Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка
1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Сөз құрамы бойынша талдаудың үлгісі
Мысалы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім.
Жас- зат есім, құрамына қарай-дара, тұлғасына қарай- негізгі, мағынасына қарай- жалпы
ым- тәуелдіктің 1- жағының жалғауы
да- жатыс септігінің жалғауы, т.б.
Сөз таптары бойынша талдаудың үлгісі
Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Пайдасын көре тұра тексермедім.
Жасымда- зат есім
Ғылым- зат есім
Бар-модуль сөз
Деп- көмекші етістік
Ескермедім- етістік
Морфологиялық талдау. (сөйлем ішінен 1-зат есімге, 1- сын есімге, 1- етістікке) тұлғасы, жасалуы, құрамы, мағынасы, түрленуіне қарай талдаңыз.
Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.
Жігіттің: түбірі-жігіт, негізгі, негізгі түбірден жасалған, дара, жалпы, деректі,
- тің ілік септік жалғауы арқылы түрленген.
Ізгі: түбірі- ізгі, туынды, -гі жұрнағының жалғануы арқылы жасалған, дара, қатыстық, түрленбеген.
Сіңірген: түбірі – сіңір, негізгі етістік, -ген есімше формалы, дара, сабақты, болымды, бұрынғы өткен шақ, ашық райда түрленген.
Синтетикалық тәсіл – «синтез» (қосу) деген сөзден қалыптасқан термин. Ең түпкі мағыналы бөлшек негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы жаңа сөз жасау жолы.
Аналитикалық тәсіл – екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуі, не қосарлануы, не тіркесуі, не қысқаруы арқылы жаңа сөз жасау жолы.
Лексика-семантикалық тәсіл – белгілі бір сөздің жаңа мағынаға ие болуы арқылы жаңа сөздің жасалу жолы
Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:
1) фонетикалық талдау; 2)лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; 4) синтаксистік талдау, т.б.
Фонетикалық талдауға келетін болсақ, мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1) дыбыс жүйесі бойынша талдау. Бұған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар