Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 05:03, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. қазақ ұлттық костюмдерінің композициялқ негізіндегі симметрия заңдылықтары қарастырылды және қазақ ұлттық киімдерінің безендірілетін элементтері топтастырылды.
Жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық костюмнің ерекшелігімен танысу және әйел адамның ұлттық костюмің модельдеу саласынан мәлімет беру.
Кіріспе
І. Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі
1.1. Стиль және сән
1.2. Ұлттық әйел адам киімдерінің жіктелімі
1.3. Ұлттық костюмді өңдеу және киімді модельдеу
1.4. Ұлттық киімнің қазіргі заманға сай өзгеруі
1.5. Костюмнің композициялық шешімі
1.6. Костюмде ұлттық ою өрнектердің симметриялы заңдылықтары
арқылы құрастырылуы
ІІ. Костюмнің конструктивті - технологиялық өңделу барысы
2.1. Дене өлшемдері және адам дене құрлысының типтері
2.2. Костюмнің конструкциясы негізгі сызбасын құру
2.3. Костюмнің өңделу технологиясы
2.4. Костюмді сәндеп- безендіру техникасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қосымша
Готика кезеңінде көйлек қынамалы болып келіп, омырау астынан бастап кеңге жайылған, шлейфті және конус тәріздес бас киімі мен ұшты башмагы бар толық сәнқойлардың комплектісін құрады. Киімнің қынамалы болуына 1195 ж. Тиым салынып бірте – бірте кеңейе түсті. Қайта өрлеу дәуірінде моданың Отаны Италия болып есептелінді. Киімнің мінсіз жаңа үлгісін шығару үшін тігіншілермен қоса суретшілер де еңбектенді.
XVIIғ. өнері – көркем барокко
стилі, француз королі Людовик XIV
– шінің тұсында сарай
Рококо – 1730-1750 жж. өнер мен костюмде пайда болған жаңа стиль. Бұнда да бұрынғыша костюмде бастысы – безендірілу. Барлық өркениетті орта француз талғамымен киінді. Яғни кеудесі ашық корсажды көйлектер және сол матадан тігілген арттан складкалармен аяқталатын юбкадан тұратын французша Ватто деп аталатын туалет. Бұл жоғарғы сатыдағы ханымдар үшін жай жинақ болса, қарапайым халық үшін кешкі көйлек болды. Қозғалғанда, айналғанда өте әдемі көрінеді.
XIX ғ. Ампир стилінің еншісінде
болды. Лиф қатты форма алып, карсетпен
қысылған омырауды жоғары
1814 жылдан романтизм стилі бастау алды. Тар етекті юбкалар әйелдің мықынының сымбатын айқындайды. Ұзындығы полға жететін, воландармен, ленталармен сәнделген көйлектер басты назарда. Жазғы мақтақағазды маталар ресми түрде өндіріске енді. Үлкен көлемді шаш сән үлгілері кішкене тюлі бар шляпалармен көмкерілді. Шляпа страустың қанаттарымен, түстер және ленталармен сәнделді. Әйел гардеробына жәйлап ерлер киімі кіре бастады.
Бұны ағылшындың костюмі мен жаңбырға арналған плащтарынан байқалады.
XIX ғ. соңында модада түбегейлі өзгерістер белей алды. Костюм реформасы үшін күрес, карсеттен бас тарту т. б. Модаға көп өзгеріс енгізген Поль Пуаре еді. Ол әдемі әрі ыңғайлы үлгілер ұсынды. Юбканың ұзындығы тізе тұсынан, белдік белден жоғарылады, жең тарылтылды және алғаш әйелдерге іш киім, кюлот - шалбарын киюді ұсынды. Осының төңірегінде көп жанжал болды. Медлен Вионне көйлектің жаңа конструкциясының пішілу әдісін ойлап тапты. Енді мода әйелдің бар сымбыттылығын карсетсіз көрсете алатын әдіспенен жұмыстануда.Мода бір орында тұрмайды, ол дамып, жаңа жолдар іздейді.
Бүгінде мода өзіне
Әлкей Марғұлан
ою-өрнектерді төрт топқа
«Мүйіз» өрнегінің
түрлері мен атаулары өте көп.
Мүйіз сындас өрнектердің
«Қосмүйіз»-бұл бұғы мүйізін негіз еткен ою түрі. Оюдың бұл түрін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қоншына салатынын әжемнен сұрап білдім. Сонымен қатар бақыт-береке, байлық, мал-жанның көбеюі сияқты символдық мәні бар. «Арқармүйіз», «сыңармүйіз», «қошқармүйіз», «қыңырмүйіз» оюлары да киім-кешекте жиі қолданылатынын білдік.
«Қошқармүйіз»-формасы
қойдың төбесі мен екі жаққа
иіріле түскен мүйіз
Бұл ою - өрнектерді көбіне әйелдер көйлегінің өңірлеріне cалып, табиғаттың ерке құсы сынды еркіндікті, сұлулықты тілейді екен.
Ал зооморфтық
ою-өрнектер «тұрмыс-тіршілігі
Геометриялық ою-өрнектердің соңғы жақтары сопақ жұмырланған қисық сызықтар сынығынан екен. Олар ирек деп аталатынын білдім. Ирексудың шегі болуы мүмкін. Олармен бешпеттерді, қамзолдарды, шапандарды және тақияның жиегін сондай-ақ сақина, білезік, қапсырма, алқа секілді зергерлік бұйымдарды, ши тоқымаларын, сырмақтарды, кебежені, жүкаяқтарды, ыдыс-аяқ пен киім-кешектерді әшекейлеген екен.
1.2. Ұлттық әйел адам киімдерінің жіктелімі
Баскиімдер ұлттық киімдердің мәнерлі де ерекше бөлігі болып саналады, олардан халқымыздың эстетикалық талғамын аңғарамыз. Ұлттық киімдердің ерекшелігімен қоса адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай, киген киімі сонымен бірге жүздің, рудың ерекшеліктері жақсы сақталған. Ұлттық баскиімдерін қазақтар XV ғасырдың, яғни Қазақ хандығы құрылған уақыттан бастап киген.
Тымақ – биік төбелі,
маңдайы, екі құлағы бар,
Тақиялар – дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп
матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан
киетін кішігірім баскиім.
Төбетей – матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім.
Қалпақ – киізден тігілген баскиім.
Күлпәра (башылық) – Қалың матадан тігілген баскиім.
Бөрік – тері қапталған жылы баскиім.
Қыздың тақиясы алтын мен күміс өрнекті тігіспен, тиындармен, інжу өрнегімен, асыл тастармен, маржанмен, шашақпен безендірілген, үкі қыстырылған
Қасаба - қыздар киетін сәнді баскиім үлгісі. Оның желке жағы төмен қарай ұзын етіп түсірілген тақия түрінде көзге елестетуге болады.
Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім.Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән-салтанатының, салт-дәстүрінің, мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысымен қатар киелі деп есептелген.
Сәукеле 70см (2-3 қарыстай) биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Ол тәж, төбе, құлақбау және артқыбау деген негізгі бөліктерден тұрады.
Бөрік – аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы да қысқы түрлері болады. Кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, қарсақ бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік деп аталатын түрлері бар.
Орамал – қазақ әйелдерінің басына салатын орамалын да жаулық деп атаған. Әйелдер жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі жаулықтар салады.
Кимешек – қазақ әйелдеріне тән өзіндік ерекше киім – кимешекті ақ мата, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп, сан алуан түрмен әшекйлеп дайындайды. Кимешек – шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер киген. Салт бойынша кимешекті келіншек балалы болғаннан кейін киеді.
Негізгі сыртқы киімдерге – шапан, күпі, тон, жақы, жарғақ, тұлып, ішік, шекпен жатады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде осы киімдерді тігуде төрт түлік малдың терісі мен жүні үлкен рөл атқарған және ата-бабамыз оны ұқсатуды мыңдаған жылдар бұрын білген.
Тон – үлкен кісілер, әйелдер, балалар да киетін ортақ сырткиім.
Жарғақ тон – құлын, тай, лақ, бөкендердің жаздық, жүні тықыр, шелі аз терілерінен түгін сыртына, тері жағы ішіне қаратылып тігілген сырткиім түрі. Илеген теріні жақсылап сүргілеп, уқалап жұмсартады, шапан немесе шекпен үлгісінде пішіп, қалың матамен астарлайды. Бұл тонды көбінесе жауын – шашында киім сыртынан киеді.
Жақы – ертеректе ауқатты адамдар киген, жылқы терісінен тігілген, қазір өте сирек кездесетін, жағалы әрі асыл сырткиімдердің бірі. Ол тек жылқы терісінен тігілгендіктен құлын жақы, тай жақы, құнан жақы деп бөледі.
Тұлып – серке терісінен дайындалатын сырткиім. Оны бітеу сойылған мал терісінен қап тәрізді, біту етіп жасалған суық кездерде алыс жолға шыққанда кішкентай балаларды салып қоятын түрі бар. Жылқы күзетіндегіқосшы, аңшы және шанаға мінген жолаушылар ондай кішкене тұлыпқа аяқтарын салып жылытып отырады. Сонымен қатар тондардың сыртынан жамылып, қаусырып отырып суықтан сақтанады.
Ішік – қазақтың әрі сәнді, әрі жылы дәстүрлі сырткиімдерінің бірі. Ішіктің ішкі жағы аң терілерінен құралып, сыртын шұға, мауыт, барқыт, көк берен, манат, қырмызы торғын сияқты бағалы, ширақ, қалың маталармен тыстайды. Ішік те тон секілді кең, әрі ұзын тігіліп, сәнді, мол жаға салынады.
Шекпен – түйенің иірілген жүнінен тоқылған сырткиім. Шекпеннен су да, жел де өтпейтіндігі былай тұрсын, су тигендетүйе жүні ширығып, тығыздала түседі. Сондай-ақ ол матадай емес, өте берік әрі жеңіл, тез тозбайды, ұзақ киіледі.
Күпі – түйе мен қойдың жабағы жүнін ішіне қаратып, ұзыннан-ұзын сырыған, сыртын әртүрлі матамен тыстап тіккен, пішімі кең, етегі тобыққа дейін түсіп тұратын суықта, аязда киетін сырткиім.
Шапан – қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырткиімдерінің ертеден келе жатқан түрі. Тысы мен астарынынарасына жүн немесе мата салынып, сырты шұға, барқыт сияқты әдемі, әрі мықты матадан қапталып, іші астарланады.
Шапанның басты ерекшелігі жағасы, өңірі, жең ұштары әдемі ұлттық ою-өрнекпен кестеленуінде.
Әйелдердің сырткиімдері. Әйелдердің сырткиімінің үлгісінде еркектердің киіміне ұқсас үлгілер көп. Қамқа тон, шапан, күпі, камзол, бешпент қыз-келіншектерде де бар. Әйел сырткиімінің мәнерібиязы, әшекейі мол болады.
Кестелі тон - әйелдердің қысқы киімі.
Бешпент – жеңілдеу тігілген астарлы шапан мағынасында қолданылады.
Шапан – келіншектің күздік киімі.
Қырмызы тон - қыз келіншектерге арнап қызыл масатыдан тігілетін қаптал шапан. Оның жаға-жеңіне құндыз ұстап, екі өңірі мен жеңінің ұшын алтын немесе күміс зермен кестелейді. Қырмызы тон ерте кезде ұзатылатын қыздарға арнап тігіліпі жаңа түскен келіннің басты жасауларының бірі болып есептелген.
Тиін терісінен тігілген ішік – қыздардың қысқы киімі.
Күпі - әйелдің күздік киімі.
Ішкиімдер. Қазақ киімдері қолдану аясына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі ішкиімдер. Ішкиімдерге – көйлек, дамбал, желетке, камзол, кәзекейлер жатқызған.
Шалбар – белуардан төмен бұтқа киетін сырткиім түрі. Шалбарлар түрлі маталардан және қой-ешкі терілерінен (жарғақ шалбар) сәндеп тігіледі. Бұдан басқа да тысы мен астары арасына мақта, қой, түйе жүні тартылып қабу әдістерімен тігілген сырылған мата шалбар, айырбалақ, жырық балақ, кең балақ деген түрлері де бар.
Аяқ киімдер – салт атты мәдениеттің класикалық өкілдеріне саналатын көшпенділерде етіктің екі сыңары да бір аяққа арналған қалыппен, табаны түзу, оң солы бірдей етіп тігілетін болған, мұндай аяқ киімдер әсіресе көшіп- қонған кезде, қыста, аяқ астынан шапқыншылар келіп тез жиналған кезде ыңғайлы да төзімді,ұзақ уақыт киілген.