Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:10, курсовая работа
Дамыған елдерде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты, ол жеке кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес администрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канадада бизнесті дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары
1.2 Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары
1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сауда және қызмет сферасы үшін салық салудың ерекшелігімен байланысты, респонденттердің ойлары бойынша, салықтар мен жинақтардың жоғары ставкасы мәселені құрайды. Бірақ, кейбір жеке салықтарға ставканы төмендету жағдайдың жақсаруына мүмкіндік жасайды.
1996 жылдан
бері шағын және орта бизнес
орталығы арқылы жүргізілген
зерттеулері көрсетіп
Респонденттердің ойлары бойынша, қарастырылып отырған мәселенің басты себептері мыналар болып саналады:
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, соңғы уақытта кәсіпкерлер салық қызметкерлерімен дауласуда өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік пайда болды. Оның себептері:
Біріншіден, кәсіпкерлер сауатты бола бастады. Олар белсенді түрде өз құқықтарын қорғау үшін салық заңдылықтарын оқып біле бастады.
Екіншіден, кәсіпкерлерді оқытумен, кеңес берумен және шағын және орта фирмалардың мемлекеттік органдармен қарама-қайшы келуінде, оларды қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар қызметінің белсенділігі ерекше рольге ие.
Үшіншіден, анықталған деңгейде салық қызметінің жүргізілген реформаға байланысты, салық қызметкерлерінің пара алуына қатаң талап қойылды.
Аталған барлық факторлар кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне несие алуға кедергі келтіреді. Несие беру саласындағы өзекті мәселелер:
Шағын және орта бизнес субъектлеріне екінші деңгейлі банктердің несие беру шараларына макроэкономикалық көрсеткіштер де әсер етеді:
Сонымен қатар, нарық инфрақұрылымының объектлерінің дамуынан туындайтын мәселер бар. Олар :
Жоғарыда көрсетілген мәселелердің жеке көрініс түрлері бар. Оларды жеке-жеке қарастырайық:
Ссудалық пайыз
Бүгінгі күні коммерциялық банктердің шағын және орта фирмаларға беретін несиенің пайыздық бағамы 16-20 % валютамен, 20-25 % теңгемен. 2000 жылмен салыстырғанда коммерциялық банктерден несие алудың пайыздық бағамыорта есеппен 3-5 %-ға төмендеді. Ол Ұлттық банктің қайта қаржыландыру пайызының 9 %-на дейін төмендеуіне байланысты. Отандық тауар өндірушілер арзан несие қорын қажет етеді.
Несиені иемдену мерзімдері
Қазіргі уақытта қызмет
түріне қарай, фирмалардың алдына қойған
мақсатына қарай несие 6 айдан 36 айға
дейінгі уақыт мерзіміне
Несиені құжат түрінде өңдеу
Несие алу үшін көптеген құжаттар қажет:
- жалпы құжаттар (анкета, өтініш, құрылтай құжаттары т.б);
- фирманың қаржылық есебі;
- бизнес-жоспар;
- жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет жүйелерінің рұқсатын алуы туралы құжат;
- кепілдік бойынша құжаттар.
Кепілдік бойынша құжаттар
Кең тараған кепілдік түрі болып – қарыз алушының жылжымайтын мүлігі саналады. Несие процесі кезеңінде несие алу үшін бұл мүлік қамауға алынуы тиіс, яғни қарыз алушы несиені толық қайтарғанға дейін ол мүлікті сатуға, сыйлауға, басқа адамға уақытша қолдануға беруге құқығы жоқ. Жылжымайтын мүлікті қамауға жылжымайтын мүлікті тіркеуге алумен айналысатын мемлекеттік кәсіпорын айналысады, бұл іс ақылы түрде жүргізіледі. 10 күн ішінде бітіру қажет. Егер қарыз алушы қамауға алу ісін жеделдеткісі келсе, маклерлік контордың қызметін қолдана алады. Бірақ мұндағы қызмет ақысы 2,5-3 есе артады. Егер кепілдік үшін тұрғын үй ұсынылатын болса, онда тіркелген тұрғындардың келісімі қажет. Егер пәтерде кәмелет жасқа толмаған балалар тіркелген болса, қамқор жасаушы жүйенің рұқсаты қажет. Бұл жағдайда кәсіпкер несиені қайтара алмаса, банк кепілдікке қойылған мүлікті аукционға қояды. Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау негізінде қамқорлық жасаушы жүйе бұл шешімге қарсы шығып, банктер көп жағдайда шарасыздықтан шығынға ұшырайды.
2000 жылдың ортасынан
бастап, банктер қаупті төмендету
мақсатында кәсіпорынның
Несие алу үшін мынадай ақпараттар қажет:
Егер кәсіпкер салық инспекциясына берген құжаттарды банкке әкелетін болса, оған несие берілмеуі мүмкін. өйткені салық төлемін төмендету үшін бұл құжаттарда кәсіпкер ең төменгі пайда көрсеткішін көрсетеді. Сондықтан кәсіпкер банкке беру үшін арнай шынай қаржылық құжаттар пакетін даярлайды.
Мемлекттік жүйелердің қортындысы мен рұқсаты
Жобаның түріне қарай бір немесе бірнеше мемлекеттің жүйелерден рұқсат қажет. Олар:
Бизнес-жоспар
Осы кезге дейін бизнес-жоспарды құруда қиындықтар туындады. Оның себебі біріншіден, банктердің қатаң талап қоюы, екіншіден, кәсіпкерлердің бизнес жоспар құру үшін қажет білімі мен тәжірибесінің болмауы. Қазіргі кезде бизнес-жоспар құруға көмектесетін бірнеше ұйымдар бар.
Несиені тіркеу кезіндегі консалтингті қызмет көрсетуші ұйымдар
Туындаған қиындықты шешу үшін, несиені тіркеу үшін кәсіпкерлер әртүрлі субъектлерден көмек сұрайды. Олар:
Жалпы алғанда, Қазақстанда жылдан жылға шағын бизнесті дамыту бойынша ілгері қадамдар жасалуда. Мәселен, біз Қазақстанда жаңа бизнесті тіркеу үшін кейде қырыққа және одан да көп күнге созылатын кезеңді бастан кештік, ал бүгінде бұл рәсімдер 10 күнді алады. Бұл біздің еліміз үшін, әрине, үлкен прогресс. Сонымен қатар құқықтық қамтамасыз етілу тұрғысынан да айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқалып отыр. 2006 жылдың қаңтар айында «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң қабылданды. Бұл құжатта тексерулер жүргізудің жаңа тәртібі бекітілген. Егер бұрын бұл тәртіп кәсіпкерлік қызмет саласына байланыстызаңды жүзеге асыру және ведомстволық нормативтік-құқықтық актілермен регламенттелсе, ендігі жерде мұның бәрі заңнамалық деңгейде реттеледі.
Сонымен, шағын бизнестің құқықтық және ұйымдастырушылық түрғыдан қамтамасыз етілуін саралау негізінде бизнестің осы түрінің дамуындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді айқындадық, сонымен бірге оның құқықтық та, ұйымдастырушылық та сипатта қамтамасыз етілу барысына қатысты бірқатар мәліметтерді айқындадық.
Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары
Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Өйткені, жеке кәсіпекрліктің қарқынды дамуы ел экономикасының ғана емес, оның әлеуметтік сферасының дамуына да зор ықпалын тигізеді. Елдің жалпы ішкі өнімін арттыруға, сол арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға және сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін болғандықтан да жеке кәсіпекрліктің экономикалық та, әлеуметтік те маңызы жоғары.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін реттеу әдістерінің бірі – инвестициялау. Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметінде инвестицияның мәнін бағалау өте қиын. Шағын және орта бизнес өнеркәсіптері, егер олар өздерінің капиталдарын тиімді сала алса, өнім сапасын табысты көтеріп, шығындарды азайтып, өндірстік қуатты күшейтіп, өзінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтеріп және нарықтағы өзінің позициясын күшейте алады. Сондықтан мемлекет өзінің саясатын активті түрде жүргізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан
Шағын және орта бизнеске салынатын инвестициялар кәсіпкерліктің өзін дамытады, жағымды әлеуметтік әсер береді, экономикалық өсу мен экономиканың тұрақтануына көмектеседі.
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ҚР-да венчурлік кәсіпкерлікті дамытуға және оларға инновацияларды енгізуге бағытталған инновациялық қор құрылды. Қайта өңдеу саларын модернизациялауға әсер ететін мемлекеттік даму институттары елде қызмет етуде.
Ел басшысының ойынша, бұл құрылымдар бәсекеге қабілетті экономиканың қозғаушы күші болады және жеке өнеркәсіптерді инновациялық процестерге енгізеді.
Инновациялық саясат
шағын және орта бизнес субъектілеріне
бәсекелестерімен салыстырғанда артықшылықтарды
көп береді және өндіріс пен өткізу
рентабельдігін көбейтеді. Несиелік саясат
шағын және орта бизнестің субъектілеріне
мемлекеттік тапсырыстарды
Республикада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау Қоры жұмыс істейді. Оның міндеттері: осы саланың инвестициясын қаржылық қолдау арқылы Қазақстан экономикасын дамыту, дамушы кәсіпкерлікті қолдау, кеңес беру және басқа да қызмет көрсету. Қор шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді республикалық бюджеттен жүзеге асырады.
Шағын бизнес субъектілерін тиімді несиелеуді коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, қор шағын және орта өнеркәсіптерге жеңілдік несиелерді тікелей емес, коммерциялық банктер арқылы жүргізеді. Мұндай схема қорға бір-бірімен бәсекелесетін коммерциялық банктерге нейтралды позицияларды сақтай отырып, жеңілдік несиелеуді икемді және нарықтық экономика принциптеріне сай жүргізуге көмектеседі. Бұл процеске барлық аймақтар мен қалаларда филиалы бар банктердің қатысуы аймақтардағы жұмысты активті етуге мүмкіндік береді. Банктер өздеріне несиенің қайтарылмауымен байланысты тәуекелдің 50 пайыздың минимумын алады. Неғұрлым банк көп тәуекел алса, соғырлым делдал ретінде көбірек маржа ала алады.
Мемлекеттің араласуынсыз шағын және орта бизнестің тұрақты дамуы мүмкін емес. 2001-2005 жылдарға арналған ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының проектісінде жеке кәсіпекрліктің дамуы бойынша келесі шаралар қарастырылған: кәсіпкерлікті қаржылық қолдау; шағын бизнес субъектілеріне жауап беретін құрал-жабдықты шығаруға қажетті компанияларды дамытуға бағытталған инвестиция саясаты; кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ мүмкіндіктерін кеңейту. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдаудың әлемдік тәжірибеде едәуір қолданылатын мемлекеттік әдістері болып жеңілдік несиелеу, несие бойынша гранттар, шағын және орта кәсіптерінің капиталдарында үлестік қатысу және де кеңес беру қызметтерні көрсету саналады.