамасыз ету болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда шоттар мен кассадағы ақша қаражаты шыналарға жеткілікті болуы керек:

а) Берілген жеңілдіктерді қолдануға қолдануға мүмкідік беретін мердігерлердің мерзімді шоттарын төлеуге

ә) Несие қабілеттілігін қамтамасыз етуге

б) кенеттен болатын жоспарланбаған шығындарды төлеуге

Ақша қаражаттарын басқару әдістері:

Ақша қаражаттарын басқару фирма мен оған қызмет көрсететін банкпен бірге іске асырылады. Басқару әдістері қарастырады:

1) Ақша ағымдарын синхронизациялау

2) Жолдағы ақша қаражаттарын  қолдану

3) Ақша түсімдерін жылдамдату 

4) Банк есептемелерінің мерзімді  кеңістік оңтайландыру

5) Төлемдерді бақылау

Бизнесте ең маңызды рөлді аймақ немесе дүние жүзінде қызмет атқаратын көлемді фирмалар алады. Ақша ағымдары әртүрлі бағыттар бойынша іске асырылады. Мысалы, IBM, General, Motor, Hewlett – Packard сияқты компанияларда дүние жүзінде орналасқан өндіруші зауыттары, сауда өкіметтіктері мен операциялар жүргізілетін банк шоттары бар. Мұндай компаниялардың төлемдерді жинау пункті өткізу нарығына байланысты орналасқан.

Информация о работе Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру