Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа
Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.
КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........
Аталмыш технопарктердің қызмет етуі Қазақстанның инновациялық дамуының, мемлекеттің экономикалық дамуының тұрақты қарқынына қол жеткізудің маңызды кезеңі болмақ.
Осылайша Қазақстанда республика экономикасын нарықтық қайта құру, оның бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыру бойынша белсенді шаралар қолданылуда. Сондықтан Қазақстан Достастық елдерінің ішінде бірінші болып Еуропалық Одақ және Америка Құрама Штаттарымен нарықтық экономикалық мемлекет ретінде танылды, оның мәні зор. [29]
Бұл жылдары қаржылық, салықтық, бюджеттік және әлеуметтік саясаттың негізі салынды. Банк секторыны реформалау приоритетті маңызға ие. Банктердің бірлескен активтері 7,6 млрд. АҚШ долларынан асып түскен. Қазақстандық қаржы жүйесі ендігі бухгалтерлік есеп пен реттеудің халықаралық стандарттарына көшірілген. Республикада банк қызметінің барлық аспектілерін еуропалық стандарттар деңгейіне шығару көзделіп отыр.
Қазақстанда міне 5 жыл зейнетақы жинақ жүйесі қызмет етуде. Оның активтері 2 млрд. АҚШ долларынан асады және қарқынды артып отыр.
Республикада әлемдік деңгейге барынша жақындастырылған сенімді төлем жүйесі қалыптасқан. Қазақстан банктерімен шығарылған пластикалық карточкалар саны жарты миллионнан артады, Қазақстанның жұмыс басты халқы үшін тым көп, бұл жүмыс жасайтын адамдардың шамамен 25%
Республиканың мемлекеттік сыртқы қарызының көлемі төмен, ЖІӨ-нің шамамен 12% құрайды. Қазақстан 2000 жылы мерзімінен бұрын ХВҚ алдындағы 400 млн. доллар соммасындағы соңғы міндеттемелерінен құтылды, енді оның алдында еш қарызы жоқ.
2001 жылы елде мұнай құнының жағымды конъюктурасы есебінен Резервтегі Ұлттық қор құрылды. Бұл қор 1,5-2 жылдық бюджетті тіпті бареліне 10 доллардан төмен мұнай бағасы жағдайында да қамтамасыз ете алады.
Экономика өсімі әлеуметтік мәселелерді сенімді шешуге мүмкіндік берді. Жалақы мен зейнетақының орташа деңгейі ТМД бойынша ең жоғарғылардың қатарында. Айлық орташа номиналды жалақы көлемі бойынша тек Ресейді алға жіберіп отыр. Қазір номикалды жалақы мен адам басына шаққандағы орташа ақшалай кіріс Қазақстанда ай сайын 15%-ға артуда, ал инфляцияның жылдық орташа деңгейі - 6,5%. Жұмыссыздық көрсеткіштері төмендеуде.
Жаһандану жағдайында Қазақстан үшін Достастық елдерімен интеграциялық ынтымақтастықты дамыту ерекше маңызға ие. Жаһанданудың өзі шекарасыз экономика, капитал, тауар, адам және өзге ресурстардың еркін қозғалысы түсінігін береді. Сондықтан ТМД елдерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, Қазақстанның өзге мемлекеттермен интеграциялық өзара әрекетін тереңдетудің ұйымдастырушылық-құқықтық механизмін қалыптастыру маңызды болып табылады. [13]
Республика посткеңестік кеңістіктегі Еуропалық Экономикалық Қауымдастық, Бірегей Экономикалық Кеңістік, Орталық-Азиялық Ынтымақтастық ұйымы секілді интеграциялық бірлестіктерге белсенді қатысады. Бұл ұйымдардың қызметі посткеңестік кеңістікте сәйкестендірілген экономикалық саясат жүргізу, тауар, қызмет көрсету, капитал мен жұмыс күшінің ортақ нарығын қалыптастыру, бірегей транспорттық, ақпараттық, энергетикалық жүйелерді дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан 1996 жылдың сәуірінде құрылған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында белсенді рөл ойнайды. Бұл бірлестіктің қызмет етуі оның мүшелерінің мүдделелрінің ортақ екендігінің куәсі. Олардың қатарында: әр елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту; саяси мүдделердің сәйкес келуі; елдер арасындағы өзара сенімнің қалыптасуы; тұрақты сауда-экономиклаық байланыстар; интеграцияға шынайы ұмтылыс.
Осылайша Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде жаһандық саясат пен экономика талаптарына сәйкес келетін көпвекторлық принципі жатыр.
