Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 05:03, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. қазақ ұлттық костюмдерінің композициялқ негізіндегі симметрия заңдылықтары қарастырылды және қазақ ұлттық киімдерінің безендірілетін элементтері топтастырылды.
Жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық костюмнің ерекшелігімен танысу және әйел адамның ұлттық костюмің модельдеу саласынан мәлімет беру.

Содержание

Кіріспе
І. Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі
1.1. Стиль және сән
1.2. Ұлттық әйел адам киімдерінің жіктелімі
1.3. Ұлттық костюмді өңдеу және киімді модельдеу
1.4. Ұлттық киімнің қазіргі заманға сай өзгеруі
1.5. Костюмнің композициялық шешімі
1.6. Костюмде ұлттық ою өрнектердің симметриялы заңдылықтары
арқылы құрастырылуы
ІІ. Костюмнің конструктивті - технологиялық өңделу барысы
2.1. Дене өлшемдері және адам дене құрлысының типтері
2.2. Костюмнің конструкциясы негізгі сызбасын құру
2.3. Костюмнің өңделу технологиясы
2.4. Костюмді сәндеп- безендіру техникасы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Гулзамира.doc

— 1.63 Мб (Скачать файл)

  Ерге мініп түсуге , ат үстінде шайқасуға таяныш, сақтандырушы үлкен міндет атқаратын етік өкшесінің пайда болуы өз заманындағы озық прогреске саналғандығы мәлім.

  Аяқ киімдер өкшелі, өкшесіз болып бөлінеді.кшесіз аяқ киімдерге: мәсі, пиама, кебістің кейбір түрі жатады. Бұғанқоса – жас сәби киюге арналғанөкшесі жоқ, иленген теріден жүні ішіне қаратылып тігілген байпақбас тәрізді юолып келетіні тері етік .

   

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Ұлттық костюмді өңдеу және киімді модельдеу

     Киімді модельдеуде тек бұйымды сәндеу ғана емес, оның композициясын байытатын түрлі өңдеу (әрлеу) қолданылады. Өңдеу бұйымның пішінін немесе бөліктерін бөлуге, пішінді бөлшектеуге, пішін бөліктерін немесе бірнеше әр түрлі дербес пішінді біріктіру үшін, пішін бетіне белгілі бір бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру үшін қолданылады.

     Өңдеу костюмнің көркем бейнелі сипатын байытады. Өңдеу түрлері декоративтік (сәндік) және конструктивтік, декоративтік  және утилитарлық мағыналарға ие.

     Өңдеу пішіні мен материалы әр түрлі болады. Көп түрлігіне қарай оны жеті топқа бөлуге болады:

    барлық бедерлі бүкпе тігістері,қатпарлар, көйлеккетігілген қатырмалар, күлтелеу, бүрме, плиссе, кеңірдектеулер, тігім әрлеуі нәтижесінде алынған өңдеу;

     бұйым матасынан не өңделген матадан орындалған өңдеу бөлшектері, қос етектің желбершектігі, желбіреуші, жиек оқа иектелген тігіс, өңір, белдікше, банттар, галстуктер;

     арнайы әрлеу материалдарымен өңдеу: шілтер, ызба, бау, сутаж, шашақ, таспа және жасанды гүлдер;

     фурнитурамен әрлеу: түймелер, ілгектер, қапсырмалар, декоративтік кнопкалар, темір тесіктер, хольнитен, декорациялық қарсы ілгектер, қапсырма түймелер, сыдырмалар;

     кестемен әрлеу (жіппен, стекляруспен, паеткамен, апликациямен)                                             

басқа материялдармен өңдеу: былғары мен тері (жасанд, табиғи), трикотаж, күдері, барқыт, шілтер жайма маталар;

бұйым бөліктерін баспалы суретпен әрлеу.

    Өңдеудің компазициялық қолданымына бір ереже бар, ол - өлшем сақтау.     Фактура костюм қолданысында, пішін қабылдауда, оның сәнді элементтерімен қатысында, сән мен пішін қалыптасуының өзара байланысында көркемдік мәнерліктің белсенді құралы болып зор маңыз атқарды.

       Фактура –  материялдың сыртқы сипатынкөзбен  қаблдау. Ол жұмсақ бедерлі, кұңгірт, жылтырақ, т.б. болуы мүмкін. Пішін  бетінің фактуралық шешімі бәрінен  бұрын болашақта костюмнің қолданылуына байланысты болады. Мысалы, сыртқы киім түржиынында тігіс бетінің жылтырақ және бедерлі (былғары, тері, драп) матамен үйлесімі; сәнді киімде – жылтырақ және күңгірт құрылымның былғарымен, жібекпен,терімен, шілтерімен; қамқаның органзамен, атластың барқытпен үйлесімділігі болуы мүмкін.

        Фактура пішіннің  құрылымдық қарым-қатынасын көрсетеді, тектоникалық сипатына, костюмнің  жеке бөліктерінің үйлесімділік  ерекшелігіне рең береді, илюзиялы  түрде маңыздылығын, жеке бөлітерімен  эльементтерінің өлшемін өзгертуі де мүмкін. Мысалға: ашық реңкті жұқа маталар кеңістікте пішінді өзгертіп, көрінбейтін етіп жіберуге қабілетті.барқыт беттері нақты, өте активті пішінді көрсетеді. Жылт-жылт еткен жалтырақ маталар пішіннің әлдебір құпиялығын, оның котурының көзге шалынбайтындығын сезіндіреді. Фактураның негізгі айқын белгісі ретінде бедерлік тігіс беттермен үйлескенде, негізгі ритімді күшейтуі мүмкін немесе оның жеке бөліктері мен тұтас пішінінің көлемі көзге үлкейтіліп, масштабтық сипатын толықтыруы мүмкін.

        Мата фактурасы олардың беттерінің аз бұрмаланған бөлінген көлемі мен тығыздығына байланысты. Фактураның пассивтілігін көрсетеді. Кейде олар пішінінің өз элементтері боп қабылданып соншалықты ірі болады, бұл фактуралар активті фактураға жатады. Бір тектес нейтралды беті бар пассивті фактуралар өңдеу (әрлеу) мен сәндік элеметтердің өте тамаша фоны ретінде қызмет атқарады. Активті фактуралар өздері сәнді болғандықтан, қосымша сәндеуді қажет етпейді.

         Материял  фактурасын қарама-қарсықоя отырып, пішіннің конструктивті ерекшелігін активті етіп көрсетуге болады.бір не екі-үш түстің жарықтық қатынасының қарама-қарсылығын пайдаланып, жарықтық қатынасының қарама қарсылығын пайдаланып, күшті эффектіге (сапаға) жетуге болады.  Егер материял фактурасы мен суреті (өрнегі) өте мәнерлі болса, онда олардың әсері пішіннің әсеріненде күшті болады.

       Бір модельде әр түрлі фактуралы материялдарды қолдана отырып, әрбір беттің өзіндік ерекшелігін білуге болады. Қарсыласты және нюансты үйлесімді фактураны қолдану бір фактурадан екіншісіне нәзік түрде көшетін компазиция жасайды.

       1990 жылдар модель пішіндерінің көлемі күрделілігімен сипатталады. Бұл кезде жаңа, парадоксальді үйлесімдер пайда болды: жеңіл жұқа маталар былғарымен, түсті матамен немесе табиғи жасанды терімен араласты. Мұндай үйлесім бұрын модельдерде болған емес. Түрлі жылтырақты металды маталар, трикотаж және басқа да маталар сәнді киімнен күнделікті тұрмыста киетін киімге ауысты. Фактура көлемдік толықтырумен байытылды, түкті, түйінді, бүртік, шашақ, маталар – бәрі бұйымның жалпы көйлемін үлкейтеді, тегіс бет бұйымға жеңілдік, созылымдылық, көзге көйлемін азатушылық сипат береді. Бұлардан басқа қыржымды, кеңірдектілі және қатпарлы беттің өсуі дамуда.

        Осылайша мата таңдауда олардың ұйымдастыру приципін (фактура не түс контрастылығын, немесе жарықтық қатынасы, комбинациясы) саналы түрде өзгелерді соған бағындыра бөліп алу қажет.

     Қазақ халқы киім  тігу барысында өлшем бірлігі  ретінде  адам денесі мен дене мүшелерінің өлшемдерін пайдаланған. Киім өлшемдерін алғанда құлаш, шынтақ, аршын қатарлы өлшемдер қолданылса, тігін тіккенде, пішкен кезде бұдан кішкене өлшемдерді – қол өлшемдерін қарыс, сүйем, сынақ сүйем т.б. жиі қолданылған.

      Құлаш - әркімнің өз құлашы бойының ұзындығына тең келетіндігі  белгілі .  Дегенмен ол дәлірек айтсақ, иық  деңгейіне сәйкес кере  созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. 1838 жылғы мәлімет бойынша Ферғана құлашы  166-170 см, Қазақстанда қолданылып келген Бұхар  құлашы 142 см-ге тең. Құлаш өлшемі сауда-саттық жұмысында, тұрмыста пайдаланылған. Сондай-ақ құлаштың да сала, кере, көш құлаш атты түрлері болған, Бұлар, қолды кере созып  немесе шалқайып тұрап артқа қарай созғандағысы болса, жарты құлаш-төспен бір қолды жайғандағы өлшемі.

Киім пішудегі өлшем қолтық-қолдың басы  мен қолтықтың  арасындағы қашықтық, ал шынтақ-қолдың ортаңғы  саусағының ұшынан шынтақтың  бүгілген жеріне дейінгі аралық.  Қазақстанда кең тараған Бұқар шынтағы шамамен 40 - 41см.

      Елі - сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі  немесе шамамен 2 см-ге тең өлшем. Екі саусақтын қолындағы екі елі , ұш  саусақтың қалындығы үш елі болады. Мұнда өлшенетін дененің  үстіне  қолды салып, оған сұқ қолдан бастап шынашаққа дейін төрт елі деп аталады (шамамен 7-8 см).

      Төрт еліден сәл үлкен өлшем тұтам бүгілген төрт саусақпен алақан                                        арасындағы қуыстын ұзындығына тең өлшем. Бабыр жазбаларында тұтам шамамен 8 – 8,5 см-ге ұзындық өлшем делінген. Оның бас бармақтың алқымынан алақанның төменгі тұсына дейінгі аралық – бас тұтам, саусақтардың түбі тұтасындағы ені – орта тұтам, шынтақтың тұсынан  ұстаған өлшем кіші тұтам  делінеді. Бұл өлшемдер киім тіккенде бау, ызба, зер, таспа өлшемдерін алуға қолданылған.

      Қарыс – бас бармақ пен шынтақтың арлық мөлшері (17 – 18 см шамасында). Халық арасында кере қарыс немесе сере қарыс атаулары онан сәл ғана (1 – 2 см) ұзын немесе бас бармақпен төртінші саусақ ұштарынын аралығы.

     Буын – ортан қолдың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі..(шамамен 5 – 6 см).Ою-өрнек мөлшерін осы буынмен өлшеген.

     Қары – қолдың шынтақ қосындысына дейінгі  бөлігі.

     Аршын – көне түрік замаңында қолданылған метірге жуық ұзындық өлшемі немесе қазақы ұғымында кез.

      Қазіргі заманда киім  негізін жасағанда қатаң инженерлік есеп керек. Бұл әркім өз қолымен жасайтын ең алғашқы, ең қарапайым бұйымдарға да қатысты.

      Ол үшін ең алдымен сантиметірлік таспамен өзіңіздің немесе өзіңіз киімін тігетін адамның тұлғасын өлшеу керек.

      Өлшем алғанда алғанда денені қыспайтын іш киіммен, мәселен іш көйлек киген қалпында болуы керек.Есептеу үшін денедегі басты нүктелерді бел сызығын және басқаларын белгілеп алу қажет.

      Өлшегенде сантиметірлік таспаны кермей және босансытпай, ұштарын алдыңғы жақта түйістіреді.

       Орамдар мен көлденеңін толық өлшейді, бірақ оның өлшенген көлемінің жартысын жазады. Ұзындық өлшемдер толық жазылады.

       Тұлғаны өлшемін бастамас бұрын  өлшем бірліктері тізілген қағаз дайындап алу керек.

        Қазақ халқы ертеден киім-кешек дайындау барысында сан алуан тігіс түрлерін пайдаланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Ұлттық киімнің қазіргі заманға сай өзгеруі

        Қазіргі уақытта дизайн өмірдің негізгі бұйымдық және кеңістіктік мағынасы бар фактордың бірі. Осыған байланысты дизайнға деген бұрынғы көзқарастар мен бағыттар сын көзге түсуде. Жаңа бағыттар постомодернистік эстетикамен және экологиялық мәселелермен байланысты. Дизайнер сәнді киімді құрастыруда мәдени үлгілерге және табиғи феномендерге сүйене отырып, сән үлгісіне өзгерістер еңгізеді. Киім дизайны индустрия саласында сәтті жұмыс істеу үшін сән үлгісінің негізгі заңдылықтарын, оның дамуы мен  алдын ала болжау әдістері мен өзгеруін әрдайым бақылап тұжырымдап өз білімін байытып отыруы керек. Осылайша сән үлгісін тек қайталап, не ойлап табу үлгілері емес, сонымен қатар сән үлгісіне әсер етіп, оны бағындыруға болады. Сән үлгісі тек костюмнің эволюциялық дамуына ғана емес, сонымен қатар қоғамда белгілі орын алады.

         Сән үлгісі адамзат мәдениетінің негізгі бір бөлігі ретінде тек ХVІІІ ғасырдың аяғында ғана зеріттей бастады. Зеріттеулер нәтижесінде моданы эстетикалық құбылыс деп, оны өнер және костюмнің эстетикалык ойларымен талғамының өзгеруіне ықпал етеді деген.

        Сән үлгісі бір қалыпты немесе бір орынды сәндік мағынаға ие болса, яғни адамдардың көбісі оны сәнді деп есептесе, онда ол «мода қатарына кіреді», ал сәндік мағынаны жоғалтқан жағдайда «мода қатарынан шығады». Сән үлгісінің әр ұсынысы еліктеушілерге әрдайым өзіндік мүмкіндіктер береді. Мысалы, заманға сай болып көрініп көзге түсу немесе керсінше көпшілік арасында ерекшеленбеу, қоршаған ортаға өзі туралы белгілі хабар беріп тұру. Сән үлгісінің қрым-қатынастық құбылысы ірі монополистік қалаларда үлкен орын алады. Мұндай ортада әңгіме-дүкен құру өте қысқа болып келеді. Сондықтан да костюм өз иесі туралы қысқа мағлұмат беріп тұруы керек. Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік бағыттауыш дәстүр болып келді, ал қазіргі заманда сән үлгісі атқарады. Жаңа өзгерістер мен ұсыныстардың бәрі сән үлгісінің талаптарына сай болып келеді.

      Қазіргі фольклорлық стильдегі киімдер ұлттық киім үлгісінен бастау алады. Мәдениетпен өнердің дамуына байланысты қазіргі сән үлгісі өзгерді,соған сәйкес ұлттық киімнің түрлі-түрлі үлгілері жарыққа шықты. Бұл тауарда ұлттық киімдер үлгісін негізге ала отырып, ұсынылған киім үлгілерінің жасалу технологиясы көрсетілген. Негізінде ұлттық киімдер қазақша өлшем атаулармен аталған. Мысалы: желке ойындысы төрт елі, иық үсті бір қарыс, сынық сүйем, жалпы ұзындығы алты, жеті қарыс деп белгілеген. Қазіргі киім сызбаларына қарағанда бұл өлшем бірліктері аса қарапайым, күрделі емес сызбалардан тұрған. Сонда төрт елі деген қазіргі біздің өлшемімен 7см көлемі, бір елі деген қазіргі біздің 1см-ден астам, екі елі өлшемдер 3см айналасында, үш елі, төрт елі т.б.  деп есептеген. Сосын сынық сүйем 10 см шамасында, сүйем шамасы 18-20 см арасында, қарыс сүйем 20-22 см шамасында. өлшемді шамалаудағы кей адамның саусағы жуан, кей адамдікі жіңішке болғандықтан нақты өлшем қойылмаған. Ал қарапайым, келісімді ұлттық үлгідегі киімдерді жастар алтындалып, күмістелген белбеулермен киген. Ұлттық киімдер түрі мен түсіне байланысты әр ортаға киілетін болған. Мысалы, тойға, күнделікті шарушылыққа деп бөлінген. Той-томалаққа киетін киімдері қымбатты матадан сәнделіп, өрнектеліп, алтын, күміс түйелер, қаусырмалар, білезік, сырғалар таққан. Онымен қоса зерлі белдіктермен сән үлгісін толықтырып кие білген, өйткені белдіктер жеке дара емес, сол киімнің бір бөлшегі болып есептелген. Үстіндегі киімдеріне қарап, бұл адамдардың дәрежесін, ал өрнектері арқылы ол адамның бай тұратынын, оның үй – ішіндегі алатын орнын, руын айтпайақ білген. Мысалы. Келген адам сол үйдің қожасы, бәйбішесі, кызы немесе келіні екенін, киім үлгісінен адамның дәрежесін, ал өрнектері арқылы ол адамның батыр немесе әнші екенін айырған. Демек мұның өзі біздің қазақ халқы киімді талғаммен кие білгеннінің, не нәрсені орнымен қолдана білгенінің куәсі.

        Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихы мен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қол өнерінің басты бір саласы – киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадыр қасиетін жоймай, қол өнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Солардың бірі қамзол.

       Тігілу технологиясы. Матаны бетеріне екі бүктеп, тақта бетіне жайып, сызбадағыдай саламыз. Ол үшін матаның ұзын бойына А нүктесінен Б нүктесіне тізу сызық жүргіземіз. Енді матаның нүктесіне қарай А нүктесімен В нүктесін белгілейміз. Кеуде өлшемін алғаннан кейін  АВ сызығына паралель Г нүктесінен Г нүктесіне сызық жүргіземіз, ол 12 см-ге тең.бел өлшемін анықтау үшін Т нүктесінен Т нүктесіне сызық жүргіземіз, ол тең 18 см-ге. ТТ нүктесіне паралель ББ нүктелерін. Белгілейміз. Бұл мықын өлшемі 27 см-ге тең. Артқы мойын ойындысы А және АА нүктелері 13 см. Алтқы бойдың арқасы 34 см, алдыңғы бойдың алды 32см болады. Жалпы киім үзындығын белгілеп сызамыз, пішеміз, көйтейміз. Үстіне киіп өлшейміз. Мойын, жең түптерін бор мен сызып, белгілейміз. Бүкпелерінде аса дәлдікпен белгілеп түзулейміз. Көктеу иық тігісті сөгіп, жасанды тақтай бетіне жайы, түзулеп бормен сызылған жердің артығы болса қиып түзейміз. Бүкпелен ара қашықтығын дәлдеп белгілеп түзеп аламыз. Жанындағы қоспа көктеу тігісті сөгіп, алдыңғы екі өңірін бетестіріп алап, алдыңғы өңір әдібін пішеміз. Бүкпелердің керекті орнын қатырамыз. Сосын артқы бойға, артқы астарын жеке салып пішеміз. Алдыңғы екі бойға қатырманы жапсырамыз. Алдыңғы екі бойдың өңір әдібін әдіптейміз. Тігеміз, үтіктейміз. Жас мөлшеріне байланысты қалаған арнайы дайын өрнекті қамзолдың екі өңіріне сызамыз. өрнекті қол мен де машина көмегімен де кестелеуге болады. Айшықты болу үшін ою шетіне түзу сызықтар жүргіземіз. Астардағы бүкпелерін тігіп, үтіктейміз. Астарды әдіп шетіне көктеп алы, түзулеп тігеміз. Астар тігілген әдіп шетін көктейміз. әдіп көтеріліп түрмау үшін тиісті бекітетін орындарды бекітеміз. Иық тігістерін қоспай тұры, алдыңғы екі өңірге артқы бойды қосып тігеміз, үтіктейміз. Киімді жайып артқы бойды артқы бойға көктеп машинағатігіп, үтіктейміз. Киімді  жайып сыртқы етек әдібін түзулеп, 3-4 см-ге әдібін қайырамыз. Әдіп шетін көктейміз. әдіп үшына астар ұшын келтіріп, дәлдікпен көктейміз.комзолды иық жағынан аударып, етегін айналдыра машинамен тігеміз. Киімді жайып, қолтық ойындысының түбіп сиректеп, көктейміз. Сыртын сыртына, астарын астарына келтіріп, иық тігістерін жүргізіп, үтіктейміз. Желке ойынды түбін әдіппен бірдейлетіпкөмкереміз. Қолтық айындысын матаны 3см етіп, қиғаштап қиып аламызда, қолтық түбін айналдыра көмкереміз. Көктеу жібін алып үтіктейміз.

Информация о работе Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі