Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.
Кіріспе
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс. Өйткені салауатты бәсекелестік орта шығарылатын өнімнің бағасын төмендетуге, сапасы мен ассортиментін арттыруға, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге және басқаларға ынталандыра отырып, айтарлықтай экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің немесе Монополияға қарсы агенттік жұмысы ел басшылықтарының тапсырмаларын орындау, Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны, монополияға қарсы агенттіктің 2012-2015 жылдарға арналған стартегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде жүргізілді. Бұл стратегиялық құжаттар бәсекелестік саясатты іске асыру үшін негіз болып табылады, оның басымдықтары мен негізгі бағыттарын айқындайды, монополияға қарсы ден қою шараларын, өзге де қорғау шараларын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтетін және ынталандыратын бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды енгізеді.
Тұтастай алғанда, бәсекелестіктің жай-күйі барлық тауар нарықтарында әртүрлі. Қазақстанда жекелеген тауар нарықтары ішінара немесе толығымен монополияландырылған болып табылады. Монополиялану дәрежесі жоғары нарықтарды қалыптастырудың себептері мен талаптарын анықтау монополияға қарсы органнан жекелеген нарықтың негізгі қатысушыларын, тауар нарығына кірудің қазіргі кездегі тосқауылдарын айқындау, мұндай нарыққа қатысушылар әрекетінің монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келуі тұрғысынан бағалау бойынша терең талдау жүргізу жұмыстарын талап етеді. Талдау жүргізу жұмыстары монополияға қарсы органға жоғары монополияландырылған нарықтарда бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ жекелеген нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы әрекетін болдырмау немесе жолын кесу жөніндегі шаралар кешенін ұсынуға мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі. Парасатты монополияға қарсы саясат тек елдің ішкі экономикалық процестерін ғана емес, сыртқы байланыстарды жүйеге келтірудің бірден бір жолы.
Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді анықтайды:
- монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесін және оларды жүзеге асыру әдістерінің жалпы теориялық негізін зерттеу;
- экономикасы дамыған елдер мен Тәуелсіз Мемлекттер достастығы елдеріндегі монополияға қарсы саясатының тарихы мен даму барысын саралау;
- монополияға қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін жүзеге асырудағы мемлекеттік билік институттарының рөлін анықтау;
- монополияға қарсы бағытталған мемлекеттік шараларды жүзеге асыру барысында қоғам мүшелерінің мүдделерінің қорғалу деңгейін көрсету;
Зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі және оларды жүзеге асыру әдістері.
Зерттеу пәні. Монополияға қарсы саясатты жүзеге асырушы мемлекеттік институттар мен нарық субъектілерінің монополияға қарсы саясатты жүзеге асырудағы іс -әрекеттері мен өзара байланысы.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясатының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуде институционалдық, жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау әдістерін қолдандық.
Тақырыптың зерттеу көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз болған теориялық және фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер. Дипломдық жұмыста көбіне нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар пайдаланылды.
Монополияға қарсы саясат монополияға қарсы заңдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Монополияға қарсы заңнама мемлекеттің бәсеке мен монополия арасында тепетеңдікті ұстап тұратын, нарықтағы «ойын ережесін» ресми түрде белгілейтін құрал ретіндегі заңдар жинағы. Монополизм мен бәсеке қатар жүретін құбылыс екендігі белгілі. Бәсеке түсінігіне әр зерттеулерде әр түрлі анықтама беріледі. Біз солардың бірнешеуіне талдау жасайық.
1 Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саясаттың теориялық аспектісі
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін қайта құрулар мен реформаларды жүргізу нарық қатынастарын іске қосуды болжады, онда халықтың өмір сүруінің сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз ету жоспарланды. Осыған байланысты бәсекелестік саясат Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі басым бағыттарының бірі болды және осылайша қалып отыр.
Тұтастай алғанда, монополияға қарсы саясатты қалыптастыруды бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең 1991 жылы «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Заңының қабылдауымен және одан кейін Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі Қазақ КСР мемлекеттік комитетінің құрылуымен байланысты. Осылайша, «90-жылдардағы монополияға қарсы саясат» жоспарлыдан нарықтық экономикаға өтуге ықпал етті.
Екінші кезең ел экономикасын тұрақтандыру кезеңімен сәйкес келді (2001-2007 жылдар). Осы уақыт ішінде монополияны реттейтін көптеген заңға тәуелді актілер қабылданды. Алғашқы рет монополиялық кіріс, монополиялық жоғары (төмен) баға деген ұғымдар енгізілді. Монополияға қарсы органның жүйесі айқындалды. Аталған заңның қолданысы кезеңінде монополияға қарсы органның қызметкерлері тұлғалар тобы «бензиндік» сөз байласу нәтижесінде 7,5 млрд. теңге мөлшерінде монополиялық кіріс алғандығын дәлелдеді. Бүкіл тарих бойынша бұл кіріс монополияға қарсы заңнаманың дәлелденген бұзушылықтарының арасында ең үлкен кіріс болып табылатындығын атап өткен жөн.
Институционалдық нығайту монополияға қарсы жүйе үшін үшінші кезең болды. Мемлекет басшысы 2007 жылғы қазандамонополияға қарсы агенттікті құрды. Жаңа мемлекеттік органның алдында бағалық сөз байласуға, жосықсыз бәсекелестікке, нарық субъектілерінің өздерінің үстем немесе монополиялық жағдайларын теріс пайдалануына қарсы күресті күшейту есебінен кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға жәрдемдесу міндеті қойылды. Институционалдық реформаның нәтижесінде 2009 жылғы 1 қаңтарда күшіне енгізілген, «Бәсекелестік туралы» Заң қабылданды.
2009 жылғы Заң монополияға қарсы орган жүйесін жетілдіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, оған оның алдына қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті өкілеттіктер берді. Атап айтқанда, бәсекелестік ортаға мемлекеттік қысым жасауды қысқарту мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын реттеу нормалары енгізілді. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негізі регламенттелген, оған сәйкес мемлекет егер қоғам мен мемлекеттің қажеттілігін айқындайтын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу қажет болған, ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін, қоғамдық қажеттіліктің болуын, сондай-ақ стратегиялық объектілерді пайдалануды қамтамасыз етудің өзге де мүмкіндіктері болмаған жағдайда ғана араласа алады. Тұтастай алғанда, мемлекеттің бизнеске негізсіз қатысуын қысқарту жөнінде жұмыс қазіргі кезде «жекешелендірудің екінші толқынын» өткізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде жалғастырылуда. Қазіргі кезде оны іске асыру тетігі әзірленген.
2013 жылдан бастап біздің ел Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайларында жұмыс істейді. Ықпалдасу үдерістерін тереңдету Қазақстанның монополияға қарсы жүйесінің келесі кезеңінің басталуына ықпал етті. Бизнесті жүргізу үшін қолайлы нарықтық ортаны қалыптастыру, компаниялар мен нарықты дамыту мақсатында, қоғамның қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін 2012 жылдан бастап Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) қабылданды.
Оны іске асыруда 2013 жылы бәсекелестік саясат саласында Қазақстан Республикасының заңдарын біріздендіру және үйлестіру жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аталған жұмыстың нәтижесі 2013 жылғы 6 наурызда Мемлекет басшысының 2013 жылғы 25 наурыздан бастап күшіне енгізілген, «Кейбір заңнамалық актілерге бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюы және 10 нормативтік құқықтық актінің қабылдануы. Бұдан басқа, монополияға қарсы саясат мемлекеттік монополиялар қызметін реттеуге бағытталған. Өткен жылы мемлекеттік монополия мәселелері жөнінде заң қабылданды, ол мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін бірегейлендіруге және оның ашықтығына мүмкіндік берді. Бұл ретте, монополияға қарсы агенттіктің мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу бойынша уәкілетті орган ретінде белгіленуіне байланысты мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлар бағасына сараптама жүргізу бойынша функция заңды түрдемонополияға қарсы агенттікке бекітілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығымен бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу мәселелері жөніндегі саясатты әзірлеу және қалыптастыру саласындағы функциялар Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне берілді.
1.2 Монополияға қарсы реттеуді іске асыру бөлігінде Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі ұстанымы
Әлемдік практикада монополияға қарсы саясаттың қалыптасуына елдің ішкі ахуалы және дүниежүзілік экономикалық, саяси жағдайлар әсер етіп отырды. Ұдайы өндірістегі экономикалық дамуға байланысты монополияға қарсы саясаттың мазмұны мен оның ережелерінің орындалу механизмдері де өзгеріп отырды. Әр елде монополияға қарсы саясат осы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына байланысты оны дамытудың өзіндік ерекшеліктеріне ие болды. Ол әрине объективтік және субъективтік себептерге байланысты. Әлемдік экономикалық коньюктура Қазақстанға да ықпалын тигізеді.
Ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін айқындау үшін бірқатар халықаралық рейтингтердің нәтижелері пайдаланылады.
Басқа елдермен салыстырғанда елдің бәсекеге қабілеттілігінің неғұрлым объективті барометрлерінің бірі жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі болып табылады. Аталған ұйымның үш онжылдық бойына елдердің бәсекеге қабілеттілігі проблемаларын зерттеумен айналысу фактісіне қарамастан, ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі осы рейтингтегі негізгі көрсеткіш ретінде тек 2005 жылдан бастап қана қолданыла бастады (2001-2004 жылдар аралығында Бәсекеге қабілеттілігінің өсу рейтингі қолданылды).
Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексі рейтингінде Қазақстан 72-ші орыннан 51-ші орынға көтерілді және оның ішінде ұзақ уақыт бойына неғұрлым жоғары ұстанымдарға ие елдерді (Латвия, Словения, Венгрия) айқындады.
ТМД елдері арасында Қазақстан Әзербайжанға (46) жол бере отырып, екінші жолда тұр. Кеңес уақыты кеңістіктегі қалған елдер төмен орналасқан: Ресей (67), Украина (82), Армения (82), Молдова (93), Тәжікстан (100) және Қырғызстан (127). Беларусь пен Өзбекстан дүниежүзілік экономикалық форумының рейтингінде жоқ.
1-сурет – Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексі рейтингінде ТМД елдері арасындағы Қазақстанның орыны
Салыстыру нәтижелері ТМД-ның көптеген
елдерімен салыстырғанда Қазақстан нарықтық
қайта құруларды жүзеге асыру қарқыны, сипаты және
жолдары, сондай-ақ бәсекелестік саясатты
іске асыру жағынан алда келеді деген
тұжырым шығаруға мүмкіндік береді.
Көптеген салаларда жақсару атап өтілді, атап айтқанда ілгерілеу монополияға қарсы агенттікке бекітілген индикаторларда байқалады. Төменде монополияға қарсы агенттікке бекітілген Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын Ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексі көрсеткіштері бөлігінде ұстанымдардың жақсаруы туралы талдау берілген.
1. Нарықтың үстемдік дәрежесі.
Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын Ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексі сауалнамасында сауал мынадай түрде қойылған: «Сіз сіздің елдегі корпоративтік белсенділікті қалай сипаттар едіңіз?». Осы көрсеткіш «Тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі» тобына кіреді және тиімділік факторына жатады. Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексі есебінің қорытындысы бойынша 10 ұстанымға жақсарғандығы байқалады, көрсеткіш бойынша Қазақстан 83-ші орынға ие болды.