Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.
Сонымен қатар,монополияға қарсы агенттік мүдделі мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ұсыныстарын ескеріп, барлық өңірлер қабылдауға қолайлы өңірлік бәсекелестіктің дамуы жөніндегі іс-шаралар жоспарының базалық жобасын әзірледі. Қазіргі кезде өңірлер бәсекелестікті дамытуға бағытталған іс-шараларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Бұған қоса, «Бәсекелестік туралы» Заңда жаңа түзетулерді ескеріп, бәсекелестікке қарсы әрекеттерге сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға және оларға теңестірілген тұлға, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар жауапты болатын норма көзделді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік қолдаумен адал бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша нарық субъектілерінің қарсы әрекетінің де аса маңызды.
Біріншіден, бұл өндірістің шығасысын төмендету және шығарылатын тауарлардың сапасын арттыру. Өйткені нақ сапалы өнім брендтің оң имиджін қалыптастыруға, сатып алушылардың сұранысын және тиісті тауашасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі де, сыртқы нарықтарда бәсекелестікті жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, үстінен пайда көру үшін монополияға қарсы заңнаманы бұзушылыққа жол бермеу. Бұзушылықтардың негізгі түріне үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануды, бәсекелестікке қарсы келісімдерді, нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттері, жосықсыз бәсекелестік, сондай-ақ нарыққа кіруді шектеуге, нарықтан экономикалық белсенді кәсіпорындарды ығыстыруға, өнімді шығаруды шектеуге, және соның салдарынан тауарларға бағаның өсуіне әкелетін мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін жатқызуға болады.
3 Қазақстан Республикасының өңірлік бәсекелестікті дамыту
3.1 Бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау бойынша әкімдіктердің рейтингін өткізу
Агенттік 2013 жылы 2012 жылдың қорытындысы бойынша бәсекелестікті дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралардан көрінетін индикаторлар жүйесін есепке алды. Өңірде бизнес жүргізуге ықпал ететін экономикалық жағдайлардың дәрежесі, олардың нарық субъектілерінің қызметіне әсері бағаланды.
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің рейтингін өткізу үшін монополияға қарсы агенттік өлшенген статистикалық деректерге (Статистика агенттігі, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті) басымдық бере отырып бағдарланады.монополияға қарсы агенттіктің өз деректері аз дәрежеде пайдаланылды.
Есепте шартты түрде екі санатқа бөлуге болатын он бір көрсеткіш пайдаланылды. Бірінші санатқа бәсекелестікті дамытуды жанама көрсететін және соңғы нәтижесінде өңірдің экономикалық жай-күйін, оның ішінде бәсекелестіктің даму дәрежесін сипаттайтын үш көрсеткішті жатқызуға болады. Екінші санатқа бес көрсеткіш жатады.
Олар бәсекелестіктің даму дәрежесін тікелей көрсетеді.
1. Бәсекелестіктің даму дәрежесін жанама сипаттайтын өлшемдер.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің үлесі ЖӨӨ жалпы көлемінде республика бойынша тұтастай 1,99 %-ға төмен, өткен жылмен салыстырғанда, теріс нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Астана қ. (-11,53%), Жамбыл (-10,29%) және Ақмола (-6,67%) облыстары. Маңғыстау (9,92%), Ақтөбе (7,24%) және Оңтүстік Қазақстан (3,91%) облыстарында өсім байқалды.
Тұтастай республика бойынша экономикамен айналысатындардың жалпы санынан шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы 32,21 %-ды құрады, өткен жылмен салыстырғанда, 1,23 %-ға артық. Ең көп үлес салмақ Алматы (53,4%) және Астана қалаларында (43,24 %), Маңғыстау облысы (41,14 %), ең аз – Қызылорда (21,52 %), Жамбыл (23,75 %) және Қарағанды (28,30 %) облыстары.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар өсімінің ең көп қарқыны Маңғыстау облысы (7,76 %), Астана қ. (6,1 %) және Ақтөбе облысы (3,94 %). Қызылорда (-1,46 %), Қарағанды (-0,95 %), Алматы (-0,78 %) және Шығыс Қазақстан (-0,36 %) облыстары 2010 жылмен салыстырғанда, теріс өсім көрсетті.
2. Бәсекелестікті дамыту туралы тікелей куәландыратын өлшемдер.
Экономикалық теориялардың негізгі ережелеріне сәйкес жетілген нарық бәсекелестіктің жоғары деңгейімен сипатталады, оған 1000 тұрғынға белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар санының артуы куә. Қазақстанда аталған көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда, 3,81 %ға өсті, Бірінші орында Астана қ. (16,16 %), одан кейін Атырау (14,54 %), Маңғыстау (11,83 %) облыстары. Ең аз өсу қарқыны – Шығыс Қазақстан (-1,79 %), Жамбыл (-1,47 %) және Алматы (-1,2 %) облыстарында.
Өңір экономикасына мемлекеттің қатысуы бәсекелестікті дамыту деңгейіне әсер ететін маңызды құрам болып табылады. Осыған байланысты «бәсекелестік ортаға берілетін жалпы саннан бәсекелестік ортаға берілген мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) 50 %-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың үлесі» көрсеткіші пайдаланылды. Ең үздік нәтижені мына өңірлер көрсетті, олар: Алматы (92,31 %), Ақмола Қостанай (20 %) және Маңғыстау (26,67 %) облыстары.
Өңірлер рейтингісіне теріс әсер ететін көрсеткіштер мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер фактілері бойынша жергілікті атқарушы органдар және олардың лауазымды тұлғаларына қатысты шығарылған актілер (нұсқама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы) саны болып табылады.
Сонымен, 2013 жылы Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдарына қатысты ден қою актілері шығарылды. Бірінші ұстанымдарда бұзушылықтары жоқ өңірлер.
Бұдан басқа, меморгандардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері фактілері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қатысты шығарылған актілердің жалпы санынан орындалған ден қою актілерінің үлес салмағы бағаланады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша шығарылған 7 ден қою актісі бойынша 6-ауы орындалды, бұл 85,7 %-ды құрайды.
Өңірде бәсекелестіктің деңгейін көрсететін тікелей көрсеткіштердің бірі кәсіпкерліктің монополиялану деңгейі болып табылады.
2013 жылғы қорытынды бойынша кәсіпкерлердің монополиялануының ең аз деңгейі Алматы, Астана қалаларында және Ақтөбе облысында белгіленді, бұл аталған облыстарда бәсекелестік деңгейінің жеткілікті екендігін көрсетеді. Монополияланудың жоғары деңгейі Атырау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды. Бұл бәсекелестіктің дамымағандығын көрсетеді, өйткені үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері өте көп.
Қорытындыда 2013 жыл бойынша өңірлерде бәсекелестікті дамытудың көшбасшылары Астана және Алматы қалалары, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстары екенін атап өту қажет.
Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының рейтингі айтарлықтай емес.
Агенттік қалыптастырған Рейтингтің нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті дамыту бойынша қабылдаған шаралары әлі де жеткіліксіз екенін көрсетеді және тиісінше аталған бағытта жұмысты күшейтуді талап етеді.
3.2 Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар
Мемлекет басшысы 2013 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан стратегиясы – 2050. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына кіруі жөніндегі жаңа саяси бағытты анықтады. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Өйткені сау бәсекелестік орта бағаны төмендетуді, шығарылатын тауардың сапасы мен ассортиментін арттыруды, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді ынталандыра отырып бірталай экономикалық әсерді қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ мемлекеттік бәсекелестік саясатты іске асыру кезінде монополияға қарсы агенттік Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастыру кезеңінің қысқалығымен шарттасқан объективті қиындықтармен, экономикалық үрдістердің жылдам дамуымен және бизнес жүргізудің жалпы қабылданған қағидаларын қалыптастырудың аяқталмауымен бетпе-бет келеді. Бәсекелестікті дамыту бойынша барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың кешенді және үйлестірілген тәсілінің болмауы кәсіпкерлікке, тұтастай алғанда көпшілігі жоғары шоғырланған не бәсекеге қабілетсіз экономика салаларына теріс ықпал етеді.
Сонымен, аумақтық бағдарламаларға жүргізілген талдау аталған құжаттар, негізінен, өндірісті кеңейтуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға бағытталды. Салалық бағдарламалар негізінен саланы дамытуға бағытталды және шығынды тетіктерге, бәсекелестік саясаттың нақты еместігіне байланысты.
Бұдан басқа, 2009 жылы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін реттеуде елеулі өзгерістер болды. Реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеу және бақылау өкілеттігі ТМРА-ға берілді. Бұл ретте, доминант нарық субъектілері қызметінің мониторингі бойынша функциямонополияға қарсы агенттікке бекітілді.
Уәкілетті органға берілген телекоммуникация және почта байланысы, тарифтік реттеу аясындағы сала ерекше болып табылды.
Сонымен қатар, тауар нарықтарынамонополияға қарсы агенттік жүргізген талдаулар нәтижесі бойынша экономиканың кейбір экономика құрайтын нарықтарында бәсекелестіктің жеткіліксіз дамығандығы анықталды. Мысалы, бәсекелестіктің төмен деңгейі электр энергиясы нарығы болып сипатталады, ол бірнеше компания топтарымен олигополияланады. Авиациялық керосинді өткізу нарығы ойыншылардың аз санымен жоғары шоғырландырылған болып табылады. Жолаушыларды авиатасымалдау, металлургиялық өнеркәсіп, машина жасау және басқа да нарықтарда бәсекелестік дамымаған.
Бұл ретте, телекоммуникация және почта байланысы саласын уәкілетті органға беру оны толыққанды салалық реттеу арқасында аталған салада бәсекелестіктің дамуына оң ықпал етті.
Жоғарыда көрсетілген мысал тарифтік реттеу саланы дамыту үрдісімен ажырамастай байланысты болу керектігін анық көрсетеді, өйткені реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеу және бақылау, бірінші кезекте, инвестициялық бағдарламаларды талдауға негізделеді және өндірістің тозу дәрежесіне, технологиялық артта қалушылығына байланысты. Бұл ретте, нарық субъектілері активтері тозуының жоғары деңгейі, өз кезегінде, бәсекелестікті дамытуға және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға елеулі кедергі болып табылады.
Бұдан басқа, қадағаланатын салаларда ойыншылар санының ұлғаюына, бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға, заңнамалық сипаттың болмауына салалық мемлекеттік органдардың мүдделілігінің жоқтығына орай жағдай қиындайды. Аталған фактіні 2013 жылғы бірінші тоқсанда республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру тиімділігін бақылау қорытындылары растайды.
Бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін тағы бір жағдай Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастыру және жүргізу болып табылады, оған сәйкес бүгінгі күні мемлекеттік реттеу мен бақылауға шамамен 570 нарық субъектісінің қызметі жатады.
Тізілімді жүргізу қазақстандық бизнесті Кедендік одақ елдерінің нарық субъектілерімен тең емес жағдайға әкеледі, өйткені аталған елдерде Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің заң шығарушы институты жоқ. Осыған байланысты, Бәсекелестік туралы модельдік заң жобасында ұлттық тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу бойынша функция көзделмеген.
Айтылғандарды ескеріп, экономика салаларында бәсекелестікті дамытудың шынайы тетігін өңдеу қажеттілігі туындайды, бұл Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында, сондай-ақ келешекте ДСҰ-ға кіру кезінде қажетті әрі аса өзекті болады.
1. Бәсекеге қабілеттіліктің модельдік тұжырымдамасын әзірлеу, онда осы саладағы бар халықаралық тәжірибе ескерілетін болады. Тұжырымдама жобасын әзірлеуге басқа мемлекеттердің монополияға қарсы органдары тартылуы тиіс, оны қабылдағаннан кейін аталған құжаттың жақын, бәлкім алыс шетелдер үшін ұсынымдық сипаты болады.
Аталған құжатты әзірлеу тауар нарықтарына талдау, тергеу, баға мониторингін жүргізу, жаңа нарықтарды зерделеу, тауарларды жылжыту кезінде әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша шаралар қабылдау және т.б. бөлігінде монополияға қарсы органдардың келісілген іс-әрекеттерінің қажеттілігіне байланысты.
Тұжырымдамада бәсекелестіктің негізгі қағидаттарын есепке алып тауар нарықтарында бәсекеге қабілеттілікті дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша стандарттар, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларында монополиялану деңгейін, өңірлік бәсекелестіктің қарқындылығын көрсететін индикаторлардың қалыптасқан жүйесі болады. Мысалы, салалық немесе аумақтық бағдарламаны әзірлемес бұрын тауар нарықтарына бәсекелестіктің қарқындылығы, компанияның ұтқырлығы тұрғысынан, оның ішінде нарыққа кіру және одан шығу жеңілдігі, әкімшілік тосқауылдардың болуы және т.б. тұрғысынан тиісті зерттеу жүргізу қажет болады. Нарықты мұндай терең зерттеу нарықтарды нақты болжауға және барынша перспективалы нарықты анықтауға мүмкіндік береді, сөйтіп мемлекет тарапынан қолдау тауып, жаңа ойыншыларды тартады. Әрі жаңа тәсіл қаржы қаражатын елеулі үнемдеуді қамтамасыз ете алады.
2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға қатысты Мемлекет басшысының 2013 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшінмонополияға қарсы агенттік әрбір салалық уәкілетті органға қолданыстағы салалық бағдарламалар шеңберінде «Бәсекелестікті дамыту» бөлімін көздеу орынды деп санайды.