Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка
1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
4. Бастауышы жоқ, баяндауыш арқылы тауып алуға болмайтын жай сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Мыс: Бізге көбірек оқу керек.
5. Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мыс: Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді.
6. Ойға қатысты мүшелері
түгел айтылмаған, тұрлаулы, тұрлаусыз
мүшелерінің бірі, не бірнешеуі
түсіріліп айтылатын сөйлем тол
- Қарындасым, сіздің атыңыз кім?- Лиза- Қайда барасыз?- Қарағандыға.
7. Ойды білдірмей, тек
соған байланысты заттың, құбылыстың,
мекеннің аты аталып
57. Сөз тіркесі және оның түрлері
Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қатынасқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінеді. Мысалы, Күн ұясына қонды деген сөйлемді алайық. Мұнда сөйлем кұрамына енген сөздер өзара мынандай грамматикалық (синтаксистік) байланыста тұр: Күн— қонды; ұясына — қонды.
Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды. (Т. Ә. «Сары сыбызғы»). Бұл сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: Ол қарап тұрды; жұлдыздарға қарап тұрды; аспандағы жұлдыздарға (қарап тұрды).
Біз сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып отырмыз. Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс, яғни екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жа-ғынан бағыньңқы қатынаста түруға тиіс.
Сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден кұралады. Мысалы, өршіген жел, биік мая, тоты құс. Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын кұбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі катарына жатпайды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала. Мысал ретінде кетірілген сөздер — күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тән тәсілдер арқылы қосылғанмен, казір бір ұғьмды атайтын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай кұралған тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөзге айналып кетеді. (Ашқарақ, шетел, қолғап, жапалақ). Сөз тіркесі сөйлемнің сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапкы байланысқа түсуі арқылы пайда болған бөлшегі, тұлғасы деп санаймыз. Осыған карай сөз тіркесін сөйлем құрауға қатысатын материал деп те атауға болады. Өйткені сөздер сөйлемге дара-дара кірікпейді, өзара мағыналык, грамматикалық байланысқа түсіп кіреді. Күлімдеген ай шалқып тұр: ай шалқып тұр, күлімдеген ай. Сөз тіркесі, сонымен, екі сөздің арасындағы катынасты білдіреді. Құрамы жағынан бұл сөзден де, сөйлемнен де бөлек екені анық, ал мағына жағынан қалай десек, сөз тіркесі де атауыштық (номинативтік) қызмет атқарады: оқыған бала, жаңа қалада, далада жайылған, т. т. Бұл жағынан сөз тіркестері сөзге жуық. Осылай екенін мынадан байқауға болады. Атау көп жағдайда жаңа ұғымға жуық келетін сөздерге түрлі анықтауыш қатыстыру арқылы жасалады: шай қасық, сары май. Осылай кұралған атауыш тіркестер тұтасып біріккен сөзге айналып кетеді: қол қап-қолғап.
Лексикалык, грамматикалық форма тудыру мақсатында жұмсалатын тіркестерді түйдекті тіркес деп атайды.
Экспрессивті лексиканың қатары да көп жағдайда тіркестер арқылы қорланып жатады. Аузы қышиды, ала аяқ т. т.
Бұлар фразеологиялык, идиомдық, тіркестер немесе тұрақты тіркес деп аталады. Өйткені тіркес тұтас күйінде бір ғана ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Тіркестегі сөздер даралауға келмейді, дара, дербес алынғанда, бастапқы ортақ лексикалық мағына жойылады.
Түйдекті тіркес те, тұрақты тіркес те синтаксис, соның ішінде сөз тіркесі синтаксисі зерттейтін объект емес. Бұларды атағанымыз тіркестің пайда болатын жайларын, олардың түрлерін байқату үшін ғана. Ескертіп кететін нәрсе - тіркес, сөз тіркесі деген екі терминдік атауды ажыратып тану керек. Тіркес — тілдегі процестің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы мағынада жұмсаймыз. Сөз тіркесі — тіркестің белгілі шартқа сай көрінісі. Сөз тіркестері компоненттерінің құрамына қарай жай сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі деп екі топқа бөлінеді.
Екі жай сөзден құралған сөз тіркесі жай сөз тіркесіне жатады. Егер тіркестің бір компоненті ретінде күрделі сөздер қатынасса, оны күрделі сөз тіркесі деп атаймыз: көлге қонды — жай тіркес, көлге қонып жатыр — күрделі тіркес.[10-13-б]
60. Сөздің атауыштық қызметі. Сөз және нысан
Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу
алғаш екі топ ретінде (атауыш
сөздер, шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталған..
Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру
олардың мағыналық
1. Атауыш сөздер – лексикалық
мағынасы бар сөздер. Олар сөйлемдегі
негізгі ойды білдіреді,
1. Атауыш сөздердің бәрі
2. Атауыш сөздер лексикалық
3. Атауыш сөздер сөйлемді
4. Атауыш сөздерсіз ойды жеткізу мүмкін емес.
5. Бұл топтағы сөздердің
6. Атауыш сөздер сөйлемнен тыс
та қолданылады, мәселен,
Міне, бұл белгілер атауыш сөздерге жататын 7 сөз табының бәріне қатысты. Бұл – осы сөз таптарының ұқсастық белгілері, бәрінің бір топ болуына негіз болған белгілер. Қалған сөздердің тобында бұл белгілер жоқ.
18. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы, зерттеу нысаны және салалары
Лексикология — сөз туралы ғылым. Тілдің сөз байлығын, яғни лексикасын зерттейтін саланы лексикология2 деп атайды. Лексикология сөздерді лексикалық единицалар ретінде қарастырады.Сөз – қыры-сыры мол, күрделі категория. Сөздің мағыналық, дыбыстық жағы, шығу төркіні, даму тарихы, қолдану ерекшелігі, жасалу жолы, өзгеру жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар. Сөздің осындай сыр-сипаттары оның аса күрделі категория екенін дәлелдейді.
Қазақ лексикологиясы казақ
тілінің негізгі сөздік қоры мен
сөздік құрамын, оның дамып, баю жолдарын,
фразеологияны, олардың түрлерін зерттейді
және қазақ тілі лексикасының осы
заманғы қалпын, оны құраушы сан
алуан арналар мен қат-
Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.
Ономасиология-атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым – этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Этимология
сөздердің шығуын зерттейді.
Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.Сөз лексикалық тұлға. Сөз – тілдің ең маңызды, ең басты категориясы.
Сөз — ұғымның материалдық
көрсеткіші.Белгілі бір
Тілімізде бұдан басқа толып жатқан есімдік, сан есім, одағай, шылау сөздер де бар. Бүл сөздерде алдыңғы топтағыларға тән қасиеттердің бірі болса, бірі болмайды: олардан жасалатын туынды сөздер де көп емес, сондықтан тілдің сөздік құрамын дамыта алмайды. Бұлардың атауыштық мәні мен ұғымға қатынасы жок.Сонымен, лексиканың негізінен карастыратыны – табиғат пен қоғамдағы сан алуан құбылыстар мен заттардың аттары болатын дербес сездер.Табиғат пен қоғам өміріндегі кұбылыстардың бәрі де тілдегі сөздермен аталады. Дүниеде бар нәрсенің сөзбен аталмағаны жоқ десе болады. Адам күнделікті коғамдық енбек процесінде айналадағы заттардың, жаратылыс құбылыстарының өзі бұрын білмеген сырларын таниды, түсінеді. Адамның айиаладағы заттарды танып, білуі сөз аркылы тұрақты ұғым болып қалыптасады
. 27. Сөздердің тұлғалық құрамдарына қарай бөлінуі, күрделі сөздер, оларды топтастыру принциптері
Тіліміздегі сөздер құрамына қарай, ең әуелі, жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екі топқа бөлінеді.
Жалаң сөз деп – құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп – құрамында ең кемінде екі не одан да көп негізгі түбірі бар сөздерді айтамыз. Мыс: ас, астық – жалаң, мая-мая, өнеркәсіп – күрделі.
Күрделі сөздер кемінде 2 не одан да көп дара сөзден немесе жалаң я туынды түбірден құралған сөздерді айтамыз.
Күрделі сөздердің түрлері: біріккен, қос, қысқарған сөздер, тіркес сөздер.
Екі немесе одан да көп түбірден
құралған сөзді күрделі сөз дейді.
Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық,
боз торгай, қара торы, он уш сияқты
сөздер күрделі сөздер болып табылады.
Себебі бұлар кемінде екі түбірден
құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ,
(ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе
ащы және тас), бесжылдық (бес және
жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара
торы (қара және торы), он уш (он және үш).
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен
сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос
сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған
сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер
(қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.
Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз
тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары
(біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы
жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан,
күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі
болып табылады.
28. Қазақ лексикографиясының қалыптасуы. Сөздіктердің түрлері мен ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тілі сөздіктерінің түрлері. Белгілі бір тілдегі сөздіктердің жиынтығын лексикография дейді.
Тіл-тілдегі сөздіктердің түрлері көп. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Қазақ тілінің өзге салалары сияқты, сөз байлығы да революцияға дейін арнайы ғылыми зерттеудің объектісі болған емес. Қазақ тіліндегі қолданылып жүрген сөздерді есепке алып, жүйелеп, алфавит тәртібіне келтіру тек Октябрь рсволюциясынан кейін болды десе артық емес.Түркі тілдерінің ен алғашқы сөздігі Махмуд Ибн-Хусаин Қашғаридың 1068 жылы жасаған — «Диуани лұғати түркі» тілдері сөздігі болды.Бұл сөздік туралы бұрынды-соңды айтылган пікірлер мен берілгеп бағаларға қарағанда, сөздіктің құрылуы, системасы, сөздерді жүйелеу тәртібі, оларды салыстыра түсіндіру жағынан күні бүгінге дейін көне түркі тілдері тарихы жөнінде аса құнды еңбек делініп бағаланады.Бұл сөздік — үш томдық.Сөздікте автор түркі тілдері сөздерін ғана беріп қоймайды, ол тілдердегі сөздердің кейде тарихын, грамматикалық өзгешеліктерінен де мәлімет беріп отырады. Сонымен бірге, өз заманындағы ру-тайпалардың, халықтардың топонимикасына байланысты тарихи мәліметтер де береді.