Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка
1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
2. Қырғыз қағанатына тән Енисей жазу ескерткіштері. Енисей жазу ескерткіштерінің қай кездерде жазылғандығы туралы түрлі пікірлер бар. Мысалы, бұл ескерткіш тілін С. Е. Малов V—VI ғасырдағы түркі тіліне, В. Томсен мен П. М. Мелиоранскийлер VI—VII ғасыр түркілер тіліне, В. В. Радлов VII—VIII ғасыр түркілер тіліне тән деп көрсетеді. Ал Л. Р. Қызласов бұл ескерт кіштерді IX—X ғасырда жазылған деген пікір айтады. Енисей жазу ескерткіштері Орхон жазу ескерткіштеріндей көлемі жағынан өте үлкен емес. Олардын, ең үлкені Уйбат өзенінің бойынан табылған. Уйбат III деп аталатын ескерткіш 478 таңбадан түрады
Бүлардың ішіндегі ен, көлемдісі де, тілдік материалы түрғысынан ең байы да, күні бүгінге дейін жанжақты зерттеліп келе жатқаны Орхон өзенінің бойында тасқа ойып жазылған жазулар. Бүл жазулардың бәрінің де тіл жағынан бір-біріне жақындығы айқын сезіледі. Сонымен қатар оларда диалектілік ерекшеліктердің бар екендігі де айқын аңғарылады. Бірсыпыра ғалымдардыц бұл ескерткіштерді белгілі бір халықтың (қырғыздар, чуваштар, хакастар) меншігіне телуге дейін барған әрекеттері де болды. Әрине, кейбір тілдердін, дыбыстык жүйесі мен морфологиялық құрылымы Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінін, тіліне өте жақын болуы, ал екінші біреулерінің олардан сәл алыстау түруы мүмкін. Қалай болғанда да үңіле зерттеген жағдайда Орхон-Енисей жазуы түркі тілдерінін, барлығына ортақ дүние екендігіне, оны белгілі бір халықтың еншісіне тели салуға көнбейтіндігіне кез жеткізуге болады
59. Тілдің концептологиялық қасиеті. Концепт ұғымы.
«Концепт» терминінің мағына ауқымдылығы өте кең. Зерттеушілер тарапынан оған берілетін анықтамалар да әр алуан. «Концепт» термині когнитивтік бағытқа дейін «ұғым» сөзімен синонимдес мәнде жұмсалған. Концепт туралы тілші ғалымдардың пікірі екіге жарылады. Бірі: концептің беретін мағынасы лексикалық мағынаға қарағанда кең (В.И. Карасик, С.А. Аскольдов) десе, екінші бір лингвистер: «концепт сол сөз мағынасымен бірлікте болады» (Д.С. Лихачев, В.Т. Москвин). Ал зерттеуші В. А. Маслова аталған екі ұғымды бөлек термин ретінде қарастырады. «Концепт» терминінің «ұғым» сөзінен айырмашылығы «ұғымда» энциклопедиялық анықтама беріледі, яғни «концепт» терминінің мағыналық аясы «ұғым» сөзіне қарағанда кең.
«Концепт» - ол тілдік тұлғаның тілдік – когнитивтік деңгейлерінің негізгі бөлшегі, әлемнің шындық немесе көркемдік негізін көрсетуші ұжымдық сананың қозғалысын айқындаушы бірлік. Адам санасындағы дүние бейнесінің үзіктері концептердің көмегімен сөз арқылы таңбаланып көрініс табады, вербалданады».
Концепт – біздің
санамыздағы, немесе басқа да ақпараттық
құрылымдардағы адамның білімі мен
тәжірибесін көрсететін діл мен
психикалық қор бірлігін түсіндіруге
қызмет ететін термин. Концепт –
концептуалды жүйе мен ми тілінің
және жадыдағы ділдік лексикалық қордың
тез орындалатын маңызды
Бүгінгі тіл білімінде концепт ұғымының жалпы ережелерге негізделген үш түрлі амалы анықталған: концепт – бұл – ұғымның мазмұны деп аталатын мағына сөзінің синонимі.
45. Әдеби тілдің қалыптасу кезеңдері туралы әртүрлі ғылыми көзқарастар. С.Аманжоловтың пікірі
Қазақтың әдеби тілі қалыптасу
және дамуы жағынан көптеген дәуірді
бастан өткізді. Әдеби тіл әбден
зерттеліп, тексеріліп, ғылыми жағынан
айқындалып жете қойды деп айтуға
болмайды. Әдеби тіл – бүкіл
қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби
тілді жасауға бүкіл қазақ
халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдениет
қайраткерлері көптен бері ат салысты.
Әдеби тіл жөнінде пікір
Академик Н.Т Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан. Ол: «Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі», - деді Н.Т Сауранбаев. Неге бұлай аталатының себебін түсіндіреді. Яғни, ол кісінің пікірінше бұның себебі; сол кездегі ақындардың еңбектерін халық сауатсыз болғандықтан пайдалана алмаған және сол ақын – жазушылардың шығармаларының дәл жазылған уақытта басылмағандығы Н.Т Сауранбаев қазақ әдеби тілін мынадай үш дәуірге бөледі:
1. ХІХ ғасырдың ІІ –
ші жартысына дейіңгі дәуір.2.
ХІХ ғасырдың ІІ – ші
Ғ.Мұсабаев «Әдеби тіл»
деген ұғымға ғылыми
3. Қазіргі әдеби тіл.
Қазақтың көрнекті ғалымдарының – Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов 1903 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Егінсу деген жерде туған.
Ал, әдеби тілдің негізі, қоры болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенін ескере отырып – Сәрсен Аманжолов марксизм ғылымы бойынша әрбір тіл әдеби тіл сатысына жету үшін төмендегі үш даму жолымен қалыпқа келетінін айтады:
1. Роман герман тілдеріндегі сияқты даяр материалдардан, тілдің тарихи дамуы арқасында, бір тілдің өзі – ақ ұлттық тілдің дәрежесіне жетуі бар.
2. Ағылшынның тіліндегі сияқты ұлттардың будандасуы, араласу арқылы жетуі бар.
3.Диалектілердің
40. Абай-қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалаушы
Абай (Ибраһим) Құнанбаев
Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын
Абай Шығыс пен Батыс
мәдениеті мен өркениетін жетік
білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен
жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилін
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылы
55. Ф. де Соссюрдің тіл білімінің қалыптасуындағы негізгі ұстанымдары
Фердинанд де Соссюр швейцар
тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің
профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен
алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі
социологиялық мектептің негізін салушы
деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын
бір ғана ағым, бір ғана мектеп, я көзқарас
шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық
өрісі өте кең, жан-жақты.
Ф. де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне
жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа
бөлеген бұл еңбегі бірнеше тарауға бөлінетін
кіріспеден және бес бөлімнен құралған.
Оның 1-бөлімі "Жалпы принциптер'', 2-бөлімі
"Синхрондық лингвистика", 3-бөлімі
"Диахрондық лингвистика", 4-бөлімі
«Географиялық лингвистика", 5-бөлімі
"Ритроспективтік лингвистика мәселелері"
деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше
тарауларға бөлінеді.
Ф. де Соссюр көтерген және өз көзқарасын
баяндаған проблемалар көп, солардың бастыларына
төмендегілерді жатқызуға болады.Лингвистиканың объектісі.
"Тіл білімі, - дейді Ф. де Соссюр, - тілді
таңбалар жүйесі ретінде зерттейтіндіктен,
ол - семиотикалық ілім, қоғам өмірінде
қолданылатын таңбаларды зерттейтін әлеуметтік
психологияның бір саласы болмақ". Бұл
саладаға Ф.де Соссюр қосқан жаңалық -
лингвистиканы тілдің таңбалық жүйесін,
ішкі құрылымын, грамматикалық жүйесін
зерттейтін ілім деп жариялауында.
Тіл - қоғамдық құбылыс. Тілдің қоғамдық
сипаты, әлеуметтік мәні туралы Ф.де Соссюрге
дейін де талай айтылған, бірақ Ф. де Соссюр
оны жаңаша, өзінше түсіндіреді. Ол тілдің
қоғамдық құбылыс екенін мойындап қана
қоймайды, оны өзінің бүкіл концепциясына
негіз, өзек етеді, барлығын содан таратады.
Тіл - таңбалар жүйесі.
Тілде таңбалық сипаттың
Ф. де Соссюр көтерген төртінші проблема
"Тіл және сөйлеу мәселесі". Ол тіл
мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ
бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек
дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі,
ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің
бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара
байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік
сипатқа ие дейді.
Тіл мен сөйлеуді бір-бірінен бөліп қараудың
ғылыми мәні зор, бірақ бұл екеуін бір-біріне
қарсы қоюға болмайды.
Ф. де Соссюр қарастырған тағы бір проблема
- ішкі лингвистика мен сыртқы лингвистика.
Ф.де Соссюр сырткы лингвистика тілді
қоғам тарихы мәдениет тарихы, саясат,
әдебиет, географиялық мекен-жай, диалектілік
жіктермен т.б. байланыста қарап зерттейді,
яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті
сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды.
Сыртқы лингвистика тіл жүйесінің, ішкі
механизмін түсіндіре алмайды, оған қатынасы
жоқ. Ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын,
жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тең ішкі
мәселелерін, өзіндік ішкі заңдылықтарын
зерттейді дейді.
Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы
бір мәселе - зерттеудің синхрондық және
диахрондық түрлері. Ол тіл білімін синхрондық
лингвистика, диахрондық лингвистика
деп екіге бөледі.Синхрондық лингвистика
тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония
бір-біріне байланыста алынған тілдік
элементтердің тарихын зерттейді. Тіл
ғылымы тарихында тіл білімінің ілгері
дамуына дәл Ф. де
Соссюрдей ықпал жасаған ғалым аз. Дегенмен,
оның концепцияларының бәрі бірдей мінсіз
де емес, еңбектерінде қайшылықтар да,
қате тұжырымдар да бар.
7.Шылаулар, түрлері. Модаль сөздердің семантикалық, грамматикалық сипаты
Шылаулар - семантикалық сипаты жағынан лексикалық мағынасы жоқ, белгілі бір сөздердің жетегінде (шылауында) жүріп, оған әр түрлі мән, грамматикалық мағына үстейтін сөздер.
Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін (А). Жомарт қазіргісі мен келешегісін салыстырып тұр (Ғ.Мұст). Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтығып тыңдаймын (М.Ә.) Бұл мысалдағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ. Бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және ертегіні термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра (сабақтастыра) байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөзбен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір-бірімен салаластыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр. Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
Сөйтіп, шылаудың басқа
сөз таптарынан мынадай
1. Шылаудың толық мағынасы болмайды.
2. Сөйлем ішінде шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
3. Шылаулар сөзбен
сөзді не сөйлем мен сөйлемді
салаластыра, сабақтастыра
4. Шылаулар түрленбейді
және басқа сөз таптарынан
жұрнақ арқылы жасалмайды. Шылаулар
- лексикалық мағынасынан айрылу
нәтижесінде туған көмекші
Модаль сөздер айтушының ойға деген әртүрлі көзқарасын білдіреді. Модаль сөздерді морфология тұрғысынан жеке сөз табы деп қарауға болатын негізгі тірек, біріншіден, семантикалық белгісі- сөздердің грамматикалану сипаты болса, екіншіден , түрлену жүйесінің болмауы, үшіншіден, синтаксистік сипаты, яғни айтушының ойға деген өзіндік өзіндік көзқарасын білдіре алуы болып табылады.
Қазіргі қазақ
тіліндегі мұндай модаль
Модаль сөздердің бірқатары сөйлем мүшесі бола алса (кейде басқа сөздермен тіркесіп келіп, күрделі мүшенің құрамында да қолданылады), бірқатары сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, сөйлем мүшесі бола алмайды: әрине, бәлкім, мүмкін, сірә, т.б.