Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка
1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
9.Графика және орфография. Қазақ жазуының тарихы. Орфографиядағы принциптер
Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.
Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін бел
Орфография (грек. орфо – дұрыс, графо – жазамын)- дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.
Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі немесе одан да көп түрде жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің (латын prinzipium - негіз, бастау) негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Көптеген т-ң емле заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б. принциптер (Р.Сыздықова). Ал С.Мырзабеков бұған қоса дифференциалдаушы принципті қосады.
Жазудың өмірде атқаратын рөлі зор. Оның да шығу, даму тарихы бар. Жазу адамдардың кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Ал ауызекі сөйлеу тілі туралы мұны айта алмайсың. Өйткені сөйлесу жүзбе-жүз кездескенде ғана болатын нәрсе. Жазу арқылы алыста жатып та, жақын тұрып та "сөйлесе" беруге болады. Жазусыз мәдениет атаулыны, өркениет атаулыны көзге елестету қиын. Олай болса, жазудың шығуын көне замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі деп есептеу керек.Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да білудің әрі теориялық, әрі практикалық мәні зор.Біз қазір жазуды сөздердің әріптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды. Оған дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды), не жеке сөзді, не жеке буынды белгілеген. Осыған орай жазудың мынандай түрлері бар екендігін айтқымыз келеді: 1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазуы, 4) әріптік немесе дыбыстық жазу.
10.Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі
Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің
сөзжасам жүйесінде қалыптасқан
өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде
жаңа сөздер көне замандардан бері
қалыптасқан заңдылықтар
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне
замандардан бері қарай қолданылып әбден
орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері
мыналар:1) синтетикалық тәсіл,2) аналитикалық
тәсіл,3) лексика-семантикалык тәсіл.
Сөзжасамның лексика-семантикалык,
тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл
арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен
сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған,
қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі,
екпін, тіл т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде
ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған:
сөз, буын, мағына, есім, шылау, Үстеу (тіл
білімі), қүн, нарық (экономика), теңеу,
суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл,
қозғалыс (физика), үш бүрыш, көбейту, қосу,
алу (математика) т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің
жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз
бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады,
оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия
жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп
тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері
де бар. Лексика-семантикалық тәсілде
сөз мағынасының өзгеруіне байланысты
ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына
ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық
тәсілдің іштей айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты
басқа сөз табына көшуі,
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей,
өз сөз табының құрамында қалуы.
Сөздің жаңа мағына алуына байланысты
басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің
көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай
отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына
көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге,
біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл
осы тұлғада, осы құрамда тілде баска мағыналары
бар және ол мағыналары алғашқы негізгі
мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс,
жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан
есім, сандық ұғым, басқа-сын есім, өзгеше-есімдік.
Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс,
жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу
- есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска,
өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді.
11. Етістіктің лексика-грамматикалық, грамматикалық категориялары
Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қорымы кең грамматикалық категория.
Заттың қимылдық процесін, жай-күйін білдіріп, болымды, болымсыз түрде жаққа, шаққа, райға қарай тұлғалық өзгерістерге енетін сөз табын етістік дейді.
Етістіктер не істейді? не істеді? не істемек? не қылды? не қылмақ? деген сұрақтарға жауап береді.
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер және күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.Жалаң етістіктерге түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалатын туынды етістіктер жатады.
Болымды, болымсыз, салт, сабақты етістіктер
Амал-әрекеттің болу, я болмау немесе тынуы, я тынбай қалуы – табиғи құбылыс.
Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады да, жүзеге аспауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады.
Етістіктің болымды түрі кәдімгі түбір, туынды және күрделі формалар арқылы білдірілсе, болымсыз түрі сол формаларға я негіздерге арнаулы –ма, -ме (-ба, -бе -па, -пе) қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бар – барма, кел – келме, сөйлеттір – сөйлеттірме, ақылдас – ақылдаспа.
Қимыл объектілеріне қатысты
болуы жағынан етістік
Сөйлеу тілінде табыс септіктегі сөзді, демек, тура толықтауышты керек ететін семантикасы бар етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Кімді? Нені? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, кітапты оқы, көзін қысты, хат жаз, мұғалімді тыңда.
Кімді? Нені? деген сұрақтарға жауап күтпейтін, табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ жұмсала бертін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Мысалы, жұмысқа бар, орныңнан тұр, үйден шықты, төмен түсті.
Етіс Қимылдың, іс-әрекеттің істеуші адамға немесе іспен байланысты затқа қарым-қатынасын білдіретін етістіктің түрі етіс деп аталады. Етістер мағынасына, морфологиялық тұлғасына қарай төрт топқа бөлінеді:
1. Өздік етіс. 2. Өзгелік етіс. 3. Ырықсыз етіс. 4. Ортақ етіс.
Есімше Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады.
1) –ған, -ген, -қан, -кен: Мен ол кісіні талай көргенмін (өткен шақ).
2) –ар, -ер, -р, етістіктің болымсыз түріне -с: Қайта кірер есігіңді қатты жаппа. Көрмес – түйені де көрмес. (келер шақ)
3) –мақ, -мек (-бақ, -бек, -пақ, -пек): Олар осында келмек.
4) –атын, -етін, -йтін: Келетінімді біледі, күтетін болар.
КөсемшеБірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында (негізгі етістік болып) қимыл, іс-әрекетті білдіріп, енді бірде қимыл, іс-әрекеттің өзі емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз. Жасалуы:
Етістіктің райлары
Етістіктің істі істеушімен, мезгілмен және басқа да жағдаймен жаққа, шаққа байланысты түрленіп құбылуын етістіктің рай категориясы деп атайды.
Етістіктің төрт түрлі райы бар: бұйрық рай, шартты рай, ашық рай, қалау рай.
Етістіктің шақтары.
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту мерзімін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Етістіктің үш шағы бар:
1) Өткен шақ 2) Осы шақ. 3) Келер шақ.
Белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты дегенде, алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағынасы, екіншіден, грамматикалық түрлену жүйесі яғни сөйлеу процесінде пайда болатын таза грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің парадигмалық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Яғни белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты сөздерді таптастырудың негізгі үш приципіне негізделеді. Осы жағынан келгенде етістік те өз алдына жеке сөз табын құрайды.
Етістік – сөз таптарының ішінде ең көлемді де күрделісі болып саналады. Етістіктің ең күрделі сөз табы екендігі оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формалардың қат-қабаттылығынан, грамматикалық категориялардың әр-түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен, т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістік зат есім секілді көне (сөз табы), басқа сөз таптарын жасауға негіз болған сөз табы.
Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр-түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
Мысалы: А.Ысқақов оларды: амал-әрекет етістіктері, қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, жылжы), қалып-сапа етістіктері (жат, тұр), ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, жатты), өсу-өну етістіктері (балала, гүлде), бағыт-бағдар етістіктері (бар, кет, әкет), көру-есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері деген сияқты топтарға бөлсе (ҚҚТ, 235) академиялық грамматикада:
2. Субъект қозғалысын, беталыс, бағытын болатын етістіктер: (кел, кет, шық, жина, тара, тарқа).
3. Субъектінің қалпы, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер: (ұйықта, оян, азай, көбей).
4. Бейнелеу етістіктері: (едірей, жыми, ырсылда, қызараңда, сайра)
5. Ішкі объектілі салт етістіктер: (құлында, гүлде). (ҚТГ, 127-128).
12. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы (Күрделі етістік, құранды етістік)
Қазақ тілінде сөз табының
грамматикалық сипаты жағынан үлкен
бір ерекшелігі - оның күрделі етістік
деп аталатын грамматикалық (лексикалық
немесе лексико- семантикалық емес) түрінің
болуында. Күрделі етістік деген
ұғым күрделі зат есім, күрделі
сын есім, күрделі сан есім, т.б.
сияқт ыұғымдардан
Бірақ ғалымдардың
күрделі етістікті түсінулері
бірдей емес. И. Мамановтың айтуынша,
есім мен көмекші етістіктің
тіркесінен құралғандар
Ал А. Ысқақов былай
анықтайды: «егер тіркесті