Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка

Краткое описание

1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ШПАРГАЛКА 2.docx

— 175.00 Кб (Скачать файл)

   5. Зат есім көлемдік  септіктерде тұрып немесе түбір  тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп -мақсаттық мәндегі шылаулармен  тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін  атқарады.  Мысалы: Орманның оңтүстік жақ бүйірінен  Жол шықты айдаһардай иірілген (С.М) Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С.С) Бұл сөйлемдерде бүйірінен (қайдан) шығыс септікте, көкке қарай (қайда қанат қағып?) барыс септіктің үстіне қарай шылауы тіркесіп, пысықтауыш болып тұр. 

Көмекші есімдер — негізгі  сөздерге телене жұмсалып, олардың  кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын  сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой  сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ  сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап  атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдікжағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен  негізгі сөздермен көбіне изафеттік  байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің  бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші  есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен  тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең  сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш

 

51. Грамматикалық ұғымдардың (грамматикалық мағына, форма, грамматикалық тәсілдер, грамматикалық категория) негізгі сипаты.

Грамматика тілдегі грамматикалық  еденицаларды және ол еденицалардың  әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас  жасауда іске жарататын, әрі олардың  бір – біріне жігінажырататын  тәсілдерді, құралдарды зерттейді.  
Грамматикалық негізгі еденицалар – морфема, сөз тіркесі және сөйлем. 
Грамматикалық еденицалардың негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен байланысын айқындауға т.б. қатысы бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категория туралы ұғымдар енеді. 
Сөзде лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді. Мысалы: жер жырттық, егін салдық, қайнады еңбек (Жамбыл) деген сөйлемдердегі жырттық, салдық деген сөздердің лексикалық мағыналарынан басқа бірнеше грамматикалық мағыналары бар: 1) іс - әрекеттің өткен мезгілге қатысты екендігін білдіреді (бұл шақтық мағына, соның ішінде жедел өткен шақ) іс - әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы істелгендігін білдіреді (бұл көптік мағына); 2) іс - әрекеттің бірінші топқа қатысты екендігін білдіреді (бұл – жақтық мағына).  
Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл – тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: 
Афиксация тәсіл. Мысалы, Жолдас – тар.  
Қосарлану тәсілі. Мысалы, Жан – жануар, алу – алпыс, көр – көре, қап – қара. 
Көмекші сөздер тәсілі. Білу үшін, күн мен түн. 
Интонация тәсілі. Ол – оқушы, қандай тамаша. 
5. Грамматикалық тәсілдердің қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады. Сөздер орын тәртібіне мысалы, сағат қалта, қалта сағат. 
Жоғарыда аталған грамматикалық тәсілдер грамматикалық мағыналарды сөз ішінде және сөз сыртында білдіру ыңғайына қарай синтетикалық тәіл және аналитикалық тәсіл болып табылады. Синтетикалық тәсілдер қатарына афориксация, ішкі флекция, екпін тәсілдері енеді де, аналитикалық тәсілдердің қатырына көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдері жатады.  
Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.  
Тілдегі мағына мен форма, соның ішінде грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір – бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана, грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Керісінше, белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде, танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажет. Мысалы, Тананың махаббаты деген тіркестегі ана сөзі білік септік формасында келіп, меншіктенуші мағына білдірсе, махаббат тәуелдік формада келіп, тәуелді мағынаны білдіреді. 
Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі – грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық катьегория туралы ұғым гармматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады. Олар мен әрқашан тығыз байланысты болады. Себебі, 1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған байланысссыз өмір сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді; 2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты, қандай бір грамматикалық категория болмасып, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. 

 

19.Сөздің морфологиялық  құрамы, түбір морфема

Морфология – грамматиканың арнаулы саласы. Ол сөздердің құрамы мен формалары, морфема және оның түрлері, сөз таптарын зерттейтін ғылым.Сөздер өздеріне тән белгілі мағынасы мен қызметі бар түрлі бөлшектерден және морфемалардан тұрады. Морфема дегеніміз – сөздің лексикалық не грамматикалық мағыналарын білдіретін, ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кішкене бірлігі.Морфема түбір морфема және қосымша морфема болып бөлінеді.

Түбір морфема дегеніміз – сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналық ең түпкі негізі. Мысалы: қалалық, жастық.Қосымша морфема – түбір морфемаға қосылып, оған қосымша мағына үстейтін (не лек-қ, не грам-қ) дербес бір қызмет ете алмайтын морфемалардың түрі.Қосымшалар жалғау және жұрнақ болып екіге бөлінеді.Жалғау: көптік, септік, тәуелдік, жіктік болып төртке бөлінеді.Сөздің морфемалық құрамы.

Қандай да сөз болмасын негізінен белгілі бір дыбыстардың  жиынтығынан тұратыны белгілі. Сөздің сыртқы қабыршағы - дыбыстар. Демек,  сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек (единица) дыбыстар екен. Бірақ дыбыстар сөзді құрайтын ең кіші бөлшек бола тура өздері жеке тұрып, ешбір мағына, мән (лексикалық та, грамматикалық та) бере алмайды. Сондықтан дыбыстар , олардың жасалуы, қолданылу ерекшеліктері, сипаты, т.б. соған байланысты толып жатқан заңдылықтары фонетикада қаралады. Ал морфологияның объектісі болу үшін тілдік еденица жоғарыда көрсетілгендей белгілі бір грамматикалық мағына білдіріп, сөйлеу процесінде (контексте) белгілі бір қызмет атқарып тұруы керек.

Сөздің қолдану негізінде  қалыптасқан көбіне бір ғана лексикалық мағынасы болғанмен, сөйлеу процесінде сөз бір я бірнеше грамматикалық  мағына білдіруі мүмкін. Олай болу сөздің сөйлеу процесінде қандай мәнде жұмсалуымен, басқа сөздермен қарым-қатынасқа  түсу дәрежесімен, соның нәтижесінде  көтеріп тұрған семантикалық - стильдік жүгімен және түрлі тұлғада жұсалуымен байланысты. Мысалы:

Сүй-е-мін ту-ған тіл-ді ана-м тіл-і-н,

Бесік- те жат-қан-ым-да-ақ бер-ген  біл-ім,  (С.Т.) дегенді көрсетілген бөлшектерге бөлуге болады, өйткені олардың әрқайсысының контексте білдіретін грамматикалық мағыналары бар, сол жердегі тұрғысына байланысты белгілі қызмет атқарып тұр. Сүйемін деген сөзде бір лексикалық мағына бар, ол - нақтылы сүю қимылы, оны білдіріп тұрған сөздің сүй бөлшегі, ол - тілдің сөздік құрамына енетін жеке сөз, сөйлеу процесіне түсудің арқасында (лексикалық мағынаның жалпылануы арқасында) бұл сөзде қимылды білдіруі сияқты жалпы яғни грамматикалық мағына қалыптасқан. Сөздің бұл бөлшегінде басқа да грамматикалық мағына бар,  ол -  сабақтылық мағына яғни бұл қимылдың тура объектіні талап етуі. Бұл мағынамен бірге осы сөздің басқа бөлшектері (сүй деген үстелген тұлғалар) сөзге түрлі грамматикалық мағына үстеп отыр:  -е  -  қимылдың белгілі мезгілде болуын яғни шақтық (ауыспалы осы шақ және сөйлемнің модальдылық сипатын белгілеп тұр), - мін- қимылдың қандай субъект арқылы іске асуын яғни жақтық (1 жақ, жекеше) мағыналы білдіріп, өзі сол жалғанған сөзін (сүйе) предикаттық қатынаста, мен деген сөзбен байланыста жұмсалуға дәнекер болып тұр. Тілін деген сөзде де бір лексикалық мағына, нақтылы зат атауы бар, оны білдіріп тұрған – сөздің тіл деген негізгі бөлшегі, сөйтіп, грамматикалық тұрғыдан  жалпы зат атауын білдіру мағынасы бар. Сонымен бірге бұл бөлшекке - і деген қосымша бөлшек қосылу арқылы тәуелдік мағына (жақтық мағына тағы бар) үстелген.

 

25. Сын есім, лексика-грамматикалық  сипаты, мағыналық топтары. Сапалық  сын есімнің шырай категориясы.  Субстантивтену, адъективтену амалы

  Сын есім - семантикалық сипаты жағынан (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан заттың әртүрлі сапа, белгісін, түсін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер, сондықтан қандай? қай? қайдағы? қашанғы? тәрізді сұрақтарға жауап береді.

  Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:

1. Заттың түсін, түрін  білдіреді: ақ (қағаз), көк (сия), қара (костюм), сұр (бұлт), құла (бие), күрең (ат), қызыл (сиыр), жасыл (желек), т.б.2. Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), кіші (інісі,)тар (бөлме), ұзын (жіп), жеңіл (жүк). т.б.3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), сараң (кісі), тентек (бала), алғыр (оқушы), зерек (оқушы), жалқау (кісі)т.б.4. Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (сөз), тұщы (ас), қышқыл (қымыз), тәтті (су), жұмсақ (төсек) т.б.5. Затқа, қимыл-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), қысқы (каникул)т.б.6. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жақсы (қандай?)бала, таза (қандай?) бөлме, қызыл (қандай?)орамал, үлкен (қай?) бала, кіші (қай?) қызы. Сөйтіп,  заттың сынын, сапасын, сипатын түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.

  Мағыналық жағынан  сын есімдер заттың сапалық,  сындық белгісін, түсін білдіріп, сапалық сын есім және бір  затқа, құбылысқа, қимылға қатысын  білдіріп, қатыстық сын есімдер  болып бөлінеді. Сапалық сын есім  мен қатыстық сын есімнің айырмасы  ең алдымен білдіретін мағынасына  байланысты.

  Негізгі түбір сын  есімнің өзінен болып, заттың  сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын  болса, ол сапалық сын есім  болғаны. Мысалы: көк (шөп), қызыл (бояу), жақсы (сөз) т.б.

  Сын есім басқа сөз  табынан да жасала береді. Зат  есім, есімдік, етістік, үстеуге  сын есім тудыратын жұрнақтар  жалғанып,туынды сын есім жасалады.Оны  қатыстық сын есім дейді.          Сын есімнің жасалуы.

 Сын есім құрамы  жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негіз түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: қара, көк, биік, таза,жақсы,сары, т.б.

Бұл сияқты сөздер- әрі қарай  бөлшектеуге келмейтін негізгі  түбірлер.

  Басқа сөздерден жұрнақ  арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш-пелі, (ел), кеш-кі (ауа), өнер-лі Сын есім сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіңілілі, қара көк, ақ сақалды, т.б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады.

Бір ғана түбірден, негізгі  немесе туынды түбірден тұратын сын  есімдер дара сын есімдер деп аталады.

Сапалық сын есімнің  шырай категориясы

 Шырай категориясы әдетте сын есімнің категориясы деп танылып жүр. Бірақ, біріншіден , сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын есім сөз табына жататын сөздердің барлығы шырай тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез-келген сын есімге жалғана бермейді. Мысалы,  жақсы-жақсырақ-жап-жақсы-тым жақсы, үлкен-үлкендеу-үп-үлкен-аса үлкен, т.б. болса да, таулы дегенне таулырақ, не тап-таулы деген сөз формаларын, шырай түрлерін жасауға болмайды. Яғни сын есімнің бір түрі- сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы- қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды да  одан шырай түрлер жасалмайды.

1. Салыстырмалы шырай бір заттың сынын (я сапа-сын, түсін) екінші заттың бір тектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің (түстердің) бір-бірінен я артық,я кем екенін білдіріп,белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол қосымшалар а) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: үлкен-үлкенірек, ащы-ащырақ т.б.

ә) -лау, -леу,-дау, -деу, -тау, -теу : толық -толықтау, кіші-кішілеу т.б.

Бұл екі қосымша сапалық  сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай береді.Сондай-ақ жекелегн сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар. Олар:

1. -ғыл, -қыл, -ғылт,-қылт,-ғылтым, -қылтым. Мысалы: ақшыл, ақшылтым  т.б.

2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: көкшіл, көкшілтім т.б.

3. -ғыш, -ілдір: сарғыш, көгілдір.

4. -аң, -қай, -ша, -ше :қоңырқай, ұзынша.

2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындардың бірінің екіншісінен  не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі. Ол бір заттың бастапқы сынын (белгісін) күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады да, күшейтпелі буын немесе өте, аса, ең, тым, нағыз, орасан, ыңғай, кілең тіпті т.б. күшейткіш үстеулер арқылы жысалады.

Сын есім сөйлемде әдетте зат  есіммен тіркесіп, анықтауыш қызметін атқарады.

Субстантивтену (лат. substantivum - зат есім)[1] — басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге айналуы. Адвербиалдану – үстеуге айналу: зорға, бірден, босқа, текке, абайсызда, қапыда

 

30. Қосымша морфема,  жіктелуі, мәні мен түрлері.

Морфема дегеніміз – сөздің лексикалық не грамматикалық мағыналарын  білдіретін, ары қарай бөлшектеуге  келмейтін ең кішкене бірлігі.

Морфема түбір морфема және қосымша морфема болып бөлінеді Қосымша морфема – түбір морфемаға қосылып, оған қосымша мағына үстейтін (не лек-қ, не грам-қ) дербес бір қызмет ете алмайтын морфемалардың түрі.

Қосымшалар жалғау және жұрнақ болып екіге бөлінеді.

Жалғау: көптік, септік, тәуелдік, жіктік болып төртке бөлінеді.

Жалғаулар, бір жағынан  форматудыратын қосымшалардың бір  түрі болып табылады, өйткені форма  тудыратын жұрнақтар сияқты жалғаулар  да өзі жалғанған сөзге белгілі  бір грамматикалық мағына (мысалы, көптік, тәуелдік, жақтық, меншіктілік, объектілік, мезгілдік, мекендік-бағыттық т.б.) үстеп, белгілі бір топтағы  сөздердің (сөз табының) түрлену  формасы болып табылады. Екінші жағынан, жалғаулар форма тудырушы жұрнақтардан сөйлемдегі қызметі жағынан , яғни сөздерді байланыстыру сипаты жағынан ажыратылады. Сөйтіп, жалғаулардың форма тудырушы жұрнақтардан ең басты айырмашылығы сөз байланыстыру қызметіне байланысты.

Білдіретін грамматикалық  мағынасы мен сөздерді байланыстыру қызметінің ерекшелігіне қарай тіліміздегі  жалғаулардың төрт түрі көрсетіліп жүр: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау. Бұл жалғаулардың қай түрі болсын грамматикалық мағынасы мен қызметі жағынан белгілі  сөз таптарына қатысты болып  келеді. Мысалы, көптік, септік, тәуелдік жалғаулары зат есімге қатысты және зат есімнің түрлену жүйесі, грамматикалық  категориялары болып табылады. Өйткені  бұл жалғаулардың білдіретін мағынасы сөздің заттық мағынасымен байланысты да, зат атауын білдіретін сөздерге немесе басқа мәндегі сөздерге жалғанса, оны заттандырып (субстантивтендіріп) жібереді: талаптыға (адамға) нұр жауар, еріншектің (адамның) ертеңі (ертеңгі  күні) таусылмас, т.б. Ал жіктік жалғау мағынасы мен қызметі жағынан  субъектінің (әрекет иесінің) жағын  білдіретіндіктен, қимылды білдіретін сөздерге (етістікке) тән болып келеді. Бірақ есім сөздер де жіктеле алады. 

 

36. Етістіктің лексика-грамматикалық  сипаты. Етістік түбірлер, олардың  семантикалық ерекшеліктері. Күрделі  етістік

Етістік семантикалық мәні айқын  болса да, грамматикалық сипаты сан-салалы, түрлену тұлғалары әр алуан сөз  табы.

Етістік тұлғаларының жүйесін, оның грамматикалық сипаттарын түсіну үшін, етістіктің сөйлемде қолданылу  ерекшеліктеріне назар аудару керек.

Біріншіден, етістік түбір  тұлғасында тұрып қолданылмайды.

Екіншіден, етістік жіктеліп барып немесе тұйық етістік, есімше, көсемше түрлерінде ғана қолданыла алады: оқу үшін келді, жүре сөйлесті, оқығалы келді, айтар сөз т.с.с.

Үшіншіден, етістік түбірі қалып етістігі мен бұйрық рай  тұлғасын есептелмегенде, тікелей жіктелмейді. Етістіктің түбір тұлғасына үстелетін  грамматикалық форманың барлығы  бірдей жіктеле бермейді. Мәселен, күшейтпелі етістік (ыңқыра, іңкіре), етіс, болымсыз етістік түрлері тікелей жіктелмей, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғаларының бірі үстелгенде ғана жіктеледі.

Информация о работе Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"