Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Алип Б..doc

— 873.50 Кб (Скачать файл)

Қазіргідей нормативтік актілер мен тәртіптер өмірге жиі-жиі енгізіліп жатқанда әлеуметтік жүйенің қалыптасу ережелері, қоғамнан тұрақты арнасын таба алмай отырған кезеңде мемлекеттің әлеуметтік саладағы икемді саясатының мәні зор. Әр түрлі деңгейдегі дау-дамайлар мен көзқарастар қайшылығын шешу тәжірибесі мен соған маманданған институттардың болмауы әлеуметтік шиеленісті саяси деңгейге көтеріп жіберуі де ықтимал. Мұндай жағдайда мемлекет пен елдің негізгі әлеуметтік топтары арасындағы өзара түсінікті де нәтижелі қарым-қатынастан мемлекеттік басқару құрылымдары өз қызметтері үшін үлкен кеңістік ашып, республикалық және аймақтық деңгейде әлеуметтік саланы басқаруды жетілдіре түсуге негіз қалары сөзсіз.

Жалпы мемлекет жүргізетін әлеуметтік саясаттың алға қойған мақсаттарына жетуі және проблемаларды шешуі үшін төмендегідей шарттарды сақтау қажет деп пайымдауға болады:

- әлеуметтік саясатты әзірлеу  кезінде күнделікті өмірдің тұтастық  сипатын, яғни бір саладағы өзгеріс  барлық басқа салаларды да қамтитынын ескеру;

- әлеуметтік саясат енгізетін  өзгерістердің кезең-кезеңдік және  тұтастық сипаты болуға тиіс  және ол халықтың жаңа жағдайға  үйренуіне мүмкіндік беруі қажет;

- әлеуметтік саясат арқа сүйейтін  нормалар мен талаптар қоғамда  кең таралған болуы шарт;

- осыған сәйкес әлеуметтік саланы  мемлекеттік басқару органдарының  құрылымы, олардың қызметінің әдістері  мен тәсілдері жаңа жағдайға  орай жедел өзгеріп, қалыптасып  отыруы қажет.

Әлеуметтік саланы дамыту проблемаларына жете көңіл бөлмеу, оны жеткілікті дәрежеде қаржыландырмау экономиканың өсуі мен оны реформалауды тереңдету мүмкіндіктерін тежейді. Егер елімізде реформаның экономикалық өсуге деген біржақты басым бағдары сақталатын болса, ол проблема тереңдей түсуі мүмкін. Мұның өзі үкіметтің әлеуметтік саясатының түпкі мақсаты – ел Конституциясы жария еткен әлеуметтік мемлекет құруды ұзаққа созуы мүмкін. Сондықтан Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуы әлеуметтік мемлекеттің қағидаларымен қиюласқан экономикалық тиімділік пен шаруашылықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты бүгінде  мемлекет пен адам арасындағы өзара жауапкершілік арқылы тұрақты әлеуметтік дамуға өту негізінде анықталады. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен нарықтық экономиканың дамуы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің жаңа формаларының пайда болуына әсерін тигізді. Бүгінгі таңда бізде негізінен әлеуметтік әріптестік үлгісі құрылып отыр. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі мен республикалық бірлестіктер, кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында Бас Келісімге қол қою тәжірибесі жұмыс жасап келеді. 2000 жылы алғаш қабылданған «ҚР-дағы әлеуметтік серіктестік туралы» Заңда әлеуметтік салада болып жатқан объективті саяси-әлеуметтік үрдістер айқын көрінеді. Нақтырақ тоқталар болсақ, онда құқықтық негіздер, міндеттер мен қорытындылар реті, жалпыға ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жету үшін, келісімдерді өзгерту және бұзу секілді бағыттар анықталады.

Қазіргі кезеңдегі ҚР-ның әлеуметтік саясатындағы саяси мәселелердің өзектісі – кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін мемлекеттік тұрғыда негіздеу болып табылады. Бұл соңғы уақытта ғана пісіп жетілген мәселе емес. Ол бұрыннан бері көтеріліп жүрген саяси - әлеуметтік мәселе. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жете сезінген бірқатар ірі компаниялар мен орта бизнес өкілдері бар. Шетелдік компаниялар үшін әсіресе мұнай-газ саласындағы компаниялармен келісім-шарттарда жергілікті жерде әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру міндеті талап етілуде.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының көкейтесті саяси мәселелеріне орта  тапты қалыптастыру мен әлеуметтік бағдарлы экономика құру да жатады. Қазақстан қоғамында орта тапты қалыптастыру мәселесі саяси - әлеуметтік мәселе ретінде күн тәртібіне сонау тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда қойылған еді. Өйткені, шынайы нарықтық экономиканы қалыптастырудың алғышарттарының бірі – әлеуметтік тұрғыда белсенді орта тапты орнықтыру болатын. Сондай ақ, орта тапты қалыптастыру бәсекеге қабілетті экономиканы құруға да, әлеуметтік бағдарлы экономиканы қалыптастыруға да негіз бола алады. Бұл мәселенің түйінін толық шешу бүгінгі күнге дейін мүмкін болмай келеді. Қорыта айтқанда, әлеуметтік саясаттың саяси мәселелерін шешу мен халқымыздың әл-ауқатының одан әрі артуы үшін, азаматтарымыздың денсаулығы мен білім беру сапасын жақсарту үшін үкімет қабылдаған кешенді мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар қажетті қаржымен, жауапты әрі білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қазіргі кезеңде ҚР-да мемлекеттің әлеуметтік саясатының саяси мәселелеріне жете назар аударылуда. Өйткені әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру барысында әлеуметтік саясаттың әдістерін жетілдірудің саяси тетіктері іске қосылуы керек. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдірудің саяси мәселелері негізінде әлеуметтік әріптестік ұстанымы, әлеуметтік бағдарланған экономиканы қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылуда. Бұл шараларды жүзеге асырмайынша елдің әлеуметтік саясаты ішкі және сыртқы экономикалық дағдарыстарға тәуелділігінен құтыла алмайды. Егер мұндай тәуелділік жойылмаса немесе азаймайтын болса, мемлекеттік әлеуметтік саясат қоғамның орнықты дамуына кепілдік бере алмайды және әлемдік экономикалық дағдарыстар немесе басқа да күтілмеген жағдайларда сан түрлі өзгерістер енгізуге мәжбүр болады. Әсіресе жұмыссыздыққа қарсы күрестің арнайы бағдарламасының тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шаралардың пәрменділігін арттыру қажет. Сонымен бірге, еңбек нарығын ұйымдастыруда халықаралық нормаларды басшылыққа ала отырып қызметкерлерге жасалатын әлеуметтік қолдаудың жүйесін, нормаларын бекіту кезек күттірмейтін іс болып табылады. Сол жағдайда мемлекетіміздің әлеуметтік қауіпсіздігіне кепілдік жасалмақ.

Қорытынды

 

 

Тұрмыс деңгейі бір жағынан адамдардың қажеттіліктерінің даму кезеңімен, ал екінші жағынан – оларды қанағаттандыру үшін қолданылған, өмірлік қызметтің саны мен сапасымен анықталады. Өмір деңгейі тұрғындардың жеке топтарының әлеуметтік ерекшеліктерін байқатады. Сондықтан жеке адамдардың, отбасының, тұрғындардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың өмір деңгейін бейнелей алады. Өмірдің деңгейі мен сапасы тұрғындардың табиғи өсуімен, білім деңгейімен және  денсаулық сақтау ортасының жағдайымен үздіксіз байланысты. Тұрғындар өмірінің деңгейі және сапасы бойынша елдің әлеуметтік және экономикалық даму жағдайы туралы айтуға болады.

Жұмысты орындау барысында біз тұрмыс деңгейінің көрсеткіштерін жан–жақты талдай отырып, әр жылдағы өмір деңгейін салыстырып,  жақсарту жолдары  мен  жоғары деңгейге көтеру мәселелерін қарастырдық. Сонымен қатар, ҚР–ның мемлекеттік әлеуметтік саясатын саралап, елге тиімді бағыттарын қарастырдық және де Қазақстан Республикасында  жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлатудың негізгі бағыттары мен халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007–2009 жылдардағы серпініне талдаулар жасалды.  Сонымен бірге, ҚР Президентінің жолдаулары мен іске асырылып жатқан ұзақ мерзімді бағдарламаларына талдау жүргіздік.  

Мемлекет тек биыл ғана әлеуметтік салаға назар аударып отырған жоқ. Экономикалық дамуымыздың нәтижесінде Республика бюджетінің әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстары жылдан жылға көбейтілгеніне куәміз. Бұның барлығы елдің, халықтың әл–ауқатын жақсартуға бағытталған шара. Мәселен, 2000 жылмен салыстырғанда әлеуметтік шығыстар биылғы жылы 3,7 есеге  өсті.  2008  жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бюджеттік өтінімі 545,1 млн. теңгені құрады. Бұның өзі 2007 жылмен салыстырғанда 82,3 млрд. теңгеге артқанын  көрсетеді.

Елбасының ағымдағы Жолдауының негізгі басымдықтарының бірі халықтың әл–ауқатын арттыруға байланысты болып отыр ғой. Бұл бағытта 2007 жылмен салытырғанда зейнетақы деңгейін одан әрі арттыру бөлігінде 2012 жылға қарай зейнетақының орташа мөлшерін 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25 пайыз және 2011 жылы 30 пайыз арттыруды қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай кемінде 50 пайызды құрайды.

Ал бүгінгі күні Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатындағы зейнетақылық және әлеуметтік төлемдерді арттыру жөніндегі шараларды қабылдау үшін нормативтік–құқықтық негіз әзірленіп жатыр.

Қазақстан бүгінде әлеуметтік–экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық. Бірақ, елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.

Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан халқының әрбір азаматтары үшін алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының маңызы, мәні өте терең. Барлық қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті. «Қазақстан – 2030» стратегиясынан кейін қамтылған мәселелері мен онымен байланысты қабылданған шешімдері және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат – ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді.

Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс–шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.

Әлемдегі нарықтық шаруашылықтың идеологы Людвиг Эрхард әлеуметтік саладағы жеке бастамаларды ғана ынталандыру қажеттігін айтады. Әрине, дейді ол, мемлекет қарттар мен мүгедектерге көмектесуі керек. Бірақ еркін экономикалық және қоғамдық құрылыста тәуелсіз өмір сүру үшін адамның өзі өмірдің қиындығын жеңуге дайын болуы қажет. Әрбір адам: "Сен, мемлекет, маған көмек бер, мені қорға, маған көмектес” деп емес, "Мен өзімді қорғауға күшім жетеді, өз тағдырымды жасау үшін мен өзім тәуекелге баруым керек. Ал, сен, мемлекет, менің солай істеуіме жағдай жаса”деуі керек, дейді ол.

Осы орайда, "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында Елбасының әлеуметтік саясат саласында "халыққа балық емес, балықты ұстайтын қармақ беру керек” деген қағидатқа негізделген үлгіні ұсынуы кездейсоқтық емес. "Әлеуметтік қолдау жүйесін нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес бағыттау керек”, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған орай Елбасы мемлекеттің қоғамымыздағы қолдауға зәру топтарға ғана көмектесу міндетін толық өз мойнына алатынын баса айтты. Басқа жағдайда әлеуметтік көмек беру саясаты "әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен” емес, жұмыс істейтіндердің қатарына енетін кәсіби қабілетті азаматтарды дайындаумен айналысады. Сөйтіп, мемлекеттік қолдау жүйесі азаматтардың оқып, жаңа мамандық алуына көмектесіп, соған ынталануына жағдай жасайтын болады. Бұл ұсыныс Елбасының биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында да көрініс тапты. Елбасы халық алдында мемлекет міндеттерін сақтауға  ерекше көңіл бөлді, бұлар: әлеуметтік төлемдер, бюджеттегілерге еңбекақы төлеу.

Экономиканы әрі қарай жаңғыртудың және елдің дағдарыстан кейін дамуын қамтамасыз ету үшін еңбекпен қамтамсыз ету стратегиясын іске асырудың жаңа жоспары ұсынылды. Жолдауды іске асыру мақсатында қосымша жұмыс орындарын құру, кадрларды қайта даярлау, іскерлік белсенділікті дамыту арқылы еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды қамтитын 60–тармақтан тұратын «Жол картасы»  әзірленіп, ондағы іс–шаралар өз кезегінде уақытылы орындалуда.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» тақырыбындағы Жолдауын Қазақстан халқына жария етті. Жолдаудағы көзделген мақсаттар және оған жету үшін қойылып жатқан міндеттер, Үкіметтің құзырлығымен орындалуға тиіс нақты белгіленген тапсырмалардың өзектілігі және қажеттілігі бұл құжаттың бір жылмен шектелмей, алдымыздағы жылдары да Қазақстанның тұрақты және жылдам дамуын қамтамасыз ететін, стратегиялық сипатындағы бағдарлама екендігін тереңінен, жан–жақты ашып көрсетеді.

Бәрімізге белгілі, тәуелсіздіктің бірінші жылдарынан бастап, қоғамдағы қамқорлыққа және қорғауға мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін әлемнің ең озық мемлекеттерінің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі деңгейіне шығаруға ұмтылу Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы ең негізгі басымдық болып келеді.  

Ақиқатында, Қазақстанның қазіргі уақытта қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерінің нәтижелері бізді таң қалдырады және сол себептен де мемлекет басшылығының жүргізіп жатқан экономикалық саясатына үлкен сенімділікпен және үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, 1995 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықтағы Қазақстандағы макроэкономикалық көрсеткіштерді салыстырып, талдап көрейік.

Егер 1995 жылы мемлекеттегі ЖІӨ 1014,2 млрд.т. ғана болса, 2001 жылы 3250,6 млрд.теңге, 2006 жылы 8065,4 млрд.теңге,  2007 жылы 12 660,8 млрд.теңгені құрады және бұл көрсеткішті 2010 жылы ең биік деңгейге 21 348,7 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.  

2007 жылдың өзінде жан басына шаққандағы ЖІӨ 6705 АҚШ долларына жеткізілді, биыл бұл көрсеткіш 7994 долларға жетеді деп күтілуде. Салыстырмалы түрде, 1995 жылдың көрсеткіштерін алсақ, ол кезде жан басына шаққандағы ЖІӨ небәрі 700 доллар болған және қазіргі көрсеткіштерге Қазақстан тек қана 2011 жылы жетуге жоспарланған.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, сонымен бірге, республикалық бюджеттің көлемін жатқызуға болады. 2008 жылдың Республикалық бюджеттің табыс бөлігі 2687 млрд. теңге мөлшерінде бекітілді, ал 1995 жылды есімізге түсірсек, ол кезде Республикалық бюджет 250 млрд. долларға әрең жететін.

2007 жылы қазақстандық экономиканың  өсімі 8,5 пайызды құрады. Ал егер 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейінгі  статистикалық мәліметтерді алсақ, онда экономиканың өсу көрсеткіші тұрақты түрде орташа алғанда жылына 10 пайызға ұлғайып отырды. Бұл әлемдегі экономиканың сапалы түрде өсуінің ең жақсы, әрі жемісті көрсеткіштерінің бірі деп мақтанышпен айтуға болады.

Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары