Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.

Вложенные файлы: 1 файл

хасенов A нормой Microsoft Office Word 97 - 2003 (2)(1).doc

— 715.00 Кб (Скачать файл)

- тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;

- монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды айқындау жөніндегі әдістемені бекітеді;

- нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді;

- Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде статистика органдарынан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады;

- нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою, бастапқы жағдайды қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту, егер белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;

- мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады;

- сотқа талап қойып және өтінішпен жүгінеді, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысады;

- реттеуші органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

- Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу Үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;

- мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар береді;

- жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді;

- мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, алдын ала келіседі;

- мемлекеттік органдардың нарық субъектілеріне мемлекеттік көмек беруін келіседі;

- тауар нарықтарын талдау нәтижелері бойынша реттеуші органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізеді;

- тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызған кезде реттеуші органдарға және осы нарықта Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне тізілімнен Үзінді көшірме жібереді;

- реттеуші органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің немесе қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгілері туралы хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды береді;

- реттеуші органдармен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізуге қатыса алады;

- құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;

- құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерін ұсынады;

- құқық қорғау органдарының сауал салуы бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;

- құқық қорғау органдарының, оның аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сауал салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы Үшін сарапшылар ретінде жібереді;

- тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындайды;

- экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың, мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың, нарық субъектілері ұсынатын өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі;

- Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген жағдайда нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтінішхатпен сотқа жүгінеді;

- тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді;

- Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмілелерді  жүзеге асыруға, нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге алдын ала жазбаша келісімін ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды атқарады.

Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері Агенттіктің біртұтас жүйесін құрайды. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.Төрағаның ұсынысы бойынша Төрағаның Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады Монополияға қарсы органның басшысы болып табылатын төраға басқаратын Басқарма монополияға қарсы органның алқалы басқару органы болып табылады.

Басқарма бес адамнан тұрады. Басқарманың құрамына монополияға қарсы органның басшысы, оның орынбасарлары және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретіне:

- бәсекелестік саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;

- монополияға қарсы органның құзыретіне жатқызылған әдістемелерді бекіту;

- экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы, осы шешімдерді қайта қарау немесе күшін жою туралы шешімдер қабылдау;

- жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау;

- нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелер базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып сотқа жүгіну туралы шешім қабылдау;

- бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыға жасалған шағымдарды қарау;

- тергеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;

- монополияға қарсы орган Басқармасының жұмыс регламентін бекіту;

- монополияға қарсы органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қарау және қабылдау мәселелері кіреді.

Агенттіктің Төрағасы Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды және өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

Жауапты хатшы негізгі міндеттері:

- Агенттік Төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;

- Агенттік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады және оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

- Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

- Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекітеді;

- Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

- Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

- Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;

- Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттік департаменттері мен басқармалары басшыларын, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

- еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

- Агенттік Төрағасының келісімімен Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, Үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

- Агенттік Төрағасының келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

- Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттік Төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және баәдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

- Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағаға бекітуге ұсынады;

- Агенттіктің қаржыландыру жоспарлары мен қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағамен келісілгеннен кейін бекітеді;

- мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;

- Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

- Агенттікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;

- өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынаста Агенттікті білдіреді;

- Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Агенттік Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияәа қарсы агенттік) қарамағында» Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы «акционерлік қоғамы 100 %» қызмет істейді.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін, телекоммуникация  және почта байланысы салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты, темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарлары мен қызметтеріне бағаларды реттеуді.

Информация о работе Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу