Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка

Краткое описание

1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ШПАРГАЛКА 2.docx

— 175.00 Кб (Скачать файл)

 

16. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған есімдіктер

Есімдік – лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты  атамай, солардың орнына жүретін сөз  табы. Сондықтан кейде оны орынбасар  сөз табы деп те атайды.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.

Сөйтіп, есім сөздердің (зат  есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп  аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді  де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан  да кейде есімдікті орынбасар  сөздер деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай  жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; .7) белгісіздік  есімдігі.

ЖІКТЕУ  ЕСІМДІГІ. Бслгілі  бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп  аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.  СІЛТЕУ   ЕСІМДІГІ.Сілтеу есімдіктері меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Сұрау есімдігі. Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б. Өздік есімдігі Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады.  ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ.    Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.                                              БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЕСІМДІГІ.Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме.                                       БЕЛГІСІЗДІК ЕСІМДІГІ. Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады.

 

17. Үстеудің семантикалық  тәсіл арқылы жасалуы

Өзге сөз таптары сияқты морфологиялық өзгерістерге енбейтін, іс-әрекеттің әртүрлі сындық белгілерін, бейнелік, мекендік, мезгілдік,мөлшерлік  жай-күйін білдіретін сөз табы үстеу деп аталады.

Үстеулер құрылысы мен  құрамы жағынан екі топқа бөлінеді: негізгі үстеулер және туынды үстеулер

Үстеуді жеке сөз табы деп  танытатын оның басты белгісі -  семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т.б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты –  оның арнайы морфологиялық түрлену  жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу  сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау,  әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ,  әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-ірек, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді.

Үстеудің мынадай мағыналық  түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен  үстеуі, сын-қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі.

Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген  сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді, т.б.

Мекен үстеуі. Мекен үстеуі іс-әрекеттің болу орнын, бағытын  білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері  де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен  түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т.б.

Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін  отырды, бостан-бос жүрді, т.б.

 Сын-қимыл үстеулері  де құрамы жағынан негізгі  я туынды түбір немесе күрделі  түбір бола береді.

Мөлшер үстеуі. Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде  етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын  есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым  көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері  жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен  тіркесіп, қалай? қанша деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша, анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр. Мөлшер үстеулері  құрамы жағынан туынды не күрделі  түбір болып келеді.

Күшейткіш үстеу. Күшейткіш  үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің  белгісін я сапасын күшейтіп я  солғындатып көрсетеді. Күшейткіш  үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б.

Мақсат үстеуі. Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген  сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері  сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана, т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта  айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді., т.б.

Себеп-салдар үстеуі. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа  сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа  әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың, т.б.

 Морфологиялық құрамы  жағынан үстеу негізгі түбір  үстеулер (ерте, еш, сәл, қазір, жоғары, т.б.), туынды түбір үстеулері (балаша, соншалық, жасырын, т.б.), күрделі  түбір үстеулер (бүгін, биыл, қолма-қол,  жапа-тармағай, күні кеше, ала жаздай, томаға тұйық, қаннен қаперсіз, т.б.) болып бөлінеді.

 Үстеудің жасалуы төмеңдегідей:

1.Синтетикалық (морфологиялык)  тәсіл: -ша,-ше: қазақ-ша, қысқа-ша, ескі-ше; -лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей: өлер-дей,  шикі-лей, қыс-тай, т.б. -дайын.-дейін:  тоты-дайын таранған,; -шалық, -шелік, -шама,-шеме: сон-шалық, осын-шама; -дайлық: сон-дайлық,; -шаң, -шең: көйлек-шең,  етік-шең; -сыз,-сіз: қаннен қапер-сіз,  ысырап-сыз: -ын,-ін, -н: жасырын, үстіртін, қырын; -сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін; т.б. -ы,-і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.

2.Лексика-семантикалық тәсіл:

а) басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т.б.

 ә) семантикалық процесс  арқылы, яғни адвербиалдану арқылы  жасалған үстеулер: соң (зат атауынан  соң дегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т.б. көсемше  тұлғаларынан қалыптасқан.

3.Семантикалық-синтетикалық  тәсіл. Көлемдік септік формалары  мен кейбір сөз таптарына қатысты  жұрнақтар жалғанған сөздер адвербиалдану  (семантикалық) процесі арқылы үстеуге  айналып кеткен. Сөйтіп, бұл жерде  екі түрлі процесс, бірі –  қосымша үстелу, екіншісі – семантикалық  процесс (таза семантикалық тәсілден  айырмашылығының өзі осында, өйткені  бұл қосымшалардың үстеу тудыру  – негізгі сипаты, мәні емес), қатар жүріп отыр. Олар: а) барыс  септік арқылы: босқа, жатқа, артқа,  т.б.). ә) жатыс септік арқылы: мұнда,  түнде, алда, б) шығыс септік: шетінен,  тосыннан, қатеден, төтеден, кеңінен;  в) көмектес септік: жайымен, жөнімен,  шынымен, кезекпен,; -лап,-леп, дап,-деп, тап, теп; ойыншылар, жездейшілеп, т.б.

4.Аналитикалық тәсіл.  а) сөздердің бірігуі: бүгін  (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні  (жаздың күні), ендігәрі (ендігіден  әрі), т.б. ә) сөздердің қосарлануы: жата-жастана, аунап-қунап, жапа-тармағай, бірте-бірте, бет-бетімен, аз-аздап.  б) сөздердің тіркесі мен идиомаланған  тіркестер: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға  тұйық, күн ұзаққа.

 

49. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты мағыналық топтары. Грамматикалық категориялары. Көмекші есімдер

   Зат есім – семантикалық сипаты (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан зат атауын білдіретін сөздер, сондықтан кім? (адамға байланысты)және адамнан басқа затқа байланысты не? Деген сұраққа жауап береді. Кейбір зат атаулары біркелкі заттардың жалпы атауы, олар жалпы есім деп аталады. Мысалы, ағаш деген – бір ғана ағаш емес, жалпы атау. Зат атауының кейбіреуі жеке, дара заттың өзіндік атауы, аты болып келеді. Мысалы, Алматы – бір ғана қаланың жеке аты. Сондай-ақ Досжан, Әкімтай, Мұхтар – жеке кісілердің аты, Ертіс, Шу, Нұра, т.б. – жеке-жеке өзеннің аты.

  Зат есім – заттың, құбылыстың атын білдіретін сөздер. Мысалы: темір, жаңбыр, сайлау, ақыл, мінез.

Зат есімдер тілдегі өзге  сөздердің барлығына әрі ұйтқы, әрі өзек болып қызмет атқаратындықтан, сөйлемнің барлық мүшелері ретінде  қолданыла береді. Дегенмен негізгі  қызметі – бастауыш, толықтауыш, анықтауыш болу.

Зат есімдер іштей жалпы, жалқы және деректі, дерексіз, даралық және жинақтық болып бөлінеді.

Біркелкі, біртектес заттардың  жалпылама атауын білдіретін сөздер жалпы есімдер деп аталады. Мыс: ағаш, ас, арал, ақыл.

Жеке я дара заттарға берілген арнаулы атау жалқы есім деп аталады.

Зат есім – семантикалық сипаты (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан зат атауын білдіретін сөздер, сондықтан кім? (адамға байланысты)және адамнан басқа затқа байланысты не? Деген сұраққа жауап береді. Кейбір зат атаулары біркелкі заттардың жалпы атауы, олар жалпы есім деп аталады. Мысалы, ағаш деген – бір ғана ағаш емес, жалпы атау. Зат атауының кейбіреуі жеке, дара заттың өзіндік атауы, аты болып келеді. Мысалы, Алматы – бір ғана қаланың жеке аты. Сондай-ақ Досжан, Әкімтай, Мұхтар – жеке кісілердің аты, Ертіс, Шу, Нұра, т.б. – жеке-жеке өзеннің аты.

«Абай жолы», «Ботагөз», - жеке  кітаптардың аты, т.б. Бұлар – жалқы есімдер деп аталады. Жалқы есімдерге кісі аттары, әкесінің аты мен фамилиясы, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, завод, фабрика аттары, географиялық (жер,су) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал , кітап, ән-күй, би т.б.) аттары, мал, құс хайуанаттарға арнап қойылған  (мысалы, Тайбурыл, Құлагер) аттары болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен бастап жазылады.

    Зат есімдер  кейде қолмен ұстап, көретіндей  нақты (деректі ) затты да, (мысалы, үй, кітап, қағаз), ой арқылы ғана түсінілетін абстракт (дерексіз) затты да (мысалы, ақыл, достық,қиял) білдіреді.

    Зат есімнің  түрлену жүйесі оның көптелуі, тәуелденуі, септелуі болып табылады, өйткені көптік, тәуелдік , септік  категорияларының білдіретін мәндері  заттық мағынамен байланысты, олардың  тұлғалары өзі жалғанған сөздерге  субстантивтік мән үстейді.

   Құрамы жағынан  зат есім негізгі түбір, туынды  түбір, біріккен түбір, тіркескен  (күрделі) түбір болып табылады. Мысалы: Өнеркәсіп, белбеу, ашубас, күйші, Көкшетау, Сарысу, аяқ-табақ, азық-түлік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі.т.б.

  Зат есім  тудыратын жұрнақтар.  Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердің көпшілігі қосымша арқылы жасалған туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен екі топқа бөлініп жүр.

1. Есімдерден зат  есім тудыратын жұрнақтар:

 -шы, -ші, етік-ші, балық-шы, аң-шы. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандық, бірдеңеге икемділікті білдіреді.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік:  жақсы-лық, дос-тық т.б.

-шылық, -шілік құранды  жұрнағы: егін-шілік, айырма-шылық  т.б.

-ша, -ше: бөлім-ше, кітап-ша.т.б.

шық, шік, ыл,іл,хана, стан, кеш.

2. Етістіктен зат  есім тудыратын жұрнақтар: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ым, -ім, -м, -қы,-кі, -ғы, -гі, -іс,-ыс,-ақ, -ек, -ғыш, -гіш,- қыш, -кіш, -ын, -ін, -н, -ыш, -іш, -уыш, -уіш, -ман, -мен.т.б.

   Зат есімнің сөйлемдегі қызметі, бір жағынан, оның жалпы грамматикалық мағынасымен - заттық мағынасымен және қандай түрлену тұлғасында жұмсалуы мен, соның нәтижесінде қандай сөзбен тіркеске түсуімен байланысты.

    1. Зат есім атау  септікте тұрып, кім?,не? деген  сұраққа жауап беріп, сөйлемнің  бастауышы болады. Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған.(Ы.А) Бұл сөйлемде өзен сөзі атау септікте тұрып, (не ағар?) бастауыш қызметін атқарып тұр.

    2. Зат есім жіктеліп  келіп, сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын. Ынтымақ-оқ өтпес сауыт (мәтел). Бұл сөйлемдерде Жамбылымын, сауыт деген сөздер бірінші жақ пен үшіншіі жақта жіктеліп келіп, баяндауыш болып тұр.

    3. Зат есім ілік  септікте немесе түбір тұлғада  тұрып анықтауыш болады. Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді. (М.Ә)Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған.(С.Бег). Бұл сөйлемдерде Абайдың (кімнің?) ілік септікте тұрып,күйші, әнші, ақын (қандай адам?) туынды және негізгі түбір тұлғада тұрып, анықтауыш қызметін атқарып тұр.

    4.  Зат есім  атау мен іліктен басқа септіктердің  бірінде объект мәнін білдіріп, толықтауыш та болады. Мысалы: Көкторғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап, бұлттан асқан (С.С). Бұл сөйлемде Көкшетауды (нені мұнар басқан?) табыс септікте, бұлттан (неден асқан?) шығыс септікте келіп толықтауыш болып тұр.

Информация о работе Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"