Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 20:35, дипломная работа
Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Кіріспе..................................................................................................2-4
1 тарау. Соттық дәлелдеу .....................................................................5
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.........................................11
1.2 Дәлелдеу пәні ............................................................................12-23
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері ..........................23-30
2 тарау. Дәлелдемелер ..........................................................................31
2.1 Дәлелдемелердің түсінігі ..........................................................31-38
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау.......................................39-41
2.3 Дәлелдемелердің жіктелуі .........................................................41-44
3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері....................................45
3.1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ......45-49
3.2 Куәнің көрсетпелері ...................................................................49-52
3.3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер ........................................53-55
3.4 Сарапшының қорытындысы ......................................................55-61
Қорытынды .......................................................................................62-63
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі..............64-66
Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым
“Фемида” Қарағанды заң академиясы
“Азаматтық және инвестициялық құқық” кафедрасы.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері”
Мамандық 021640 - “Заңтану”
Студент:
Ғылыми жетекші:
Қарағанды 2008
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
“Фемида” Қарағанды заң академиясы
“Азаматтық және инвестициялық құқық” кафедрасы.
Қорғауға жіберілді
Азаматтық және инвестициялық
құқық кафедрасының меңгерушісі,
б.ғ.қ. доцент------------------------
Г.О.Жузбаева
“------” --------------------2008 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері”
Мамандық 021640 - “Заңтану”
Студент:
Ғылыми жетекші:
Қарағанды 2008
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 тарау. Соттық дәлелдеу
..............................
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі
мен мақсаты...................
1.2 Дәлелдеу пәні ..............................
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың
міндеттері ..........................23-
2 тарау. Дәлелдемелер ..............................
2.1 Дәлелдемелердің түсінігі
..............................
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу
мен бағалау...................
2.3 Дәлелдемелердің жіктелуі
..............................
3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген
түрлері.......................
3.1 Тараптардың және үшінші
тұлғалардың түсініктемелері ..
3.2 Куәнің көрсетпелері ..............................
3.3 Жазбаша және заттық
дәлелдемелер ..............................
3.4 Сарапшының қорытындысы
..............................
Қорытынды ..............................
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі..............64-66
Кіріспе
Соттық дәлелдеу - бұл істің мән- жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процеске қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ - бұл талаптардың және өзгеде қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зеріттеуге әрекеті.
Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істі жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.
Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін. Дәлелдемелерді тараптар мен іскеқатысушы басқада тұлғалар береді.
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың іске қатысушы басқа да тұлғалардың талаптарымен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
Сот тараптарға және іске қатысушы басқада тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
Тараптармен іске қатысушы басқада тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық бойынша дәлелдемелерді сұрақ алуға жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы келтірген жағдайда, сот олардың өтінімде сол дәлелдемелер көрсетуге сондай-ақ, осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайларр анықталатыны немесе бекерге шақырлатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.
Қажетті болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді.
Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгіленген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге адамның соттың сұратуын алған күннен басқа бес күн мерзім ішінде көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауы міндетті.
Хабарламаға, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.
Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Егер талап сот сұратқан дәлелдеменіөзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер талаптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.
Осы дипломдық жұмыста жоғарыдағы мәселелер егжей - тегжейлі зертеліп отырып азаматтық процестегі дәлелдемелермен дәлелдеу жағдайлары көрсетіледі.
Дипломдық жұмысты орындаудағы мақсатым:
1. соттық дәлелдеудің түсінігі мен мақсатын ашу;
2. дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттерін ашып көрсету;
3. дәлелдеу пәнің көрсету;fd
4. дәлелдеменің түсінігін,
жіктелуін және
5. дәлелдемелердің жекеленген түрлерінің мазмұны:
Осы мақсатты көздей отырып, жұмысты үш бөлмеге бөлдім. әрбір бөлім қажетті мәселелерді ашуға арналған.
Жұмысты орындау барысында бірқатар алдынғы қатарлы ғалымдардың еңбектері пайдаланды, атап айтқанда, З.Х.Баймолдинаның, М.С.Шакариянның, М.К.Треушниковтың және т.б.
1 тарау Соттық дәлелдеу.
1.1. Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.
Істің нақты жағдайларын анықтау соттық таным арқылы жүзеге асырылады. Соттық таным - обьективті дүниенің заңдылықтарына қол жеткізу процесі, адамның танымдық әрекетінің түрі.
Азаматтық сот өндірісінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін,сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды болатын өзге де жағдайларды танудың негізгі тәсілі соттық дәлелдеу болып табылады.
Соттық дәлелдеудің негізін табиғатпен қоғамдағы құбылыстардың байланысы құрайды. Бұл байланыс бір құбылыстың негізінде екінші құбылыстың болуы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы, соттық дәлелдеуді істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын заңды фактілердің бар немесе жоқтығын анықтауға бағытталған субьектілер әрекеті ретінде көрсетуге болады.
Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқада тұлғалар береді. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән -жайларды тараптардың және іске қатысушы қарсылықтарының негізінде, материялдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
Сот тараптарға және іске қатысушы басқада тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
______________________________
1.Баймолдина З.Х. Азаматтық сот өндірісіндегі дәлелдеу және дәлелдемелер, Алматы 2001
Тараптармен іске қатысушы басқада тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсынуы қиыандық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алуға жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.
Қажетті болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді. Сот дәлелдеме талапеткен, оны жалпы немесе сот бегіленген мерзімде беруге мүмкімдігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауы міндетті.
Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға
Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. соттағы талабын қасақана орындамаған жағдайда аталмаған тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады. егер талап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оның соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы талаптың мүдделеріне қарсы
бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі. соттық дәлелдеудің мақсаты азаматтық іс жағдайлардың анықтау болып табылады, яғни дәлелдемелер арқылы тараптар үшін белгілі құқықтық салдардың, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін мазмұнды болып табылатын өзге де жағдайлардың туындауымен байланысты заңды фактілерді анықтау.
Соттық дәлелдеу төмендегідей өзара байланысты дәлелдемелік әрекеттің үш түрінен тұрады:
- дәлелдемелерді ұсыну және жинау.
- сот мәжілісінде
- дәлелдемелерді бағалау.
Азаматтық іс жүргізу әдебиетінде соттық дәлелдеу ұғымы жөнінде түрлі пікірлер берілген. Бір авторлардың пікірінше соттық дәлелдеу соттық дәлелдемелерді бағалау бойынша ойлау әрекеті логикалық, танымы (А.А.Старченко). Бұл түрде сәйкес соттық дәлелдеудің мазмұнынан дәлелдемелерді ұсыну, жинау және зеріттеу процессуалды әрекеті кірмейді.
Екінші авторлардың түсінігі бойынша соттық дәлелдеу дәлелдемелерді ұсыну, жинау және зеріттеу бойынша соттық және іске қатысушы тұлғалардың процессуалды әрекетінің жиынтығы, мысалы: С.В.Куринев соттық дәлелдеуден логикалық, ойлау әрекеті алынады, сондықтан соттық дәлелдеуден дәлелдемелерді бағалау жатпайды деп санады.
Соттық дәлелдеу ұғымын азаматтық процесуалды құқық қатынастарының тізбектілерінің ойлау және процесуалды әрекеті ретінде қарастыратын процессуалис-ғалымдардың тұжырымдары дұрыс болып табылады. (П.П.Гуреев, И.М.Зайцев. В.В.Молчанев, М.К.Ттыреущинеков). Соттық дәлелдеу логикалық және процессуалды әрекеттердің бірлігі болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде дәлелдемелік әрекеті кім және қандай дәрежеде
жүзеге асыратындығы жөнінде яғни соттық дәлелдеу субьектілері жөніндегі пікірлерде әр түрлі. Ревалюцияға дейінгі әдебиеттерде соттық дәлелдеу дауласушы тұлғалардың (тараптардың) дәлелдемелік әрекеті ретінде көрсетілді, мысалы: А. Х. Гольметен жазады: “Дәлелдемелер әрдайым тараппен ұсынылады: дәлелдеу тараптың ерекше құқығы; сот ешбір жағдайда өзі дәлелдемелерді немесе анықтамаларды жинамайды.Кейін дәлелдемелік әрекет тұжырымдамасы төмендегідей өзгерістерге ұшырайды.
Бастапқыда дәлелдемелік
әрекетті жүзеге асыратын
50-ші жылдан 80-ші жылдардың арасына дейін дәлелдеудің негізгі субектісі ретінде сот деген көзқкрас билік етті. Дәлелдеудің субъектілері болып сот және іске қатысушы тұлғалар аталды. Азаматтық процесуалды заңдылықты дәлелдеу бойынша әрекет сотпен, тараптармен және іске қатысушы өзге тұлғалармен жүзеге асырлатындығы жөніндегі ереже бекітілді.
Дәлелдемелік әрекеттің қазіргі кездегі тұжырымдамасы жаңартылған азаматтық процессуалды заңдылықта көрініс тапты.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері