Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.

Содержание

КІРІСПЕ …………………………...........………………………………………......3

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік ..........................................................5
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.........................................................7
1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері............................................9

II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..........................15
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі.....................15
2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша
қаражаттарының есебі..................................................................................20
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу...........24
2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары..............................................................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы.DOC

— 339.00 Кб (Скачать файл)

 


 


                                               МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ …………………………...........………………………………………......3  

                                                                                                           

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік ..........................................................5

1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.........................................................7

1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері............................................9

 

II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..........................15

2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы  ақша қаражаттары есебі.....................15

2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша

қаражаттарының  есебі..................................................................................20

2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы  ақша қаражаттарын есепке алу...........24

  2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары..............................................................................................................27

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................32

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.

Ақша – бұл жалпыға ортақ эквивалент және ерекше тауар болып табылады. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді: төлем құралы, айналым құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша және т.б.Ақша  ағымы – қаржылық   жыл  ішінде  банктің  табатын  және

Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз. 

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп шоттары – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады;Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның        оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Әр коммерциялық ұйымның негізгі мақмсаты пайда табу. Кіріс  кірген  кезде  шығынды  санамайды  капиталдың  кіріс  арқылы  олардың  ақшалай  қосылғандығын  керісінше  амортизациялық  санау  жүйесі  жүреді,  ақшалай  ағымға   тиіспейді Осы   айтылғандар  курстық  жұмыстың  өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – бұл ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын толығымен ашу, яғни ақша – қаражаты деген не, оның ағымдағы банктік шотында қозғалысы және Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды  жүзеге асырудағы әдістерін, кәсіпорындарында қандай нысандар бойынша ақшасыз есеп айырысу жүзеге асатынын, валюта жүйесінің даму кезеңдерін, кассадағы ұлттық валютаның есебінің қозғалысын, жалпы ақша – қаражаттардың қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру және толығымен меңгеруді қалыптастыру.

         Курстық  жұмыстың  міндеттері:

- ақша қаражаттары туралы түсінікті толығымен ашу;

- ақша қаражаттарының баламаларының ерекшеліктері:

- валюта жүйесінің типтері , даму  кезеңдері;

- кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі

- ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының  есебі

- банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу

- Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары.

Курстық  жұмыстың  құрылымы  кіріспеден,  екі  бөлімнен,  қорытындыдан  және  қолданылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.  Зерттеудің теориялық негізіне отандық басқа да ғылыми жұмыстар және алынған статистикалық есептер көмектесті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             

 

I.  НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінігі .

 

№7 «Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп» Халықаралық Қаржылық Есеп Беру Стандартына сәйкес, ал №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз. 

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 9752 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,  келісім – шарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 9752 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.

  • Бухгалтерлік есеп шоттары – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады;

 

                                                                                                                                     

  • Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның        оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Ағымдағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:

Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары – резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):

  • Қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырыған, екі дана мөр бедерлемесі;
  • Клиенттің салықтық есепке (СТН) қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
  • Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
  • Фирмалар мен өкілдіктер үшін – Қазақстан Республикасы заңды тұлға  резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
  • Жарғының (жекелеген бөлімшелер үшін–Ережелер) нотариалды куәландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат;
  • Банк белгілеген үлгідегі өтініш.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарды көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарын төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,  субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды  жүзеге асыруда келесі әдістері:

  • қолма-қол ақшаны аударуды;
  • төлем тапсырманы ұсынуда;
  • чектерді беруді;

                                                                                                                          

  • вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
  • төлем карточкасын пайдалануды;
  • тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
  • тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
  • инкассалық жарлығын ұсынуды пайдаланады.

 

1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.

 

Кәсіпорындағы ақшасыз есеп айырысу мынадай негізгі нысандарда жүргізіледі:

  • төлем тапсырма;
  • чек;
  • вексель;
  • төлем-талап тапсырма;
  • ұлттық банктің құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да төлем құжаттары;

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз – ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициарлар (ақшалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырады.

Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмері мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «төлем белгіленуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылы 16 мамырындағы №195 қаулысына сай төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті. Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылы 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алған жөн.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, мөр басылып қайтарылады.

Информация о работе Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы