Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Алип Б..doc

— 873.50 Кб (Скачать файл)

Жолдауға байланысты менің пікірім, халықтың, барлық зиялы қауым өкілдерінің әділ пікірімен тұспа-тұс келеді. Сөзсіз, Президенттің биылғы жылғы Жолдауын алдыңғы жолдаулар секілді шынайы, әрі негізгі әлеуметтік бағдарлама деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.

Ел арасында халықтың тұрмыс–тіршілігін жақсартуға, әл–ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың ережелері көптен күтілген, жан–жақты талқыланатын, әрі танымал болып табылады. Бұл түсінікті де.

Бәрімізге белгілі, тәуелсіздіктің бірінші жылдарынан бастап, қоғамдағы қамқорлыққа және қорғауға мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін әлемнің ең озық мемлекеттерінің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі деңгейіне шығаруға ұмтылу Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы ең негізгі басымдық болып келеді.  

Сонымен қатар, бұл Жолдауды алдыңғы жолдаулар сияқты, нағыз халықтық бағдарлама деп қуану толқынысымен, әрі мақтанышпен айтуға болады.    

Өйткені, мұнда, еліміздің экономикасын көтеруге, бәсекелестіктің даму потенциалын күшейтуге, макроэкономикалық көрсеткіштерді жоғарылатуға бағытталған көптеген ережелер орын алған.

Ақиқатында, Қазақстанның қазіргі уақытта қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерінің нәтижелері бізді таң қалдырады және сол себептен де мемлекет басшылығының жүргізіп жатқан экономикалық саясатына үлкен сенімділікпен және үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, 1995 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықтағы Қазақстандағы макроэкономикалық көрсеткіштерді салыстырып, талдап көрейік.

Егер 1995 жылы мемлекеттегі ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) 1014,2 млрд.т. ғана болса, 2001 жылы 3250,6 млрд.теңге, 2006 жылы 8065,4 млрд.теңге,  2007 жылы 12 660,8 млрд.теңгені құрады.

2008 жылы ІЖӨ 15 249,4 млрд. Теңгеге, 2010 жылы бұл көрсеткішті ең биік деңгейге 21 348,7 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.  

2007 жылдың өзінде жан басына шаққандағы ІЖӨ 6705 АҚШ долларына жеткізілді, биыл бұл көрсеткіш 7994 долларға жетеді деп күтулуде. Салыстырмалы түрде, 1995 жылдың көрсеткіштерін алсақ, ол кезде жан басына шаққандағы ІЖӨ небәрі 700 доллар болған және қазіргі көрсеткіштерге Қазақстан тек қана 2011 жылы жетуге жоспарланған.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, сонымен бірге, республикалық бюджеттің көлемін жатқызуға болады. 2008 жылдың республикалық бюджеттің табыс бөлігі 2687 млрд. Теңге мөлшерінде бекітілді, ал 1995 жылды есімізге түсірсек, ол кезде республикалық бюджет 250 млрд. Долларға әрең жететін.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 мыңнан астам ірі кәсіпорын жұмыс істейді, жаңа заводтар, кәсіпорындар салынып жатыр, жұмыс істеп, іске қосылып жатқан кәсіпорындарға соңғы үлгідегі технологиялар, құрал–жабдықтар шетелден әкеліп орнатылуда.  

Экономиканы диверсификациялау, жоғары технологиялы автомобиль өндірісі, радиоэлектроника, компьютерлерді және басқа да күрделі, жоғары қосымша құн салынған продуктілерді шығару мақсатында индустриалды–инновациялы даму бағдарламасы жүзеге асырылуда, «30 корпоративті лидерлер» бағдарламасы қолға алынды.

Мұндай орасан күрделі жоспарлар туралы 1993 жылы  ойлауға да мұрша келмейтін. Өйткені ол кезде 3,5 мың ірі кәсіпорыннан 2 мың кәсіпорын жұмыс істемейтін, жұмыссыздықтың жаппай орын алған, халықтың тұрмыстық жағдайының өте ауыр халде болғанын, елдің көңіл күйінің түсіп, жұмысты табу үшін тұрғындардың алыс және жақын шетелге кеткен және көшкен уақыты болғанын қазіргі кезде еске түсірудің өзі ауыр болып келеді.

2007 жылы қазақстандық экономиканың  өсімі 8,5 пайызды құрады. Ал егер 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейінгі  статистикалық мәліметтерді алсақ, онда экономиканың өсу көрсеткіші  тұрақты түрде орташа алғанда  жылына 10 пайызға ұлғайып отырды. Бұл әлемдегі экономиканың сапалы түрде өсуінің ең жақсы, әрі жемісті көрсеткіштерінің бірі деп мақтанышпен айтуға болады.

Қазіргі уақытта, Ұлттық қордың қаражаттарын қоса алғанда, 40 млрд. АҚШ доллары көлемінде мемлекеттік қор жинақталған. Тәуелсіздік жылдары аралығында мұндай елеулі қаржылардың жиналуы алдымыздағы уақытта мемлекетіміздің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.  

Әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуі, ал кейбір мемлекеттерде басталған экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған және Жолдауда көрініс тапқан икемді мемлекеттік алдын алу стратегиясы мемлекеттің барлық органдары басшылыққа алатын және сол негізде жұмыс істейтін жоспарлы бағдарлама, экономиканы көтерудің маңызды құралы болып табылады.

Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың, даму институттарының, мемлекеттік холдингтердің жұмыстарын үйлестіріп, олардың экономикаға әсер ету үлесін арттырып, ішкі қазақстандық инвестициялардың экономиканы жандандыруға, әрі даму әлеуетін жоғарылатуға бағытталған әрекеттері бүкіл дүниежүзі экономикасы үшін қиын-қыстау уақыт туған кезде Қазақстанның тұрақты дамуының шынайы кепілі болып табылады.

ҚР Президентінің әлемдік экономиканың дамуының төмендеуі және экспортқа шығаратын бірқатар тауарларға бағалардың төмендеуі мүмкін болатын жағдайда әлеуметтік бағдарламалардан басқа барлық бағыттардағы бағдарламалар бойынша мемлекеттік шығыстарды қысқарту, сондай-ақ Үкіметке, Ұлттық банкке, Қаржылық бақылау агенттігіне мемлекеттік қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс–қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, Үкімет пен Ұлттық банкте тұрақтандырушылық іс-қимылдардың жедел жоспары болуы қажет деп берген нұсқауларын ТМД елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің басшылары өздерінің қызметінде басшылыққа алатын болса керек деп хабарлады.

Соңғы уақытта, ТМД елдерінің біршама саяси қайраткерлері Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын тереңінен зерттеу қажеттігін және соның негізінде өз елдерімізде экономиканы көтермелеуге бағытталған, осыған ұқсас, арнаулы бағдарлама қабылдаудың қажеттілігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында пікірлерін айтып жатыр.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан дүние жүзі рыноктарындағы қаржылық тұрақсыздыққа байланысты мемлекеттік шығындарды қысқартудың қажеттігі туралы жариялаған алғашқы мемлекет болып шықты.

Н. Ә. Назарбаев Жолдауда Үкіметке жаңа Салық кодексін әзірлеуі жөнінде тапсырма береді. Оның негізгі мақсаты экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға, бизнестің «көлеңкеден» шығуына, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін, яғни олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономиканы модернизациялау мен диверсификациялауға бағытталады.

Елбасы қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды, жаңа кодекс экономиканың өндіруші секторын шикізаттық сектор есебінен дамытуға бағытталу керектігін айтты. Сонымен бірге, жанама салықтарды өзгерту жөнінде ұсыныс енгізіп, байлыққа салық енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

ҚР Президенті үстіміздегі жылы мұнай–газ саласындағы басты бағыт – мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі ұстанымды күшейту қажеттігін айтты. Бұл үшін энергетика саласының стратегиялық маңызды буындарына мемлекеттің ықпалын дәйектілікпен күшейту жүргізілетіндігі халыққа жеткізілді. Қазірдің өзінде Қашаған, Құмкөл мұнай кен орындарын, Богатырь көмір разрезін, т.б. игеруде қазақстандық үлес ұлғайтылды.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытып азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету де стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады. Мамандардың пікірі бойынша бүкіл дүние жүзінде бірнеше мемлекеттер ғана (Ресей, Қазақстан, Аргентина және Бразилия) ауыл шаруашылық өсімдіктердің егістік алқабын ұлғайтуға мүмкіншілігі бар екендігі айтылады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде бидайға деген сұраныс жылдан-жылға артып, оның бағасы екі еседен артық өскен уақытта, азық-түлік тағамдарына бағалардың жиырма жылдан бері өсуінің Қазақстан үшін салдарлары оңтайлы болуы әбден мүмкін.

Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс. Осы кезде мемлекетіміздегі кәсіпкерлік белсенділікке жаңа серпінді күшті Бәсекелестік туралы жаңа заң бере алады. Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің өкілеттіктерін кеңейту бағаға қатысты «ауызжаласуға», адал емес бәсекелестікке, рынок субъектілерінің өздерінің үстемдігін және монополиялық жағдайларын бұра пайдаланушылығына қарсы күресті қамтамасыз етіп, қазақстандық бизнестің әлемдегі ұстанымын нығайтуға тиіс делінеді Жолдауда.

Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Президент Үкіметке үстіміздегі жылы жаңа бюджеттік кодексті әзірлеуді ұсынады. Келесі жылдан бастап мемлекеттік бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізі 3 жылдық бюджет болады. Соған байланысты  мемлекет басшысы бюджеттік жоспарлау жүйесін модернизациялау және жетілдіру, мемлекеттік активтерді басқару, бюджет қаражаттарын қолданудың тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударды. Үкімет нысаналы аудит, керек десеңіз, негізгі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар бойынша бөлінген мемлекеттік қаражатқа «тым мұқият аудит» жүргізуі керек. Бұл аудиттің мақсаты – қол жеткізілген нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаражатты басқару мен жұмсаудың тиімділігін күрт арттыру делінген.

Президенттің Жолдауында Үкіметке қаржылық сектордағы жайсыздықтан шыққанға дейін, уақытша түрде, әлеуметтік бағдарламалардан басқа, барлық бағыттар және бағдарламалар бойынша мемлекеттік шығындарды қысқарту керектігі туралы тапсырма берілген.

Биылғы жылы Президенттің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында бекітілген әлеуметтік бағдарламалар бойынша белгіленген міндеттер толық орындалды.

«Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңның нормаларындағы номер 1 тізім номер 2 тізімімен толықтырылды, соның нәтижесінде 27 мыңға жуық ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істейтін жұмысшылар 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни ай сайын 9344 теңге қосымша жәрдемақы алады. Жәрдемақы тағайындалуға келесі тұлғалардың құқығы бар:  

еркектер – 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде;

әйелдер – 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істеген жағдайда.

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру» Заңына өзгерістер енгізілді. Биылғы жылға дейін, зейнетақының мөлшерін анықтаған кезде 15 айлық есептік көрсеткішке дейінгі шектеулер болатын. Осы жылдан бастап бұл көрсеткіш 25 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде, зейнеткерлердің зейнетақыларының ең жоғары деңгейі 25 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтіліп 29 200 теңгені құрады. Базалық зейнетақының мөлшері көбейтілді, биылғы жылдан бастап бұл көрсеткіш 4210 теңгеге жетіп, зейнетақының орта мөлшері 13660 теңгеге дейін жоғарылады.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Әйелдерге туу бойынша берілетін жәрдемақылардың мөлшері көбейтілді. Егер әйелдер туу бойынша жәрдемақыны 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 16 мың 380 теңге алатын болса, биылғы жылдан бастап олар жәрдемақыны 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 35 мың 40 теңге алуда.

Сондай–ақ балаға қарау бойынша жәрдемақылардың мөлшері көбейтілді. Егер бірінші балаға қарауға байланысты жәрдемақы 3 мың 276 теңге болса, енді 5 мың 840 теңгеге дейін өсті, екінші балаға қарау бойынша берілетін жәрдемақы – 3 мың 822 теңге болса, қазір 6 мың 424 теңгені құрайды, үшінші баланы туғанға байланысты жәрдемақы 6948 теңгеге жоғарылады, төртінші және одан да көп балаға жәрдемақы көлемі 7527 теңге болды. Бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен қосымша 9,2 миллиард теңге бөлінді.

Жүктілік, туу және ана болуды міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Бұл жәрдемақыларды төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлудің нәтижесінде құрылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары есебінен жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда, жоғарыда айтылған барлық әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бюджеттен 2008 жылға 44,7 миллиард теңге бөлінген.

Мемлекет басшысының биылғы жылғы Жолдауында «Нұр Отан» партиясының 5 жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің тұрмыс деңгейін алдағы уақытта да арттыра беру үшін бізде барлық негіз бар деп айтылған.

Жаңа үшжылдық бюджет:

–  тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25 %, 2010 жылы – 25 % және 2011 жылы 30 % арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50 % –ға дейін өсірілуге тиіс;

– мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды;

–  сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп–бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010 – 2011 жылдары кезең–кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2,5 есеге арттыруды;

–  2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсіруді;

–  бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең–кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25 %, 2010 жылы – 25 %, 2011 жылы 30 % қамтамасыз етілуі тиіс;

–   тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек деп Президенттің Жолдауында Үкіметке тапсырмалар берілген. 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің құрылысын, ал 2009 – 2010 жылдары 69 мың оқушы орынға арналған тағы да 102 мектептің құрылысын бастап саламыз деген сөздері барлық адамдардың көңілінен шығып, білім беру саласы жылдан–жылға жақсартуға, әлеуметтік шаралардың кеңінен қолға алынып жатқанының нақты дәлелі.

Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары