Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа
Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.
КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН
ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
1.1. Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде
Бұрынғы одақтық мемлекеттің ыдырауы және тәуелсіздікке қол жеткізуінен кейін Қазақстан құрылудың ұзақ та қиын жолын жүріп өтті.
Өткен жылдары республика жеке және өзіне жеткілікті мемлекет ретінде, әлемдік қауымдастықтың тең құқықты серіктесі ретінде қалыптасты. Қазақстанда ашық азаматтық қауым құрылды, қатаң, бірақ нітижелі экономикалық реформалар жүргізілді.
Мемлекеттік меншік объектілерінің көлемдік жекешелендірілуі жүргізілді. Нарықтық экономиканың қалыпты қызметі үшін қажетті институттар құрылды, ұлттық валюта енгізілді, экономика мен қоғам дамуының заңнамалық базасы қамтамасыз етілді, қуатты кәсіпкерлік сектор жасақталды. Осылайша, республикада нарықтық қатынастарды дамыту үшін қажетті орта құрылды.
Экономиканың бұндай түбегейлі трансформациясы алғашқы кезеңде 1990-жылдардың басында экономиканың шынайы секторындағы өндіріс көлемінің төмендеуіне әкелуі заңды да. Алайда 1990-жылдардың екінші жартысынан бастап елде экономикалық дамудың тұрақты тенденцияся байқалады. Атап айтсақ, соңғы үш жылда Жалпы ішкі өнім даму темпінің орташа көрсеткіші 9% құрады. 2004 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда өндірілген ЖІӨ көлемі 4093 млрд. теңгені құрпты, бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда 9,3%-ға артық [9]
Өнеркәсіптік өндірістің көлемі артуда. 2004 жылы оның өсімі 10,1% құрады. Дамудың жоғарғы қарқыны ауыл шаруашылығыгда, транспорт пен саудада сақталуда. Негізгі индикаторлар Қазақстанда экономикалық өсімнің оң трендінің сақталуын көрсетеді.
Ішкі тұрақтылық пен экономикалық дамудың оң динамикасының арқасында Қазақстан бүгін ТМД мен Шығыс еуропа елдерінің арасында экономикаға салынған тікелей инвестиция тұрғысынан жетекші орында. Осылайша, ЕҚДБ көрсеткіштері бойынша, 10-жылдық кезең ішінде республика экономикасына шашамен 14 млрд. АҚШ доллары тартылған, ал осы мерзім ішінде Орталық Азия мемлекеттеріне салынған инвестициларды қоса алғанда 2,7 млрд. АҚШ долларынан артық емес екен. Қазақстанда ұлттық экономиканы ішкі инвестициялау көлемін жылдан жылға арттыратын ұлттық капитал пайда болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемінің өсімі 10,6 % құрады. Негізінен инвестициялар тау-кен өндірісі (1,7 млрд. долл.), қозғалмайтын мүліктермен операциялар (0,5 млрд. долл.), көлік және байланыс (0,4 млрд.) және өңдеуші өнеркәсіп (0,3 млрд.) салаларына бағытталады. [10]
Қазақстанда алтын-валюталық қор көлемі артуда (10 жылдық мерзім ішінде олар 10-нан артық есе артты), бұл елімізді нетто-кредитор қылады. Қазақстан 2002 жылы ТМД елдерінен бірінші болып «Мооdys Investors Services» халықаралық агенттігінен инвестициялық деңгей рейтингін алуы тегні емес. «Институционалдық инвестор» журналының әлемнің 135 елі арасында жүргіген сауалнамасына сәйкес инвестициялық имиджінің жақсару қарқыны бойынша Қазақстан Республикасы жетекші бес елдің қатарына кіргеніне де біршама жыл болды. [11]
Инвестицияларды тарту белсендігі локомотиві қазіргі таңда шикізаттық сектор болып отырған республика экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы екендігі сөзсіз.
Мұнай-газ өнеркәсібі қазіргі таңда Қазақстан өнеркәсібінің приоритетті салаларының бірі. 2004 жылы бұл сектордың ел ЖІӨ-дегі үлесі 9,3% құраса, мұнай мен газ конденсаты экспортының үлесі жалпы қазақстандық экспорттың 54,4% құрады. [12]
Жалпы әлемдік анықталған мұнай қорының 3,2%-ын, табиғи газдың 1,5%-ын иемденген Қазақстан әлемнің ірі мұнай державаларының ондығына кіреді. Республиканың көмірсутек ресурстарын игеруге ЭксонМобил, ШевронТексако, Бритиш Газ, ТотальФинаЭльф, Аджип, ЛУКОЙЛ секілді трансұлттық корпорациялар қатысады.
2004 жылы Қазақстанда 59,17 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген, ал бұл 2003 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 15,4%-ға артық. Қазақстан 2015 жылы жылына 150 миллион тонна мұнай өндіруде жоспарлап отыр, бұл республикаға әлемнің мұнай өндіруші жетекші 10 елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді. Көмерсутектерді өндірудің негізгі өсіміне Каспий шельфіндегі шикізатты өндіру есебінен қол жеткізу көзделуде.
Қазақстанда өндірілетін негізгі мұнай-газ ресурстары сыртқы нарыққа жеткізіледі. Осылайша 2004 жылы республика 50 млн. тоннадан астам мұнай мен газ конденсатын, шамамен 18 млн. куб м табиғи газды экспорттаған. Бүгінгі таңда мұнай-газ ресурстары – Қазақстанның негізігі экспорттық тауарларының бірі. [13]
Қазақстан өзге мемлекеттермен (Ресей Федерациясы, АҚШ және т.б.) бірлесіп, Қазақстан мұнайын Қара теңіз экспорттық терминалға шығуын қамтамасыз ететін Каспий тұрба желісі консорциумына қатысады. КТК-ні іске қосу Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің ең маңызды мәселелерінің бірі – мұнай экспорты үшін қажетті қуатты құру мәселесін шешеді, ол өзге орындарда мұнай өндіру жобаларын жоғары қарқынмен дамытуға мүмкіндік береді. Жобаның алғашқы өткізу мүмкіндігі жылына 28 млн. тонна деп жоспарланған, ондағы Қазақстан Республикасының үлесі – жылына 20.2 млн. тонна. Мұнай құбырының кеңейткеннен кейінгі өткізу мүмкіндігі жылына 67 млн. долларды құрайды.
Қазақстанның 2010 жылға қарай
мұнай экспортының көлемін 85 млн. тоннаға
арттыру жоспарларын ескерсек, Қазақстан-Баку-Тбилиси-
Қазақстанның экспорттық саясатының өзге маңызды приоритеті газ ресурстарын әлемдік нарыққа жеткізу болып табылады. Газдың магистральді газ құбырлары арқылы жалпы тасылу көлемі 2004 жылы 121,4 млрд. мЗ құрады, бұл алдыңғы жыл деңгейінің 101,1% құрады. Газ тасымалы жүйесінде «Орта Азия – Орталық» құбыр желісінің маңызы зор. Қайта құрастыру мен жетілдіру нәтижесінде оның өткізу мүмкіндігі жылына 55 млрд.мЗ газға жеткен. Осылайша 2004 жылдың желтоқсанында «Орта Азия – Орталық» құбыр желісі жүйесімен газ тасымалдаудың тәуліктік көлемі 150 млн.мЗ құрады, демек, жылдық көрсеткіш 54,8 млрд.м3 сәйкес келеді. [14]
Қазақстан қазіргі таңда өзінің жеке танкерлік флотын дамытуға ерекше мән береді. 2004 жылы алғашқы қазақстандық «Астана» танкері құрылды. Оның су сыйымдылығы 12 мың тонна, ал ұзындығы 149 метр. Еліміздің жеке танкерлік флотын құру мұнайдың әлемдік нарыққа экспортының тағы бір мүмкіндігі болып табылады. Ұзақ мерзімдік мұнай перспективаларына келер болсақ, ең алдымен, Қазақстан оларды Каспий теңізінің шельфінде түзілген ресурстармен сабақтастыратындығын айту керек. Осы жерде анықталған 120 перспективті мұнай-газ құрылымдарының жалпы геологиялық қорн сарапшылар 12-17 млрд. тонна деп бағалайды. Аса ірі теңіз кен орны Қашаған болып табылады. 2002 жылдың жазында Аgip КСО консорциумымен ашылған ол өз қоры бойынша әлемде бесінші орында. Қазақстандық секторды игерудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2015 жылы Каспийдегі теңіз теңіз мұнай өндірісі жылына 100 млн. тонна мұнайды құрайды деп жоспарлануда.
Каспийде көмірсутектерді игеруді дамыту мұнай-химия индустриясы үшін шикізаттық базаның қалыптасуына жағдай жасайды. Қашаған кен орнының өнеркәсіптік зонасына жақын жерде ірі инвесторлардың қатысуымен табиғи газды өңдеу мұнай-химиялық кешенінің құрылысы жоспарлануда. Кешен сұйық компоненттер гаммасы мен бірінші реттік мұнай химия өнімдерін - этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын, сондай-ақ олардың негізінде пластикалық массалар мен эластомерлерді алуға мүмкіндік береді. [15]
Энергетикалық сектордың тағы бір маңызды саласы – көмір өнеркәсібі. Қазақстан көмір өндіруден әлемде тоғызыншы орында, әлемдік көмір өндірудегі республиканың үлесі 1,7%, ал ТМД елдері ішінде 15%. 1990-жылдары Қазақстанда көмір өндіру көлемінің төмендеу тенденциясы байқалды, оның себебі ел экономикасындағы дағдарыстық ахуал еді. Алайда салада құрылымдық қайта құрулар жүзеге асырылды, сөйтіп оның нарықтық рельстерге өтуіне мүмкіндік жасады да сала жағдайының тұрақталуына жол ашты.
2000 жылдан бастап Қазақстанда
көмір ресурстарын өндіру
Өткен жылы сыртқы нарыққа отандық 23-24 млн. тонна көмір шығарылыпты. Ресеймен қатар, Қазақстанның көмір өнімі Румыния, Польша, Чехия мен Түркияға жеткізіледі.
Қазақстанның көмір өнеркәсібі отандық электроэнергетиканың жанармайға қажеттілігінің шамамен 80% қамтамасыз етеді, ол 2004 жылы 66,9 млрд. кВт/сағ. электроэнергия өндіріпті, бұл 2003 жылға қарағанда 5% артық. Электроэнергияның экспорты 2004 жылы 22%-ға артты.
Қазақстан саланы реформалау бойынша ТМд мемлекеттері арасындағы сөзсіз лидер болып табылады. Электроэнергетикалық секторда реструктуризация жүргізіліп, оның оптималды ұйымдастырушылық құрылымы қалыптасқан, оның құрамы:
а) "КЕСОС" АҚ басшылықө ететінмемлекетаралық және жүйеаралық электрлік жүйелер негізінде құралған 220-500-1150 кВ Ұлттық электроэнергиялық жүйе;
б) бөліп таратушы жүйелерден құралған және электроэнергияны аймақтық деңгейде өткізу қызметін атқаратын аймақтық электрожелілік компаниялар;
в) акционерлік қоғамдар болып құрылған тәуелсіз не ірі өнеркәсіптік тұтынушылармен интеграцияланған электрлік станциялар – электроэнергия өндірушілер. [17]
Бұндай құрылымның болуы Қазақстанда операторы 2000 жылы құрылған ЖАҚ «КОРЭМ» болып табылатын электрлік энергия мен қуаттардың көтерме және бөлшектік нарықтарының қалыптасуына жол ашты.
Қазақстан Орталық Азия, Ресей мен өзге Достастық мемлекеттерінің энергожүйелерінің өзара әрекеттесуінің тереңдеуінде маңызды рөл атқарады. Қазақстан ТМД елдерінің энергожүйелерінің параллелді жұмысы, электрлік энергия мен қуаттың тасымалы, Достастық мемлекеттерінің электроэнергетикалық объектілеріндегі апаттар және өзге де қайғылы оқиғалар жағдайында өзара көмек туралы сәйкесінше келісімдер мен келісімшарттардың қатысушысы болып табылады.
Қазақстанның энергетикалық ведомстволарымен жүргізіліп отырған электр өткізудің жүйеаралық линияларын нығайту жөніндегі жұмыстары аса маңызды. 2004 жылы 500 кВ-ты Қазақстан «Солтүстік-Оңтүстік» электротасымалының екінші линиясының құрылысы басталды, ол республиканың және Орталық Азияның өзге мемлекеттерінің транзиттік потенциалының дамуына, бұл елдердің электроэнергияны үшінші мемлекеттерге жеткізудегі экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, Орталық Азияның энергожүйелерінің параллельді жұмысының сенімділігін арттыруға жағдай жасамақ.
Электроэнергетика, мұнай-газ және көмір салаларымен қатар республиканың отын-энергетикалық кешенінің маңызды элементі атом өнеркәсібі болып табылады. Табиғи уранның ең ірі продуценттерінің төрттігіне кіре отырып, Қазақстан әлемдік уран қорының 19% иеленеді екен, бұл көрсеткіш бойынша ол тек Австралияны алға жіберген.
Ядролық отын мен сирек кездесетін металдар әлемдік нарығында Қазақстан "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы арқылы әрекет етеді. Оның негізгі өнімдері 100% экспортқа шығарылатын табиғи уран, АЭС ядролық отыны, бериллий, тантал, ниобий және олардың қоспаларының бұйымдары мен жартылай дайын өнімдері [18]
2004 жылы Қазақстанда 3 мың тонна уран рудасы игерілген. Уран өндіруді жылына 12 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Салада шетелдік капиталды тартуға үлкен мән берілуде. Ендігі Канада мен Франция компанияларымен бірлескен мекемелер құрылған, алдағы уақытта Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, ҚХР мен АҚШ-пен бірлесіп өндіру көзделуде. Уран өнеркәсібін дамыту Бағдарламасына сәйкес уранды өндірудің жылдық көрсеткіші 15 мың тоннаға жеткізілмек. МАГАТЭ жоспарлауынша, 2020 жылға қарай әлемдік қордың сарқылуына байланысьы, бұл жағдай біздің репсубликаны уран нарығындағы монополистке айналдырады. Бұл әбден мүмкін жайт.
Республика әлемдегі ең бай минералды-шикізатты базаға ие, ол өндіргіш күштерді дамыту негізі, экономиканың жетекші компоненті және экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздіктің кепілі. Бүгін мемлекеттің баланс 100-ден астам пайдалы қазбаларды есепке алады, белсенді игеруге қарамастан, олардың қорлары азаймайды. Тәуелсіздік жылдарында алтын, мыс, марганец, никель, кобальт, цинк, титанғ цирконий бойынша қорлардың өсіміне қол жеткізілді. [19]
Өндіру қарқынын бір жарым есеге арттырған күнде де темір рудасы, марганец және хром рудасының қоры 70 жылға жетеді деп бағалануда. Республиканың мыс, хром мен ферроқорытпагың әлемдік нарығындағы позициясы нық, темір, марганец, көмір мен алюминийдің аймақтық нарығында ықпалы зор, анықталған ірі алтын қорларына ие. Елдің жер қойнауы фосфорит, барит, асбест, каолин, калий тұзы және рудалық пен рудалық емес шикізаттың өзге де маңызды түрлеріне бай келеді.
1994 жылдан бастап тау-кен
өнеркәсібін дамыту саясатының
негізі – шетелдік және
Соңғы ашулар ішінен Қазақстан үшін біршама перспективті және дәстүрлі емес Нұрқазған кен орнындағы алтын-мыс-порфир рудалары және сапасы жөнінен бірегей Шаймерден цинк рудасы объектілерін атауға болады. Одақтың ыдырауымен шикізат көзін жоғалтқан Өскемен титан-магний комбинаты үшін үш өнеркәсіптік титан тау жыныстары - Обухов, Шокаш және Сатпаев – анықталып, бағаланды. Осылайша титан өнеркәсібінің отандық шикізат базасының негізі салынды.
Бүгінгі әлемдік нарықта "Испат Кармет" (қара металдар прокаты), Өскемен титан-магний комбинаты (титан губкасы), "Казцинк" (рафинирленген цинк), "Қазақмыс" корпорациясы (рафинирленген мыс), Дон тау-байытушы комбинат (хром рудасы), Ульбин металлургиялық заводы (бериллий, тантал), "Жезқазганредмет" (рений өндірісі), "Южполиметалл" (висмут), "Казахстан Алюминийі" АҚ (галий, глинозем), "Евразия өнеркәсіптік ассоциациясы" (ферроқорытпалар), Жайрем ГОК (марганец рудасы), Соколов-Сарбайское ГПО (темір рудасы) секілді ірі кәсіпорындардың өнімдері белгілі. Қазақстандық металлургтардың өнімдері жалпы көлемнің 22% құрап, экспорттың маңызды бөлігіне айналды.
Өңдеуші сектордың дамуы Қазақстан экономикалық саясатының приоритетті бағытына айналуда. 2004 жылы машинақұрылысы дамуының жоғарғы қарқынына қол жеткізілді. Бұл саладағы өнімдерді өндіру көлемі 2003 алдыңғы жылмен салыстырғанда 35%-ға артты. Сапалы секіріс транспорт, электротехника мен электроника шығаруды арттыру, сондай-ақ мұнай-газ компанияларының жаңа өнім түрлерін шығаруы есебінен орын алды. [17]