Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 10:16, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жүргізу объектісі Алматы қаласындағы “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның соңғы екі жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.

Содержание

Кіріспе 5
І БӨЛІМ. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7
1.1.«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ұйымдық құрлымы, қаржы-экономикалық
жағдайы 7
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы 15
ІІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі 19
2.1. Бухгалтерлік баланс- қаржылық талдаудың ақпараттық
негізі ретінде 19
2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп 27
2.3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды
есеп 30
ІІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 33
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері 33
3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау 42
3.3. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау 51
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 60
Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар 73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 76

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-бухгалтерлік-есеп-және-қаржылық-қорытынды-есеп-беру.doc

— 519.50 Кб (Скачать файл)

       Қаржылық жағдайды  талдау кәсіпорынның шаруашылық  қызметін талдаудың қорытындылыаушы  кезеңі болып тбылады. Және ол  сатыны қамтиды: жабдықтау. өндіріс  және өткізу; бұлардың жиынтығы  коммерциялық, өндірістік және қаржылық  қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштермен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұсап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

       Жоғары сапалы  өнімді үздіксіз өндіру және  өткізу кәсіпорынның қаржылық  ресурстарының қалыптасуына оң  әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

       Шығындар көлемі  өндіріс процесінің тиімділік  деңгейімен анықталады. Олардың  тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайына елеулі көрініс табады.

       Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау днп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

       Әлемдік тәжірбие  көрсеткендей, есеп берудің екі  түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай ақ сақтандыру  ұйымдары мен үкімет органдарын  кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен билютендерге, арнайы анықтамаларды басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауғамүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінщі түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

       Қаржылық талдаудың  тәжірибесі қаржылық есепті оқудың  негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі  әдісті бөліп қарастыруға болады:

       1) көлденең талдау;

       2) тікелей талдау;

       3) трендік талдау;

       4) салыстырмалы талдау;

       5) факторлық талдау;

       6) қаржылық коэффиценттер  әдісі.

       Көлденең (уақыттық) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдігімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

       Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

       Тікелей және көлднең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

       Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100% алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткішдинамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

       Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.

       Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады,оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік береін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

       Шешімдер қабылдау  үшін сәйкес коэффиценттерді  талдаудың пайдалылығы оларды  дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуынның ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, салдағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткен тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер ету мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Катынсаты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

       Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диогностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда треңдетілген талдау қатынаснегізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

       Қаржылық талдауы  салыстырмалы көрсеткіштер негізінде  жүргізудің шетелдік тәжірибесін  механикалық түрде көшіріліп  алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі  бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың  өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

       Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

       Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдерді көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жікткгенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

       Жоғарыда көрсетілген  әдістермен қатар, қаржылық жағдайды  талдауда экономикалық , сондай-ақ  экономикалық және математикалық  стстистиканың (топтау, орташа және  салыстырмалы шама, графиктік және  индекстік әдістер) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, мүмкіндік береді.

         3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау.

       Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорынның  қаржылықжағдайын талдаудың маңызы  өте зор. Бұл кәсіпорындардың  тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдыңда өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

       Кәсіпорынның  қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

       Диплом  алдындағы зерттеу жүргізілген  кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне толық сипаттаманы оның соңғы жылдардағы қаржылық жағдайын бағалайтын қаржылық қорытынды есеп элементтерін қарастыру арқылы беруге болады. Активтер, меншікті капитал және міндеттемелер серіктестіктің қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланста анықтауға тікелей байланысты элементтер болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары және олардың құрлымы мен құрылымындағы болған өзгерістер зерттеледі.

       «Индустриальное  снабжение» жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктің баланс мәлііметтері  бойынша активтердің құрамы мен  орналасуына талдау жасау үшін  төмендегі талдамалық кесте жасалынады. (кесте 3.1.)

       Кестеде келтірілген мәліметтерден «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтерінің нақты құнын көрсететін  

                                                                                                                Кесте 3.1.

«Индустриальное снабжение» ЖШС-гі 2006 жылғы баланс активтерінің құрамы мен орналасуы

 

Көрсеткіштер

2006ж. басы

2006ж аяғы

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Сома  тг.

%

Сома  тг.

%

 тг.

%5/1*100

Активтердің құны барлығы

 

14740648,9

 

100

 

96880972,08               

 

100

 

82140324

 

557,2

Ұзақ мерзімді активтер

 

55344,2

 

0,37

 

1363986,46

 

1,4

 

1308642,2

 

2364,5

Оның ішінде:

   

 

 

 

 

1 Материалдық емес активтер

 

55344,2    

 

0,37

 

41381,94

 

0,042

 

-13962,2

 

-25

2 Негізгі құралдардың  қалдық құны

   

 

     -----

   

 

 

  -----

 

 

1322604,52

 

 

1,36

 

 

1322604,5

   

 

  -----

Ағымдағы активтер

14685304,7

99,56

95516985,62

98,59

80831681

550,4

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

     

 

 

1Тауарлы материалдық  босалқылар

 

 

6965439,35

 

 

47,25

 

 

21277952,57

 

 

21,96

 

 

14312513

 

 

205,4

а) Материалдар

 

1130,43

 

0,007

 

123071,73

 

0,12

 

121941,3

 

10787,1

ә) тауарлар

6964308,92

47,24

21154880,84

21,83

14190572

203,7

2 Қысқа мерзімді дебиторлық  борыштар

 

 

7569543,41

 

 

51,35

 

 

63584739,56

 

 

65,63

 

 

56015196

 

 

740

а)Алынуға тиісті борыштар

 

6562159,2

 

44,51

 

45991603,05

 

47,47

 

39429444

 

600,8

ә)Берілген аванс

    -----

-----

7648848,54

7,89

7648848,5

-----

Б)Басқадай дебиторлық борыш

 

1007384,21

 

6,83

 

9944287,97

 

10,26

 

8936903,7

 

887,1

3Ақша қаражаты

150321,98

1,019

10654293,49

10,99

10503972

6987,6

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі