ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 10:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.

Содержание

КІРІСПЕ
І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ..................5
1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың өзекті мәселелері....................................................................................11
1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану.......................................................................................................................14
1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі......................................................................................................22
1.4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану – оқытудың тиімді құралы ретінде...........................................................................................................33
ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................37
2.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы..............38
2.2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар..............42
2.3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі............................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

ped_35.doc

— 1.51 Мб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

 

Қазақ мемлекеттік  қыздар педагогикалық университеті

 

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

«____» ___________ 2010 ж.

кафедра меңгерушісі,

тех.ғ.к., доцент       

_____________ Г.И.Салғараева

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

 

050602- Информатика мамандығы бойынша

(сырттай бөлім 3 жылдық 3-курс)

 

 

 

 

Орындаған                                                    Саимбетова Галия

 

Ғылыми  жетекшісі,

тех.ғ.к., доцент.                                               Г.И.Салғараева

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2010 ж.

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ТИІМДІЛІГІ..................5

 

1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың  өзекті мәселелері....................................................................................11

 

1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану.......................................................................................................................14

 

1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі......................................................................................................22

 

1.4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану – оқытудың тиімді құралы ретінде...........................................................................................................33

 

ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................37

 

2.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы..............38

 

2.2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар..............42

 

2.3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі............................................................................................................48

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

КІРІСПЕ     

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.

Қазіргі мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендердің қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенлар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.   

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің  дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды  талап етуде. Бұл үдеріс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр. Осыған орай, бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу  - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің  көшбасшысы бола алады.        

Мультимедиалық технологиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты   яғни, электрондық кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар, компьютерлік фильмдер. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ,  оқушыға сыныптан үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады.         

 Гипермедиялық  технологиялар мәтінмен жұмыс істеудің және олрдың бір-біріне хабар жіберуін ұйымдастырудың ыңғайлы мүмкіндіктерін жасайтын гипермәтіндік технологияларды дамыту болып табылады.Барлық қазіргі заман ақпараттық-анықтамалық жүйелер гипермедиа технологиясында жүзеге асады. Оқу мақсатындағы гипермедиа өнімдері үлкен көлемді материалды оқуға ғана емес, тыңдау,  көру, материалды іріктеу, керекті жерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға да мүмкіндік береді.         

 Жүйелік  технологиялау- жалпы қоғамды  ақпараттық бүтіндей және жекелеп  алғанда білім беруді ақпараттандыруда қарқынды дамып келе жатқан бағыт. Телеканалдық технологиялау оқушылар мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Компьютерлік жүйемен жұмыс оқушылардың әлеуметтік қоғамның мүшесі болу қажеттілігін арттыра түседі.Білім беруде телекоммуникацияны қолдану оқу үрдісіне электронды поштаны енгізуден басталды. Электронды поштаны қолдану арқылы оқу үрдісіне арнайы жоспарланған және ұйымдастырылған болуы тиіс, себебі, оны сыныптық-сабақтық жүйеге сыйғызу өте күрделі. Сондай-ақ электронды поштаны үнемі әдіс болып табылады,себебі,  компьютер қашықтан оқыту формасы кезінде оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс үшін кең қолданылады.        

 Оқытудың  компьютерлік әдіс-тәсілдердің тиімділігінің  бағасы әдетте дәстүрлі әдіс-тәсілдердіинновациялық әдістермен салыстыру арқылы беріледі. Оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері пәндік білімнің жеткілікті түрде игерілуін қамтамасыз етуге жол ашады. Инновациялық әдіс-тәсіл алдыңғы орынға оқыту үрдісінде әр оқушының жеке ойлауын дамытуды қояды.Егер инновациялық оқытудың әр кезеңінде оқушының жоғары белсенділік деңгейі сақталатын өзара іс-қимыл формасы басты рөл атқарады. Сонымен  «Кешегі, бүгінгі және ертеңгі Қазақстандағы білім беру» әр ұстаздың тәжірибесінде деп өз ойымды аяқтағым келеді.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Білім берудің  қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.

 

 

 

 

 

І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ТИІМДІЛІГІ

Мультимедиалық  жобаларды құру. Жоба бастамалары.

Көбінесе мультимедиалық және Web-жобаларды бірнеше этаптарда орындау керек. Бір бөлімін басқасы басталғанға дейін дейін аяқтау керек, кейбіреуін жіберіп, біріктіруге болады. Мультимедиалық жобаны құрудың 4 негізгі этапын атап өтейік.

Өзіндік тұрақтылығы бойынша жоспарлау.

        Жоба әрқашанда бір ойдан немесе құралдан басталады: жобаның мақсаты анықталады, ол пайдаланушыға дейін жету керек. Авторлық жүйе бойынша әр мақсатты анықтау керек.  Біріншіден қандай жазушылық ғылымдар, суреттер, музыкалық және бейне-объектілер және басқа мультимедиялық құралдар және білім керек екенін жоспарлап, содан кейін жобаны жасауға кірісу керек.  Пайдаланушыларға шығармашылық және графикалық түрден қарағанда, қандай жағдайды қажет ететінін, жаңашылдық жүйенің құрылымын құру, жобаның мәтіндік мазмұнын оқытуды қарастыру керек. Осыған қанша уақыт кететінін анықтау керек. Қысқа  (prototype)  макетін талдау немесе   алғашқы жазбаны (proof-of-concept)  талдау керек. Жаңадан құрылған жобалар жеңілдікпен жасалып, келеңсіздікке әкеліп туғызады. Жобаның мазмұнын дұрыс анықтаса, ол тез құрылып, аз өзгертулерді қажет етеді.

2. Талдау  және өндірістік. Жоспарланған мәселелерді орындап соңғы бөлігіне дейін құру керек. Бұл бастамада тапсырыс берушілермен тығыз байланыста болу керек.

3.Тестілеу. Әрқашанда бағдарламаны тестілеуді ұмытпау керек және жобаның мақсаты өз дәрежесіне жеткенін, базалық платформаларда дұрыс жұмыс істейтінін анықтау керек.

4.Жеткізу. Жобаны қаптап оны пайдаланушыға жеткізу. Мультимедиалық объект құру үшін  өңдеу, бағдарламалық қамтамасыздандыру, керемет ойлар қажет.  Ал жақсы мультимедиалық жобаны құру үшін білім мен іскерлік  қажет. Қарапайымнан басталатын мультимедиалық объекті талдау үшін  команда қажет:  суретті  мамандар график бойынша салады, бейнені бейнелегіштер, дауысты дауыс режиссерлары, программалауды программалағыштар орындайды.  

Өңдеу

Қазіргі кезде  көптеген пайдаланушыларда графикалық интерейс  арқылы компьютерлік платформалар және өңдеулер мультимедианы құру және таратылуда жасалған. Детальданған және анимацияланған мультимедиалық объектілер  арнайы жұмыс станцияларында, фирмаларда, мейнфреймдерде құрылады, бірақта Macintosh және Windows   PC олардың қатарында емес, олар материалдық жоспар-лауда, бағдарламалық жабдықтауда әр кезде қолданылады. Жөнелтудің тәуелсіздігіне байланысты – компьютерде және телеарнада көптеген бағдарламалық жабдықтар  Macintosh және  РС операциялық жүйелерінде қолданылады. 1995 жылдың август айында Microsoft  Windows 3.1-ді  Windows 95 –ке ,  Windows 98,  Windows МЕ, Windows 2000 Windows 98,  Windows МЕ, Windows 2000 және Windows ХР жүйесіне ауысты. Өңдеу және қосымша құрылғылары: мониторлар, жүйеліблок, сканерлер және желілік құрылғылар,аудиоқұрылғылар, видео.

       Компьютердегі Macintosh және  РС жүйелерінде   мультимедиалық элементтерді құру  және редакторлеудің негізгі принцптері бірдей орындалады. 

      Графикалық бейнелеу – бұл  графикалық бейнелеу, цифрлық дыбыс  – бұл цифрлық дыбыс, қандай  әдіс немесе құралдар оның  құрылуына тәуелді емес. 

      Көптеген бағдарламаларда суретті  өңдеу, дыбыс немесе басқа мультимедиалық файл Macintosh және Windows форматтарының файлдары және керісінше белгісіз форматтар немесе екілік кодтың файлдары ешқашан өңделмейді.

Шығармашылық  қабілеттілік

        Мультимедиалық жобаны бастау  үшін, оның құрылымы мен мазмұнын дұрыс құрастыру қажет. Қандай әдістерді қолдану керектігін ойлану керек.

       Шығармашылық қабілеттілік–мультимедиалық шеберліктегі ең үлкен құрал болып табылады.

Мультимедиа бойынша іздену жұмысы. Мультимедиалық қоректі құру үшін, білімнің әр-түрлі жағы қарастырылады: компьютерді дұрыс білу, мәтін, график, дыбыс, видео бойынша жұмыс істей білу керек.  Осындай қажетті білімділікті бір адамнан, бірнеше адамнан немесе жұмысшы командасынан табуға болады. Қарапайым командада өздерінің әр түрлі қабілеттіліктеріне қарай мульти-медиалық компакт-дискілер немесе  Web сайты түрлендірулер бойынша жұмыс істейді. Өте жиі кездесетіні команданың бір мүшесі бірнеше рольді ойнайды: графикалық дизайнерлер интерфейс бойынша жұмыс істей алады, бейнені сканирлеп өңдей алады.  Жобаның  менеджері немесе продюсері режиссер-қоюшы бола алады. Седарвилльск университетінің  профессоры мультимедианы талдауда 18 әр түрлі рольдерге  команда бойынша адамдарды бөлді: 

- орындаушы продюсер

- продюсер /жобаның менеджері/

- креативті директор / мультимедиа дизайнері /

- суретші редактор / графикалық интерфейс дизайнері /

- суретші

- интерфейсті талдаушы

- ойын дизайнері

- жобаның тақырыбы  бойынша эксперттеуші 

- білімдік компонент  жағынан талдаушы

- сценарист

- аниматор

- дыбыс режиссері

- композитор

- режиссер-қоюшы

- мультимедиа  программисті

- HTML программисті

- заңгер

- коммерциялық  директор.

        

Мультимедиалық  жүйелік дыбыстар

         Дыбыс – толқын тәрізді энергия.  Өте қатты дыбыс жұқа қабылданған  механизмді бұзады, барабанның қасындағы дыбыс 6 Гц болғанда естілмейді.  Дыбыстың қаттылығы ырғағынан білінеді.

Информация о работе ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