Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 10:16, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жүргізу объектісі Алматы қаласындағы “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның соңғы екі жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.

Содержание

Кіріспе 5
І БӨЛІМ. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7
1.1.«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ұйымдық құрлымы, қаржы-экономикалық
жағдайы 7
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы 15
ІІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі 19
2.1. Бухгалтерлік баланс- қаржылық талдаудың ақпараттық
негізі ретінде 19
2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп 27
2.3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды
есеп 30
ІІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 33
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері 33
3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау 42
3.3. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау 51
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 60
Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар 73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 76

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-бухгалтерлік-есеп-және-қаржылық-қорытынды-есеп-беру.doc

— 519.50 Кб (Скачать файл)

       Зерттеу жүргізілген кәсіпорынның  құқықтары және міндеттемелері келесідей болады :

       1. Қазақстан  Республикасының заңнамаларына  сәйкес сыртқы экономикалық қызметті  дербес жүзеге асырады .

       2. Сату , ауыстыру , жалға тапсыру ; ғимаратты  басқа кәсіпорындарға және уақытша пайдалануға беру, жабдықтау, көлік құралдарын жалға беру, шикізат және басқа құндылықтың , сонымен қатар баланстан жойуға құқығы бар,егер олар тозған немесе моральдық ескірген болса.

       3. Заттық  және ақшалы қорларды тапсыру  құқығы бар, сонымен бірге еңбек ұжымының келісуімен басқа кәсіпорындарға экономикасын ынталандыру үшін және «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жұмыс орындайтын, қызмет көрсететін кәсіпорынға ақшалай көмек беру.

       4. Бекітілген жарғыны, нормативті құжаттарды, меншік иесінің шешімдерін   міндетті түрде орындау тиіс.

       5. Кәсіпорынның  сауда құпиясын міндетті сақтау.

       Қызметкерлердің  еңбек ақы төлеу ең аз мөлшері  Қазақстан Республикасының заң  шығаратын актілерінде бекітілген. Атқаратын жұмыс мөлшеріне байланысты еңбек ақы төлеудің мөлшері кәсіпорын басшысы өз еркінмен белгілейді.

       Қайта  ұйымдастыру ( қосылу , бөліну , бөліс , өзгерту ) және қызмет тоқтату  жөніндегі шешім Қазақстан Республикасының  заңында бекітілген.

       Нарықтық экономика  жағдайында кәсіпорынның шаруашылық  қызметінің негізгі және түпкі  мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті  талдауға аудару керек.

       Қаржылық  жағдайына талдау жасауға табыстар  мен шығыстар жөніндегі қорытынды көрсеткіш қарастырылады.(кесте 1.1)

       Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден  түскен табыс ол қаржы –шаруашылық  қызметінің нәтижесі туралы есепте  қосымша құн салығы, акциздер  т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталынып көрсетіледі.

       Кестеде  келтірілген мәліметтерден «Индустриальное  снабжение» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табысының 2006 жылды өткен жылмен салыстырғанда  156819035,4 теңгеге көбейгенін көреміз.

       Өнімді  сатып-өткізуден түскен табыс  пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны да 125556159,6 теңгеге көбейген .

       Жалпы табыс – ол өнімді  өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді (жұмысты , қызметті) сатып өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының айырмасы болып табылады. Жалпы табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 31262875,87 теңгеге көбейген.

                                                                                Кесте 1.1.

«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2005-2006 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі көрсеткіш.

 

1

Көрсеткіштер

2005ж

2006ж

Ауытқулар         (+;-) тг.

1

                        2

       3

        4

            5

1

Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс  тг.

 

11922485,2

 

168741520,7

 

156819035,4

2

Сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны  тг.

 

11083726,5

 

136639886,1

 

125556159,6

3

Жалпы табыс  тг

838758,77

32101634,64

31262875,87

4

Басқадай табыс тг.

       -

1260,19

1260,19

5

Кезеңдік шығыстар  тг.

894458,79

31710451,93

2276593,14

6

Салық салынғанға дейінгі табыс тг.

  -55700,02

392442,9

392442,9

7

Табыс салығы бойынша шығыстар тг.

      

       -

        117732,87

       

117732,87

8

Салық салынғаннан кейін табыс тг.

-55700,02

274710,03

274710,03

9

Таза табыс (зиян)  тг.

-55700,02

274710,03

274710,03


 

 

      

Басқадай табыс өткен жылы боған жоқ. Есепті жылы ол 1260,19 теңгені құрады.

       Өнімнің  өзіндік құнына кірмей шегерістерге  жататын кезеңдік шығыстар өткен  жылы 894458,79 теңгені құрса, еспті жылда олар 2276593,14 теңгеге көбейген. Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылда 392442,9 мың теңгеге құрса,  өткен жылы 55700,02 теңгеге зиян шеккен, 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 448142,9 теңгеге көбейген. Есепті жылы табыс салығы 117732,87теңгені құрады.

       Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын таза табыс сомасы есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 274710,03 теңгеге көбейгенін көреміз.

1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті  ұйымдастыру жағдайы.

       Бухгалтерлік  есеп жүргізу мен қаржылық  қорытынды есепті құру принципі  мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші  бухгалтерлік есеп стандартына  сәйкес кәсіпорынға оперативті  басшылық жасау мен оны басқару үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-алушылардың,кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай мүдделі тұлғалардыңпайдалануы үшін қажетті кәсіпорынның шаруашылық процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеті болып табылады.

       Шаруашылық  қызметінің түріне, көлеміне және  шаруашылық жүргізудің нақты  жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

  • шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысандарынөкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз бетінше жасап бекітеді;
  • өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;
  • бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық бөлінуін жүзеге асырады;
  • шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді қарастырады.

“Индустриальное   снабжение”   жауапкершілігі   шектеулі     серіктестік

бухгалтерлік есепті автоматтандырылған нысанда жүргізеді. Бухгалтелік есептің автоматтандырылған нысаны – бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

       Бухгалтердің  автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру проблемасын шешуде бірінші кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

       Бірінші  кезеңде – есеп апаратының  бөлімдерінде есептеу техникаларының  негізінде бухгалтердің жеке  автоматтандырылған жұмыс орнын  құру болжанады.

       Екінші  кезеңде – есеп апаратының ішінде бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнының локалдік желісі жасалынады.

       Үшінші  кезеңде – құжаттаудың және  есеп ақпараттарын өңдеудің локалдық  желісі ұйымдастыру және есептеу  техникасының құралдарымен бір  жүйеге бірігеді.

       Бұл келешекте ақпараттарды өндеудің қағазсыз технологиясын жасауға мүмкіндік береді.

       Қазіргі  кезде басқару және есеп аппаратының  жұмыскерлері үшін автоматтандырылған  жұмыс орның құрудың бірінші  және екінші кезеңдерінің міндеттерін  шешудің барлық алғы шарттары жасалынған.

       Электрондық  есептеу машинасынан алынатын  жүйелік және хрнологиялық жазулары  бар кез келген құжат есеп  регистрі бола алады.

       Зерттеу  жүргізілген кәсіпорында бухгалтердің  автоматтандырылған жұмыс орнын  құру бугалтерлік есепті жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Бугалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламаларпайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қарапайым есепті жүргізуде де, қосарланған есепті жүргізуде де пайдаланылатын әмбебап бухгалтерлік бағдарлама – “1С: Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңынан туындайтын қандай да болмасын өзгерістер жағдайында жұмыс істей алады. “1С: Бухгалтерия” бағдарламасын пайдалана отырып бухгалтер шот тізбегінде, провдкалар жүйесіне және аналитикалық есеп объектілерінің тізіміне өзі түзету еңгізе алады.

       Бухгалтерлік  есептің автоматтандырылған жұмыс  орнын қолдану мынандай мүмкіндіктерге  қол жеткізеді:

  • есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін (жылдамдығын) жоғарлатады;
  • Аралық ақпарат тасымалдаушыларды дайындауды қысқартады;
  • Қол еңбегінің, қағаз өндеу шығындарын азайтуға жағдай туғызады.

Бухгалтерлік есетің 30 “Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі”  деп

  аталатын қазақстандық  стандартына сәйкес кәсіпорынның  есеп саясаты деп -  бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есептің мағынасын олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін субъектінің басшысы пайдаланатын тәсілдердің жиынтығын айтады.

       “Индустриальное  снабжение” жауапкершілігі шектеулі  серіктестікте қабылданған есеп саясатының басты міндеті – оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді,пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.

       Есеп  саясаты кәсіпорындағы есеп жүргізу  процесінің барлық аспектілерін  қамтиды - әдістемелік, техникалық, ұйымдық.

       Бухгалтерлік  есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері сияқты элементтерден тұрады.

       Техникалық  аспект – бухгалтерлік есепті  жүргізу нысанын (жеңілдетілген, автоматтандырылған) анықтайды.

       Ұйымдық  аспект – кәсіпорындағы бухгалтерлік  қызметті ұйымдастыру элементтерін  қамтиды.

      Бухгалтерлік  есепті жүргізу әдістемесінде  “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі  шектеулі серіктестік негізгі  құралдардың тозуын есептеген уақытта бірқалыпты әдіспен есептейді. Өндіріске босатылатын материалдарды бағалау кезінде серіктестік орташа құн әдісімен есептейді. Зерттеу жүргізілген серіктестікте типтік құжаттар қолданылады. Қаржылық есептілікті тапсырған уақытта кәсіпорын ескі Бас шот жоспарын қолданады.        

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ БӨЛІМ   Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың

                      ақпараттық негізі

       2.1. Бухгалтерлік баланс - қаржылық талдаудың ақпараттық

              негізі ретінде.

       Зерттеу жүргізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

       ҚР  “Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік  туралы” заңына сәйкес  қаржылық  есеп берунысандарына мыналар  жатады:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;
  3. ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік;
  4. меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік.

       Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс

       Субъектілерге  қаржылық есептілікті бухгалтерлік  есеп стандартында анықталған  жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге  рұқсат етіледі. Бұл егер де  төмендегі көрсетілген үш шарттың  кез келген екеуі орындалғанда  ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

  1. зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айып пұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
  2. қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
  3. активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі