Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

Халитов М готовая работа22.doc

— 494.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

 

Тақырыптың өзектілігі. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттің өз қызметтерін  қамтамасыз етуін жүзеге асырады, бұл  экономиканың салықтық реттеу міндеттілігін  анықтайды. Бұл рационалды құрылған салық жүйесінің салық базасының  қалыптасуына әсер ететінін көрсетеді.

Салық жүйесінің қызмет етуінің  мәселелері нарықтық қатынастар қалыптасуының  барлық кезеңдерін өтпеген және өз салық жүйесі болмаған ел үшін өте  өзекті болып табылады. Салық салу мәселесін зерттеу оның мемлекеттің  құрылуымен пайда болатынын, сонымен қатар қоғамдық және жеке, мемлекеттік және корпоративті мүдделерді байланыстырады.

Бүгінгі күнге дейін салықтар, салық салу, салық саясаты туралы теориялық - әдістемелік мәселелердің талқылаушылық сипаты салық салу жүйесін құрудың қиындығын, оның мәні туралы біртұтас көзқарастың жоқтығын көрсетеді.

Салық жүйесі - әрі салық алу үрдісі, әрі әлеуметтік құбылыс, әрі экономикалық категория ретінде сипатталады. Салық және салық жүйесі сияқты өзара байланысқан түсініктердің біржақты түсінілмеуі салықтар саласындағы мемлекеттік саясаттың даулы мәселелеріне әкелді.

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан  Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:

-    ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;

- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;

-    мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;

-     салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

 Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығы болып табылады.

Зерттеу пәні. Салық жүйесінің қызмет етуімен байланысты қаржылық қатынастар жиынтығы.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік  негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың монографиялары мен мақалалары, салықтық және қаржы-бюджеттік қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар қолданылды.

Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің  жыл сайынғы жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің, Қаржы министрлігінің материалдары, Шығыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының есептері, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, республикалық, облыстық және аудандық бюджеттердің орындалуы туралы мәліметтер, сондай-ақ факторлық, салыстырмалы және статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Салықтық жүйесінің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді зерттеу және салық жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу диплом жұмысының ғылыми жаңалығы болып табылады.

Жұмыстың практикалық маңызы мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде басқарушылық шешімдерді өңдеу, салық жүйесінің аймақтық компонеттерін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын пайдалану мүмкіндігінде болып отыр.

Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

 

 

1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы

 

 

Соңғы жылдары нарықтық экономикаға  өткен елдердегі үрдістерге қадағалаушылардың  барлығы орталықтындырылған жоспарлы шаруашылықтың оң өзгерістерінің барлығы бұл елдердегі нарықтық экономиканың қызмет етуі үшін бүкіл мемлкеттің экономикалық саясатын белгілейтін тиімді салық саясатын құруды қаншалықты жылдам және табысты құруынан байланысты екенін атап көрсетеді.

Салық саясатының маңызды құралы салық  жүйесі болып табылады. Ол меншік формасына тәуелсіз шаруашылық субъектілерінің қызметінің мотивациясы шарттарын құруға, кәсіпкерлік қызмет және еңбек белсенділігін ынталандыруға, жекелеген азаматтардың әлеуметтік ақталмаған ақша кірістерін шектеуге, инфляциялық теңдікті ескеру арқылы бағалар мен кірістердің өсуін шектеу, мемлекеттік бюджеттің кіріс базасының өсуі мен нығайтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Түптеп келгенде, салық жүйесі экономикалық және салық саясатының құралы ретінде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының жүзеге асуына және тиімділіінің жоғарылауына көмектесуі керек.

Экономикалық мазмұны бойынша  салық жүйесі әртүрлі мемлекеттер  арасындағы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы, жекелеген салық төлеушілер арасындағы, аймақтар, муниципалдық құрылымдар, сонымен қатар, оған қатысушы кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалардың арасындағы мемлекет қызметінің қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі күрделі өзара байланысқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар жүйесі.

Бұл өзара қатынастардың неғұрлым гармониялы болуына байланысты салық жүйесінің елдің экономикалық саясат тиімділігіне әсері соғұрлым белсендірек болады.

Салық жүйесінің белсенділі негізінен  оның екі қызметін орындауынан көрінеді: фискальдік және реттеушілік. Салық  төлеушілердің мемлекет алдындағы  міндеттерін бейнелейтін салықтардың фискалды қызметі экономикалық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін кірістерді құруға мүмкіндік береді. Салықтардың реттеушілік қызметі мемлекеттің салық төлеушілер алдындағы қызметін бейнелей отыра, экономикаға оның тең бөлікті және позитивті дамуын қамтамасыз ете отыра ынталандырушы әсер етеді.

Салық жүйесінің бақылаушылық, қайта  үлестірушілік және ынталандырушы  қызметтерін жүзеге асыруда, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуда мүмкіндіктері  көп. Салық жүйесінің аталған қызметтері салық саясаты, салық ставкалары  және көлемі, жеңілдіктер және санкциялар жүйесі, салық несиелері және жеңілдіктері арқылы көрінеді. Алайда әрбір жекелеген сәтте экономикалық саясаттың мақсаттарына, міндеттеріне, құрылымына сәйкес артықшылық салық жүйесінің  фискалдық, не реттеуші қызметтеріне берілуі мүмкін. Гармониялы салық жүйесінің, оның елдің экономикалық біртұтас кеңістігін құрудағы құрамдас бола алу қабілеті осыдан көрінеді.

Салық жүйесі «Бұл салық төлеушілердің  және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында бір – бірімен өзара бйаланыста болатын салықтар жиынтығынан құралатын белгілі бір кешен. Бұл жүйенің құрамына келесілер енеді:

1) салық қатынастарын еттейтін заңдық және нормативтік база;

2) салықтар және басқа міндетті төлемдерді алу әдістері, салық салудың қағидалары, салық элементтері;

3) салықтық бақылау жүргізудің түрлері және нысандары (салықтық есептемеге камералдық бақылау, салық төлеушілер мониторингі, құжатық және рейдтік салықтық тексерулер);

4) салықтар және басқа міндетті төлемдерді алу қызметтеріне енетін ұйымдар, атап айтсақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, салық органдары,  қаржы полициясы.

Салықтардың экономикалық мәнін алғаш рет экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілдері А.Смит пен Д.Рикардо зерттеген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, салықтар дегеніміз- азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір мөлшерде және нақты мерзімде мемлекеттік бюджетке төлейтін міндетті төлемдері [10].Біздің пікірімізше, салықтар тек фискалдық құрал ғана емес, шаруашылық өмірге саналы әсер ету қүралы.

Салықтардың мәні олардың мазмұнымен тығыз байланысты. Салықтардың экономикалық мазмұны мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтар арасындағы мемлекеттік бюджет кірісін калыптастыру барысында туындайтын өзара ара қатынасын сипаттайды. Бұл өз кезегінде олардың атқаратын функциялары арқылы іске асады. Салықтардың функциялары туралы алуан пікір қалыптасқан. Олар көптеген экономикалық әдебиеттерде әртүрлі нұсқада келтіріледі.

Қазіргі ұғымда, салықтар қанша қызмет атқарса да оның ішіндегі ең бастылары:

 А) фискалдық;

 Б) қайта бөлу;

 В) реттеушілік және ынталандырушылық.

 Бұл функциялар бір - бірімен өзара тығыз байланысты. Фискалдық функция арқылы салықтардың басты міндеті жүзеге асырылып, мемлекет қаржымен қамтамасыз етіледі.

Қайта бөлу функциясы арқылы әртүрлі  меншік нысанындағы субъектілер  табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді.

Реттеушілік функциясы  салық түрлері, элементтері, салық  менеджменті тәрізді құралдар арқылы ұлттық шаруашылықтың даму барысына ықпал етеді. Біздің пікірімізше, салықтық реттеу дегеніміз - экономикаға, оның ішінде нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнеске жоғарыда аталған құралдар арқылы тікелей немесе жанама әсер ету болып табылады.

Бұл құралдар тиімді қызмет жасауы үшін қаржыландыру, несиелеу, жоспарлау тәрізді экономикалық өзге де тетіктермен тығыз байланыста болуы шарт.

Салықтық реттеудің  көздейтін екі мақсаты бар:

  1. біріншіден, халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілер 
    табысының бір бөлігін мемлекет үлесіне алу;
  2. екіншіден рыноктық экономиканың мемлекеттік реттеу жүйесін 
    қамтамасыз ету.

Салықтың ынталандырушы қызметінің мемлекет үшін тиімділігі - ең алдымен  әлеуметтік мәселелер шешіледі; екіншіден рыноктағы сұраныс деңгейіне байланысты өндіріс бағытын жедел түрде өзгерту қабілетіне ие шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ынталандырушы құралдар арқылы ықпал жасай алады. Кез келген мемлекет өзінің іс-қызметін жүзеге асыру барысында Ата Заңына сәйкес, дербес салық жүйесін қалыптастырады және оның қызмет ету механизмі белгілі бір қағидаларға сүйеніп жасалады. Салық төлеуші үшін мемлекеттің салық жүйесінің қандай қағидалар негізінде қалыптасып, жұмыс жасайтынын білу өте маңызды. Бұл қағидалар салық жүйесіне тікелей байланысты және оны сақтаған жағдайда салық жүйесінің тиімділігіне қол жеткізуге болады. Осы орайда салық салу қағидаларын қарастырып өтелік.Салық салудың қарапайымдылық, үнемділік, әділдік және айқындық тәрізді классикалық қағидаларының негізін ұсынған А.Смит. Бүл қағидаларды қысқаша тұжырымдайтын болсақ, салық әрбір салық төлеушінің табысына сәйкес алынуы тиіс; оны төлеу мерзімі мен мөлшері нақ болуы керек; салық әр төлеушіден ыңғайлы әдіспен және мерзімде алынуы қажет; салықтарды алу бойынша шығында мүмкіндігінше аз болуы тиіс [11].

Қазақстан Республикасының  Ата Заңында салық төлеудің міндеттілігі ашық көрсетілген. Біздің пікірімізше, осыған орай тек салық төлеудің міндеттіліғін ғана емес, әділдігін, айқындығын да Қазақстан Республикасының Ата Заңында заң түрғысында белгілеген жөн. Салық заңнамасының ережелері салық салу қағидаларына қайшы келмеуі керек. Мемлекет мүддесі мен қажеттігіне сәйкес салық түлері мен салық салу әдістері өзгеріп, өңделеді және сәйкесінше олардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық үрдістерінде алатын орыны да өзгереді. Біздің пікірімізше, қандай өзгерістер болса да елдің салық жүйесі мынадай қағидаларға сай болуы шарт:

1) салықтар мүмкіндігінше аз болуы тиіс;

2) салық салу шығындары мейлінше төмен болуы керек;

3) екі жақты салық салуды болдырмауы қажет;

4) салықтар бәсекеге кедергі келтірмеуі тиіс;

5) табыстарды әділетті бөлуге бағытталуы қажет;

6) салық мөлшері мемлекет қажетіне сәйкес болуы керек;

7) адамның жеке өмірін құрметтеуі керек;

8) коммерциялық қүпияны сақтауға кепілдік беруі тиіс;

9) салықтар құрылымдық саясатқа сәйкес болуы керек

Құрамының толықтылығынан басқа, келтірілген анықтамаларда  айтарлықтай айырмашылық жоқ. Демек, біздің ойымызша, салық жүйесін мемлекетте қызмет ететін салықтардың, салық салу әдістері мен тәсілдерінің, салық заңнамасы мен оған қатысты заңнамалық кесімдердің, сондай-ақ салық қызметі органдарының жиынтығы деп тұжырымдаған дұрыс.Көптеген экономист-ғалымдар да, кәсішсерлердің өздері де салық шағын және бизнестің дамуын тежейтін бірден-бір құрал деген пікірде. Біздің пікірімізше бүл қисынсыз тұжырым. Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде шағын және орта бизнестің қалыпты дамуына кедергі болып отырған фактор - салықтардың өздері емес, ең алдымен салық жүйесінің тұрақсыздығы. Өйткені салық жүйесіне жиі енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың өздері де кәсіпкерлік қызмет барысына өзіндік ықпалын тигізері сөзсіз. Енді нақты атап айтатын болсақ:

Бұл жүйенің құрамына келесілер  кіреді:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 ҚР салық жүйесінің құрамы

 

1) Заңдық және құқықтық база, оның мақсаты салық қатынастарын реттеу(салық кодексі, жарлықтар, шешімдер, бұйрықтар, т.б.):  

-   салықтарды жинау әдістемесі;

-   салықтық бақылауды жүзеге  асыру түрлері мен формалары  (салық төлеушілер мониторингі, құжаттық тексерістер, рейдтер);

-   салық органдары. 

Қазақстан Республикасы салық жүйесінің  қалыптасуы мен дамуы барысында  келесідей сатыларды бөліп көрсетуге  болады.

2) «ҚР салық жүйесі туралы» Заң (25.12.1991ж.).

3) «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» ҚР президентінің жарлығы (24.04.1995ж.).

4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексі (12.06.2001ж.).

5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексі (10.12.2008ж.).   

Елімізде салық саясатында алғашқы  қабылдалған заң барысында салық  салу бойынша әлемдік тәжірибе жете есепке алынған жоқ, өтпелі экономиканың ерекшеліктері есепке алынбады, сонымен  бірге еліміздің тарихи, әлеуметтік ерекшеліктеріне көңіл бөлінбеді. Мысалы, 1991 жылы қабылданған «ҚР салық жүйесі туралы» Заң шын мәнінде ресейлік салық заңдылығының көшірмесі болатын, ал ол өз кезегінде Германия тәжірибесіне сүйенген болатын. Осы заңға сәйкес Қазақстан Республикасы территориясында салықтардың 3 тобы әрекет етті: жалпы мемлекеттік, жергілікті жалпы міндетті және жергілікті салықтар. Үш сатылы салық жүйесі, әдетте, федеративті құрылыстағы (ФРГ, Ресей, АҚШ) мемлекеттерге тән. Ал Қазақстан секілді унитарлы мемлекетте салықтарды бұлай топтастыру негізсіз болды. 1995 жылы қабылданған «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бұл кемшіліктер ескеріліп, оны жасауға шетелдік жетекші экономист, заңгер мамандар қатысты, атап өтсек Халықаралық салық бағдарламасы, АҚШ-тың Стэндфорд, Гарворд университеті өкілдері.

Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері