Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 05:03, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. қазақ ұлттық костюмдерінің композициялқ негізіндегі симметрия заңдылықтары қарастырылды және қазақ ұлттық киімдерінің безендірілетін элементтері топтастырылды.
Жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық костюмнің ерекшелігімен танысу және әйел адамның ұлттық костюмің модельдеу саласынан мәлімет беру.
Кіріспе
І. Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі
1.1. Стиль және сән
1.2. Ұлттық әйел адам киімдерінің жіктелімі
1.3. Ұлттық костюмді өңдеу және киімді модельдеу
1.4. Ұлттық киімнің қазіргі заманға сай өзгеруі
1.5. Костюмнің композициялық шешімі
1.6. Костюмде ұлттық ою өрнектердің симметриялы заңдылықтары
арқылы құрастырылуы
ІІ. Костюмнің конструктивті - технологиялық өңделу барысы
2.1. Дене өлшемдері және адам дене құрлысының типтері
2.2. Костюмнің конструкциясы негізгі сызбасын құру
2.3. Костюмнің өңделу технологиясы
2.4. Костюмді сәндеп- безендіру техникасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қосымша
Кеудешелер жасау
технологиясы. Жеңсіз, жылы астарлы
кеудешелер көптеген түрге
Соңғы үлгідегі бүрмелі көйлек. Зерленген бүрмелі көйлек. Жұмсалатын мата ені 80 см болса, 10 м қажет. Етегі сегіз қиықты, желбірге 3м мата кетеді. №1 қол инесі, №75 машина инесі падалынылады. Киімнің етек белі 72см, ұзындығы 85-90см. қиғаш қиылған төрт қатар желбір жалпағына 10см.
Тігу технологиясы. Тақтаға матаны түзулеп жаямыз. Берілген өлшем бойынша матаға сызбасын сызамыз, қиямыз. Киімді көктеп киіп көреміз, жаға, жең ойындыларын сызып, белгілейміз. Көйлек бүкпелерін тексереміз, артығын қиямыз.
Өлшенген көйлекті тігеміз. Артқы бойды, арқадағы тігісті бас сиятындай етіп қалдырамыз, қосамыз. Иық және бел бүкпелерін тігеміз.
Алдыңғы бойдағы көйлек бүкпелерін тігі, барлық бүкпелерді үтіктейміз. Алдыңғы боймен артынғы бойды қосып тігеміз. Шетін тігіс торлаймыз, бел тігісін қосып торлаймыз. Көйлектің тік жағасын қондыры, түбін торлаймыз. Желбірге керекті матаны қиғаштап қиып аламыз. Желбір қиғаштарын қосып, шетін зерлейміз. Етектің желбір түсетін жерін анықтап сызып аламыз. Белгі бойынша 3,4 қатар етіп желбірлі жүргіземіз. Етегі әдіптелмей, желбірмен қосылып тігіледі. өлшем бойынша жеңді қиып аламыз. Жең аузы төгілмелі, кеңдей болады. Жеңді қуыстап тікпей тұрып зерлеген керекті желбірді тігіп аламыз. Желбірді тіккен соң жеңді қуыстап қосамыз. Жең түбін қондырамыз, толлаймыз. Көйлек атлас, торғынан тігілсе кең етекті, етегі желбір белдемше киіледі.
Соңғы үлгідегі сәукеле. Сәукеле – ұзатылар қыздың бас киімі. Ертеде сәукеленің айналасына жібек шашақтар төгілдіріп, алтын, күміспен, қымбат асыл тастармен әшекейлеген. Сәукеленің шетіне бет мошақтарды тізген. Сәукеле таза күмістен жасалса ақ саукеле, алтынанан жасалса сары сәукеле деп атаған. Бұрындары бір сәуклені 500 қойға алған. Сәукелені қолы шебер зергерші адамдарға арнайы жасаттырған. Сәукеле қымбат тыстық асыл матамен қапталады.
Астарын астарлық матамен астарлаймыз. Тысыныңда, астарының да ұзындығы, ені тік бұрышты 50х50см болады. Көктегенге №7 қол тігіс инесі, машинаға №20ине қажет. Көктегенге №40жіп, машинамен тіккеде №40жіп қажат.
Тігу технологиясы. Бандоның ұзындығы 52см, көлденеңі 32см қиық конус тәрізді етіп қиямыз. Кардонның біріккен жерін қаусырып тігеміз.
Төбесін, айнала шетін тегістеп қиямыз. Сонда таза сәукеле биіктігі 32см болады. өлшемі 57.
Үлгіні матаға салып қиямыз. Шаршы тұйығы сәкеленің маңдайына келуі керек. Пішілген сәукеленің тысын жылтыр матамен оюлап, ою шетіне маржан тізіп бастырамыз. Ою дайын балған соң, артқы тігісін тігіп қатты тартып, дайындаған қатты қағаз үлгіге кигіземіз, астарлаймыз. Сәукеле шетін әшекейлейміз. Сәукеленің сыртынан төгілдіріп каптонмен жауып қоямыз.
Қазіргі заманғы костюмді жобалау кезінде қандай қызметтер үстем болатынын ескеру керек. Материалды таңдау, конструктивтік шешімін жөне костюм бейнесін табу киім қызметтері арқылы жүзеге асады.
Елімізде көптеген қазақ дизайнерлері туралы және олардың жеткен жетістіктері сан алуан. Ұлттық үлгідегі жаңа заманға сай киімдердің үлкен сұранысқа ие болуына үлес қосқан атақты дизайнерлер «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері Айдархан Қалиев, Балнұр Асанов Нью-Йоркта сән апталығында еліміздің намысын қорғаған алғашқы қазақстандық дизайнер болған.Танымал дизайнер Берік Ысмаиловтың көптеген еңбектерінің арқасында ұлттық киім өзінің жаңа келбетін тапты. Біздің елімізде де өз мамандарының шеберлері, өз айтарлары бар сәнгерлер мен сән үйлер бар. Оларға Құралай Нұрқаділованы, Ақкенже Девятконы және «Ерке - Нұр», «Сымбат» сән үйлерін жатқызуға болады. «Сымбат»-ең алғашқы,қайталанбас қазақтың ұлттық киімдерін зерттейтің және жаңартып тігетін академия.Өз бастауын 1947 жылы бастады.Бұл сән академиясы Қазақстан Республикасының беделін халықаралық деңгейде көтеріп,сәнді ұлттық киімдерді әлемге танытып жүрген кәсіпорын. Ұлттық киімді тігумен айналысатын танымал кәсіпорын- «Ерке-Нұр» фирмасы.Бұл фирма 1997 жылы шанырақ көтерген. Негізгі бағыты-ұлттық киім үлгілерінің негізіндегі қазіргі заманғы киімдер тігеді.Қазіргі кезде ұлттық киімдердің халықтың сұранысына ие болып жүргені бізді куантады. Мындаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық киімдер қазақ этносы,көшпенді өмір салтын ыңғайлы ұлттық функционалды және эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап қалды. «Ақ шымылдық», «Айша бибі» сынды сән салондары қазақылық пен имандылық қатар өрілгендүниелерін көпшілікке ұсынып отыр.
Дизайнерлеріміз фольклорлық стильдегі киімдерді дайындауда әртүрлі мата түрлерін қолданады. Міне, сол мата оның түрлеріне тоқталып кетеміз.
Ертеде аталарымыз күнделікті киімдер үшін мақта, жүн маталары мен киіз материалдары пайдаланылған. Сондай-ақ, көптеген киім түрлеріне мех,
былғары, тері пайдаланылған. Енді дәулеті асып, сәулеті тасқан адамдар болса, қымбат маталарды сырттан, шет елдерден алғызған немесе сауда керуендерінен қанша қымбаттығына қарамай сатып алған. Мұндай қымбат, бағалы маталардың қатарына жібектің небір түрлері, барқыттың барлық бояулары, пүліш пен парша маталары жатады. Оларды Шығыс елдерінен шығатын немесе Оңтүстік жұрттарынан оралатын сауда керуендері қат-қатымен жеткізіп жатқан.Бүгін мата тапшылығы турасындағы мәселе шешілген. Қалаған уақытыңызда, қалаған жеріңізден, қалаған материалыңызды ала аласыз. Несі керек, әйтеуір қалтаң көтерсе қалаған нәрсең алдында тұрған заман. Дегенмен заттардың саны көпте, сапасы төмендігін айтпасқа тағы болмайды. Сондықтан материалды танып, таңдай білу - өз қаражатыңызды үнемдей білу. Өзіңіз білмесеңіз мамандардың сөзіне құлақ асқаныңыз жөн. Әйел адам көйлектеріне қолданылатын маталар түрі – жүн, жібек, мақта, зығыр,синтетикалық маталардан тігілген, беймата материалдар.
Кешкі көйлектерге арналған маталар әртүрлі: қалың және жұқа, жылтыр және тегіс және т. б. Олар салмағы мен безендірушілік қабілеті әртүрлі болуы мүмкін. Жұқа, мөлдір маталар силуэтке көлем, кружевалы маталар моделдің нәзіктілігі мен романтикалылығын айқындайды. Тәжірибе жүзінде қай – қай матада қайсы бір жұмыс этабында қиындық туғызары хақ. Бастысы сол қиындықтарды жеңе білу.
Бархат – беткі бетінде түрлі қалыңдықтағы, ұзындықтағы түгі бар мата. Бұйымды дайындағанда түгінің бағытын ескеру керек. Әдетте безендіруге ыңғайлы.Ол орташа қынамалы, көп тігісі жоқ көйлектерге қолданылады.
Парча – сөзсіз, безендірілген және өте әдемі маталардың бірі. Гүлді суреттерге ие. Бір түсті немесе көп түсті, қалыңдығы да әртүрлі болуы ықтимал.
Мата екі жақтылы, екі жағы да беткі беті ретінде қолданылады.
Ламе – көбіне негізі трикотаждан, кейде айқындалған металды жылтыры матадан болуы да мүмкін. Нақты тігіс сызықтары болмайтын және жұмсақ драпировкада белсенді. Үтіктелінбейді. Ламеден тігілген көйлекке денені қышытатындықтан міндетті түрде астар тігіледі.
Атлас – жылтр бетті мата. Бағытына қарай жарықты әртүрлі шағылыстырады. Әртүрлі волокондардан дайындалады. Десекте, полиэстерлі атласты таңдаған тиімді – ол көп қыртыстанбайды және мықты болады. Атластың стреч түрі де бар. Ол созылмалы келеді.
Табиғи жібек – өте нәзік, жіңішке жіп. Оны тұт жібек құртының қуыршағынан алады. Бұл тәсіл тоқыма өндірісінде кеңінен қолданылады. Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы 700-800 м-ге дейін жетеді. Жіп өте жіңішке болғандықтан, бір емес, бірнеше қуыршақтың жібін біріктіреді.Кез – келген матаны сатып аларда оның күтімі туралы сұрап білуді ұмытпаңыз. Қалай үтіктеу, жуу керек, жуылған соң қалай бүктеу қажет т. б.
1.5. Костюмнің композициялық шешімі
Костюмнің тұтастылығы және бөліктерінің үйлесімділігі элементтерінің бірлік әрі байланыс қасиеттерінің бірнеше шарттары орындалғанда ғана жүзеге асады: бөліктердің өзара үйлесімділігі, өлшемділігінің масштабтылығы, пропорционалдығы, ырғақтық байланысы, созылмалылығы, түстік және фактуралық шешімі.
Композициялық қасиеттердің таңдалуы көркемділік ойға, бейнелілік мазмұнына және костюмнің арналуына байланысты. Олардың қолданылуы бұйымдарға қойылатын функциялық және құрылымдылық талаптарға сай болуы керек.
Киім компазициясының нешізін киім бөліктерінің жиынтығы, осы көлемдердің арақатынасы, киімнің жалпы шамаластығы оның силуэті құрайды. Пішіннің мәнерлік деңгейі осы негізгі көлемдердің өзара үйлесімділігіне, пішіндеріне және костюмдегі табылған жалпы пропорцияға байланысты.
Композиция қасиеттері арасында суретшілер пропорцияны (шамаластық) бірінші орынға қояды. Пішін элементтерінің өлшемділік ара қатынасы – ол бүтін композиция құрылымының негізі. Пропорция ұғымы – күрделі бүтіннің ішіндегі құрама бөліктердің байланысы, яғни бір өлшемнен екінші өлшемге қозғалыс деп түсініледі.
Киімді үлгілеуде пропорция ең басты фактор боп табылады. Пропорция жай және күрделі деп бөлінеді. Жай немесе арифметикалық пропорциялар еселік және бүтін сандық қатынастарға негізделген. Олардың негізінде біртұтастық басқы өлшем – модуль жатады. Модуль – ол заттың, обьектінің немесе дене бітімінің кез келген бөлігінің көлем бірлігі ретінде алынатын өлшем. Пропорцияның екінші өте күрделі типі геометриялық деп аталады. Ол құрылыммен өлшенбейтін көлемдердің қатынасына негізделген. Мысалы, шаршы қабырғаларының оның диагоналіне қатынасы.
Жай пропорционалды қатынастар бөлшек санымен анықталады. Мысалы, жең 3/4 мини белдемше 1/3 , пальто 7/8, жемпір 2/3 бүтіннен құрылады. Жай пропорциялық қатынастарға қабырғалардың қатынасы 3:4:5 болатын «египеттік үшбұрыш» жатады. Үйлесімділік пропорциясын іздеу сәулет өнерінде, құрылыста, инженерлік ғимараттарда ежелден жүргізілген. Табылған күрделі пропорциялар иррационалдық сандарға негізделген, олар геометриялық құрылым арқылы шығарылатын. Ең үйлесімді иррационалдық пропорция « алтын бөлініс » немесе « алтын пропорция » болып саналады. « Алтын бөлініс » көптеген табиғи құбылыстардың негізін құрастырушы болып табылады, сондай- ақ болашақта өлшем табиғат және адам шығармашылығының, сұлулық заңының өлшемі бола алады. Алтын бөліністің мысалы – бүтінді екі әр түрлі бөлікке бөлу арқылы алынатын қатынастары, осында бүтін – үлкен бөлікке, үлкен – бөлікшеге қатысты. Кейбір « алтын бөлініс » қатыстығының жуақтасуын түрлер қатарында келтіруге болады: - 2/3, 3/5, 5/8, 8/13 және т.б;
- «Фибоначчи шаршылары»
- «динамиклық төртбұрыштар
және қабырғалар қатынасы 1/√2, 1∕√3,
1∕√5, 1∕√8 және т.с.с. төртбұрыштар
бірте-бірте азаю иллюзиясын
Сонымен, үйлесімді пропорционалды қатынастар пропорция теңсіздігіне негізделеді. Киімді модельдеуде пропорцияналды қатынастар интуициалық сезім арқылы анықталады немесе сәннің даму бағытымен шешіледі. әр сән бағыты костюмнің пропорционалдық мүшеленуін ұсынады.
Қоршаған материалдық орта, ғимараттар, көліктер, тұрмыс заттары мен киім адамға қатысты масштабты, практикалық пайдалануда ыңғайлы болуы тиіс.
Масштаб – заттың салыстырмалы шамалық көлемі ( матадағы әр масштабты суреттер).
Масштабтылық – пішіннің және элементтердің адамға, қоршаған кеңістікке, басқа пішіндерге өлшемдес пропорциялылығы.
Костюмдегі масштабтылық – костюм пішінінің және оның элементерінің адам дене бітіміне өлшемдес шамалылығы. Костюм және оны құрушы элементтерінің масштабтылығы костюм мақсатына, маусымына, тұтынатын ортасына байланысты. Қабылдау масштабтылығы мен пішінді мүшелендірілудің өзара байланысы бар. Неғұрлым мүшелендірілген пішін ірі болса , со құрлым ол ірі масштабты. Заттардың және ғимараттардың масштабты мәнерлігі көзбен қабылданңан ерекшеліктерге байланысты болады. Ақ және ашық түсті заттар солармен бірдей өлшемдегі қара түстегіге қарағанда ірі көрініс, тік сызықтар ұзындығы көлденең сызыққа қарағанда ұзын көрінеді. Жіктелген немесе көлденең сызық бойымен жіктелген пішінне ұзынынан жіктелген пішін биік көрінеді. Масштабтылықтың жетістігі пропорционалдыққа байланысты болады. Көз мөлшерімен затты өзгерте отырып, біресе арттырып немесе кемітіп, затқа бірде шындылық, бірде бірнеше жасанды масштабты беруге болады. Костюмнің мысалы, жаға, қалта, қайтарма сияқты қажетті бөліктерін жаңғырта отырып, пішіні мен өлшемін өзгертуге болады.
Тұрмыстық костюмде масштабтылық міндетті. Оның жоқтығы гротеске, келбетті күлкілі түрде, театралдық және цирктік өнерде белсенді пайдаланылатын келемеж суретке әкеледі. Дұрыс табылған костюм масассының адамның дене өлшеміне арақатынасы оның әдемілігін көрсетеді және кемшілігін жасырады.
Масштабтылық пішіннің тұрақтылығына және теңдігіне байланысты болады. костюмді кұрушы барлық пішімдер адам дене бітімінің шынайы пропорциясына бағыну керек.
Жобалау мәселесін шешу барысында компазициялық ізденіс нақты нәтижелерге негізделеді. Мұндай тәсілдерге контраст (қарсыластық), нюанс, тождество (тепе-теңділік) жатады.