Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.
2. Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде бірлесіп әрекет ету.
Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайларында Қазақстанның дамуы Қазақстан Республикасының заңдарын экономикалық және саяси ықпалдасудың басқа да қатысушыларының заңнамаларымен біріздендіруді және үйлестіруді талап етеді. Бизнесті жүргізу, компаниялар мен нарықтарды дамыту үшін, қоғамның қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін қолайлы нарықтық ортаны қалыптастыру – макроэкономикалық саясаттың басты міндеті. Осыған байланысты, ЕЭК мүшелерімен бәсекелестік саясатты іске асыру саласында заң шығару үшін бір қорытындыға келудің маңызы зор. ЕЭК-тің заңнамалық базасын қалыптастыру үшін жоғарыда көрсетілгендей Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім қабылданды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның өтініштері негізінде үстем жағдайын теріс пайдалану және жосықсыз бәсекелестік фактілері бойынша «Эйр Астана» АҚ-ға қатысты тергеу аяқталды. Тергеу нәтижесі бойынша бұзу фактілері анықталған жоқ.
Агенттік Федералдық монополияға қарсы қызметтің Вологодский басқармасы жіберген хаттың негізінде конвейерлік жабдықтарды беруде электрондық сауданы жеңіп алған және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен шарт жасасқан екінші бір ресей компаниясы «Полевской машиностроительный завод» ЖАҚ-қа қатысты Қазақстанның аумағында жалған, дәйексіз мәліметтерді тартуынан көрінетін, жосықсыз бәсекелестік тұрғысында ресей компаниясы «НПО Аконит» ЖАҚ-қа қатысты Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарауды жүргізді. Сонымен бірге, алдын ала қарау қорытындысы бойынша «НПО Аконит» ЖАҚ тарапынан жосықсыз бәсекелестіктің жасалуын растайтын фактілер белгіленген жоқ.
Агенттіктің Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекциясы «Трибо» ЖШС-ның өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу рәсімін бастады, оның шеңберінде темір жол жүк вагондары үшін торлы-сым қаңқасы бар тежегіш қалыптарды одан әрі өндіру үшін «ОралАТИ» ААҚ өндіретін дайындау брикеттерінің тауар белгісін өзінің тауар белгісі ретінде пайдаланатын қазақстандық компания «Қазтехресурс» ЖШС-ның іс-әрекеті қаралуда. Бұл ретте «Қазтехресурс» ЖШС-ның өтініші бойынша тауарды таңбалауды өндірушінің өзі («ОралАТИ» ААҚ) жүргізеді. «Қазтехресурс» ЖШС-ның аталған іс-әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестікті жүргізу белгісі байқалады.
«Фуд Мастер-Трэйд компаниясы» ЖШС-ның Федералдық ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау қызметінің (РФ) іс-әрекетіне өтінішін қарау қорытындысы бойыншамонополияға қарсы агенттік мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың болуы тұрғысында «Молочный Дом» ООО-ны (Украина зауыты) инспекторлық кәсіпорындар тізіміне енгізбеу бойынша Федералдық ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау қызметінің іс-әрекеттерін қарау қажеттігі туралы Ресейдің ФМҚ атына хат жіберуге бастама жасады.
Бұл жағдай компанияны «Дольче» және «Коровье» қазақстандық брендімен сүт өнімдерін өндіруді жүзеге асыру және кейіннен оларды Қазақстан Республикасына әкелу мүмкіндігінен айырады.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы өңірлерінде азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасының мониторингі тұрақты негізде қадағаланып отырады,монополияға қарсы агенттіктің бастамасы бойынша 2013 жылғы қарашада ЕЭК аталған мониторинг пен талдауды жүргізу үшін БЭК елдері өкілдері құрамында Жұмыс тобы құрылды. Аталған Жұмыс тобы 2013 жылы Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы өңірлеріндегі жекелеген азық-түлік тауарларының ағымдағы бағаларының мониторингі және оны талдау мәселелері бойынша кеңестер өткізді.
Сонымен қатар, 2013 жылы монополияға қарсы агенттік Еуразиялық экономикалық комиссияның Ресей мен Белоруссияның монополияға қарсы ведомстволарымен бірлесіп өткізген бірқатар дөңгелек үстелдеріне белсене қатысты. Қарағанды қаласында (Қазақстан) өткен дөңгелек үстел отырысының барысында бизнес орта мен мемлекеттік органдардың бірлесіп әрекет ету мәселелері талқыланды. Новосибирск қаласында (Ресей) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде нарық субъектілерінің өзара қолжетімділігі мәселелері қаралды. Отын-энергетикалық кешені (электр энергиясы, жанар-жағар май материалдары, мұнай, наз және т.б.) нарығында бәсекелестікті дамыту мәселесі Өскемен қаласында өткен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нарықтарында бәсекелестікті дамыту мәселесі Волгоград қаласында (Ресей) өткен дөңгелек үстелдер барысында көтерілді. Жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және оның жолын кесу, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау мәселелері Гродно қаласында (Беларусь) өткен дөңгелек үстел отырысында талқыланды. Дөңгелек үстелдер үш елдің бизнес субъектілері мен бәсекелестік ведомстволары арасында пікір алмасатын тиімді диалогтық алаңдардың бірі болып табылады, онда проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланады. Тұтастай алғанда, бірінші кезектегі міндет заңнамаларды үйлестіру, тосқауылдарды алып тастау, тауарлардың еркін қозғалысы болып табылады.
Баяндалғанды түйіндей отырып,монополияға қарсы агенттік тұрақты негізде бәсекелестік мәселелерінде маманданған халықаралық ұйымдарға, ықпалдастырылған бірлестіктерге қатысуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударатындығы туралы қорытынды жасауға болады.
Онда бәсекелестік саясатты дамытудың өзекті мәселелері бойынша бәсекелестікті реттеудің көп жақты қағидаларының және оларды шешу жолдарының талқыланатындығын ескере отырып осы бірлесіп әрекет етудің маңызы зор екендігін атап өткен жөн. Бұл ретте ішкі нарықта тиімді бәсекелестікті қалыптастыру және оны қолдау және әртүрлі ықпалдастыру топтары шеңберінде бәсекелестік саясат саласындағы базалық қағидаттарды әзірлеу және іске асыру үдерістеріне Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету бойынша монополияға қарсы органның рөлі күшейтілуде.
Жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижесі халықаралық ұйымдар мен ықпалдастырылған топтарда бәсекелестік саясат мәселелері бойынша Қазақстанның атынан өкілдік ету және өз құзыреті шеңберінде Қазақстанның толыққанды мүшесі ретінде басқа да ұйымдардың (ЭЫҰД, ДСҰ) қатарына кіруіне жәрдемдесу, бәсекелестік саясатты дамытудың өзекті мәселелері.
2 Қазақстан Республиканың монополияларды реттеу агенттігі іс-әрекетін талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жалпы сипаттамасы
Қазақстанның монополияға қарсы органдарының қалыптасу тарихы «Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы» 1991 жылғы 11 маусымдағы Қазақ ССР-ының Заңын қабылдаған сәттен басталды. Аталған Заң экономикалық реформалардың жаңа жағдайларында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекетіміздің алғашқы «нарықтық» заңы еді. Қабылданған заңға сәйкес Қазақ ССР Президентінің жарлығымен Казақ ССР жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік Комитет құрылып, «Казақ ССР жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік Комитетінің мәселелері туралы» 1991 жылғы 31 тамыздағы № 428 Үкімет қаулысына қол қойылды.
Құрылған Комитет Республика Президентінің қарамағында болған және Жоғарғы Кеңестің алдыңда есеп берген. Комитеттің міндеттеріне кәсіпкерлікті, бәсекелестікті дамыту, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, монополиялық қызметін алдын алу, жолын кесу және заңның орындалуына бақылау жүргізу жатады. Сонымен қатар, Комитет бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерінің және заңдардың сараптамасын жүргізді, Президенттің, Жоғарғы Кеңестің және Министрлер Кабинетінің алдыңда нарық жағдайы және бәсекелестіктің даму жағдайы туралы есепті және монополияға қарсы саясатты жетілдіру ұсыныстарын беріп отыратын. Комитеттің жанынан бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру және дамыту мақсатында жеңілдетілген несие беру міндеттерін атқарған кәсіпкерлікті қолдау Қоры құрылады.
1992 жылы Казақ ССР жаңа
экономикалық құрылымдарды
1994 жылы Монополияға қарсы саясатты жүргізу Комитетін Баға Комитетімен біріктіріп, «Баға және монополияға қарсы саясатты жүргізу» мемлекеттік Комитетті құрылған болатын. Бұл Комитет тұрмыстық-коммуналдық реформаларды жүзеге асырды, қалалақ және қалааралық жолаушылар тасымалдайтын көліктерінің демонополизациясын өткізді, сондай-ақ «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңын нормаларын жүзеге асыруда бағыттаушы функциясын атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 қазандағы жарлығына сәйкес Комитет таратылып, орнына Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті дамыту Агенттігі құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 қазандағы жарлығына сәйкес Агенттік тікелей Президентке бағынышты болды, бірақ бір жылдан кейін 2004 жылғы 9 маусымдағы № 1382 Президент жарлығына сәйкес Агенттік қайта Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі №1449 жарлығына сәйкес табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау функциялары бөлінді. Табиғи монополияларды реттеу Агенттігіне бағаларды реттеу функциялары берілді, ал бәсекелестікті қорғау функциялары Индустрия және сауда Министрлігіне берілді. Индустрия және сауда Министрлігінің құрамында бәсекелестікті қорғау Комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті таратылып, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігін (Монополияға қарсы агенттік) құрылды.
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдары 1991 жылдан бері түрлі өзгерістерге түсіп отырып, өз істерін жетілдіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдары жеке екі органдардан Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінен және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінен тұрады. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаттың басты ерекшелігі ретінде табиғи монполияларды реттеудің жеке Агенттік арқылы жүргізетінің айту керек. Көптеген өркениетті елдерде табиғи монополия субъектілерді реттеу салалық ведомстволарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияәа қарсы агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттіктің аумақтық бөлімшелері – жеті өңірлік инспекциялары бар.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің міндеттері:
- адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу;
- экономикалық шоғырлануға бақылау;
- бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
- бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
- монополияға қарсы орган құзыретінің мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге және жоюға бағытталған актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;
- экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;
- нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген іс-әрекеттерін, жосықсыз бәсекені болдырмайды және олардың жолын кеседі;
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді;
- бәсекелестікті дамыту, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;
- тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
- тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;
- үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
- тауарлардың өзара алмастырылу критерийлерін, оларды сатып алуға қолжетімділікті, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын қаржылық ұйымдарға қатысты – қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекітеді;