Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка
1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
21. Тіл мен ойлау және оның арақатынасы
Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықган да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К.Маркс: "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың құралы, ойды жарыққа шығару құралы.
Бір нәрсені танып білуде тілдің атқаратын рөлі зор. Олай дейтін себебіміз, белгілі бір затты жақсы тану үшін, яғни оған ат қою үшін, ең алдымен сол заттың басты белгілерін білу керек. Сол басты белгілерін жақсы білсең, оны тану да, оған ат қою да оңай. Бұдан шығатын қорытынды: атау сөз (ұғым) жалпы (абстракты) және нақтылы (конкретті) немесе деректі және дерексіз болып екіге бөлінеді.Адам тіл арқылы ойлайды. Ұғым сөз арқылы жатталып калады. Ал сөз мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады. Сөздің мазмұнын оның ұғымы мен мағынасы жасайды да, сөздің формасын оның дыбыстық құрамы туғызады.Ұғымның сөзбен (формамен) айтылуы қаншалықты міндетті болса, сөздердің дыбыстар тіркесімен жасалуы да соншалықты міндетті. Сөздерді бір-бірімен тіркестіріп қолдану арқылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, тағы да қайталап айтамыз: тіл - ойды айтып жеткізудің кұралы. Тіл біздің ойымызды туғызып, оны жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, ол адамдардың сан ғасырғы мол тәжірибесін сақтайды және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Адам өз ойын сөйлеп, не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын, түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса, ол анық, айқын ойлай алады. .Сонымен, тіл мен ойлаудың арасына тепе-тендік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен- бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады.Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі болады. Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.
22.Тілдің таңбалық
қасиеті. Тілдік таңба мен
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Лингвистер бұл мәселеге ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Фердинанд де Соссюр өзінің "Жалпы тіл білімінің курсы" (1916) атты еңбегінде тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған және оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстырған. Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол бойының белгілері, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т.б. Бұларды шартты таңбалар деп атайды.
Тіл — таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы. Ендеше, тілді де, оның элементтерін де (морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді) тілдік таңбалар деп білеміз. Мұндағы негізгі мәселе - таңба мен мағынаның байланысында. Тілдік немесе тілдік бірліктердің таңбалық сипатына не жатады? Біріншіден, тілдік бірліктер (сөздер) нені білдірсе де жалпылап білдіреді, екіншіден, сол білдірген (танытқан) нәрсесін тіркейді және оны сақтайды, сөйтіп оны келешек ұрпаққа жеткізеді. Яғни тілдің таңбалық сипатына тілдік бірліктердің үш түрлі қызметі жатады Олар: 1) атауыштық қызмет (затқа ат қою, белгілеу, тіркеу номнативті кызметі), 2) коммуникативтік қызмет (бір нәрсені хабарлау, пікір алысу қызметі), 3) эстетикалық қызмет (сезімге әсер ету - эмоционалдық, экспрессивтік қызмет).Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы - формасы, екінші жағы - мазмұны. Мысалы, көшедегі бағдаршамның (светофордың) жасыл түсі - сол таңбаның формасы, ал "көшеден өтуге рұқсат" деген мағынасы - оның мазмұны. Тілдік таңбалардың да (бірліктердің де) дәл осындай екі жағы болады. Шартты таңбалар мен тілдік таңбалардың айырмашылықтары бар. Егер шартты таңбаның бір формасына әдетте бір ғана мазмұн сәйкес келсе, тілдік таңба әр уақыт солай бола бермейді. Кейде тілдік таңбаның бір формасына бірнеше мазмұн (мағына) сәйкес келуі мүмкін, болмаса керісінше: бір мазмұнға бірнеше форма сәйкес келуі мүмкін. Ұқсастығы: екеуінде де форма мен мазмұн бар, екеуі де — бірдеме «хабарлаудың» құралы.
Ал айырмашылықтары:1) тіл - ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Шартты таңбалардың қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау анағұрлым аз.
2) тілдің шартты таңбалардан екінші айырмашылығы - ол (тіл) мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, адамның хабарлайтын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, қуанышын немесе қайғысын да білдіреді.
3) шартты таңбалар келісім бойынша қолдан жасалады, келісім бойынша өзгертіле алады..
Тілдік таңбалар қоғам мүшелеріне бағынышты емес. Мысалы, қара, сары деген сөздерді адамдар келісіп жасаған жоқ
4) барлық шартты таңбалар сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді, олардың мағыналары тіл арқылы айқындалады, тіл арқылы түсінікті болады. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсін тіл арқылы: "қызыл шам - өтуге болмайды деген белгі" деп, қызыл шам өздігінен еш нәрсені білдіре алмаған болар еді. Сонымен тілдік таңбалардың қызметі, мәні зор екен; оның ауқымы кең. Шартты таңбалар тілдік таңбалардың кызметін атқара алмайды.
23. Жалпы тіл біліміндегі В.Фон Гумбольдтың концепиялары
Адамзат тілінің шығуы-алғашқы
адамдардың пайда болуымен байланысты.Тілдің
шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен,
екі түрлі мәселені бір-бірінен
ажыратып алу керек. Бірі – жалпы
адамзат тілінің шығуы, екіншісі
– жеке ,нақты тілдердің шығуы.
Әрине жеке тілдердің пайда болуы
кейінгі дәуірлердің үлесіне
жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық
тіл білімінде қойылған болатын.
Онда тіл «табиғи» және «жасанды»
құбылыс деген екі қарама-
Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
Тіл қоғамда
пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың,
ұлттың пайда болуына қарай,
тілді рулық, тайпалық, халықтық,
ұлттық болады. Бұлар бірінен
бірі туып отыратын категория.
24. Қазақстан Республикасының тіл саясаты. Қазіргі қазақ тілінің ахуалы.
Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы заң» баспасөзде 1997 ж., 11-шілдеде жарияланды. Бұл Тіл туралы 2-ші заң, ал алғашқысы 1989 ж. ҚазССР халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінде қабылданған болатын.
Жаңа Заң Қазақстан
Республикасында тілдердің
Мемлекеттік тіл барлық мемлекеттік
органдарда, ұйымдарда, қарулы күштерде
пайдаланылады. Мемлекеттік тілде
есеп-санақтық, қаржылық және техникалық
құжаттар жүргізіледі. Мемлекеттік
тіл сот ісін жүргізуде негізгі
тіл болып табылады. Бұдан басқа
жазбаша түрде жеке және заңды
тұлғалармен жүргізілетін шарттар
міндетті түрде мемлекеттік тілде
баяндалады. Мемлекеттік тілде елдердің
дипломатиялық таныстырылуы іске асырылады,
халықаралық келісім шарттарға
отырады, ресми қабылдаулар жүргізіледі.
Мемлекеттік тілді міндетті түрде білгенде ғана мемлекеттік қызметке қабылданады. Мемлекеттік тілді қорғауға тиісті құқықтық база қалыптастыру үшін, тілдің мәртебесін бұзу және тіл туралы заңды орындамаған кінәлі адамдарға әкімшілік жаза қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік тілді басқа тілдерге қарама-қарсы қоюға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, жоғарыда баяндалған мемлекеттік тілге және оның мәртебесіне қойылатын талаптар қазақ тілінің бір ізділікпен келе-келе негізгі ұстанымына айналуы тиіс. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар және оның басшылары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жүзеге асыруда негізгі міндеттер жүктейді.Қазақ тілін білу, пайдалану және насихаттау билік органдарымен мадақталуы қажет. Мемлекеттік тілді білу қазақстандық отансүйгіштіктің құрамдық бөлшегі болып табылады. Уақыт өте келе қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы тиіс.
14. Түркі тілдерінің топтастырылуы. Н.А.Баскаковтың топтастыруы.
Қазіргі түркітануда Н.А.Баскаковтың топтастыруы тарихи дәуірлерді есепке алып жасалған біршама толық классификация деп танылады. Ол барлық түркі тілдерін батыс хун және шығыс хун деп екі үлкен топқа бөліп қарайды. Кейін Шығыс Түркі қағанаты және Батыс Түркі қағанаты болып тағы бөлінді. Соған орай тайпалар тілі де екі жереге шоғырлануы заңды құбылыс болса керек:А.Батыс хун бұтағы
1. Бұлғар тобы. Ескі тілдерден: бұлғар және хазар тілдері. Қазіргі тілден чуваш тілі.
2. Оғыз тобы.
2.1 Оғыз-түркімен топшасы. Көне тілден 10-11-ғасырлардағы оғыз тілі (М.Қашқари тілі). Қазіргі тілден түркімен, трухмен тілдері.
2.2 Оғыз-бұлғар топшасы.
Көне тілден печенег, уыз
2.3 Оғыз-селжүк топшасы.
Көне тілден селжүк, ескі осман
тілдері. Қазіргі тілден
3. Қыпшақ тобы.
3.1 Қыпшақ-оғыз (половец) топшасы. Көне тілден қыпшақ (құман немесе половец) тілі. Қазіргі тілден қарайым, қарашай-балқар, қырым татарлары тілдері.
3.2 Қыпшақ-бұлғар тобы. Көне тілден орта ғасырдағы батыс Алтын орда тілі. Қазіргі тілден татар, башқұрт тілдері.
3.3 Қыпшақ-ноғай топшасы.
Қазіргі тілден ноғай,
4. Қарлұқ тобы.
4.1 Қарлұқ-ұйғыр топшасы. Көне тілден қарлұқ-хорезм, шығыс Алтын орда, көне өзбек тілдері. Қазіргі тілден өзбек тілі (қыпшақ диалектісін қоспағанда), жаңа ұйғыр тілдері.
Б.Шығыс хун бұтағы
1.2 Якут топшасы. Қазіргі тілден якут тілі.
1.3 Хакас топшасы. Қазіргі тілден хакас, қамасын, шор, кюэрих, алтай тілдері.
2. Қырғыз-қыпшақ тобы. Ескі тілден ескі қырғыз тілі. Қазіргіден қырғыз, алтай тілдері.
26. Көне түркі
ескерткіштері және олардың
Батыс түрк қағанатына қарағанда Шығыс түрк қағанаты үрпақтарына көп жазба мұралар қалдырған. Олар туралы қытай жылнамаларындағы деректерден басқа, түрктердің өздері де жазба деректер қалдырған. Олардың ен, үлкені де, әсіресе лингвистер үшін құндысы да Орхон-Енисей жазу ескерткіштері. Бұл ескерткіш тіл тарихына руникалық ескерткіш деген атпен енген. Руникалық жазу ескерткіштері жанры жағынан да, алфавит жағынан да, стилі жағынан да бір ізді емес. Көне туркі жазу ескерткіштерінің әрқайсысы Батыс түркі қағанатының әр дәуіріне, белгілі бір саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысып жатады. Осы ерекшеліктерін ескере отырып, С. Г. Кляшторный мен А. Н. Кононовтар көне түркі жазу ескерткіштерін 7 топқа бөліп қарайды.
1. Батыс түрк қағанатына тән ескерткіштер. Бұлар негізінен Орхон ескерткіштері деп аталады да, оған: 1) Орхон өзенінің бойынан табылған ескерткіштер, 2) Алтай тауының айналасынан табылған ескерткіштер ене-ді. Ғалымдарымыз бұл ескерткіштерді VII—VIII ғасыр-ларда жазылған деп шамалайды. Тасқа жазылған сына жазулардың ішіндегі ең үлкені де, тілдік материалдары жағынан қүндысы да осы дәуірге сай келеді.