Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 10:16, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жүргізу объектісі Алматы қаласындағы “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның соңғы екі жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.

Содержание

Кіріспе 5
І БӨЛІМ. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7
1.1.«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ұйымдық құрлымы, қаржы-экономикалық
жағдайы 7
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы 15
ІІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі 19
2.1. Бухгалтерлік баланс- қаржылық талдаудың ақпараттық
негізі ретінде 19
2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп 27
2.3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды
есеп 30
ІІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 33
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері 33
3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау 42
3.3. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау 51
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 60
Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар 73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 76

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-бухгалтерлік-есеп-және-қаржылық-қорытынды-есеп-беру.doc

— 519.50 Кб (Скачать файл)

       Шығыстар дегеніміз  – акционерлік капиталдың қатысушылары  арасында бөліп таратумен байланысты  емес меншікті капиталдың азаюына  апарушы активтердің шығып кетуі не болмаса таусылуы немесе міндеттемелердің көбеюі нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі азаюы. Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің азаюымен немесе міндеттемелердің көбеюімен байланысты болашақ экономикалық пайдада азаю пайда болса, онда қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте шығыстар ретінде есепке алынады.

       “Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілікті  дайындап тапсыру” №30 стандарттың  ішіне “Табыстар мен шығындар  жөніндегі қорытынды есеп” кіреді. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

       БЕХС-қа (IAS) көшу  үшін ҚР-сының Қаржы Министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсанда  №427 бұйрығымен  бекітілген.

       БЕХС (IAS) сәйкес  табыстар мен шығыстар жөніндегі есеп төмендегі 2.2. кестеде келтірілген.

Кесте 2.2

Табыстар мен шығыстар женіндегі қорытынды есеп

Көрсеткіштердің атауы

Жол коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең үшін

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен табыс

 

010

 

168741520

 

11922485,2

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

 

020

 

136639886

 

11083726,5

Жалпы пайда (010-020)

030

32101634,6

838758,77

Қаржыландырудан түскен табыстар

040

     -----

     -----

Өзге де кірістер

050

1260,19

     -----

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

060

     -----

     -----

Әкімшілік шығыстар

070

29296676,9

894458,79

Қаржыландыруға арналған шығыстар

080

2413775

    -----

Өзге де шығыстар

090

    -----

    -----

Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының /залалының үлесі

100

  

 

    -----

  

 

    -----

Жалғасатын қызмет кезіндегі пайда (залал) (030+040+050-060-070-080-090+/-100)

110

 

 

392442,9

 

 

-55700,02

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

120

    

      -----

 

     -----

Салық салынғанға дейінгі пайда 110+/-120

130

392442,9

-55700,02

Корпарациялық табыс салығы бойынша шығыстар

140

 

117732,87

 

     -----

Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (130-140)

150

 

274710,03

 

-55700,02

Аздық үлес

160

     -----

     -----

Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (150-160)

170

 

392442,9

 

-55700,02

Акцияға арналған пайда

180

     -----

     -----


 

 Табыстар активтердің көбеюін  немесе міндеттемелердің азаюын  көрсетеді, ал шығындар – активтердің  азаюын немесе есепті кезеңдегі  міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

2.3. Ақша қаражатының  қозғалысы жөніндегі қорытынды  есеп.

      “Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп” ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі маңызды болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

       Ақша қаражаттары  – бұл кассадағы және банк  шоттарындағы қолма-қол ақша.

       Ақша қаражаттарының  қозғалысы жөніндегі қорытынды  есептің негізгі мақсаты:

  1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
  2. Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.

       Операциялық қызмет  дегеніміз – заңды тұлғаның  табыс табу бойынша негізгі  қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.

       Шаруашылық жүргізуші  субъектілер операциялық қызметтен  болған ақша қаражаттарының қозғалысын  тікелей немесе жанама әдістерді  пайдалана отырып ашып көрсетеді:

       Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір операцияны зерттеуге және ол операцияның субъект қызметінің қай түріне жататынын анықтауға негізделген. Тікелей әдісті қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка) жасау деп түсіну керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып-өткізуден түскен ақша түсімінен бастау керек. Одан тауарды сатып алу бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының сомасыншығарады.

       Зерттеу жүргізілген  “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін операцияларға төмендегі операциялар жатады:

       а) тауарларды  сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша қаражаттары;

       ә) көрсетілген  қызмет үшін алынған аванстардың  сомасы;

       б) басқадай әртүрлі  сипаттағы табыстардың келіп  түсуі.

       Ақша қаражаттарының  шығуы:

       а) келіп түсетін  тауарлар және көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушыларға        және мердігерлерге ақша төлеу;

       ә)  атқарылатын  жұмыстар үшін аванс төлеу;

       б) еңбек ақы  төлеу;

       в) бюджетпен есеп  айырысу;

       г) басқадай төлемдер.   

      Жанама әдіс – бұл таза табысқа несие зиянға ағымдағы активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету (корректировка) жасалынатын әдіс.

       Бұл әдіс бухгалтерлік  баланс және табыстар мен шығыстар  жөніндегі қорытынды есептің  ақпараттарына негізделген.

       Жанама әдісте  табыстар мен шығыстар жөніндегі  қорытынды есептің әрбір бабын  түзету (корректировкалау) көзделмейді. Бұл әдіске сәйкес есеп беру  мерзіміндегі таза табыстың (зиянның) өткен есеп беру мерзімімен  салыстырғандағы өзгеру корректировкаланады.

       Инвестициялық  қызмет дегеніміз – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.

       Иенвестициялық  қызметтің нәтижесінде пайда  болатын ақша қаражаттарының  қозғалысына төмендегілер жатады:

  1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:

-    негізгі құралдарды  сатып-өткізу;

  • басқалары.
  1. Ақша қаражаттарының шығуы:

-   негізгі құралдарды сатып  алу;

       Қаржылық қызмет – кәсіпорынның нәтижесі меншікті капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын қызметі.

       Қаржылық қызметтің  нәтижесіндеболатын ақша қаражаттарының  қозғалысын төмендегі операциялар  айқындайды:

  1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
  • басқалары.
  1. Ақша қаражаттарының шығуы:

Қажлылық қызметте зерттеліп жатқан кәсіпорында ақша қаражаттарының шығуы 2006 жылда көрсетілмеген.

 

 

ІІІ Бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

        3.1 Қаржылық жағдайдың мәні, талдау  мақсаты және 

              әдістері.

       Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

       Кәсіпорынның  қаржы жағдайы осы кәсіпорынның  белгілі бір кезеңдегі қаржылық  тұрақтылығын және оның өз  шаруашылық қызметін үздіксіз  жүргізуі мен өзінің қарыз  міндеттемелерін уақытылы өтеуі  үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

       Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығы – бұл  тәуекелділіктің мүмкін болатын  деңгейінде төлем қабілеттілігі  мен несие қабілеттілігін сақтай  отырып, табысты өсіру негізінде  қаржыны тарату мен пайдалану  арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.

       Қаржылық тұрақтылықтың  мәні – бұл қорлар мен шығындардың  қалыптасу көздерінен қамтамасыз  етілуі.

       Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық жағдайына  көптеген факторлар әсер етеді:

  1. пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
  3. құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
  4. әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және бойынша.

       Ішкі факторлар  кәсіпорынның өзінің жұмысын  ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

       Негізгі ішкі  факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның  тұрақтылығы ең бірінші өндіріс  шығындарымен үздіксіз байланысқан  өндірілген өнім мен көрсетілген  қызметтің құрамы мен құрлымына  тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

       Қаржылық тұрақтылықтың  ішкі, маңызды факторларының бірі  – бұл қаржы ресурстарының  құрамы мен құрлымы, оларды басқару  стратегиясы мен тактикасының  дұрыс тандалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

       Сонымен бірге  тек таза табыстың көлемі ғана  емес, сонымен қатар оны тарату  құрлымы, әсіресе өндірісті дамытуға  бағытталған бөлігіде өте маңызды болып табылады.

       Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына қарыздық  капиталдар нарығындағы қосымша  жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар  үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын  ақша қаражаттарын қаншалықты  көп тартатын болса, оның қаржылық  мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл берілген.

       Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына әсер  ететін мынадай ішкі факторларды  атап көрсетуге болады:

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалайй табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрлымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарынның жағдайы;
  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

       Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

       Кәсіпорынның  қаржылық жағдайының объективті  дұрыс бағасын алудың ең жақсы  тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның  даму бағытын бақылауға, оның  шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

       Нарықтық экономика  жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі