Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 22:56, курсовая работа

Краткое описание

«Шығармашылық» - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жібермеуге қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады,-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында

Содержание

Кіріспе

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
1.2 Бастауыш мектепте оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру жолдары

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
2.1 Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары
2.2 3 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
2.3 Жеке іс-тәжрибенің сабақ үлгілері

Қорытынды
Әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ.doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ  ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш мектепте  оқушылардың шығармашылығын дамытудың  педагогикалық-психологиялық мәселелері

1.2 Бастауыш мектепте  оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру жолдары

 

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

2.1 Бастауыш мектепте  қазақ тілі сабағын оқыту барысында  оқушылардың шығармашылығын дамытудың  өзіндік ерекшелік жолдары

2.2 3 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

2.3 Жеке іс-тәжрибенің  сабақ үлгілері

 

Қорытынды

Әдебиеттер

3

 

 

 

6

 

6

 

14

 

 

20

 

 

20

 

21

26

 

32

33


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусым куні «Білім туралы заңы» қабылданды.

Білім туралы заңда білім  беру саласындағы мемлекеттік саясаттың  ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім  беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік,дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 81/2 шешімімен бекікіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуыеа жағдай жасай отырып, міндетты деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың өзі оқып қана қоймай оның беретін жетістіктерін де атап өткен. Мысалы, қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық- бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу- бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі оқытатын пәнге қызығуын арттыру тиіс. Осы қызығушылық қабілетін дамыту қажет. Жалпы қызығу- бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін оның көңіл-күйі көтеріңкі болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығуы үшін қызығатын нәрсе адамға жағымды сезімдер туғызу керек.Жалпы адамның қызығулары бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралыхъралы психолог-педагогтар көптеген еңбектер жазған. Оларда ең көрнекті ғылымдар мыналар: У. Мак Дугал (1871-1938), Э. Торндайк, И. Ф. Гербарт. Бұл ғылымдар қызығушылықты зерттеп қана қоймай оның беретін жетістерін де атап өткен. Мысалы қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.

«Шығармашылық» - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жібермеуге қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады,-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық, атап айтсақ қазақтың ұлы ойшылдары Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жолдарын көрсеткен.

Кеңестік психологтар  мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, И. Л. Лернер, А. Н. Луктын, В. И. Андреев, Д. Б. Богоявленская, А. Л. Яковлевтың, қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, т.б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінін теориясы мен практикасына қосқан зор үлесі деп білеміз. Осы ғалымдардың еңбектеріне, осы ғылыми тұжырымдама, пікірлерін оқи отырып ойымызда мынадай сұрақтар туындап мазалады: Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты, оны қалаң жүзеге асыруға болады? Біз осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатымен ғылыми жұмысымыздың тақырыбын «бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарын өту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ң,- деп алдық.

Курстық жұмысын зерттеудегі мақсат :

Бастауыш мектепте қазақ  тілі сабағын оқыту барысында  оқушылардың танымдық қызығушылықтары  мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер.

Алға қойған мақсатқа жету барысында туындаған міндеттер :

  1. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары бойынша оқушылардың оқу шығармашылығын дамыту үшін жазылған теориялық білімдерге, психологиялық- педагогикалық ғылыми әдебиеттерге тереңірек тоқталу.
  2. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары бойынша оқушылардың оқу шығармашылығын дамыту үшін жасалған оқытудың жаңа технологияларының тиімді жолдарын қарастыру.
  3. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарын оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамытуда жасаған озат педагогикалык тәжірибелерді талдау, қолданыстағы мәнін ашу.

Ғылыми зерттеу объектісі: бастауыш мектеп оқушыларының қазақ  тілі сабағына танымдық қызығушылықтары  мен шығармашылық қабілеттері.

Ғылыми зерттеу әдістері : озық педагогикалық іс-тәжірибелерді сұрыптау, ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, байқау, әңгіме, анкета.

Зерттеу пәні: қазақ тілі екінші сынып.

Зерттеу әдістері: теориалық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл  педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесын көрсету.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ  ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері

 

 Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тажібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтардың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.

 Оқыта отырып, баланың қабілеттерін мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Аманашвили, И. Т. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

Өз республикамызда  бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешова жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы- сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айқындайды.

 Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ- келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу – біздің де қоғамның алдындағы борышымыз.

 Баланың тұлға ретінде қалыптасу заңдылықтарын психологиялық тұрғыда зерттеген белгілі психолог ғалымдар В. В. Давыдов, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Занков, Л. Р. Выготский, Л. И. Божович, Э. Эриксон, Д. Эльконин, А. В. Запарожец, В.С. Мухина, т.б. бала психикасын дамыту еңбекке баулу жұмыстарында алғашқы адамгершілік, эстетикалық сезім күйлерін қалыптастыруда ойын элементтерін олардың жас және дара даму ерекшеліктерін ескере пайдалану идеясын ұсынады. Ф. А. Флерина, С. Р. Буре, В. И. Логинова, А. Усова, В. Нечаева, Т. Маркова, Т. Тихеева, Н.Тюрина, З. Асланова т.б. педагогтар мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың әдіс- тәсілдерін қарастырып, баланы еңбекке баулу мәселелеріне тоқталады.

 Республикамыздағы тәлім тәрбиені халық педагогикасы негізінде қарастырып, ғылыми әдістемелік еңбектер жазған ғалымдар Х. Арғынбаев, С. Касиманов, Ы. Оршыбеков, Н.Сәрсенбаев, С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, Ә. Табылдиев т.б. зерттеулерінің маңызы зор.

 Қазақстанда балалардың психологиялық даму ерекшелігі туралы зерттеу жүргізген белгілі психолог ғалымдар С.Баулаубаев, Т.Тажибаев, Ә. Темірбеков, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Ғ. Рахимбеков, т.б. еңбектері жарық көрген. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастыру әдістемесі туралы айтқанда арнайы зерттеу жүргізген педагог ғалымдар О. Сатқанов, Б. Қалназаров және әдіскер мұғалімдер Ш. Абдуалиева, А. Бакірова, Е. Раимжанов т.б. авторлардың ғылыми әдістемелік еңбектерімен оқу құралдарын атауға болады.

 Зерттеу тақырыбына қатысты осы заманғы дәуір талабына орай қазақтың ұлттық салт – дәстүрлерінің озық идеяларын, баланың жас шамасына қарай психологиялық, педагогикалық аспектіде зерттеу балаларды еңбекқорлыққа өнерпаздыққа тәрбиелеу, еңбекпен жасалған дүниенің көокем көрінісін байқату, өмірдегі, тұрмыстағы сан алуан бұйымдардың адам еңбегінің нәтижесі екенін, оның қалай, неден жасалатынын сезіндіре түсіндіру, таным, сезім әрекеттерін қалыптастыру жайын ғылыми тұрғыдан жете зерттелмегені анықталады.

 Жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, оларға меңгерілетін әр тарапты қарапайым іскерлік дағдыларын ұлттық мазмұнда, өз халқының тұрмыс- салт ерекшелігіне орай дамыту қазіргі дәуір қажеттігінен туындап отырғаны мәлім. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде бала бойында ұлттық тәрбиеге негізделген еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы арта түсуде.

 Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім бері ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.

 Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді, Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педегогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықта жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

 Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көоқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары үнемі көтьеріп отырған.

 Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармалығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж.).

Кеңестік педагогтар мен ғалымдар Л.С Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов. өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясф және практикасының алтын қоры деп білеміз.

 Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы : 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы – социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұд мәселе қайта көтеріле бастады. Бүдан кейіннақты қабілеттар жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б. М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В. И. Кириенко), әдеби қабілеттер (В. П. Ягункова), математикалық қабілеттер (В. А. Крутецкий), педагогикалық қабілеттер (Н. В. Кузьмина) сияқты зерттеулер.

 Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

 Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма дазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеружолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем- шығармашыдық қабілеттерін дамыту, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерды дамыту жолдарын айқындайды.

Заманымыздың ұлы ақыны  Абайдың педагогикалық көзқарасының ерекшелігі өлеңдері мен қара сөздерінде кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге юолып келеді. Мәселен, төртінщі сөзінде «Әуелі құдайға сиынып, екінші сөз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайдың- дейді.

 Ы. Алтынсарин шығармаларының қайсысы болмасын жастарды еңбек етуге шақырып, адам бойындағы жағымды қасиеттер шыдамдылық, төзімділік, байқағыштық, аңғарымпаздық пен мейірімділік, адамгершілікті тәрбиелеуді марапаттап, жалқаулық, еріншектікті айыптап отырады. Бір сөзінде, ол адам адал, мағыналы өмір сүру үшін, белгілі бір мақсатты әрекетпен айналысуы керек, ол әрекет- еңбек деп ойын түйіндейді.

Информация о работе Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары