Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.
Қазір ТМД елдерінің монополияға қарсы саясат жүргізудегі басты бағыты осы елдердің заңдылықтарын жақындастыру болып отыр. Сонымен бірге осы саясатты жүзеге асырушы мамандарды бір жүйеде дайындау мәселесі де өзекті болып саналады. Тәжірибе алмастыру, ақпараттармен қамтамасыз ету, озық іс- шараларды халықаралық деңгейде тарату, мамандармен алмасу мемлекет билік орындарына осы саясатты жетілдіруде, оның өзіндік ерекшеліктерін терең түсінуге ықпал етері сөзсіз. Нарықты тек өзін -өзі реттеуші процесс ретінде қаруға болмайтындығын және мемлекетке тек бақылаушы рөл берілуі көптеген келеңсіз құбылыстарға әкелетіні белгілі. Тек бір ел көлемінде осындай үлкен мәселені бірден шешу мүмкін емес, сондықтан монополияға қарсы іс-шараларды бірлесе отырып, ғылымға негізделген саясат етіп құрудың маңызы орасан зор. ТМД елдерінің экономикалық бірлестік құруда немесе тек бір ел көлемінде болсын таза бәсекеге қолайлы жағдай туғызуы барлық елдерінің әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелердің дұрыс шешілуіне бірден бір әсер етіп, қоғамда адамдардың тұрмыс тіршілігін одан әрі көтере түседі.
Монополияға қарсы саясаттың басты мақсаты қоғамның тұрмыс - тіршілігін арттыру, мемлекеттік мүдде мен қоғам мүдделерін ұштастыру. Аталған заңнама тұтынушы мен нарық субъектілерінің қорғалу деңгейі одан әрі арттыруы тиіс. Бұл саясаттың көпжақтылығы осындай әр түрлі мәселелердің шешімін табуға ұмтылысында болуы керек.
Қазақстандағы монополияға саясат даму барысында, бірақ оны әрі қарай жетілдіруде көптеген мүмкіндіктер бар деп айтуға әбден болады. Шетел тәжірибесін ұтымды пайдалана отырып жасалған монополияға қарсы саясаттың сенімді және толық түрде реформалануы отандық экономикаға да үлкен әсерін тигізері анық. Ел экономикасы алға қарқынды дамитын болса, әрине, халықтың тұрмыс - тіршілігі одан әрі жақсара түседі.
Қолдалған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Конститутциясы – Астана: Елорда, 2009 – Б.56
2 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан Халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты -Астана, 2013 ж.
3 Назарбаев Н. А. «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн»: Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Астана, 2004 жыл 19 наурыз. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 64 б.
4 Социологическая энциклопедия. – Том 1. – М. : Мысль, 2003. – С. 693.
5 Назарбаев Н. А. «Қазақстан – 2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Білім, 1997.– 48 б.
6 Назарбаев Н. А. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасының Президенті 2005 жылға Қазақстан халқына арналған жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2005 жыл. – 19 ақпан. – № 32 (23990). – 1-4 бб.
7 Назарбаев Н. А. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2006 жыл. – 2 наурыз. – № 52. – 3-4 бб.
8 Даниленко В.И. Современный политологический словарь. – М.: Нота Вене, 2000. – С.52.
9 Князева И.В. Антимонопольная политика в России. – М.: Омега- Л, 2006. – 526 с.
10 Шаститко А., Авдашева С. Адвокатирование конкуренции как часть конкурентной политики // Вопросы экономики. – 2005. – № 12. – С. 109-110.
11 Латышев И. Связи монополии с государственным и политическим аппаратом. – М., 1963 . – 75 с.
12 Мамыров Н.К., Саханова А.И., Ахметова Ш.С., Брузати Л. Государство и бизнес. книга 1. Государство, предпринимательство и общество. – Алматы: Экономика, 2002. – 222 с.
13 Конкуренция и антимонопольное регулирование /учебное пособие для ВУЗов /Авдашева С.Б., Аронин В.А., Ахполов И.К. и др.; под ред. А. Г. Цыганова. // – М.: Логос, 1999. – 368 с.
14 Липсиц И.В. Введение в экономику и бизнес. – М.: Вита – Пресс, 2000. –208 с.
15 Андросов К.Г.
16 Бункина М.К., Семенов А.М. Экономическая политика. / учебное пособие. – М.: ЗАО «Бизнес - школа Интел Синтез», 1999. – 336 с.
17 Никитин С., Глазова М., Степанова М. Государство и проблемы монополии // МЭ и МО. 1994. – № 77. – С. 91-103.
18 Макконнелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: Принципы, проблемы и политика. – Т.2. – М.: Республика, 1992, –400 с.
19 Икранбеков А. А. Становление и развитие финансовой политики Республики Казахстан: политический анализ. дисс. канд. полит.наук. 23.00.02. Алматы, 2005. – 135 с.
20 Нуреев Р. М. Курс макроэкономики./учебник для ВУЗов. – М.: Издательская группа НОРМА- ИНФРА-М., 2002. – 572 с.