Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 16:43, курсовая работа

Краткое описание

Әр түрлі елдердің жеңіл автомобильдермен қамтылуының орташа деңгейі 1000 адамға 50-ден 200-ге дейін барады. Кез келген елдің автомобильденуінің шекті деңгейін болжау қиын, алайда халықтың моторлагну дәрежесі өсуде.
Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.

Содержание

Бет
Кіріспе
7
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
8
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы
8
Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы
16
ТКС жіктелуі мен қызметі
16
Дилерлік станциялар
19
Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі.
22
Бастапқы деректерді негіздеу
22
Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі
24
ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі
26
Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу
27
Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі
29
Орындар санының есебі
32
Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі
35
Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау
37
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
39
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
40
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
41
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
42
ТКС құрылымы
44
Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты
45
Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы
48
Конструкторлық бөлім
53
Арбалардың құрылымына шолу
53
Ось есебі
57
Пісіріп жалғау
59
Электрмен пісіру
59
Технологиялық карта
61
Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау
64
Бөлшектеу және жинау жұмыстары
66
Өрт қауіпсіздігі
67
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері
68
Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау
68
Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу
69
Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі
71
Стендте әзірлеу шығындарын есептеу
71
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдык жоба.docx

— 796.72 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

 

 

Бет

Кіріспе

7

  1. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы

8

    1. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы

8

    1. Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы

16

      1. ТКС жіктелуі мен қызметі

16

      1. Дилерлік станциялар

19

  1. Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС)  техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі.

22

    1. Бастапқы деректерді негіздеу

22

    1. Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі

24

    1. ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі

26

    1. Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу

27

    1. Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі

29

    1. Орындар санының есебі

32

    1. Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі

35

    1. Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау

37

    1. Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау

39

    1. Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау

40

    1. Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау

41

    1. Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау

42

  1. ТКС құрылымы

44

    1. Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты

45

    1. Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы

48

  1. Конструкторлық бөлім

53

    1. Арбалардың құрылымына шолу

53

    1. Ось есебі

57

    1. Пісіріп жалғау

59

      1. Электрмен пісіру

59

    1. Технологиялық карта

61

  1. Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау

64

    1. Бөлшектеу және жинау жұмыстары

66

    1. Өрт қауіпсіздігі

67

  1. Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері

68

    1. Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау

68

    1. Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу

69

    1. Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі

71

      1. Стендте әзірлеу шығындарын есептеу

71

Қолданылған әдебиеттер

74

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Біздің елімізде автомобиль көлігі сапасы және саны жағынан қарқынды екпінмен дамуда. Отандық автомобиль нарығында тек Рессейлік заводтық-өндірушілерден ғана емес, сонымен қатар әлемдегі басқа да елдердің автомобильдерін таңдау мүкіндігі берілген. Жыл сайынғы әлемдік автомобиль паркінің өсу қарқыны 10-12 млн. бірлікті құрайды. Жалпы әлемдік парктегі әрбір бес автомобильдің төртеуі —жеңіл, және олардың үлесіне барлық көлік түрлерімен тасымалданатын жолаушылардың 60% кіреді.

Әр түрлі елдердің жеңіл автомобильдермен қамтылуының орташа деңгейі 1000 адамға 50-ден 200-ге дейін барады. Кез келген елдің автомобильденуінің шекті деңгейін болжау қиын, алайда халықтың моторлагну дәрежесі өсуде.

Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.

 

1. Автомобиль көлігі  кәсіпорындарының жағдайы мен  жетілдіру жолдарының құрылымы

 

 

    1. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы

 

Автомобиль көлігі кәсіпорындарының түрі мен қызметі

Атқаратын қызметіне байланысты жылжымалы құрамның жұмыс жасау қабілеттілігі кәсіпорындардың келесідей түрлерін қамтамасыз етеді: автокөліктік, автожөндеулік, автоқызмет көрсетушілік.

Автокөлік кәсіпорындары   (АКК) жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға, сонымен қатар ТҚК және жөндеу жұмыстарын орындауға, жылжымалы құрамның сақталуы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі үшін арналған. Тасымалдың сипатына және жылжымалы құрамның түріне байланысты автокөлік кәсіпорындары жеңіл таксомоторлы, қызмет көрсетуіне байланысты жеңіл мекемелі және ұйымдық, автобустық, жүк таситын, аралас (жүк тасымалы мен қоса жолаушылар тасымалын жүргізеді) және арнайы, сонымен қатар жедел көмек көрсету, коммуналдық қызмет және т.б. болып бөлінеді. Нысаналы пайдалану, өндірістік-тұрмыстық қызмет сипатына, бағыныштылық және меншік формаларына байланысты АКК : мемлекеттік, муниципальды, ведомстволық, акционерлік, жеке және т.б. болуы мүмкін.АКК өндірістік қызметті ұйымдастыруда автономиялы және қауымдық болып бөлінеді. Автономиялы АКК көлік жұмыстарын, жылжымалы құрамды сақтау және ТҚК мен жөндеудің барлық түрлерін орындайды. Бірлескен АКК қызметі көлік жұмыстарын орталықтандыру негізінде, сонымен қатар жылжымалы құрамды ТК мен жөндеу өндірісін толық немесе жарым-жартылай мамандандыру мен кооперациялау арқылы жүзеге асады.

Автокөлік жөндеу кәсіпорындары негізінен агрегаттар мен түйіндерге күрделі жөндеу, сирек кездері автомобильдерді толық жөндеу, сонымен қатар бөлшектерді қалыпқа келтіру жұмысын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын болып табылады. Автомобиль агрегаттары мен түйіндеріне КЖ жеке агрегаттарды (жиі қозғалтқыштарға) немесе агрегаттар тобын жөндеуге маманданған агрегаттық жөндеу  заводтарында жүргізіледі. Автомобильді күрделі жөндейтін кәсіпорындар шағын бағдарламалық автокөлік жөндейтін шеберхана деп аталады.

Көлікке қызмет көрсетуші кәсіпорындар ең көп кәсіпорындар тобын құрайды. Оларға келесі кәсіпорындар жатады.

 

Қалалық кешенді ТКС мен автоорталықтар

Бұл кәсіпорындар автосервис саласында негізгілері болып табылады, олар жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету мен жөндеудің барлық кешенді жұмыстарын жүргізеді: жинау-жуу жұмыстары ; түйіндерді, агрегаттарды және жүйені реттеу мен диагностикалау; кепілдік және одан кейінгі мерзімде автомобильдеоді ТК мен жөндеу; кузовты жөндеу, сырлау және коррозияға қарсы өңдеу; автомобильді техникалық байқауға дайындау; сату алдындағы дайындық пен автомобильдерді сату; қосымша бөлшектерді, автоэксплуатациялық материалдарды және автожабдықтарды сату; жолда техникалық қызметтер көрсету; автомобильдерді техникалық пайдалану жөніндегі сұрақтарға кеңес беру (телефон арқылы да).

Қалалық кешенді станциялардың бір бөлігі автозаводтар (ВАЗ, ГАЗ және т.б.) мен автомобильдерді жасап шығарушы (БМВ, Опель, Вольво, Реко және т.б.) немесе олармен тығыз қаржылай байланысы бар шетелдік фирмаларға  тиесілі. Дегенмен станциялардың көп бөлігі (шетелдік тәжірибеге сүйенсек 50-70%) тәуелсіз болып келеді.

ОСАГО жағдайына өтуге байланысты кешенді қалалық ТКС шоғырында автомобильдерді ЖКО кейін қалыпқа келтіру мен айналысатын сақтандыру мекемелерінің станциялары шығуда. Қазіргі таңда Ресейде бұл компаниялар өз тапсырыстарының көп мөлшерін әзірге қолданыстағы тәуелсіз және фирмалық ТКС орналастыруда, бірақ шетелдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген ірі сақтандыру компаниялары авариялық  автомобильдерді жөндейтін жеке кәсіпорындарының болғанын қалайды.

 

Автомобильдерді, қосалқы бөлшектерді және автоқажеттіліктерді сатумен айналысатын кәсіпорындар

Әлемдік тәжірибеде автомобильдер саудасын ұйымдастырудың екі формасы қалыптасқан: өндіруші фирмамен және делдал арқылы.

Ыңғайлы тәртіппен автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің саудасын жүргізу үшін оларға сақтау орындары, сату алдындағы дайындық үшін өндірістік орындар, автосалондар, дүкендер іспеттес едәуір өндірістік техникалық база (ӨТБ) қажет. Бұл жағынан автомобиль фирмалары өз диллерларына айтарлықтай қатаң тәртіп қояды. Мысалы, «Фльксваген» компаниясы өз дилерларын  таңдау кезінде ӨТБ орындарына байланысты келесідей талаптарын алға тартады:

    • сервистік зона үшін 500-800 м²;
    • қосалқы бөлшектер қоймасы үшін 200-300 м²;
    • демонстрация жасау залы үшін 250-500 м².

Сонымен қоса офис үшін орын және 1000-1600 м² аудан мен бос орын болуы шарт.

 Автомобильдер паркін  қосалқы бөлшектермен қамтамасыз  етудің өркениетті сызбасының  басты звеносы болып қойма  табылады. Қосалқы бөлшектер өтімі  сферасында қойманың үш деңгейі  болуы қажеттігі шетелдік тәжірибеден  белгілі: орталықтанған; аудандық; қосалқы  бөлшектерді өткізуші дүкендер  мен кәсіпорындар.

Қосалқы бөлшектер мен автоқажеттіліктерді сататын дүкендер негізінен кез-келген автосервис кәсіпорындарында қарастырылады, алайда қазіргі таңда қызметтің бұл түрі өздігінен кең дамыған.

Қорды қоймаларда ұстаудың бағасы жоғары және жыл сайын өсуде, сондықтан да қосалқы бөлшектерді сатумен айналысатын кәсіпкерлер үшін кәсіпорынның экономикалық ыңғайлы түрі болып қойма-дүкен табылады.

Қосалқы бөлшектер өтінімімен айналысатын кәсіпорындар үшін келесідей операциялар мен процесстер сипатты:

    • қосалқы бөлшектер мен автоқажеттіліктерді иелену мен жеткізу;
    • қоймалық өңдеу (қабылдау, жүк түсіру, орналастыру, орау, есепке алу, жүкті тиеп қою, тұтынушыларға беру үшін комплектация жасау);
    • автомобиль техникасы иелерінің қаржылық іске асуы;
    • өтінімдерді қабылдау мен өңдеу, клиенттарға кеңес беру;
    • сұранысқа байланысты статистикалық мәліметтердің анализі және қосалқы бөлшектерді иеленуге арналған тапсырмаларды түзету;
    • бәсекелестік баға анализі, баға есебі;
    • есептік және басқа да қаржылық құжаттарды басқару.

Тікелей клиенттармен жұмыс жасайтын төмендегі кәсіпорындар тапсырыс берушілердің өздеріне қызмет көрсетуде қосымша көмек көрсете алады.

 

Гараж-тұрақтар

Автомобильді сақтау— оның иесінің алғашқы проблемаларының бірі болып табылады. Автомобильді сақтау үшін гараж қажет. Алайда, жеке гаражбен барлық автомобильдер бірдей қамтамасыз етілмеген, бұндай жағдай тек Ресейде ғана емес сонымен қатар барлық дамыған Европа, Америка, Азия елдерінде де орын алған. Сондықтан да бүкіл дүние жүзі бойынша автомобильдердің сақталуын қамтамасыз ететін ұрлыққа қарсы құрылғылар мен жүйелер кеңінен пайдаланылуда. Осындай мақсатқа автосервистің қорғалатын гараж-тұрақтары секілді кәсіпорындары қызмет атқарады. Бұл кәсіпорындардың ӨТБ, оның құрамы  мен құны автомобильді сақтау тәсілімен анықталатын гараж-тұрақтардың түріне байланысты болады.

 

Жеңіл автомобильдердің сыртқы күтімімен айналысатын автосервис кәсіпорындары

Кәсіпорындардың берілген түріне жуу станциялары мен автомобильдерді коррозияға қарсы өңдейтін пунктер жатады. Бұл жеңіл автомобильдердің сыртқы күтімі операцияларының шағын тізімін орындаумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындар. Автомобильдің сыртқы күтімімен айналысу күнделікті күтімнің (жинау, жуу, сүрту) бір бөлігі болып, сондай-ақ мезгілімен қорапқа полировка жасау және коррозияға қарсы өңдеу болып табылады. Оның міндеті автомобильге таза әрі тартымды сыртқы түр беру, шанақтың лакпен боялатын қабатын қорғау, қораптың өзінің қызмет атқару уақытын ұзарту, сондай-ақ, автомобильді ТК мен жөндеуге дайындау болып табылады.

Автомобильдің сыртқы күтімінің жұмысы технологиялық жағдайда қиын емес, еңбек сиымдылығы төмен; оларды жылдам сервистер қатарына жатқызуға болады. Автомобиль қожайындары мұндай операцияларды толығымен өз күшіне сүйене отырып жасай алады, алайда кей жағдайлар оларды маманданған кәсіпорындардың қызметіне сүйенуге мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларға жуу орындарына қойылатын қатаң экологиялық талаптар, арнайы материалдарды қолданудағы , қорапты полировкалау процесіндегі және тотығуға қарсы өңдеудегі технологиялық қиындық, қалталы көлік қожайындарының онша таза емес жұмысты атқаруға ықыласының болмауын жатқызуға болады.

 

Автомобиль құрылымдары мен жүйелерін диагностикалайтын және реттейтін кәсіпорындар

Автомобильді диагностикалау станциялары шет елдерде 60-шы жылдарда пайда болды, алайда көлік иелерінен жеке диагностикалауға сұраныс түспегендіктен, олар шығынды деп табылып, кейінгі кезде мүлдем жоғалып кетті. Олардың негізінде диагностикалаудан басқа да көп көлемді жөндеуді қажет етпитін, анықталған ақаулар мен реттеулерді орындайтын кәсіпорындар пайда болды.

Біздің елімізде бұндай қызметті атқаратын станциялар 90-шы жылдың басына дейін мүлдем болмады. Қазіргі заман жағдайында кәсіпорынның бұл түрі жаңа өрлеуді бастан кешіруде.

 

Автомобильдің техникалық жағдайының міндетті құрал-саймандық бақылауымен техникалық байқау пункті

Міндетті құрал-саймандық бақылауды енгізу амалсыз қолданылған шара болып келеді, себебі соңғы жылдары ЖКО саны техникалық жағдайларға байланысты үздіксіз өсуде; Ресейдің ірі қалаларындағы экологиялық жағдай апатты шекте. Бүкіл дүние жүзі бойынша құрал-саймандық бақылау автокөліктің техникалық жағдайын анықтаудағы мойындалған жүйе болып табылады. Мысалы, Германияда 80-ші жылдардың басында-ақ шамамен 200 дей станция 5 млндай автомобильге тексеру жүргізді.

Информация о работе Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері