Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 05:03, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. қазақ ұлттық костюмдерінің композициялқ негізіндегі симметрия заңдылықтары қарастырылды және қазақ ұлттық киімдерінің безендірілетін элементтері топтастырылды.
Жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық костюмнің ерекшелігімен танысу және әйел адамның ұлттық костюмің модельдеу саласынан мәлімет беру.

Содержание

Кіріспе
І. Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі
1.1. Стиль және сән
1.2. Ұлттық әйел адам киімдерінің жіктелімі
1.3. Ұлттық костюмді өңдеу және киімді модельдеу
1.4. Ұлттық киімнің қазіргі заманға сай өзгеруі
1.5. Костюмнің композициялық шешімі
1.6. Костюмде ұлттық ою өрнектердің симметриялы заңдылықтары
арқылы құрастырылуы
ІІ. Костюмнің конструктивті - технологиялық өңделу барысы
2.1. Дене өлшемдері және адам дене құрлысының типтері
2.2. Костюмнің конструкциясы негізгі сызбасын құру
2.3. Костюмнің өңделу технологиясы
2.4. Костюмді сәндеп- безендіру техникасы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Гулзамира.doc

— 1.63 Мб (Скачать файл)

        Қарсыластық – пішіннің, өлшемінің, пластиканың, түстің, фактуруның күрт айырмашылығы. Қарсыластық модельде де өте қажет, себебі ол толығымен мәнерлік пішінді құрайды, сипатының әр түрлілігін анықтайды және костюмнің ортақ пішініне динамикалылықты еңгізеді. Қарсыластық компазицияда өзінің белсенділігімен ерекшеленеді.

        Адам дене бітімі костюм компазициясының негізі ретінде қарсыластақтың еңгізушісі болып табылады.

        Компазиция қарама-қарсылығының белсенді бөлігі қол мен иық болып табылады. Осында костюм пішінінің әр түрлілігі айқындалады: нюаныстығы және қарама қарсылығы. Қарсылыстықта құрастырылған костюм компазициясы барлық уақытта да өзгеше болып келеді, сондықтан да қарама-қарсылық принципі көбіне мерекелік үлгідегі киімдерде, спорттық киімдерде  және демалу үшін арналға киімдерде пайдаланылады. Қарсыластық компазициясындағы киімдер балаларға және максимализмге талпынысын көрсетеді.

       Қарсыластық костюмнің атқаратын міндеті қызметінің әр түллілігін көрсете отырып, көлемді-кеңістікті құрылымын түрліше ұйымдастырады.

       Нюанстың компазиция құралы ретінде қарама-қарсылықтан маңызы кем емес.

       Нюанс – ұқсастық элементтері бар сипаттамалардың елеусіз айырмашылықтар. Киім модельдеуде, пропорцияда, ырғақта , түстер мен реңдердің қатынастарында, коструктивті сызықтарда, бөлшектерде, фактураларда , безендірілуде, пластикада және пішіндедің өзара қатысуында да нюанстық қарым-қатынастар жиі кездесіп жатады.

        Нюаныстық қарым-қатынастарда айымвшылықтан гөрі ұқсастық көбірек бой көрсетеді, осыған орай байланыс анық көріністегі ұқсастыққа негізделеді.

        Пропорция нюансы байсалды және контрастық қарым-қатынастар арқылы құрылған пішіндерге қарағанда көбірек қолданылатын пішіннің өзіндік негізін құрайды.

        Компазиция толығымен нюанстар негізінде құрылуы мүмкін. Компазициялық құралдардың ішіндегі ең биязысы, нәзігі – нюанс киімді киімді әдемі етеді. Костюмнің матасы, түсі мен пішіні толық ойластырылып мінсіз орындалған болса, оны да нюанстау деп атауға болады. нюанс элементтер арасында қосымша байланыстар туғызып , моделдің үйлесімді шешілуіне ықпал етеді.

      Тепе–теңділік – толық ұқсастық (теңдік); сызықтың, массаның, пішіннің , көлемнің , поастиканың, түстің, фактураның қйталанылуы. Егер негізге алынған бір элемент немесе геометриялық көлем дамып ұлғайса және әр түрлі вариацияда қайталанса , костюмдегі тепе-теңдік толық шешілді деп есептеледі. Алайда , кейбір бөлек элементтер көп түрде қайталанған жағжайда, адам зерігіп, оны толық сезініп қабылдамайды, сондықтан да тепе-теңдік қатынастарды қолдануда абай болу керек.

      Суретші өз шығармашылығының объектісін үйлесімді етіп көрсетуге тырысады және бұл ұмытылса оған ырғақ заңдылықтары жәрдемші болады.  

      Ырғақ – кейбір элементтердің (дыбыстар, сөздер, заттар) белгіленген ретпен қайталануы. Ырғақ табиғаттың әр түрлі құбылыстары мен пішіндеріне, еңбек процестеріне, өнер туындыларына тән жағдай. Жазықтық пен кеңістіктегі пішін элементтерінің және аралықтарының (интервалдарының ) қайталанбалылығы ырғақтық сипаттарына жатады.

       Пішін элементтерінің және олардың арасындағы аралықтардың көп түрде бірқалыпты алмасып тұруы ырғақтық қатарларды құрайды.

        Ырғақтың қатарындағы тығыздық немесе сиректілік элементтердің үлкендігіне және арасындағы аралықтарына тәуелді. Ырғақ түрлері: кему, өсу, шапқылама.

       Эементтердің, мотивтердің немесе пішіндердің қайталануы екі типке бөлінеді:

  • қарапайым (статикалық немесе митрикалык);
  • күрделі (динамикалық).

       Статиклық ырғақты қатар ( немесе метрикалық ырғақ) – бірдей элементтерде және арасындағы бірдей аралықтардан тұратын қатар.

       Динамикалық ырғақты қатар – элементтердің ( мотивтердің) үлкендігі белгілі бір математикалық заңдылықтарға бағынып өзгеріске ұшыраған жағдайда ырғақтың көрініс алуы.

      Дынамикалық ырғақты қатар келесі өзгерістерге жол береді:

  • аралықтар ұзақтығы бірдей бола тұрып элементтердің үлкеюі немесе кемуі;
  • элементтер үлкендігі бір қалыпты болған жағдайда аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы;
  • аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы және элементтер үлкендігінің өсуі немесе кемуі.

      Элементтерді кезекпен алмастыру кезінде кейбіреуі «акцент» болып көзге ерекше көрінеді, оларды активті элементтер деп атайды. Акценті жоқ элементтер пассивті болып табылады. Активті және поссивті элементтердің біркелкі алмасып тұруы метр деп аталады. Активті элементтердің біреуінен екіншісіне дейнгі ара қашықтық динамикалық қадамды құрайды.

      Элементтер қозғалысы жылдамдығының үдеуі – темп. Темп жай және баяу, ұлғаймалы және жылдам болып бөлінеді.

       Ырғақ, метр және темптің маңызы зор, себебі олар пішіннің динамикасы мен бейненің ұйымдастырылуын, әрі сипатын белгілейді. әр түрлі мақсаттағы бұйымдарды жасауда темптің , ырғақтың, метрдің әр түрлері қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.6. Костюмде ұлттық ою өрнектердің симметриялы заңдылықтары арқылы        құрастырылуы

      Қазақ ұлттық киімдеріне әшекейленетін космогониялық ою-өрнектер.

Космогониялық ою-өрнектерге ғарыш, аспан көріністерін, күн, ай, жұлдыз қозғалыстары мен құбылыстарын бейнелейтін ою-өрнектер жататыны алдыңғы тарауларда айтылған. Киімдерге күннің шеңбері, шашағы, құйыны, сәулесі ою-өрнектер түрінде әшекейлеген. Күн шапәғы мен күн құйыны сипатты кестелеп ер адамның салтанатты шапандарына қолданылған. Сол сияқты мұндай киелі нәрсе ерге қуат береді деп есептеліп, белдіктерге, қару-жараққа бедерленген. Киімге салынатын күнде қатысты өрнек түрлеріне – «күн көзі», «күн сәулесі». «шыққан күн», «күн шеңбері» және т.б. ою-өрнектер жатады.

       Сондай –ақ түңгі аспан бейнелеуден туған «шимай» және «бітпес» өрнектері де киімге салынады.

      Түнгі аспанның басты түлғасын бейнелейтін «айшық» және «бітпес» өрнектері де киімді әшекейлеуде қолданған.

     Жұлдыздарды бейнелейтін «жұлдыз гүл», «топ жұлдыз», «жұлдыз өрнек» сияқты ою түрлері де сырт киімдеріді – бешпент, шапан, өрнектеуге  пайдаланады.

      Қазақ ұлттық киімдеріне әшекейленетін геометриялық ою-өрнектер. Қазақ ою-өрнек өнеріндегі түзу, қисық,доға, ирек, сызықтар - өмірдің тоқтаусыз, қозғалыстағы күйін бейнелей киімдерге де кестеленеді.  Мұндай өрнектер киімнің айқын көрінетін жеріне – киім өңірлеріне түсіріледі. Толқын тәріздес үзілмей әшекейленетін өрнектер жануарлар немесе аспан әлемімен  алынған күрделі өрнектердің  екі шетін  қаусырып тұру үшін қолданылады. бүгінгі таңда «Сымбат» сән академиясы «алшы», «алшымбыр» атты «үтір» тәріздес өрнекті әйелдер жайлығының, кимешектердің, бешпеттердің шетіне кестелеп жүр. Осы өрнек – бақыттың, табыстың, ақжолдың белгісі.

      Қазақ ұлттық киімдеріне әшекейленетін өсімдік тектес ою-өрнектер. Дала табиғатының  гүлдері мен түрлері халық санасында берік ұғымдар қалыптастырып қана қойма, ою мен өрнек түрінде үй затарына, киімдерге көше бастағаны  алдыңғы тарауларда айтылған.

       Киімге қолданылатын  өсімдік тектес ою-өрнектер өз кезегінде екі топқа бөлінеді. Олар – негізгі және жанама түрлері.

       өсімдік тектес  ою-өрнектің негізгі тобына –  ағаш, алмагүл, масақ, шырмауық, қызғалдақ, бадам атаулары жатады. мұндай  өрнектер әйел және ер адам  киімдеріне  молынан қолданылады. оюлардың бұл түрі  сан түрлі қиядарға  арқау болды. Олар мен безендіру қйталанбас көрік береді. Мұндай өсімдік тектес өрнектерді  тығыз және басып кестелеу арқылы түсіреді. Кейде жапсырма әдісі қолданылады. қазіргі сән түрлерінің  ерекшелігі сол – бірден осы екі, тіпті, үш тәсіл қатар қолданылуы мүмкін.

      Киімдерді безендіруге өсімдік тектес топтың жанама түрлері жиі қолданылады. Жанама  түр дегеніміз өсімдіктің тұтас емес, оның бір ғана өлшегінің  қолданылуы. Мәселен, жапырақ тектес безендіру тұрі киімдердің  етек жеңінде көптеп кездеседі. Жапырақ гүл, жапырақ ою, түйе жапырақ, қос және үш жапырақ, бес жапырақ, күлте түріндегі өрнектер «Сымбат» сән академиясынан шыққан киімдерден жие жалығысады.

       Қазақ ұлттық  киімдерінде  қолданылатын ою-өрнектердің орналасу құрылымы мен бояу үйлесімділігі.

        Әрине, киімнің  кез-келген жеріне кесте тігуге  немесе жапсыруға болмайды. Бәрі  ретіне қарай, өз орнымен қолданылып  биік талаптың тұрғысынан шығуы  тиіс.

      Ою-өрнектердің көлемі, түсі киімнің жалпы түсімен, көлемі мен және салмағымен сәйкес болуы қажет. жапсырманың гүл түріндегі формалары көбінесе сол жақ омырай түсқа жапсырылады. Ал көйлектердің етектеріне негізінен түрлі кестелер төгіледі, желбірлер тігіледі.

        Киімді өрнектеуден  бұрын оның дәл орнын анықтау керек. Әр нәрсе тек өз орнында тұрғанда ған тартымды болатыны аян.

        Алдымен, әшекейленетін  өрнектің көлемі және орны  есептеп алынады. содан соң сол  өрнектің түсінемесе түстері  анықталады.   Қазақ кесте түсін  таңдағанда екі бағытты ұстанған. Біріншісі- матаның немесе кестенің өңін ашып көрсету. Бұл үшін кестенің түсі негізгі татаның түсіне  қарама қарсы болады. Сол себепті көбінесе ақ матаға қара ою, қызыл матаға жасыл жапсырма содан қалған. Мұндай тәсіл шынында, тігілген киімнің өңін өшу үшін керек. Олар бір-біріне қарсы түс болғандықтан да бір-бірінің ажарын ашады. Екінші тәсіл – тектес түрлер арқылы кесте тігу. Қызылдың немесе көктің, яки жасылдың ашық, қалыпты, солғын, көмескі ақшыл түстері арқылы сол бояудың бүкіл әлемін көзге елестетуге болады. Тектес бояулар бір-бірімен толықтыру үшін қолданылады. олар жаңағы түсті одан сайын жеңілдете немесе тереңдете төседі. Дұрыс ретін таба білсе, тектес түрлер арқалы қайталанбас түстердің үйлесімін көру мүмкін. Ол үшін суретші сәнгер қиялы ұшқыр әрі бай болуы міндетті.

        Осы жерде  қазақтың ұлттық киім үлгілерінде  әр түстін өзінен нышаны болғаны  айта кеткен жөн. Қазақ түстердің  өзін өмірмен, тіршілікпен астастырған. Қай түсті қандай жағдайда  қолдануды ойластырған. Бояулардың  қаншама түрін біле түрып, қазақ сол бояулардың әр қайсысының астарын ашған, оған әлеуметтік мін берген.

      Оюдың классикалық симметрия негізінде түрленуі. Айналық симметрия (айнадағы бейне) табиғат объектілері мен адамның көркемдік шығармашылығы нысандарының дамуының жалпы формасы болып табылады. Ол кристалл түрінде өсімдіктерде, тірі организмдерде, оның ішінде адам мүсінінде, сонымен қатар ою-өрнек өнерінде, мүсіндеуде кездеседі.

       Орнын ауыстыру - ою-өрнекте жиі қолданылатын операция. Костюм құрылымында өзгерістер әр түрлі кезең сәнінің геометриялық бірдей пішіндерін сипаттайды. Айналыс симметриясы костюмде кеңістік пен жазықтыққа қатысты қарастырылады. Кеңістіктегі айналыс вертикальдық осьтің айналасында өтеді және костюмнің пішінін идеалды геометриялауды сипаттайды. Бұз қозғалыстар (қимылдар) өсімдік гүлдерінің симметриясына ұқсас болады.

       Жазықтықтағы айналыс біртіндеп параллель жағдайына көшіру және белгілі бір бұрышқа айналдыру операциялары негізінде жүзеге асады. Сәндік костюмнің жарнамалық суреттерінде жиі қолданылады, олар бейнелердің икемділік мүмкіндгін, олардың динамикасын сипаттайды.

 

Классикалық симметрияның түрленуі

 

   Оюдың афиндік симметрия негізінде түрленуі. Созу өзгерістері пішн бөліктерінің мысал, лиф пен юбка ұзартуына ұқсас классификацияның шарты зерттеудегі пішіннің вертикальдық осінің берілуі, оның ағашқы позициясының белгілі болуы, созылу жазықтықтары мен өзөгеріс бағыттарының анық болуы.

        Созылу деңгейлері пішіннің конструктивті белдіктерінің сызықтарына сәйкес болады. Кеудеше мен белдемшеде созылу бағыты жоғарыдан төмен қарай болады. Егер кеудешеде созылу жазықтығына, мысалы кеуде деңгейі алынса, ал пішін эталонына – бел деңгейіне дейінгі кеудеше ұзындығы алынса, пішінге жоғарыдан төмен қарай қимыл берілсе, онда жаңадан пайда болған пішін ұзындығы бөксе деігейіне дейін болады және ол созылудың өзгерісі болып табылады.

       Созылу өзгерістерінің геометриялық көріністері әсіресе кристаллографиялық модельдерде айқын көрінеді, себебі олар қарапайым геометриялық пішіндерге сәйкес келеді.

      Қысылу өзгерістрі кеудеше мен белдемшенің қысқаруына ықпал етеді. топтастырлуының шарты бойынща зерттеудегі пішіннің вертикальдық осі, оның геометриясы, қысылу жазықтығы мен бағыты берілуі тиіс.

 

Афиндік симметрияның түрленуі

  

       Егер белдемшеде қысылу жазықтығына, мысалы бөксе деңгейін алса, ал пішін эталонына – тізеге дейігі ұзындық алынса, пішінге төменнен жоғары қарай қимыл беріліп онда жаңадан пайда болған бөксе деңгейіне дейінгі пішін ұзындығы қысылудың өзгерісі болып табылады. Мұнда қысылу деңгейінің шегі кеуде мен бөксе деңгейлері болып табылады.

      Костюм пішіндері көлемінің артқа қарай орын ығысуының геометриялық топтастыруын жасау үшін, костюм пішініне орын ауыстыру жазықтығын, мөлшерін және бағытын береді. Белдемшеде орын ауыстыру жазықтығына пішін жазықтығына сәйкес келетін жазықтық алынады, ал кеудешеде – бел сызығымен өтетін жазықтық алынады. Орын ауыстыру бағытына мүсіннің орта сагиттальды жазықтығының солдан оңға қарай қозғалысы алынады. Орын ауыстыру мөлшері киімнің қандай маөсатқа арналғанына байланысты болады. Әсемдік пішіндерде ол максималды болса, күнделікті пішіндерде ол кішірейеді. Берілген пішіннің барлық горизонтальды жазықтықтарын орын ауыстыру жызқтығына параллельді орын ауыстырса, алынған пішін орын ауыстыру нәтижесі болып табылады. Бұл заңдылыққа сәйкес өзінің икемділігін өзгерткен барлық пішіндер симметрияның осы типіне жатқызылады. Бұл өзгерістердің гоеметриялық көріністері көрсеткеніндей, әртүрлі орын ауыстыру бұрыштарын қолдана отырып, әсемдік көйлектер тігуде өте динамикалық силуэттер мен пішіндер алуға болады.

Информация о работе Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі