Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа
Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.
КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........
2004 жылы «Батыс-Қазақстан машина құрылысы компаниясы» АҚ-да мұнай-газ құрылғысын өндіру бойынша жаңа қуаттар енгізілді. Даму Банкі қаражатының көмегімен Қостанай дизельдің заводында АМЗ-МАН жаңа буын қозғалтқышының сериялық өндірісі жобасы даярлануда. «Петропавл ауып машина құрылысы заводы» АҚ өндіріс көлемі екі есеге артқан.
Даму тенденциясы өңдеуші өнеркәсіптің өзге салаларында да (химиялық, мұнай-химиялық, тамақ, жеңіл) байқалуда. Атап айтсақ, химиялық және мұнай-химиялық индустрия мекемелері полимерлі талшықтар мен жіптер, платмассалар мен хром қосылыстарын, резинотезникалық бұйымдардың кең ассортиментін өндіреді. Республикада үш мұнай өңдеуші завод жұмыс істеуде, олар тұтынушыларға автомобиль бензинін, дизель отынын, авиациялық керосинді, мұнай битумдары мен өзге мұнай өнімдерін жеткізеді. Орталық Азиядағы тыңайтқыштардың жетекші продуценті "Казфосфат" компаниясының өндіріс көлемі тұрақты артуда.
Тамақ өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндірушілермен бірлескен мекемелер құрылуда, бұл саланың эффективті дамуына жол ашты.
Кластерлік даму Қазақстан экономикасының приоритеттерінің бірі болып табылады. Республикада мұнай-газ машина құрылысында, текстильді өнеркәсіпте, металлургияда, құрылыс индустриясында кластерлер құру жоспарлануда.
Қазақстанда құрылыс өнеркәсібін дамыту республиканың әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың маңызды факторы болып табылады. Республика Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғын-үй құрылысы өзге өзара байланысты салалардың (құрылыс материалдарын, құрылғылар, техника өндіру) дамуына жәрдемдесетін «Қазақстан экономикасының жаңа локомотиві» деп көрсетеді. Аталмыш сектордың жедел дамуы негізгі әлеуметтік міндеттердің бірі – Қазақстан жанұяларының тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Оның үстіне Астанадағы арнайы экономикалық зонаның аса маңыздылығын атап өту қажет, оның қызмет етуі аса қысқа уақыт ішінде ел орталығындағы жаңа астананың бойы көтеруіне жағдай жасады. Бүгінгі күні Астана барлық қазақстандықтардың мақтанышына айналды.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы елдің экономикалық және әлеуметтік өмірінде ерекше орынға ие. Ауыл бүгінгі таңда республика экономикасы дамуының маңызды факторы, ал ауыл халқы қоғамның саяси-қоғамдық тұрақтылығының факторы болып табылады.
Бүгін Қазақстанның 43 пайызына жуығы ауылдық жерде тұрады. Оның үстіне экономиклаық белсенді халықтың үштен бір бөлігі ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Бұл екі жарым миллион адам. [20]
Аймақтардың аграрлық мамандануы олардың табиғи-климаттық жағдайларымен анықталған. Бидай өсіру және ірі қара мал шаруашылығымен Солтүстік және Шығыс Қазақстан далалары және орманды-далаларында айналысады. Биязы жүнді қойларды өсіру зонасы елдің орталығындағы шөлді және жартылай шөлді аймақтар. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тау етектері мен таулы аймақтары ірі қара мал мен жеміс-жидек өсірудің дәстүрлі аймақтары болып табылады. Күріш өсіру Қызылорда облысында Сырдария өзенінің жағалауында дамыған, ал мақта өсіру аймағы Сырдария өзенінің орта ағысының бойы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас аймақтары болып есептеледі.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Үкіметтің алдына ауыл шаруашылығында нарықтық қайта құрулар жүргізу міндеті қойылды. Жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірушілер жеке меншігі құрылымында түбегейлі өзгерістер орын алды, онда мемлекеттің емес форма басымдыққа ие болды. Оның үлесі 1991 жылғы 40%-дан 2004 жылы 99%-ға өсті. Мемлекеттік шарушылықтарды жекешелендіру және ұжымдық шаруашылықтарды реформалау жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер санының 11 есеге артуына әкелді. [21]
Мемлекет әрқашан ауылды дамытуға ерекше мән беріп келді. 2003-2005 жылдар ауыл көркеюінің жылдары юолып жарияланды. Бұл кезеңде мемлекет село мен ауылды дамыту үшін аса маңызды мемлекеттің бағдарламаларды бекітті: селолық территориялардың дамуы бағдарламасы және агроөнеркәсіптік бағдарлама.
2003 жылы жер туралы
заң – Жер Кодексі –
Көрсетілген шаралар ауылшаруашылықтық өнімді өндірудің артуына жағдай жасады. 2004 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 693 миллиард теңгені құрады. Соңғы бес жылдағы өнім артуының орташа жылдық қарқыны 3,7% құрады. 2000 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде ауыл шаруашылықтағы негізгі капиталға келіп түскен инвестициялар ағымы 600 миллионға жетті. Егіс алқаптары мен өнім өндірісінің артуы құрылымының тұрақтану тенденциясы байқалды. Мысалы, 2004 жылы барлық ауылшаруашылық мәдени өсімдіктердің егіс алқабы 18 миллион гектар болды, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 16 миллион гектар еді.
Мал шаруашылығын қолдау бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы оң нәтижелер көрсетуде. Соңғы үш жылда мал басы мен құс саны динамикалық түрде артуда. Ірі қара малдың саны 2000 жылдан бастап 1 миллион басқа артқан және 5 миллион басқа жетті. Мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі артты. Ет көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейсе, сүт өнімдері – 1,5-2 есеге артты.
Аграрлық сектордың негігі экспорттық көзі – бидай болып табылады. Соңғы жылдары республика экспорт географиясын кеңейтіп, көлемін арттырды. Тек 2004 жылдың өзінде Қазақстан шетелге 5,8 млн. тонна бидай жеткізіпті. Қазақстанның бидайын импорттайтын елдер саны 40-қа жетіп артылады. Олардың ішінде – ТМД және Орталық Азия елдері, Таяу Шығыс, Еуропа мен Солтүстік Африка Мемлекеттері.
Қазақстан экономикасы үшін оның Еуразиялық континентте ұтымды географиялық және геосаяси орналасуымен және табиғи-шикізаттық ресурстардың үлкен қорымен транспорттық кешен маңызды рөл ойнайды. [22]
Республика үшін өзіндік құнының төмендігімен мемлекетаралыұ тасымалды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін теміржол транспортын дамыту приоритетті маңызға ие. Жүк тасымалындағы негізгі бөлік бидай, көмір, әр түрлі рудалар, мұнай, мұнай өнімдері секілді тауарлардың үлесінде. Жүк тасымалының 68% мен жолаушылар тасымалының 57% астамы теміржол транспортының үлесінде. Магистральді темір жол желісі операторы әрі тасымалдаушы қызметін «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы атқарады.
Негізгі сауда транзиті – Орталық Азиялық мемлекеттер мен Ресей, ТМД елдері мен Азия арасындағы жүк ағымы болып табылады.
Автомобильді транспортқа келер болсақ, ол да республиканың транспорттық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Жүк айналымының жалпы көлеміндегі автотранспорттың үлесі 5%. Транзит саласында жүк ағымының көп бөлігін Достастықтың Орталық-Азиялық елдері мен еуропалық мемлекеттер арасындағы тасымал құрайды. Қалааралық жолдардың жалпы ұзындығы 19000 км, оның 12500 км халықаралық маңызға ие.
2001 жылдан бастап инфрақұрылымды
дамытудағы мемлекеттік саясаии
Қазақстан экономикасы үшін теңіз транспортының әрі қарайғы дамуы жоғары маңызға ие. Ақтау айлақ бүгін – республикадағы ең бастысы. Оның негізгі қызметі – қазақстандық экспортты өңдеу. Болашақта бұл жерде транзиттік жүктер көлемі артпақ, ол үшін Еуропалық қайта құру және даму банкі есебінен айлақты қайта құру жоспарлануда. Атап айтсақ, бидай және паром терминалдарының құрылысы, шикі мұнай үшін арқан салу қарастырылуда.
Қазақстанның телекоммуникациялық секторы экономиканың ең қарқынды дамып жатырған секторы болып табылады, оның қызметі нарықтық тәсілдер белсенді енгізілуде.
Елде 100-ден астам телекоммуникациялық компания мен мобильдік байланыстың 4 операторы қызмет етуде. Алайда байланыс нарығындағы сөзсіз лидер әрі оның ірі жабдықтаушысы «Қазақтелеком» ААҚ болып табылады. Бұл компания халықаралық және қалааралық байланыс саласында эксклюзивті құқыққа ие болып, ортақ пайдаланудың бірегей телекоммуникация желісінің ұлттық операторы функцияларын атқарады. [22]
Қазақтелеком» АҚ Ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысы жобасые жүзеге асыруды жалғастыруда. 2004 жылдың алғашқы жарты жылдығында Шығыстық талшықты-оптикалық байланыс линиясының құрылысы аяқталды. 2400 км-ге созылған бұл байланыс линиясына алты облыс орталығы қосылған: Петропавлк, Көкшетау, Астана, Павлодар, Өскемен, Талдықорған.
Шығыстық талшықты-оптикалық байланыс линиясының іске қосыоуы цифрлық ағымдармен республикада қызмет ететін 18 автоматтық қалааралық станциялардың 14-ін өзара жалғауға мүмкіндік берді.
Осылайша, Ұлттық ақпараттық супермагистраль (ҰАСМ) құрылысының үшінші кезеңі жүзеге асты, ол республиканың облыс орталықтарын цифрлік байланыспен жалғастырып отыр. ҰАСМ жалпы ұзындығы 12 мың км-ге жетті. 2004 жыл – Ұлттық ақпараттық супермагистральдің келесі бөлігі ұзындығы 1540 км болатын «Петропавл - Қостанай - Ақтөбе» Солтүстік талшықты-оптикалық байланыс линиясы құрылысының басталған жылы. Сонымен қатар, 2004 жылдың бірінші жарты жылдығында құрылысы 2003 жылы басталған ұзындығы 634 км-ге созылған Атырау-Орал-Ақсай циврлік радио-релейлік линиясы (ЦРРЛ) сынақ жүзінде іске қосылды. Аталмыш жоба арқасында Орал қаласы халықаралық және қалааралық цифрлік байланысқа шығу м.мкіндігіне ие болды.
Жергілікті желі, облыс орталықтары, ірі қалалар мен селолық мекен пунктерін цифрлендірудің ірі көлемдегі бағдарламасы шеңберінде 2004 жылдың алғашқы жартыжылдығында 81 248 цифровлік номер іске қосылды, олардың: 58 276 номері қалалық желіде, 22 972 номері ауылдық желіде.
Қазақстанның қысқа мерзімдік перспективасындағы маңызды міндеті – дайын өнім өндіруді жетілдіру үлесі жоғары экономиканың бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік секторын құру болып табылады. Осыған байланысты мемлекет индустриалды-инновациялық дамуды көздеп отыр және әлемдік экономикада тек шикізат көзі болып қала бермек ойы жоқ. Республикада индустриалды-инновациялық дамудың стратегиясы қабылданған және Қазақстандық инвестициялық қор, Қазақстан даму банкі, инновациялық қор, экспортты сақтандыру жөніндегі Корпорация секілді институттар құрылған. Аталмыш институттардың қызмет етуі Қазақстанның инновациялық потенциалын жеке инвесторлармен бірігіп перспективті жоғары технологиялық жобаларды тікелей қаржыландыру және инновациялыұ инфрақұрылымның (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, технополистер) негізгі элементтерін құру жолымен дамытудың негізгі факторы болмақ. Атап айтсақ, дамудың аталмыш институттарының капитализациясы 2005 жылдың басында 730 млн. АҚШ доллары болды, ал инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. [11]
Республика экономикасының инновациялық дамуының приоритеттілігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында айтылып жүр. Онда біздің мемлекетіміздің приоритетті салаларға ие бәсекеге қабілетті экономика моделін таңдағандығы баса көрсетілген. Бұл стратегиялық маңызды міндеттің жүзеге асуы біздің еліміздің әлемдік қауымдастықта беделді орынға ие болуына жол ашпақ. Қазақстанда 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуды Стратегиясын жүзеге асыру бойынша жұмыс органдары құрылған: Маркетингтік және сараптамалық зерттеулер Орталығы, технологиялар трансферті мен инжиниринг Орталығы.
Маркетингтік және сараптамалық зерттеулер Орталығының негізгі міндеті экономикада кластерлерді қалыптастыру мен маркетинг саласындағы халықаралық тәжірибені танып-білу және оны республикада жоғары құндылықты өндірісті дамыту үшін пайдалану.
Атап айтсақ, қазіргі таңда Орталық келесі салаларды зерттеуде: машина құрылысы, кремний өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс, биотехнология материалдарын өндіру (Степногорск қаласындағы «Прогресс» технопаркі негізінде), тамақ өнеркәсібі, ядролық технологиялар (Курчатов қаласындағы ядролық технологиялар Паркі жобасы негізінде). Олардың кластерлік дамуы жөнінде сәйкесінше ұсыныстар дайындалуда.
Соынмен қатар, Орталық экспортқа бағытталған өндірісті құру мен бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыру мәселелері бойынша жеке сектор ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық орнатқан.
Технологиялар трансферті мен инжиниринг Орталығы құрылуының негізгі мақсаты инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру, технологиялар трансферті мен инжиниринг қызметтерін көрсету, жетілген технологиялар бойынша мәліметтер базасын құру, инжиниринг үрдісінің техникалық, заңдық, қаржылық аспектілерін жүзеге асыру.
Аталмыш орталықтардың қызмет етуі Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының республика экономикасының бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік секторын қалыптастыру және елдің экономикалық дамуының перспективті тұстарына қолдау көрсету бойынша нақты шаралар қолдану жолымен жүзеге асуына жәрдемдеседі.
Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 50 инновациялық инфрақұрылым объектілері, соның ішінде шамамен 40 бизнес-инкубатор мен 10 технопарк әрекет етуде. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың 18 тамызындағы Жарлығымен Ақпараттық технологиялар паркі құрылды, оның басты ерекшелігі салық және кедендік режимдерде жеңілдіктерге ие Арнайы экономикалық аймақ статусы болып табылады. Бұл парк қызметінің басты бағыттары жасанды нейрон жүйелерін модельдеу, жорамалдау, пайдалану саласында отандық жобалардың базасы негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді даярлау; ақпараттық технологиялардың (телекоммуниказиялар, соның ішінде ғарыштық мониторингтік және бақылау жүйелері, жорамалдау жүйелері, өнеркәсіптік және тұрмыстық автоматизация, миниатюризация) приоритетті бөлімдері үшін құрылғыларды өндіру бойынша жобаларды ұйымдастыру; бір технологиялық линиялар шеңберінде аппараттық өндіріс пен бағдарламалық қамтамасыз етудің интеграциясы.
Степногорскіде құрамына «Биомедпрепарат» АҚ, «Биопромтехнология» институты және медициналық-биологиялық факультет кіретін ЕЛО «Прогресс» биотехнологиялар технопаркі қызмет етуде. Ұсынылған жобалардың ішіндегі негізгілері бидай өңдеу мен антибиотиктер субстанциясын өндіру жобасы болып табылады.
Қарағандыда 2004 жылдың маусымында «Техноқызмет» Паркі» ЖШС негізінде «Бизнес-сити» технопаркі ашылды. «Техноқызмет» Паркі» ЖШС-не жаңадан ашылған кәсіпорын акцияларының 51 пайызы тиесілі. Оның құрылтайшыларының қатарына Орталық-Қазақстандың кәсіпкерлер ассоциациясы мен Қарағандылық облыстық сауда-өнеркәсіптік палата енді. Аймақтық даму институтын құру негізіне технологиялық парктердің американдық моделінің принциптері салынған. Бұл құрылым шағын және орта бизнестің өнеркәсіптік базасы, ғылыми потенциалдары мен инкубаторларын біріктіреді деп күтілуде. Құрылтайшылар өздерінің мекемелерін индустриалды-технологиялық бизнес-парк санатына жатқызады. Аталмыш парктің қызметінің приоритетті бағыттарының бірі тау-рудалы машина құрылысы, технологиялық қалдықтарды өңдеу, көмір өнеркәсібі үшін жаңа технологияларды қалыптастыру мен енгізу болып табылады. Курчатовта бұрынғы әскери қалашықтың территориясында «Тоқамақ» ядролық технологиялар технопаркін құру жоспарлануда. Оның инфрақұрылымын қалыптастыру мен ғылыми эксперименталды қондырғыларды алу үшін ҚР Үкіметі 90 млн. теңге бөлді.