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде
ХХ ғасыр Франция үшін де, бүкіл әлем үшін де үлкен өзгерістер ғасыры болды. ХХ ғасырдың басында Франция Еуропаның ең үлы державаларының бірі, ал Еуропа – әлемнің ортасы болып еді. Батыс Еуропа елдері алпауыт отарларды иеленіп, олардың қарулы күштерінің теңдесі болмады. Америка Құрама Штаттарымен қатар Батыс Еуропа өнеркәсіп, ғылым мен техника дамуында жетекші рөл ойнап, әлемдік саясаттың негізгі бағыттарын анықтап, өнер дамуына бағыт беріп отырды. АҚШ пен КСРО-ның қарқынды күш адуы, социалистік мемлекеттер жүйесінің қалыптасуы мен қирауы, Жапонияның әлемдік экономика алпауытына айналуы, отарлық жүйенің ыдырауы мен халықаралық аренада жаңа ірі тәуелсіз мемлекеттердің (Қытай, Үндістан, Индрнезия және т.б.) пайда болуы – бұның барлығы Батыс Еуропаның ендігі экономика, саясат пен әскери күштердің басты орталығы болудан қалуына әкелді. Франция бұрынғыдай әлемдік саясатта маңызды рөл ойнап қала берді. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, маңызды ұжымдық халықаралық келісімдердің қатысушысы болып табылады. Оның қатысуынсыз халықаралық көлемдегі ешбір ірі оқиға орын алмайды. Бұрынғыдай Францияның орны тек оның экономикалық, әскери және саяси мүмкіндіктеріне тәуелді емес, сондай-ақ ол оның ьарлық континеттердегі дәстүрлі мәдени ықпалы, адамзаттың саяси, әлеуметтік және рухани өмір-тұрмысына сезімталдығы секілді өзге факторларымен де анықталады. ХХ ғасырда Франция «әлеуметтік лаборатория» беделін сақтап қалды, онда жаңа идеялар мен тұжырымдамалар сынақтан өткізіліп, ұсынылуда. ХІХ ғасырдың аяғында Франция Еуроапның ұлы державаларының ішіндегі жалғыз республика болды. Содан бері ол республикалық құрылым мен саяси демократия жүйесін жетілдіру мақсатындағы өзіндік бір сынақ полигоны болып қалды. ХХ ғасыр бойы екі парламенттік республика президенттікпен, оңшыл партяилардың билігі солшылдар билігімен алмасты, көппартиялы жүйенің қызмет ету принциптері нақтыланды, адам және азамат құқықтарының қолданылу тәжірибесі жетілдірілді, әлеуметтік заңнамалар дамыды. Халықтық майдан, коммунистердің үкімет билігіне қатысуы, Солшыл күштердің Одағы және социалистердің үкіметі, жеке меншікті сақтай отырып үкіметтік жоспарлау, әйел құқықтарының заңдық рәсімделуі және өзге де маңызды қоғамдық жаңашылдықтар алғаш болдып Францияда орын алды.
Де Голль саясатының негізі бағыттары. Де Голль өз қызметінің негізгі мақсаты деп Франция ұлылығын қайтару, оның солтүстік атлантикалық пакт бойынша «аға серіктестері» АҚШ пен Ұлыбританияға тәуелділігін жоюды есептеді. 1959 жылы ол Жерорта теңізінде орналасқан француз флотын НАТО қарауынан шығарып алды және американдық ракета-ядролық қаруды Франция территориясына орналастыруға тыйым салды. Тек өзінің жеке ядролық қаруын иеленіп қана «ұлт ұлылығын» қамтамасыз ете аламыз деп тұжырымдаған де Голль үкіметі ядролық соққы күштерін құру үшін қыруар ақша жұмсап, бар күші салды. 1960 жылы сахарадағы француз әскери полигондарының бірінде атом бомбасын алғаш жарып, Франция АҚШ, КСРО және Ұлыбританиямен қатар «атомдық державалар клубына» енді. Францияның әскери қуатын күшейтуге ұмтылғанымен, де Голль халықаралық шиеленісушілік деңгейін төмендету қажеттігін түсінді. 1960 жылдың көктемінде оның бастамасымен кеңес үкіметінің басшысы Н.С.Хрущевтің Францияға алғашқы сапары ұйымдастырылды. Кездесу барысында КСРО мен Франция реттелмеген мәселелердің барлығын «күш қолданумен емес, бейбіт тәсілдермен» шешуге даярлығы туралы келісімге келді. Франция мен КСРО арасындағы байланыстар «халықаралық шиеленісушілік деңгейін төмендету және Еуропа мен бүкіл әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға» әрі қарай ықпал ететіндігін баса көрсетіп, кеңес және француз үкіметі өзара ғылыми және сауда байланыстарын біршама кеңейту туралы келісті. Атап айтсақ, атом энергиясын бейбіт қолдану саласындағы ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Бесінші республиканың алғашқы жылдарындағы де Голльдің еуропалық саясатының маңызды бағыты ГФР-мен достасу және жақындасу болды. Де Голльдің пайымдауынша Франция мен ГФР-дің одағы бұл елдерді Батыс Еуропадағы шешуші күшке айналдырмақ, әрі ГФР-дан бір айырмашылығы ядролық қаруы бар Францияның салыстырмалы ірі әскері және отарлы мемлекеттермен дәстүрлі байланыстарымен жетекші рөл ойнамақ. 1958 жылдың қыркүйегінде де Голльдің ГФР канцлері К.Аденауэрмен алғашқы кездесуі болып өтті. Кездесу барысында екі көшбасшы да «бұрынғы жаугершілікті түбімен жоюға» ниеттілігін білдірді. 1963 жылдың қаңтарында Парижде олар сыртқы саясат, қорғаныс, ағартушылық, жастарды тәрбиелеу салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат сәйкесінше кездесу ұйымдастырылған орын Елисей сарайының атымен аталды. Сонымен қатар де Голль «Ортақ нарықтың» өзге мемлекеттерімен де байланыстарын кеңейтуге ұмтылды.
Францияның сыртқы саясаты. Алжирдегі соғыс жүгінен арылған де Голль үкіметі белсенді сыртқы саясат жүргізе бастады. 1962 жылдың мамырында Батыс Еуропа елдерінің бірігу идеясына қолдау көрсете отырып, ол ұлтүстілік Еуропа, яғни федеративті не АҚШ үлгісіндегі бірегей батысеуропалық мемлекет құру жоспарынан бас тартты. Батысеуропалық мемлекеттердің ұлтүстілік бірігуінің орнына де Голль «Мемлекеттер Еуропасы» мен «Отандар Еуропасы» идеяларын ұсынды, де Голль бастамасының мәні құрамындағы мемлекеттер өз ұлттық егемендігін сақтайтын конфедерация құру. Оның үстіне де Голль «Ортақ нарық» елдерін ғана қамтитын «кіші Еуропа» уақыт өте «Атлантикадан Оралға» дейінгі бүкіл еуропалық мемлекеттердің бірлестігіне жол беруі керектігін айтты. 1962 жылдың мамыр айында де Голль «тамыр-тексіз» ұлтүсті Еуропаға жұрт алдында ашық қарсы шығып, Францияның оған ешқашан енбейтіндігін жариялады. Францияның халықаралық аренадағы толық тәуелсіздігін қамтамасыз етуді қалап, де Голль үкіметі 1966 жылы НАТО әскери ұйымынан шығу туралы шешім қабылдады. Франция солтүстікатлантикалық пакт саяси ұйымының мүщесі болып қалды, алайда бұрын француз территориясында орналасқан НАТО әскери базалары, қызметі және американдық әскерилер Бельгияға орын ауыстыруы тиіс болды. Француз әскери басқармасы «әділетсіз агрессия» жағдайында НАТО әскерімен ынтымақтасуға ниетті болғанымен, енді Франция бұрынғыдай тек «Шығыстан төнген қауіпке» ғана емес, «барлық азимутта» қорғанысқа дайындалатындығын мәлімдеді. 1964 жылы АҚШ Үндіқытайда әскери интервенцияны бастағанда де Голль оның әрекетеріне сөгіс жариялауға асықты. СЕАТО-ның мүшесі бола тұрып, Франция 1965 жылдан бастапоның жұмысына қатысудан қалды. Таяу Шығыста Израилмен байланыстарын сақтай отырып, Франция 100 миллиондай адам мекен еткен, әлемдік мұнай қорының 70% иемденген араб елдерімен «достық және ынтымақтастық» саясатын жүргізе бастады. 1967 жылдың маусым айында Израильдің араб мемлекеттеріне қарсы «алты күндік» соғысы басталғанда француз үкіметі Израиль әскерлерінің оккупациялаған территорияларынан шығуын талап еткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясына қосылды.
60-жылдарда Францияның Кеңес Одағы және өзге социалистік мемлекеттермен қарым-қатынасы белсенді сипат алды. 1964 жылы –ірі капиталистік мемлекеттердің ішінен бірінші болып – Франция Қытай Халық Республикасын мойындады.
Француз-кеңес қатынастарының дамуындағы маңызды оқиға – президент де Голлдің 1966 жылы КСРО-ға сапары және оның кеңес басшыларымен келіссөздері. Келіссөздер Франция мен КСРО үкіметтері арасындағы көптеген халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығы мен ұқсастықтарын анықтады. КСРО мен Франция «Батыс пен Шығыс елдері арасындағы шиеленісті жағдайдың бәсеңдетуді» қалайтындықтарын мәлімдеді. Жақтар Француз-кеңес қатынастарының «келісімнен ынтымақтастыққа» дамыту мақсатында тұрақты екі жақты консультациялар жүргізу туралы келісті. Дегенмен Франция әлі де қарулануды шектеу үрдісінен бас тартты, Атмосфера, ғарыш кеңістігі және су астында ядролық қару сынақтарын өткізбеу туралы келісімге қосылмады, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта қолдану және ядролық қаруды таратпау туралы келісімдерге қол қоймады.
Де Голль саясаты көптеген саяси күштер тарапынан қарсылыққа ұшырады. Алдымен де Голлге тек Коммунистік партия және Автономды социалистік партияның аз бөлігі қарсы шықты, кейін қарсыластардың қатары артты.
1968 жылы де Голль «ХХ
ғасырдың ұлы француз
Референдум 1969 жылдың 27 сәуірінде өткізілді де, Франция таризында алғаш рет үкімет дайындаған жобаға көлемді қарсылық көрсетілді: сайлауға қатысқан халықтың 53,2% үкімет заң жобасына теріс жауап берді. Бұдан кейін де Голль президент лауазымынан бас тартып, өзінің сүйікті мекені Коломбоға – Шампанидегі ле-дез- Эглизге кетті. Де Голль отставкасымен бесінші республиканың бірінші кезеңі тәмамдалды. Постголлизм атауымен белгілі жаңа кезең басталды.
1969 жылы мерзімінен бұрын
Республика Президенттігіне
Өзінің саяси курсының негізгі бағытын Помпиду «мұрагерлік және диалог» деген екі сөзбен анықтады, бұл дегеніңіз оның де Голль саясатын «атлантизм» ұстанымымен жалғастыруға ниеттілігін білдірді. Де Голль секілді Помпиду сырқы саясатты басқаруды қөз қолында сақтап қалды да, , премьер-министру Жаку Шабан-Дельмасқа ішкі саясатты жүргізуде басымдылық берді. Де Голль сияқты Помпиду да француз-кеңес қатынастарының дамуына ерекше назар аударды. Помпиду үкіметі ірі капиталистік мемлекеттердің үкіметтерінің ішінде бірінші болып Кеңес Одағы ұсынған Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері бойынша жалпыеуропалық кеңес өткізу идеясын қолдады, ол Кеңес 1973 жылы Финляндия астанасы Хельсинкиде өз жұмысын бастады. КСРО-мен бірігіп халықаралық қатынастардағы шиеленісті жағдайды бәсеңдетуге ұмтыла отырып, Помпиду үкіметі сонымен қатар АҚШ-мен қатынастын жақсартуды да көздеді. Көптеген салаларда француз-американдық сыртқысаяси және әскери ынтымақтастық қайта қалпына келді, дегенмен «атлантистердің» талап етуіне қарамастан Франция НАТО әскери ұйымына қайта оралмады. Француз үкіметі американ әскерлерінің Үндіқытайдан шығуын талап етіп, шабуылдарға сөгіс жариялады. Вьетнамдағы әскери әрекеттерді тоқтату туралы 1968 жылы Париж қаласында басталған келіссөздердің жүргізілуіне ат салысты. Ал 1973 жылдың қаңтарында американдық әскери авиацияның Вьетнам демократиялық республикасына шабуылы Вьетнамда бейбітшілікті қалпына келтіру келісімдерімен аяқталды.
«Еуропеисттердің» дегеніне көніп Помпиду үкіметі де Голль ұсынған Англияның «Ортақ нарыққа» енуіне қарсылықты алып тастады. Францияда 1972 жылдың сәуірінде өькізілген референдумда сайлаушылырдың басым көпшілігі Помпиду үкіметі ұсынған Англияның және онымен байланысты елдердің (Дания, Ирландия, Норвегияның) «Ортақ нарыққа» енуі туралы заң жобасын мақұлдады.
Помпиду үкіметі ядролық соққы күштерді дамытуға ерекше назар аударды. 70-жылдардың басында Франция иелігінде ядролық қарудың барлық негізгі түрлері болды: жердегі баллистикалық ракеталар, ракеталық кемелер, су асты қайықтары, ракета тасушы ұшақтар. Француз ядролық күші қуаты жөнінен Ұлыбританияның ядролық күшінен асып түсті, алайда АҚШ пен КСРО қуатынан артта қалды.