Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 09:48, курсовая работа
Ұлттық банк еліміздегі жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты сақтау осы органға жүктеледі. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Соның ішінде ақша−несие саясатының маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына, инфляцияның төмендеуіне және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша-несие саясатының мәні және мақсаттары........................5
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................12
II Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша-несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу
кезеңдері...........................................................................................16
2.2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары ...............19
2.3. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын
асыру.................................................................................................22
III Ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша-несие саясатының стратегиялық
мақсаттары....... ...............................................................................36
3.2. Ақша-несие саясатын дамыту перспективалары.........................40
Қорытынды............................................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................46
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
I Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша-несие саясатының мәні
және мақсаттары....................
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары
мен әдістері.................
II Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша-несие саясатының
кезеңдері.....................
2.2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары ...............19
2.3. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын
асыру.........................
III Ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша-несие саясатының стратегиялық
мақсаттары....... ..............................
3.2. Ақша-несие саясатын дамыту
перспективалары...............
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз үстіміздегі жылдың қаңтарының 19-дағы өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:
Ақша-несие саясаты елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін болады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына сай ақша−несие саясатын жүргізу және оның әрі қарай даму тенденциясына әсер етуінің маңыздылығын қарастыру болып саналады. Ұлттық банк еліміздегі жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты сақтау осы органға жүктеледі. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Соның ішінде ақша−несие саясатының маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына, инфляцияның төмендеуіне және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.
Курстық жұмысты жазу мақсаты: Ақша-несие саясатының құралдарын жетілдіру мәселерін қарастыру болып табылады. Ақша-несие саясатының маңыздылығын ашып көрсету және оның жүзеге асырылуының қаншалықты керектігін, әрі оның экономиканың дамуына тигізетін әсерін қарастырып, Ұлттық банкпен жасалған 2007-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының жүргізілу механизмдерін қарастырып, елдің дамуында кейін көрінетін нәтижесін сараптау болып табылады. Өйткені бұл саясаттың тиімді жүргізілуі жұмысбастылықтың өсуі мен өндірістің жандануы және экономикалық қызып кетудің алдын алу мен инфляция қарқынын төмендетумен тікелей байланысты. Елімізде экономикалық өсім мен инфляцияның өсуі байқалғандықтан бұл мәселе өзектілер қатарына сөзсіз кіретіні анық.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша−несие саясаты мемлекетпен анықталатын болғанмен, оны нақты іске асырушы орган Ұлттық банк болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдарын қолдану ерекшеліктері және олардың бағыттарын іске асыруы алынған.
Курстық жұмыстың жазылу барысында келесідей оқу-әдістемелік құралдар қолданылды: С. Б. Мақыштың, Ғ. С. Сейітқасымовтың оқулықтары, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер.
I АҚША-НЕСИЕ
САЯСАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаттары
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынтығы жатады.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаруалардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктері арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктерінің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигезеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемін коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. /1, 189 б./
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақырғы мақсат:
а) экономикалық өсу
ә) толық жұмысбастылық
б) бағаны тұрақтандыру
в) төлем балансын тұрақтандыру
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны
ә) пайыз мөлшерлемесі
б) айырбас курсы
Ұлттық банк ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:
1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясаты);
2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат). /2, 214 б./
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсынысын қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатты ақшаның ұсынысы қисығы горизанталды түрде болады. Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақша сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді. ( Сурет 1,2)
R
dR
Сурет 1. Салыстырмалы түрде қарағанда қатаң ақша саясаты
R
dR
Сурет 2. Салыстырмалы түрде қарағанда икемді ақша саясаты
Егерде ақша айналымның күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизанталды болады. LS қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына , пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша үсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды ( Бұл құбылыс LD қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде өзгертеді).
Мұндағы R – пайыз мөлшерлемесі
М – ақша жиыны
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
Рестрициялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. /2, 222 б./
Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы:
Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
Информация о работе Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері