Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа
Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.
Жоғарыда көрсетілген
мәселеден келесідей сұрақ
Осы ойларға негізделе отырып, ҚР Жоғарғы Сотының ҚР ҚК 58-бабы 6 б және 60-бабы негізінде тағайындалатын жазаны атқару мерзімі есептеу туралы нұсқамалармен келіспеуге болады. Соңғы істе бұлтартпау немесе ұстау ретінде соңғы істе сотқа дейін қамауда ұстау мерзімін соңғы үкімді шығаруды жүзеге асады. Бірнеше үкімдер жиынтығы бойынша жалпы жазаладың мерзімі соңғы жаза үкімнің іс-жүзіндегі басынан есептелуі тиіс, мысалы: қамауға алу күнінен, айыппұлды ерікті төлеу күнінен.
Даулы мәселе болып үкімдердің жиынтығымен байланысты қылмыстық жауаптылықты қатаңдату қажеттілігі табылады. Тәжірибеде келесідей жағдайлар кездесіп жатады, бірінші рет сотталғаннан кейін тұлға қауіптілігі жеңілірек қылмыс жасайды (абайсызда, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс және т.б.) және жаза көлемін ұлғайту қажеттілігінің болмауы (шартты түрде соттауды жою және жазаны өтеуді кейінге қалдыру). Кейде кері жағдайларда кездеседі, бірінші қылмысқа қарағанда ауырырақ қылмыс жасалады және қылмыстық-құқықтық санкциясы шегінде тағайындалатын жаза жеткілікті болады.
Сондай-ақ өзгеше де жағдайлар кездесу мүмкін. Мысалғы, Балтабаев К.Ж. және Рахметова С.М. айтуынша бойынша: «тәжірибеде мынадай жағдайлар кездеседі сот сотталушы тұлғаның жасаған жаңа қылмысы үшін жазаның жоғары шегін тағайындайды. Мысалғы, бас бостандығынан айыру жазасын өтеуші тұлғаға жаңа үкім бойынша 5 жыл мерзіміне бас бостандығын шектеу немесе 30 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Мұндай жағдайларда сот жаңа үкім бойынша тағайындалатын жазамен алдындағы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін сіңіру қағидасын қолдануға мәжбүрлі болады» [55; 145].
Бұған қоса өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығын шектеу және т.б. сияқты бір-бірімен үйлеспейтін жазалардың сабақтасуының мысалын көрсетуге болады. Сот тәжірибесін зерттеу кезінде қаралған 645 қылмыстық істе сот түпкілікті жаза тағайындауда келесілерді қолданған: а) толық қосу – 192 іс бойынша (29,8 %); б) маңыздысы (1 жылдан жоғары) – 244 іс бойынша (37,8 %); в) айтарлықтай күшейту (3айдан – 1 жылға дейін) – 112 іс бойынша (17,4%); г) төмендетілген күшейту (3 айға дейін) – 83 іс бойынша (12,8%); д) іс жүзінде сіңіру – 14 іс бойынша (2,2%). Бұл зерттеулердің қорытындылары кесте түрінде берілген.
Көріп отырғанымыздай, тәжірибе үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны минималды күшейтуге немесе сіңіруге жол береді. Жазаларды сіңіру жағдайында қайталап қылмыс жасайтын тұлғаларға қудалаушылық әрекет етуінің төмендеуіне байланысты бірқатар авторлар өз пікірлерін білдіреді [9], бұндай ақаулықтарды осы әдіс түрін заңнамадан алып тастау арқылы емес, аппеляциялық және қадағалау өндірісі барысында соттық бақылау әдістері арқылы жою керек.
Сондықтан, менің ойымша, үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды біріктіру қылмыстардың жиынтығы бойынша қолданылатын әдістер, яғни толық немесе ішінара қосу немесе сіңіру арқылы жүзеге асыруы керек және осы туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгерістер енгізілуі тиіс. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаумен көп жағдайда қылмыстардың жиынтығы, сондай-ақ қылмыстардың көптігінің нысандарының әртүрлі үйлесуі қоса жүреді. Зерттелген қылмыстық істердің ішінде қылмыстардың көптігінің бір нысанның болуы бойынша 18 іс (2,8%), ал қылмыстардың көптігінің бірнеше нысаны бойынша кездескен істердің саны 627 (97,2%). Соңғыларының құрамында қылмыстардың жиынтығы мен қылмыстардың қайталануы 489 істе кездескен. Сот тәжірибесінде әртүрлі үкімдермен соттау кезінде түрлі құқықтық ықпал ету құралдарының қате үйлесуіне жол беріледі. Солайша сотталушылардың өтеп жатқан жазаларының түрлері, және оларды өтеу кезеңінде жасаған жаңа қылмыстары бойынша келесідей көрініс байқалады. Жаңа қылмыстар келесідей жаза түрлері өтеу кезінде жасалған:
а) шартты түрде соттау – 318 іс (49,3%)
б) мерзімінен бұрын шартты түрде босату – 236 іс (36,6%)
в) жазаны өтеуді кейінге қалдыру – 12 іс (1,9%)
г) нақты бас бостандығынан айыру жазасы – 57 іс (8,8%)
д) жазаның басқа түрлері – 22 іс (3,4%)
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорыта келгенде, жаза тағайындау адамзат қызметінің баға беруші сипатқа ие және мұқият әрі толық нақтылануға келмейтін күрделі салаларының бірі болып табылады. Осыған байланысты жаза тағайындау барысындағы мәселелердің басым көпшілігінің шешімі соттық қарауға жатқызылған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өзінің құқықтық жүйесі, құқық қолдану саласында қалыптасқан өзіндік ерекшеліктерге ие. Әйтсе де, жаза тағайындаудың құқықтық реттелуінде жеке кемшіліктер кездесіп жатады. Мұның мәнісі, соңғы жылдары жаза тағайындау институты елеулі өзгерістерге ұшырап, ал сәйкес заң ережелерін біркелкі қолдану тәжірибесі әлі орныға қоймағанында болуы мүмкін. Біздің ойымызша, жаза тағайындау саласында көбінесе, бұрынғы кеңестік жаза тағайындау тәжірибесі қолданып келеді. Себебі, аталмыш саладағы қызметкерлердің басым көпшілігі кеңестік дәуір мектебінің өкілдері болып табылады.
Сондай-ақ, отандық қылмыстық құқық саласында жаза тағайындаудың қағидалары құқықтық институты қалыптасқан. Жаза тағайындау қағидалары – бұл қылмыстық заң нормаларында бекітілген немесе одан талқылау нәтижесінде түсінілетін соттардың қылмыстың жасалуына кінәлі деп танылған адамдарға жаза қолдану бойынша қызметін анықтайтын негіз салушы, жетекші идеялар, ережелер.
Бұл қағидалар ұлттық қолданыстағы заңнамада жүзінде бекітіліп, іс-жүзінде басшылыққа алынады. Жаза тағайындау қағидалары арқылы жалпы мемлекеттің қылмыстық құқық және жекелей жаза тағайындау саласындағы саясатын байқаймыз.
Қылмыс үшін жаза тағайындау мәселесі – шын мәнінде аса күрделі, маңызы зор және терең зерттеуді қажет ететін мәселе. Ол қылмыстық құқықтың әртүрлі тақырыптарымен тығыз байланыста болатын құқықтық институттармен ұштасады, түрлі құқықтық категориялар мен түсініктерді қолданады. Оны зерттеу жазаны қолдану проблематикасы тұрғысынан маңызды болып отыр. Тақырыптың тәжірибелік мәні, ең алдымен, бұл салада ғылыми зерттеулер мен ізденушіліктердің жеткіліксіздігі және олардың ескіруімен, тіпті белгілі бір деңгейде шектелуімен түсіндіріледі.
Қылмыстардың жиынтығы
бойынша жаза тағайындау қылмыстық
жаза тағайындаудың жалпы
Қылмыстардың жиынтығы – қылмыстардың көптеген түрін жасау кезінде жаза тағайындау мен оны дәрежелеудің қағидалары мен ережелерін анықтайтын қылмыстық құқықтың құқықтық дәрежесі немесе тіпті тұтас бір институты.
«Қылмыстардың жиынтығы» ұғымы жалпы алғанда екі ұшты мағынада қолданылады. Бір жағынан ол іс-әрекеттердің көптігінің ерекше жағдайының сапалық ерекшеліктерін білдірсе, екінші жағынан жаза тағайындау кезінде анықталған қағида ретінде қолданылады. Біріншісі екіншісін анықтайды, сондықтан да қылмыстардың жиынтығының сапалық мазмұнын неғұрлым толық ашып осындай үлгідегі көпшілік жағдайлар бойынша жаза таайындаудың қағидалары мен ережелері туралы мәселенің нақтылы барынша байланысты болып келеді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстардың жиынтығын жасалған іс-әрекеттердің саны бойынша дәрежелеу барынша кең таралған болып табылады.
Үкімдердің жиынтығы – қылымыстардың көптігінің жаңа түрі немесе формасы емес. Бұл, анығында, қылмыстардың біріншісі үшін сотталған және сол үшін жазасын өтеп жүрген адам жаңа қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде қайталануының ерекше түрі кезеңінде ортақ жаза анықтаудың тәсілі. Бұл мәселенің осы күнге дейін жеткілікті дәрежеде толық зерттелмеуі үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау тақырыбындағы пікір-таластар заң ғылымы саласында зерттеулер жүргізумен шұғылданатын ғалымдардың назарына жиі ілініп жүр.
Теорияда үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалатын жазаларды біріктірудің құқықтық табиғаты жөнінде пікір-таластар туындап отыр.
Осыған байланысты, бүгінгі таңда қылмыстар жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу қызығушылық туғызып отыр. Республикадағы қылмыстар жиынтығы және үкімдердің жиынтығы жаза тағайындау үрдісін шетел мемлекеттерінің аталмыш салалардағы тәжірибесімен салыстыру арқылы, олардың ерекшеліктерін анықтап, сол мемлекеттердің бұл саладағы жетістіктері мен артықшылықтарын отандық заңнаманы жетілдіру мақсатында қолдануды ұсынамын.
Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары