Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Алип Б..doc

— 873.50 Кб (Скачать файл)

 

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

3

1

Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері

6

1.1

Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі

6

1.2

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

11

1.3

Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі

21

2

Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері

27

2.1

Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты

27

2.2

Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні

33

2.3

Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері

45

3

Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

49

3.1

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары

49

3.2

Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары

58

 

Қорытынды

65

 

 Қолданылған әдебиеттер тізімі

69

 

А қосымшасы Тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер

72

 

Ә қосымшасы Тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік

жәрдемақының орташа айлық мөлшері

73

 

Б қосымшасы Қазақстанның аймақтары бойынша

2006-2008 жылдардағы Джини  коэффициенті

74


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік  қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.

Өмір деңгейі – құрылған қажеттіліктен шыға рухани игіліктен және материалды тұрғындардың қамтамасыздандыру. Осымен бірге қажеттілік белсенді мінезделеді, адамнының қызметінде түрткі бола алатын мотивпен қызмет атқарады. Егер олардың өсуі өмір деңгейінің өсуін шақырса, бұл жақсы. Өмір деңгейін бағалау үшін, көрсетушілердің жиынтығы қолданылады: шынайы табыстың негізгі азық-түліктің қажеттілігі, тұрғындардың өндірістік тауарлармен қамтылу; қолданудың құрылымы, жұмыс күнінің ұзақтығы, бос уақыт мәселелері, және оның құрылымы, әлеуметтік ортаның дамуы және т.б.

Президенттің әр Жолдауын күтетін тұрғындардың басым бөлігі, бәрінен бұрын билік органдарының әлеуметтік мәселелерді шешуде, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениетті дамыту үшін жасайтын іс-әрекетін білуге тырысады.

Бұл бағыттарда әлеуметтік саясат – мемлекет саясатының өзегі болып табылатыны атап өту керек. Қаржылық қиындықтарға қарамастан Жолдаудың басым бөлігі Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру жөніндегі шараларға бағытталған.

Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл-күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапында болып келді және осылай болып қала береді.

Өмір сапасының стандарттары адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс, бұл ретте масылдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды.

Жақында Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» тақырыбындағы Жолдауын Қазақстан халқына жария етті. Жолдаудағы көзделген мақсаттар және оған жету үшін қойылып жатқан міндеттер, Үкіметтің құзырлығымен орындалуға тиіс нақты белгіленген тапсырмалардың өзектілігі және қажеттілігі бұл құжаттың бір жылмен шектелмей, алдымыздағы жылдары да Қазақстанның тұрақты және жылдам дамуын қамтамасыз ететін, стратегиялық сипатындағы бағдарлама екендігін тереңінен, жан-жақты ашып көрсетеді.

Жолдауға байланысты менің пікірім, халықтың, барлық зиялы қауым өкілдерінің әділ пікірімен тұспа-тұс келеді. Сөзсіз, Президенттің биылғы жылғы Жолдауын алдыңғы жолдаулар секілді шынайы, әрі негізгі әлеуметтік бағдарлама деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.

Ел арасында халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың ережелері көптен күтілген, жан-жақты талқыланатын, әрі танымал болып табылады.

Бәрімізге белгілі, тәуелсіздіктің бірінші жылдарынан бастап, қоғамдағы қамқорлыққа және қорғауға мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін әлемнің ең озық мемлекеттерінің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі деңгейіне шығаруға ұмтылу Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы ең негізгі басымдық болып келеді.

Сонымен қатар, бұл Жолдауды алдыңғы жолдаулар сияқты, нағыз халықтық бағдарлама деп қуану толқынысымен, әрі мақтанышпен айтуға болады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге асатын орта табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу субъектісі – әлеуметтік саясатты алып  жүрушілер және әлеуметтік саясатқа қатысушылар.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер, мемлекеттік әлеуметтік саясат түсінігі мен шетел тәжірибесі қарастырылады..

Екінші бөлімде жоғарғы әлеуметтік-экономикалық дамуына жетуге бағытталған Қазақстаннның мемлекеттік  саясатының негізгі бағыттары қарастырылды, сондай-ақ әлеуметтік әсер ететін орта халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, аталмыш тарауда Қазақстан Республикасының тұрмыс деңгейінің 2007–2009 жылдар арасындағы статистикалық мәліметтер негізінде талдауын жасаймын.

Дипломдық жұмыстың ақырғы тарауында халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру, арттыру мәселелерін шешу жолдары және Қазақстан Республикасының өмір деңгейін жоғарлату көлемінде негізгі бағыттары қарастырылады.

Ел халқының тұрмыс деңгейін қалыптасқан ахуалын бағалау және оны жақсарту мәселелерін шешу жолдарын айқындау дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мiндеттерi:

- тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін теоретикалық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыру;

- халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруына ел экономикасының өсуінің рөлін айқындау;

- елдің әлеуметтік дамуына ықпал етуші негізгі факторларды анықтау;

- елдің тұрмыс деңгейін жақсарту мәселелері және оларды шешу жолдарын қарастыру;

- зерттеулер барысында үкіметтің әлеуметтік саясаттындағы анықталған кемшіліктер мен ағаттықтарды ескере отырып, әрі қарай оны жетілдіру жолдарын ұсыну;

- тұрмыс деңгейді көтеру мәселелеріне жан-жақты талдаулар жасау және жолдарын қарастыру.  

Дипломдық жұмысты орындау барысына Қазақстан Республикасының тұрмыс деңгейінің жағдайды өзгертуге бағытталған түрлі Заңдары мен Стратегиялық бағдарламалары, түрлі Министрліктер мен агенттіктердің есеп берулері мен жоспарлары, статистикалық материалдар және көптеген көрнекті ғалымдардың аталмыш тақырыпта жазылған еңбектері мен пікірлері қолданылады және ескерілетін болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Халықтың тұрмыс  деңгейін мемлекеттік реттеудің  теориялық негіздері

 

 

1.1 Халықтың тұрмыс деңгейін  сипаттайтын негізгі көрсеткіштер  жүйесі

 

Шағын экономиканың даму мөлшері бойынша қоғам мүшелерінің материалды-мәдени деңгейі жоғарлайды. Ең маңыздысы бұл категорияның мазмұнын анықтау.

Өмір деңгейі – адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі.

Өмір деңгейі бір жағынан адамдардың қажеттіліктерінің даму кезеңімен, ал екінші жағынан – оларды қанағаттандыру үшін қолданылған, өмірлік қызметтің саны мен сапасымен анықталады. Өмір деңгейі тұрғындардың жеке топтарының әлеуметтік ерекшеліктерін байқайды. Сондықтан жеке адамдардың, отбасының, тұрғындардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың өмір деңгейін қарастыра алады. Өмірдің деңгейі мен сапасы тұрғындардың табиғи өсуімен, білім деңгейімен және  денсаулық сақтау ортасының жағдайымен үздіксіз байланысты. Тұрғындардың өмірінің деңгейі және сапасы бойынша әлеуметтік қызмет ортасының дамуы және экономика жағдайы туралы айтуға болады.

Өмір деңгейінің санды анықтауы кезінде жинақтаушы және салыстырмалы көрсеткіштерін қолданады. Жеке қажеттілік арасынан адамдарды былай айырады:

 

Адамдардың жеке қажеттілігі


             

 

Әлеуметтік қажеттілік    Рухани қажеттілік   Материалды қажеттілік

 

Сызба 1 – Адамдардың жеке қажеттілігі

 

  1. Материалды қажеттілік. Оған тақ, киім, үй, емделу, трангспорт, және т.б. жатады.
  2. Рухани қажеттілік. Оларға бала бақша, білім, өнер, мәдениет, ғылыми мекемелер жатады.
  3. Әлеуметтік қажеттілік. Оларға кәрі жастағы  қамтудағы қажеттіліктер, бос уақытының  үлкеюінде, еркектер мен әйелдердің теңсіздігі қажеттілікке жатады. Көптеген жеке қажеттілікпен байланысты өмір деңгейі бір ғана көрсеткішпен айтылуы мүмкін емес. Бұл үшін тұрғындардың өмір деңгейін жанжақты байқайтын көрсеткіш керек.

Өмір деңгейі адам өмірінің үздіксіз бірлікте түседі. Өмір салты –ұлттық және әлемдік бірлестікте адамдардың тіршілік әрекетінің қабілеті, түрін бейнелейтін әлеуметтік - экономикалық категориясы болып табылады. Өмір салты адамның тіршілік әрекеттігінің әртүрлі жақтарын қамтиды: еңбек, әлеуметтік ұйымның, әлеуметтік формаларды, саясатты, тұрмыс, босуақытты, қоғамдық өмірге қатысу, рухани, материалды қажеттілікті қанағаттандыру формасы және нормалары және т.б.

Сондықтан өмір салтында адамдардың тек экономикалық қарым-қатынасы емес, қоғамдық - саясаты, мәдениет және әлемтануы айтылады. Мысалы: өмір деңгейінің көрсеткіштері өмір салтын мінездей алады. Алайда, өмір деңгейі өмір салтының бір ғана құрылу шартын иемдене алады.

Әлеуметтік біріңғай емес, қоғамда біріңғай өмір салты жоқ және болуы мүмкін емес.

«Өмір құны» терминін түсінуде қажетті заттың бағасы үшін, қолданылады.

Өмір құны мына факторлармен анықтайды. 

- өндірістік тауарлармен қызметіне бағалардың деңгейі;

- әр түрлі табыстың динамикасымен;

- жеке табыстардың өзгеруі;

- тұрғындардың қажеттілігінде құрылымды өзгеріспен;

-сән талаптарымен және талаптанушылардың дағдыларымен анықталады.

Осындай түснікте «өмір құны» термині көп  жағдайда тұрғындардың өмірінің деңгейінің мағынасына сәйкес, және оның сәттілігіне де сәйкес.

Өмір құнынының индексінің есебі үшін қажетті игіліктің жиынтығы немесе «қажетті кәрзеңке» белгіленеді. « Қажетті кәрзеңкенің » заттарының рационалды және минималды құрамын айырады. Рационалды құрам қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларынан шыға, құрастырылады. Минималды құрам киімде, тамақта, үйде, қажеттіліктің деңгейін анықтайды.

Азық - түлігінің жиынтығы «өндірістік кәрзеңкеде» мемлекетте құрылған нормативтер бойынша анықтадады. Киімде, аяқ киімде, заттарда, тұрмыс және шаруашылық заттарда , мәдениетте, транспортта минималды қажеттілікте тауар жиынтығының құны ретінде ақшалай мөлшері анықталады. «Қажеттілік кәрзеңкеге» кіретін азық жиынтығы және қызметі жүйелі түрде қарастырылу керек. Ең төменгі минимунының қажеттілік құнының индексі салыстырмалы үлкендік болып табылады.

Индекс Ласпейрестің формуласы бойынша есептеледі. Өмір деңгейінің өсу масштабы қоғамның дамуының нақты тарихи қызметтерінен тәуелді. Олар оларды іске асыру үшін мүмкінді ресурстарды және сәттіліктің өсу тапсырмасын анықтайды. Өмір деңгейінің динамикасына сонымен қатар халықаралық жағдай әсер етеді.

Дәл қазіргі кезде өмірдің құнының индексін, өмір құнының есептеп шығаруда үшкір қажеттілік тудырады. Осымен байланысты ИСЖ -ның мәнін және мазмұнын анықтайды. Тұрғындардың өмір салты және өмір деңгейі   бір - бірімен ұштаса отырып, жақсаруы тиіс. Осыған көмектесетін сол тұрғындардың өзі.

Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары