Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

diplomnaya.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Демек банктік құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан құрылуы банк жүйесінің ел экономикасындағы рөлі мен маңызына, қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделеріне, мемлекеттің қаржы, ақша-кредит (оның ішінде валюталық) саясаты ұстанымдарына, нақтылы айқындалған құқықтық реттеу пәніне, айрықша құқықтық реттеу әдісіне, тиісті заңнамалық актілерде бекітілген ереже-принциптеріне, арнайы заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілерден тұратын қайнар көздеріне байланысты ұтымды көрініс тауып отыр [14, 136б]. 

Банктік заңнама тиісті банктердің, банк жүйесінің және банктік құқық институттарының нормативтік құқықтық базасын құрайтын, банктік қызметті және оның аясындағы қоғамдық банктік қатынастарды регламенттейтін, мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, валюталық, сыртқы экономикалық саясаты ұстанымдарын іске асыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттің банктік менеджментінің нормативтік құқықтық негізін қалыптастыратын банктік заңнамалық актілер — арнайы және жалпы сипатты заңдардың жиынтығынан тұрады.

Осындай арнайы банктік заңдар қатарына: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Даму Банкі туралы», «Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкі туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері жатады.

Банктік заңнамалық актілер өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

1) банктер, банктік қызмет, банк  жүйесі, сондай-ақ оларды мемлекеттік  реттеу туралы заңдар тек заң  шығарушы билік органдары тарапынан  қабылданады;

2) олар әрдайым ерекше іс жүргізу  нормаларын сақтай отырып қабылданды  және жоғары заңи күшке ие  болады;

3)  олар тек мемлекеттің монетарлық  билігі мен банктік құқығы  ауқымындағы қоғамдық банктік  қатынастарды ғана реттейді;

4) олар заңғы тәуелді нормативтік  банктік құқықтық актілерді қабылдауға  қажетті бастапқы сипаттағы нормалардан  тұрады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Банк жүйесі мен банктердің жұмыс істеу режиміне, қоғамдық банктік қатынастардың жекелеген тұстарына қатысы бари заңнамалық актілер ретінде: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Ақша төлемі мен аударымы туралы», «Лицензиялау туралы»,. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» және т.б. Қазақстан Республикасының заңдары көрініс табады. Демек Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы тікелей (арнаулы) банктік заңнамалық актілерден және құрамында тиісті банктік құқық нормалары бар өзге де заңнамалық актілерден құралады.                                                                                                                                                                   

Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің банктік менеджменті және ел экономикасының банктік секторы (банк жүйесі) ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызметтің құқықтық нысаны болып саналады.

Банк жүйесіндегі кредиттік-қаржылық процестерді мемлекеттік, корпоративтік және т.б. тұрғыдан басқаратын Қазақстан Республикасындағы банктер елдің қаржы жүйесінін орталық буыны болып табылады,сондай-ақ олар ақша-кредит жүйесінің, ұлттық валюталық жүйенің тиімді жұмыс істеуін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Банк жүйесіндегі банктік қызмет Қазақстан Ұлттык Банкі құзырынын ауқымында және екінші деңгейдегі банктердін өкілеттіктері шегінде жүзеге асырылады. Өйткені банктік қызмет тиісті заңнамалық актіде белгіленген банктік операцияларды жүзеге асыру және банктердің құқықтық мәртебесі мен функциялары ауқымымен шектелген.

Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысады және рыноктық үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады.

Банктік құқык экономиканың банктік секторындағы банктік іс пен банктік қызметті және олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейді. Банктік-құкықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда табуға бағытталған, тиісті заннамалық акті немесе лицензия негізінде, жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып табылады.  

Банк жүйесінде, банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық, кедендік және т.б. қатынастар сипатында көрініс табады. Осы орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді құқықтық реттеу әдісін пайдаланады.

 Банктік құқықтың кешенді құқықтық реттеу әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі және банктік операциялардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын аралас қоғамдық банктік (қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық және т.б.) қатынастарды реттейді [15, 2б].

Кешенді құқық саласы банктік құқық заңи біртұтас құқықтық құрылым болып табылады. Демек, банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің жеке меншік-корпоративтік шаруашылық субъектілерінің кредиттік, ақшалай, инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық жанама және әкімшілік - тікелей мемлекеттік басқару (реттеу) ауқымында ұйымдастырушы-нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар (мен өзге де банктік іс-әрекеттер) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтың құралым болып табылады.  

       Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы заңдары ҚР Конституциясына  негiзделедi, осы Заңнан және ҚР өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары: 

        - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау; 
      - қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;     

- қаржы нарығында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 
      Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың принциптерi:

      - ресурстар мен реттеу құралдарын тиiмдi пайдалану;     

- қаржылық ұйымдар мен қаржылық  қадағалау қызметiнiң айқындығы; 
      - тәуекелдердi бағалауға негiзделген қаржылық ұйымдарды басқаруды            ынталандыру; 
      - жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетудi дамытуды қолдау арқылы қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың кешендiлiгі, сондай-ақ қаржы нарығына қазiргi заманғы технологияны енгiзу;     

  - қаржылық ұйым органдарының жауапкершiлiгi болып табылады.     

 Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және    қадағалаудың мiндеттерi:    

- қаржылық ұйымдар қызметiнiң  стандарттарын белгiлеу, қаржылық  ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;     

- қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты  сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;     

- қаржылық тұрақтылықты қолдау  мақсатында қаржы нарығының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру; 
      - қазiргi заманғы технологияларды енгiзудi ынталандыру, қаржылық ұйымдардың қызметi және олар көрсететiн қаржылық қызметтер көрсету туралы ақпараттың тұтынушылар үшiн толымдылығын және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады [15, 4б].

        Қазақстан  Республикасының Ұлттық банк  қызметтерінің біріне - екінші деңгейдегі  коммерциялық банктердің қызметтерін  қадағалау және реттеу жатады. Екі деңгейлі банктік, жүйе жағдайында  Ұлттық банкінің негізгі мақсатының бірі - бұл банктік қызметті макроэкономикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру еліміздегі банктердің және басқада қаржы-несие институттарының қызметтерін реттеу, банктік, және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақталығын ұстап отыру болып табылады.

  Банк жүйесін, банктерді және банктік қызметті мемлекеттік басқару барысында Қазақстан Ұлттық Банкі:

1) банктік операциялардың нақтылы  түрлерін және оларды жүргізу  тәртібін айқындайды.

2)  банктерге кредит береді.

3)  банктер алған кредиттер бойынша олардын Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдайды.

4)   шетел валютасымен айырбастау  операцияларын ұйымдастырады.

5)  банк жүйесіндегі кредиттер  бойынша сыйакы ставкаларын реттейді.

6)  төлемдік жүйелердің жұмыс  істеуін ұйымдастырады.

7) банктерге валюталык құндылықтарды  пайдалануға байланысты операциялар  жүргізуге лицензиялар береді.

8) банктік операциялар жүргізу  кезінде электрондық, банктік қызмет  көрсету ережелерін белгілейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                 

9)   валюталық реттеуді жүзеге асырады.

10)  банктердің жиынтық балансын  жасайды.

11)    банктік шоттардың  режимін белгілейді.

12)   банктердің операциялары  бойынша сандық шектеулер белгілейді.

13)   банктердің каражатын  өз резервінде ұстайды.

14)  банктерге байланысты өз  қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатын ескереді.

15)    банктердің қарыз алуының  жалпы көлемін белгілейді.

16)  банктердің қолма-қол ақшаны  сақтауы, тасымалдауы және есепке  алуы жөніндегі негізгі талаптарды  белгілейді.

17) банктердің операциялық қызмет жүргізуіне лицензиялар берудің шарттарын және тәртібін айқындайды.

Ұлттық банкпен банктік қызметті реттеудегі рөлі мен құралдары 1 суретте көрсетілген.

 


 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Ұлттық банкпен банктік қызметті реттеудегі рөлі мен құралдары

Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асыратын мемлекеттік экономикалық басқару банк жүйесінін. тиімді қалыптасуын, банктердің дұрыс құрылуын банктік қызметтің тиісінше жүзеге асырылуын, банктік қызметтің экономикалық және құқықтық негіздерінің жетілдірілуін, банктердің мемлекеттік ақша-кредит және қаржы саясаты ұстанымдарына, сондай-ақ өз мүдделеріне сай жұмыс істеуін кездейді.

       Ұлттық банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады. 
Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады (несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар). Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып келеді.

        Бір деңгейлі жоспарлы-орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал екі деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы тән. 
        Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы әдістерге сүйенеді.

        Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынастары келесі қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:

        Ұлттық банк:

        - банктік тораптың  кызмет етуіне жалпы жағдай  жасауға және шынайы банктік  бәсеке қағидаларын орнатуға  өз септігін тигізеді; 
       - банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді (әкімшілік және экономикалық әдістемелері арқылы);

       - ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк қызметтерін қадағалайды;

       - банктердің шұғыл  қызметіне араласпайды. Коммерциялық  банктер өз қызметі барысында  Ұлттық банкінің заңдары мен  ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк  және коммерциялық банктер бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді [16, 52б].

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері