Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

diplomnaya.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:

- резервтiк талаптар нормаларын, күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;

- банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;

- банкiлердiң қызметiн инспекциялау (тексеру);

- банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;

- банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;

- банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.

Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі  Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер  және банктік қызмет туралы»  ҚР заңының 41-бабына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді жолдары 2 суретте көрсетілген [17, 4б].

        Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады.

 

 

Cурет 2. Банктер қызметтерін реттеу жолдары

 

         1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңының 41-бабына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

       - пруденциялдық нормативтер белгілеу;

       - банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;

       - банктердің қызметін тексеру;

       - банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;

       - банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;

       - банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру;

       Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді. Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында ҚР  Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы. Пруденциялдық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін уәкілетті орган белгілейді [18, 104б].

Қорыта келгенде, банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне қарай өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, уәкілетті орган бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға  қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

 

 

1.3 Банк жүйесінің шетелдегі  даму тәжірибесі

 

 

    Шетелдік тәжірибеде   банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:

- бірінші топ банк құзыреттілігіндегі  экономикалық процестерді ұйымдастыру  және басқару бойынша мәселелерді  қамтиды.

- екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен  және басқару мен байланысты.

Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық.

Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады. Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.

Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте  қалайша өзгеретінің  анықтаудың,  оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.

 Активтерді басқару банк  менеджментінің маңызды бағыттарының  біріне жатады.  Ол  тиісті  кезеңге  белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету [18, 120б].

Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен Қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.

Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын бідіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:

- міндетті резервтерді қалыптастыратын  бөлігін есептемегенде табыс  әкелмейтін қаражаттың банкте  болуың-жол бермеу;

- банк өз клиенттерінің алдындағы  тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;

- банктердің «арзан» ресурстар  есебінен пайда алуын қамтамасыз  ету.

Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылғын қажет етеді.

Менеджмент міндеттері:

1. Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен 
төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде айрықша маңызды орын 
алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит 
мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі 
пайда  болады.

Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінін, сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сатудың, өзіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.

2. Банк жұмысының пайдалылығын басқару оның кірісгері 
мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын 
және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, каржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз егілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.

3. Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді  басқаруға тәуекелдік - менеджменті жатады [18, 170б].

Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың алынбай қалу қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.

Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:

- қауіп-қатер пайда болуының  ықтимал жағдайын көре білу;

- болжалды зиянның ауқымын бағалау;

- ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді табу.

Қауіп-қатерді (тәуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Қатерлерді басқару проблемасы банк қызметін үйымдастыру-№ең, жауапкершілік жүйесімен жэне банк жүмыскерін еңбекке экономикалық түрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты. Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін  кеміту үшін құзыреттілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мұны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.

4. Менеджмент мазмұны сонымен  қатар еңбек ұжымы әзірлейтін  басқару түжырымдамасын да қамтиды.

Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:

- жапондық үлгісі банк қызметінің  түпкілікті жоғары нәтижеге қол  жеткізуде ұжымның атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;

- американдық үлгі бүкіл ұжым  қызметінде шешуші рөл ойнайтын  тұлғаға бағдарланады.

Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігін бақылауды, басшылардың бағыныштылармен қатынасын, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.

Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:

- қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;

- мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары

- банктің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;

- қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;

- қаржы ресурстарының сақталуы;

Шетелде банктің дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар;  шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар;  ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері (облигациялық заемдардан басқа); басқа заңды қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары).

Қаржылық жоспарлау -   бұл банктің дамуын қамтамасыз ету үшін оның  барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері