Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка

Краткое описание

1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ШПАРГАЛКА 2.docx

— 175.00 Кб (Скачать файл)

Екеуі бірінші шахтаны  өзгерту қамын қарастырып отыр.БаяндауышСөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін не екенін білдіріп, сөйлемді аяқтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш деп атаймыз. Сұрақтары:  не істейді? не қылды? не істеді? не қылады? қандай? қанша? неше? нешінші? Мысалы:   Берекелі жерден мереке кетпес.

 

41. Көп компонентті  құрмалас сөйлем және оның  түрлері

Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз.

Құрмалас сөйлем байланысу  тәсілдеріне қарай үшке бөлінеді. Мысалы: Балапандар қанаттанғанша, дәуіт  те қанаттанады.

1. Салалас құрмалас

2. Сабақтас құрмалас

3. Аралас құрмалас

1. Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлем болады. Мысалы: Ержан енді болмаса шығып кететін еді, құдай оңдап поезд жүріп кетті.

2. Сабақтас құрмалас сөйлем – құрамындағы сыңарлары өзара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысатын құрмалас сөйлем. Мысалы:  Әркім өзінше қиялдап, томпиып-томпиып отыра қалыппыз.

3. Аралас құрмалас сөйлем – құрамына енген жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем.

Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей  тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды.

Салалас құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем құрамындағы  жай сөйлемдер өз ара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары  тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас  сөйлем болады. Мысалы, Бұйрық нақ осылай болса керек, резервтегі күштің бәрі осы араға төгілді (Бақ.), деген  құрмаластағы әрбір жай сөйлем бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде колданылған, сондықтан жеке-жеке айтыла алады, олардың  баяндауыштары осылай болса керек  және төгілді тиянақты тұлғада келіп  тұр. Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан  құрмаластың түрі. Құрмаласқа енген жай сөйлемдер екі түрлі жолмен байланысады.

1) Жалғаулықсыз интонация арқылы, іргелес байланысады:  Жаз ортасы болып қалды, мал әлі тойынған жоқ.

2) Жалғаулық арқылы:   Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе қоштасамыз.

Салалас құрмалас сөйлемдер  мағыналық ерекшеліктеріне қарай 6 түрге бөлінеді: ыңғайлас,  қарсылықты, себеп-салдар (үшеуі әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз), іліктес (тек жалғаулықсыз), талғаулы, кезектес (тек жалғаулық  арқылы).

1. Ыңғайлас - құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде, қарым-қатынаста айтылған салаластың түрі.

Және, да, де, әрі жалғаулықтары  арқылы байланысады.     Мысалы:     Құнанбай  Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.

2. Қарсылықты - құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін салаластың түрі. Ол: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да, сөйтсе де жалғаулықтары арқылы байланысады. Мысалы:  Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбейді.

3. Себеп-салдар - құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екішісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрі. Ол: сол себепті, себебі, өйткені, сондықтан жалғаулықтары арқылы байланысады. Мыс:

Қымыз әкеліңдер, жігіттер жолдан шөлдеп келген шығар

4. Іліктес - құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы жалпы мәнді білдіріп, соңғысы оны аша түсетін түсінік беретіндей қарым-қатынасты білдіреді. Сонша, соншалық, сондай, сол, мынау, мынадай.

Мысалы:  Тың үстіне киген  көйлегінің ұзындығы сонша – оның етегін бірнеше қыздар ұстап көтеріп  келеді.

5. Талғаулы - құрамындағы жай сөйлемдердің біреуіндегі ғана іс-әрекет, қимылдың жүзеге астындығына болжал жасауды білдіретін салаластың түрі. Әлде, біресе, я, бірде, яки, не, немесе, болмаса, не болмаса, құй, мейлі;   

    Кейде тамсанып  қойып, кейде ұзақ-ұзақ қалғып  та кетеді.

6. Кезектес - құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ойдың кезектесіп келуін көрсететін салаластың түрі.  Кейде, бірде, біресе.

Мысалы: Бірде ол сондайлық  жақсы көрінді, бірде салқын тартып алыстап кетеді.

7. Салыстырмалы – екі түрлі іс-әрекет, қасиет, жай-күй салыстырыла баяндалады. Көбінесе мақал-мәтелдерді жиі кездемеді.

Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады.

Көп қорқытады, терең батырады.

8. Шартты (жалғаулықсыз) сыңарларының мағыналары өзара шарттас болып келетін сөйлем.

Сіз сүңгіп көріңіз, одан да асыл табарсыз. Бүгін өзің осы жерге  қоншы, бәрін де көзіңмен көресің.

Көп компонентті  салалас

Үш не одан да көп жай  сөйлемдерден құралып, бір-бірімен  мағыналық қатынастары әртүрлі  болып келетін сөйлем. Мысалы:Шұғыл  орысша білмейді, Барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде екі араға  тілмаш салмай-ақ түсінісе береді.

Көп компонентті салалас  сөйлем — құрамы ен кем дегенде  үш компоненттен тұратын салалас  сөйлем. Көп компонентті салалас  сөйлем компоненттерінін бір-бірімен  мағыналык катынастары әр түрлі, олар бірін-бірі санамалап, толықтырып, айкындап отырады. Көп компонентті  салалас сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулыксыз да байланысады. Мысалы: Ақырын ғана есікті ішкеқарай  итеріп еді, болмашы саңылау көрінді, бірақ кілттіме, әлде іштен сұқпа  салган ба байқап болар емес (X. Есенжанов). Кілем, көрпе төсеулі, күмістеткен  сары ала тегене сапырулы, керектің бәрі бар, артық ешнәрсежоқ (Ғ. Мүсірепов)

 

42.  Құрмалас сөйлем, өзіндік белгілері, жасалу жолдары.

Сөйлем құрылысына қарай  жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып  екіге бөлінеді. Жай сөйлем бір  ғана ойды білдіріп, бір интонациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я  одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді. 
Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. 
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара мынадай жолдармен байланысады: 
1. Интонация арқылы іргелес байланысады. Мысалы, Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылт өнділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен. (С. М.) Бұл — екі жай сөйлемнен құралған: 1— сөйлемнің баяндауышы (не?)— бірінші рет еді, бастауышы (не бірінші рет еді?)— көруі, 2-сөйлемнің баяндауышы (кім екен?)— жігіт екен де, бастауышы түсіп калғаң, бірақ оны табуға болады (кім жігіт екен?)— ол. Бірак, бұл екі жай сөйлем әрқайсысы бөлек-бөлек болмай бір интонациямен айтылған: бірінші жай сөйлемнен кейін даус ырғагы көтеріңкі айтылып кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі бір ойды білдіруге дәнекер болып тұрады. 
2. Жалғаулык шылаулар ( кейде септеулік шылаулар) арқылы байланысады. Мысалы: Сырбай қонақтарын сол далаға онша көңілді қалыппен басқарып апара жатқан жоқ, себебі биылғы егін шығымы әлсіздеу (С. Мұқанов). Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді (М. Әуезов) деген құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен себебі деген жалғаулық шылау мен соқ деген септеулік шылау байланыстырып тұр. 
3. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнін (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, кұрмаласа байланысады. Мысалы: Құрыммбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен (Б. Майлин) деген құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы шын болса шартты рай тұлғасында келіп, тиянақсыз болып, сөйлем бітпей, келесі жай сөйлеммен жалғасып байланысып тұр. 
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас. 
Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлем болады. Мысалы: Ержан енді болмаса шығып кететін еді, құдай оңдап поезд жүріп кетті.

2. Сабақтас құрмалас сөйлем – құрамындағы сыңарлары өзара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысатын құрмалас сөйлем. Мысалы:  Әркім өзінше қиялдап, томпиып-томпиып отыра қалыппыз.

3. Аралас құрмалас сөйлем – құрамына енген жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем.

 

46. Аралас құрмалас сөйлем және олардың түрлері

Аралас құрмалас сөйлем

Құрамына енген жай  сөйлемдер бір-бірімен салаласып  та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмалас деп аталады.

Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлемдер болады. Үш жай сөйлемнен тұратын араластың бір бағыныңқы, екі басыңқы сыңары болады, ал одан да көп жай сөйлемнен құралса бір, я екі бағыныңқы, екі, я үш сөйлемі басыңқы болады.

Кеше іңірде Жабай жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік ауылынан құйғытып шыға келген жолбасар жігіттер мұны ортаға алып, оған Басқырдың Қозыға жапқан жаласын  жапты (басыңқы, бығыныңқы, басыңқы).

 

52. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері

Сөз тіркесі   сөздердің   бір-бірімен   тіркесіп   қолданылуынан пайда болады.  Сөз тіркесі жасалу үшін,  оның  кұрамындағы сөздер мағыналық және  грамматикалық жағынан  байланысты   айтылуы шарт.  Бір - бірімен байланысты десек, ол байланыс екі түрлі болады. Бірі – мағыналық жағынан, екіншісі - грамматикалық жағынан байланысты болады

Сонымен, сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен  синтаксистік байланысқа түседі екен. Ол синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

Киысу деп — басыңқы сөз бен бағыныңқы сөздің бір-бірімен жекелік-көптік жағынан, септік жағынан, род жағынан байланысуын айтамыз. Мысалы: орыс тілінде высокая гора - высокие горы, высокой горы — высоких гор. Немесе: он играл — она играла.

Қиысу орыс тілінде сөз тіркесіне де, сөйлемге де қатысты болса, қазақ тілінде ол тек сөйлемге қатысты. Мысалы: Мен келдім,сенкелдің. Қазақ тілінде қиысу — сөз тіркесінің байланысы емес, ол бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Ендеше оны предикативтік байланыс деп атау керек.

Қазақ тілінің екінші ерекшелігі - септік жалғаулары арқылы байланысуды қиысу демейді, оны матасу, меңгеру деп екі түрге бөліп қарастырады.   Мысалы:   менің  кітабым   (матасу), кітаптан оқу.

Матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: ме+нің қалам+ым, сіз+дің қалам+ыңыз, о+ның қаламы. Мұнда бағыныңқы сөз ілік септік жалғауында тұрып, анықтауыш қызметін атқарады да, басыңқы сөз тәуелдік жалғауында тұрады. Әрине, бірі - ілік жалғауында, екіншісі - тәуелдік жалғауында тұрғаннан кейін бұлардың екі сыңары да есім сөз болатындығы өзінен-өзі түсінікті.

Меңгеру - сөз тіркесі құрамындағы басыңқы сөз (етістік) бағыныңқы сөздің (зат есімнің) атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұруын керек ететін байланыс. Мысалы: киім+ді тазалау, ауыл+ға бару, үй+ден шығу, жолдасы+мен кездесу.

Қабысу - сөз тіркесі кұрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысу. Мысалы: ағаш үй, ақ орамал, он дәптер, білген кісі, барлық адам (Бағыныңқы-басыңқы сыңарлардың қай сөз таптарынан екеңдіктеріне көңіл аударыңыздар).

Сөз тіркестерінің  жалғаусыз байланысуының тағы бір  түрі бар. Оны жанасу деп атайды. Егер қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім болса (мысалы: үй, орамал, дәптер, кісі, адам), жанаса байланыскан сөз тіркесінің басыңқы сыңары — етістік болады. Мысалы: кеше келу, жапалақтап жауу, қатты сүйсіну, екі жеу, сылқ-сылқ күлу.

Жанасудың кабысудан тағы бір ерекшелігі - қабысу тек қатар тұру арқылы байланысса, жанасу қатар тұрып та, алшақ түрып та байланыса береді. Мәселен, малшылар жайлаудан кеше келді дегеңді малшылар кеше жайлаудан келді, кеше малшылар жайлаудан келді деп, "кеше" сөзінің сөйлемдегі орнын ортасына, басына ауыстырсақ та, кеше келу деген сөз тіркесінің байланысы бұзылмайды.

Сонымен, сөз тіркесі дегеніміз  не болды?

Сөз тіркесі дегеніміз  - мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің синтаксистік (еркін) тіркесі. Синтаксистік сөз тіркесі немесе еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде жасалады.

 

54. Жай сөйлемнің айтылу мақсаты және құрамы мен құрылысына қарай түрлері

Бір ғана ойды білдіріп, бір  ғана интонациямен айтылатын сөйлемдер  жай сөйлемдер деп аталады. Жай  сөйлемдер айтылу мақсатына қарай  хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып  бөлінеді.

Бірдеңенің не бір істің  жайын баяндау мақсатымен айтылатын  сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады. Мыс:  Үйдің іші жылынды.Басқа біреуден жауап күту мақсатымен айтылатын сөйлемдер сұраулы сөйлем деп аталады. Мыс: - Әй, тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың? Неге жөніңді айтпайсың? – деді Қадірбек. Біреуге бұйыру, не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз. Мыс:  Шеген! Тоқта! Қайырыла кет!Кісінің көңіл-күйін, әртүрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін, жұмсалатын сөйлемдер лепті болады. Мыс:  Құлайды-ау! Құлайды-ау! Ол бүгін келмеді-ау!

Жай сөйлемдер құрамы мен  құрылысына қарай бірнеше түрге  бөлінеді: Жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы.

1. Жалаң – бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған  жай сөйлем. Мысалы: Күн суыды.   Жаңбыр жауды.

2. Жайылма - бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелердің ең кем дегенде бірі қатысатын сөйлем . Мыс:  Бұл қобалжуды Сәкен жақсы біледі.

3. Жақты – бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауыш арқылы тауып алуға болатын жай сөйлем. Мысалы: Отаным үшін аттансам, ақ семсерді қолға алам.

Информация о работе Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"