Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 05:03, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. қазақ ұлттық костюмдерінің композициялқ негізіндегі симметрия заңдылықтары қарастырылды және қазақ ұлттық киімдерінің безендірілетін элементтері топтастырылды.
Жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық костюмнің ерекшелігімен танысу және әйел адамның ұлттық костюмің модельдеу саласынан мәлімет беру.

Содержание

Кіріспе
І. Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі
1.1. Стиль және сән
1.2. Ұлттық әйел адам киімдерінің жіктелімі
1.3. Ұлттық костюмді өңдеу және киімді модельдеу
1.4. Ұлттық киімнің қазіргі заманға сай өзгеруі
1.5. Костюмнің композициялық шешімі
1.6. Костюмде ұлттық ою өрнектердің симметриялы заңдылықтары
арқылы құрастырылуы
ІІ. Костюмнің конструктивті - технологиялық өңделу барысы
2.1. Дене өлшемдері және адам дене құрлысының типтері
2.2. Костюмнің конструкциясы негізгі сызбасын құру
2.3. Костюмнің өңделу технологиясы
2.4. Костюмді сәндеп- безендіру техникасы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Гулзамира.doc

— 1.63 Мб (Скачать файл)

Кеуденің үшінші жартылай айналымы — ЖАкГ Кеуденің толың үшінші айналымын өлшейді. Сантиметрлік таспаны еркектерде түлғаны айналдыра емізіктік нүктелері арңылы, өйелдерде кеуде бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы көлденеңінен орналастырады. Таспаны алдынан кеуденің оң жағына ңарай аяңтайды. Өлшемнің жартысын жазып алады.

 Жартылай бел айналымы жазып алады. Өлшеу барысында бел пішініне көңіл аударады жөне паспортқа оның ерекшеліктерін жазып отырады: мөнер-ленбеген, цилиндрлік, бірден мөнерленген, арқа түстан өте майыеңан, қарны шығыңқы.

Жартылай мықын айналымы — ЖАмы . Мықынның толық айналымын өлшейді. Таспаны түлғаны айналдыра шығыңқы нүктелерге: артынан - жамбасңа, алдынан - ңарынға жайғастырады. Өлшемнің жартысын 
жазып алады.

Өлшеу барысында мықынның пішіні мен орналасу деңгейін жазып алады: сопақ, дөңгелек, арқа жағынан тегіс, жамбастың өте шығыңқылығы, бүйір шүңқыр-лығы, сандардың сырт жағын май басуы, жоғары, төмен орналасуы.

Кеуде ені — Ек. Еркектерде ңолтыңасты шүңқырларының алдыңғы бүрыштары арақашықтығы өлшенеді. Таспаның төменгі шеті қолтық асты шүңқырларын жанап өтуі тиіс.

Әйелдерде кеуде бездерін тігінен қоса есептегендегі қолтық асты шүңқырларының алдыңғы бүрыштарының аралығы өлшенеді. Жарты өлшемді жазып алады.

Өлшеу барысында кеуде қуысының пішініне жөне иық қалпының бүрылысына көңіл бөледі. Кеудені шы-ғыңқы, түсіңкі, өте шығыңңы бүғаналарымен белгілейді.

Иың бүрылысының жайылғанын немесе тарылғанын анықтайды. Жіңішке қапсырма сызығының жоғарғы бөлігін қүру барысында кеуде ңуысының жөне иық қалпы ңүрылымы ескеріледі.

    Артқы бел сызығынан мойын негізделу нүктесіне 
дейінгі аралық - Ү. Артқы бел сызығынан мойын 
негізіндегі иыңтың тігістің жоғарғы нүктесіне дейінгі 
аралықты омыртқаға параллель өлшейді. Иың жапсыр- 
масы бар болған жағдайда иың жапсырмасы иықтың 
тігісінің жоғарғы нүктесінен омыртңаға параллель 
белдегі көлденеңдікке дейін өлшейді.

     Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі 
аралық — Ү Мойыннан кеуденің шығьщқы нүктесі 
арқылы өтетін белге дейінгі аралық.

Кеуде биіктігі — Бк. Мойынның негізгі нүктесінен кеуденің шығыңңы нүктесіне дейінгі аралық.

Арқа ені - Еа . Жауырын бойымен қолтық асты шүңқырларының артқы бүрыштары арасындағы арақашықтықты өлшейді. Өлшеудің жартысын жазып алады. Өлшеу барысында жауырынның шығыңқылығы 
мен арқаның қисаюына назар аударылады.

Бүйым үзындығы — Ү6й. Шартты қабылданған типтік қалыптағы денебітімдегі жағаны қондырып тігу сызығынан (мойын нүктесінен) қалаған үзындығына дейінгі арақашыңты арқа ортасымен өлшейді.

Иық белдеуі ені — Еи. Жобаланған иық тігісі негізгі нүктесін негізгі мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді.

Жең үзындығы — Үже . Иықтық нүктеден бос түсірілген ңол жеңінің қалаған үзындығы деңгейіне дейінгі арақашықтық.

Иық айналымы — Аи. Айналымды иың осіне перпендикуляр өлшейді. Сантиметрлік таспа қолтық астының артқы бүрышына тиіп жөне ңолдың сыртқы бетіне түйықталуы тиіс.Егер ңол өте толық болса, оның толық- 
тығын, тегістігін немесе ңолдың жоғарғы белігінің май басу дөрежесін аныңтау қажет.

       Киімнің тұтас және құрамдас бөліктері дайын күйінде көлемдік жазықтықтың беттерін құрайды. Киім бөліктерін жазық материалдардан, мәселен матадан ,трикотаждан,тоқылмайтын материалдардан пішеді.

        Киімді конструкциалаудың барлық белгілі әдістерін 2 класқа бөлуге болады.:

1 класс  әдісі –бөлшектердің типтік жіктелуі  және олардың форма түзу тәсілдері  туралы мәліметтеріне , типтік дене  бітімдері өлшемдеріне, қосымшаларына  негізделетін әдістер .Олар киім  бөліктерінің маңызды құрастыру нүктелерінің орналасуын шамалап табуға ғана мүмкіндік береді.

2 класс  әдісі- бірқатар оңтайлы шешім  нұсқаларын таңдауға мүмкіндік  беретін еркін алгоритмді инженерлік әдістер. Осы әдістер киімнің эталон үлгілерінің жайылма беттері қатарының түзу өлшемдеріне негізделеді. Бұларға Чебышев торындағы және т.б. жайма бөлшектерін конструкциялаудың қима беттерінің әдістері жатады.

 

 

 

 

 

2.3 Көйлектің өңделу технологиясы

      Дизайн стиль қалыптастыру процесінде көркемдік пішін қалыптастырудың әр түрлі аспектеріне тікелей қатысты бола отырып, үлттық дәстүрді де есепке алады.

      Костюмді жобалау кезінде ұқыпты, әрі тиянақты іздену және жан-жақты зерттеу нәтижелері ғана ешқандай еліктеушілікке жол бермейді. Оның қазіргі заман киімінің даралың шешімін оның негізін еске ала отырып, толық көшірмей, тек қана тақырып түбірін әрі оған қатысты сапаларын ескерген жөн.

Көйлектің өңделу барысы

      Алдыңғы және артқы бойлардың рельеф қиықтарын сырып тігеміз, торлаймыз, орта сызыққа қарама қарсы үтіктейміз.

     Бүйір, иық қиықтарын сырып тігеміз, торлаймыз, айырып үтіктейміз.

     Көйлектің етегінің орта сызығын сырып тігеміз, торлаймыз, айырып үтіктейміз, сырмаға жоғарғы жағынан орын қалдырамыз.

    Бел қиықтарын қосып тігеміз, торлаймыз, қайырып үтіктейміз.

    Артқы бойдың орта сызығын сырмамен өңдейміз.

    Жеңнің орта сызығын сырып тігеміз, торлаймыз, айырып үтіктейміз.

    Қолтық ойындысына жеңді қосып тігеміз, торлаймыз.

    Жеңнің төменгі қиығын, етектің төменгі қиығын бастырып тігеміз.

    Мойын ойындысын әдіппен өңдейміз.

    Көктеген жіптерін аламыз, бұйымды жайып үтіктейміз.

Қамзолдың өңделу барысы

    Алдыңғы және артқы бойлардың рельеф қиықтарын сырып тігеміз, орта сызыққа қарама қарсы үтіктейміз.

    Бүйір, иық қиықтарын сырып тігеміз, айырып үтіктейміз.

    Артқы бойдың орта қиығын сырып тігеміз, айырып үтіктейміз.

    Алдыңғы бойдың өңірін өңірастымен қосып өңдейміз.

    Негізгі бөлшектің өңірін, төменгі қиығын аппликациямен безендіреміз.

    Астарлық бөлшектің алдыңғы және артқы бойларының рельеф қиықтарын сырып тігеміз, орта сызыққа қарама қарсы үтіктейміз.

      Астарлық бөлшектің бүйір, иық қиықтарын сырып тігеміз, айырып үтіктейміз.

      Астарлық бөлшекті өңірастымен қосып өңдейміз.

      Жеңге аппликация тігеміз.

      Қолтық ойындысына жеңді, астармен бірге өңдейміз.

      Төменгі қиығын астармен қосамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Костюмді  сәндеп- безендіру  техникасы

       Қазіргі үлгідегі сәнді ұлттық киімдердің пішінінде, тігісінде, оның  материалында әшекейінде өзгешіліктер өте көп.  Көне ғасырларда пайда болған көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Кейбір түрлерін музейлерден көркем өнер үйлерінен және сахнадан көруге болады.Қазіргі уақытта тәуелсіз таңы атысымен көптеген ұлттық киіміміз жан-жақты зерттеліп, жаңа заман талабына сай жаңғартыла бастады.  Көйлек    дайындау барысында оны  сәндеп безендіру жұмысына ерекше көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда   ұлттық   үлгіге негізделген фольклорлық бағыттағы  көйлектерді безендіруде  ұлттық ою- өрнектер кеңінен  қолданылуда. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі.                       Жалпы ою-өрнек жасаушы адам  әсемдікті  жеткізе білуі керек.   Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен  пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет.   Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп  үйлестіре білуінде. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады. Әр шебер өзі жасаған ою-өрнегінің қандай ою түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық екендігін және ою-өрнекті қай затқа қалай пайдалану керектігін дәл де нақты білген. Әрбір күрделі оюдың өсімдік тамыры  іспеттес түбі, түбірі, діңі, тамыры болады.

       Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табады.  Бұл өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толығып, үлкен күрделі ою түрін шығарды.Қошқар мүйіз өрнектері  зергерлік, кестелік, сүйек, мүйіз сияқты нәзік істерде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, кілем, текемет, түскиіз, алаша, сәулет өнеріне, тұрмыстық заттарға кең қолданылады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып  жасалатын  ою түрін әрлендіре түседі. 

          Ою –өрнектің көлемі  киімнің жалпы түсімен ауқатымен сәйкестірілген ою. Қазақ   ұлттық  ою- өрнектің  киімдерге   кестелеу  және  жапсырма тәсілдері  арқылы түсіндіріледі.  Қазір кесте түсін таңдағанда екі түсті қолданады. Біріншісі матаның  немесе оның  кестесінің  өнің ашып көрсету.Бұл үшін кестенің түсі негізгі матаның түсіне қарсы, яғни контраста болады.Ақ матаға қара ою,қызыл матаға жасыл жапсырма жапсыру содан қалған.  Мұндай тәсіл шынында тігілген  киімнің өнін ашу үшін керек. Олар бір- біріне қарсы түс болғандықтан да бір бірінің ажарын ашады.  Екінші тәсіл тектес түрлер арқылы кесте тігу. Кестелеу барасында  алуан  түсті жібек және жүнді   жіптер қолданылады. Олардың бүгінгі таңда   төрт үрі  қолданылады: жапсырма, біз  кесте, тығыз  кесте  және  ришелье.

 Жапсырма.  Киімге  жапсырма  жапсыру- оның  ажарын ашып,   сәнін   келтіреді. Жапсырманы  жапсырудан  бұрын оныңқандай   ки імдерге және  қандай  тұстарына  жапсыру  тиістігін білу    керек. Жарсырма көрік  беріп,  көңіл қуантып тұру үшін көшеге,  кешкі  суықтарға, той-   жиындарға   киетін салтанатты  киімдерге  жапсырылады.  Жапсырма үшін қымбат  жіптер мен  маталар пайдаланады, оның  орындалуы асқан шеберлікті  талап етеді.  Сол себепті  жапсырма  кештерге  бір киіп шығатын киімдерге  қолданылады.  Ол  киімнің   көзге түсетін  тұстарына  орналасады.  Жапсырма үшін   алтын немесе  күміс паршалар   таңдалады.  Дәстүрлі   ұлттық киім үлгілеріндегі  жапсырма  өрнектері  көбінесе  өсімдік   тектес  болып келген.  Рашан,  қалампыр кейде сабағымен де   жасалады. 

      Біз кесте-  безендіру түрлерінің   ішінде көп кездеседі. Бұл түр көбіне  сырт бұйымдарға, бас икімдерге   ою- өрнектер әшекеленеді.  Біз кестені түсіру  үшін  міндетті   түрде  негізгі  матаның астынан,  астар ретінде  кесте   тігілетін  жерге    желімделетін   мата  қойылады. Содан   кейін   матаға  кестенің  бедерін бормен, болмаса  белгілеу әдісімен  түсіріп қояды.  Мата  кергішке керіледі.  Содан соң алғашқы өрнек   контур бойымен     түсіріледі.

      Тығыз кесте   де киім безендірудің бір түрі, ол  әйел киімдерін әшекелеуде   қолданылады.   Оның өрнегі    жатық   және өте  үйлесімді  әрі  нәзік болып келеді. Сурет  каль ка немесе қағаз  бойынша   шаншылады және киім бөлшектерінің теріс жағынан белгіленеді.  Содан кейін сурет контуры, ның астындағы негізгі мата  көрінбейтіндей    жағдайда бір- біріне тығыз  орналасқан     тігімдермен арнайы  кестелеу машинасы арқылы    кестеленеді.   Өрнек  түсетін матаның  астынан  тағы  қосымша   желімделетін мата төселеді.  Бұл кестеде  №65 жіп  қолданылады.  Тығыз кестенің ерекшелігі  ол көп  түсті бояуларды  бере алады.

      Ришелье (торлы тоқыма)-  безендірудің   ең салтанатты    түрі.  Ол өте  көркем   және  нәзік  кесте түрі. Торлы  тоқыма киімдерге  жарасады.  Бұл техниканың ерекшелігі ол өрнек  суретінде  тұйықталған сызықтардың   болуын талап етеді. Пішін бөлшектері астарланады. Қиып алынған сурет «Кардоне» техникасымен немесе арнайы  баулармен  бекітіледі.    

      Әсемдік  заттары. Киімдер ерекше өңдеуді және әр түрлі сәндік заттарды орналастыру принциптерін талап етеді.  Әйелдердің сырт киімдеріне тән сәндеу түрлері: әр түрлі фактура, түсі, сәнді фурнитура, т.б.  Фурнитура (түйме, бау, таспа) сәндеу есебінде қолданылады. Сәндік (декоративтік) бөліктер (қалта, жапырақша) әйелдердің сырт киімінде қолданылады.   Әйелдердің  көйлегінде кездесетін әшекейлер киімді сәнді ете түседі. Бұлар – қатпарлар, тігістер, жиек, кесте, қосетек. Алмалы-салмалы әшекейді киімнен бөлек жасайды. Бұларға жаға, қаттама (манжет), бөкебай  немесе мойын орағыш жатады. Төменде бірнеше  әшекей  түрлері  көрсетілген.

Кесте. Киім тігуде кестені пайдалану үшін киімнің үлгісін, мата түрін, жас ерекшелігін және қолданылуын белгілеу керек. Кестелеуге моншақ қолдануға да болады. Кесте арқылы салынған оюлар мен әшекейлерді біртегіс маталарда, жеңіл ашық түсті кеудешелерде, ойындысы үлкен киімдерде қолдануға болады. Мата жібек болса, кестені де жібек жіптен, жүн болса жүн жіппен орындау керек. Қатты тоқылған барқыт, шибарқыт, түкті маталарда кесте салынбайды. Моншақ және басқа да кестелерді салу тәсілі мынадай: матаға суретті түсіріп екі қабатты жіппен тігеді. Жүннен тоқылған маталарға сол матадан және басқа матадан жіп суырып алады да, сол жіпті кестелеуге қолданады. Белгіленген жердің көлденең жіптері алынып, қалған бойлық жіптерде өрмекші тәрізді және жай мережкалар салынады. Мережканы күрделендіріп әдемі торкөз шығаруға болады, оған әр түрлі жіптер қолданылады.

       Шашақтау жүн маталардан жасалады. Көбінесе сәнді сызықтарда, мойын орағыштың ұшында орындалады. Киімге дайын шашақтарды пайдаланады немесе қолдан матадан жасауға болады. Ол үшін тілікті ортасынан бүгіп көктейді. Екі беттегі шеттерін бойлық (продольный) жіптерді ортасына 95 см жетпейтіндей етіп суырып тастайды, сосын жолақты теңдей бүктеп үтіктейді. Тігісті ортасынан жүргізеді, сосын оны қайырып үтіктеп бойлық жіптерді шетінен бастап қырқады.

Информация о работе Ұлттық киімдегі көркем әшекейлер рөлі