Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 10:16, дипломная работа
Зерттеу жүргізу объектісі Алматы қаласындағы “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның соңғы екі жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.
Кіріспе 5
І БӨЛІМ. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7
1.1.«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ұйымдық құрлымы, қаржы-экономикалық
жағдайы 7
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы 15
ІІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі 19
2.1. Бухгалтерлік баланс- қаржылық талдаудың ақпараттық
негізі ретінде 19
2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп 27
2.3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды
есеп 30
ІІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 33
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері 33
3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау 42
3.3. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау 51
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 60
Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар 73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 76
«Қаржылық есептің
мақсаты – бугалтерлік есепті»
№30 «Қаржылық есептілікті
Қаржылық есептілік негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есептілікті қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есептілік шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады.
Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары
негізінде сыртқы қолданушылар
берілген кәсіпорынмен өзінің
серіктесі ретінде жұмыс
1997 жылға дейін
бухгалтерлік баланс екі
Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.
Жоғары оқу
орындарына экономикалық
Ағылшын ғалымдары
шығарған «Бухгалтерлік іске
кіріспе» деген оқу құралында
былай жазылған: Баланс – бұл
белгілі бір күнге кәсіпорынға
тиісті барлық активтер мен
оның борыштарын анықтайтын
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
«Активтер –
бұл өткен жағдайлардың
Пассив – бұл
өткен жағдайлардан пайда
Капитал –
бұл пассивтерді активтерден
алып тастағандағы
Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
Бугалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған.
Активтер
|
Жол коды |
Есептік кезең үшін |
Өткен кезең үшін |
1 |
2 |
3 |
4 |
І. Қысқа мерзімді активтер |
|||
Ақша қаражаты және оның эквиваленттері |
010 |
150321,98 |
10654293,4 |
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар |
011 |
||
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
012 |
7569543,4 |
63584739,5 |
Қорлар |
013 |
6965439,3 |
21277952,5 |
Ағымдағы салықтық активтер |
014 |
||
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
015 |
||
Өзге де қысқа мерзімді активтер |
016 |
||
Қысқа мерзімді активтердің жиыны |
100 |
14685304 |
95516985,6 |
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер |
|||
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар |
020 |
||
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек |
021 |
||
Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар |
022 |
||
Инвестициялық жылжымайтын мүлік |
023 |
||
Негізгі құралдар |
024 |
----- |
1322604,5 |
Биологиялық активтер |
025 |
||
Барлау және бағалау активтері |
026 |
||
Материалдық емес активтер |
027 |
55344,2 |
41381,9 |
Кейінге қалдырылған салықтық активтер |
028 |
||
Өзге де ұзақ мерзімді активтер |
029 |
||
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны |
200 |
55344,2 |
1363986,4 |
| |||
|
2 |
3 |
4 |
Теңгерім (100-жол+200-жол) |
14740648 |
96880972,7 | |
Пассивтер |
|||
ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер |
030 |
||
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер |
031 |
||
Салықтар бойынша міндеттемелер |
032 |
23707 |
158508,74 |
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер |
033 |
|
|
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
034 |
640875,26 |
71491099,16 |
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері |
035 |
||
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер |
036 |
4104660,7 |
1401406 |
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны |
300 |
4769248,9 |
73051013,9 |
ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|||
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер |
040 |
9930000 |
23404436 |
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
041 |
||
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері |
042 |
||
Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер |
043 |
||
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер |
044 |
||
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны |
400 |
9930000 |
23404436 |
V. Каптал |
|||
Шығарылған капитал |
050 |
97100 |
97100 |
Эмиссиялық кіріс |
051 |
||
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар |
052 |
||
Резервтер |
053 |
||
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) |
054 |
-55700,02 |
996742,88 |
Аздық үлесі |
055 |
||
Капитал жиыны |
500 |
41399,98 |
433842,88 |
Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол) |
14740648 |
96880972,7 |
Баланс активтің өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі жоғары активтерден өтімділігі төмен активтере қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімнің жеделділігі тез арада құтылуынан басталады.
Зерттеу жүргізілген
«Индустриальное снабжение»
2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп.
“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылық есептілігіне талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойындағы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.
Табыстар дегеніміз – акционерлік капитал қатысушыларының салымымен байланысты емес меншікті капиталдың көбеюімен көрсетілетін, активтердің қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемелердің азаюы нысанында пайда болатын экономикалық пайданың өсуі туындайтын болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте табыстар есепке алынады.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі