Акциз салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:42, дипломная работа

Краткое описание

Салық теориясында ғалымдар мен зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4

1
Акциз салығын салудың экономикалық қажеттілігі және теориялық-әдістемелік аспектілері......................................................................................7
1.1
Салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы............................................................................................................7
1.2
Жанама салық ретіндегі акциз салығының атқаратын қызметтері...............11
1.3
Қазақстандағы акциз салығын төлеушілер және акцизделетін тауарлар түрлері...................................................................................................................15

2
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу механизмдерін зерттеп-талдау............................23
2.1
Қазақстан аумағында өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау...................................23
2.2
Акциз салығын есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау..............29
2.3
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарлардан түсетін бюджет түсімдерінің тиімділігін бағалау.............................................41

3
Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары.............................................................................................51

Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Қосымшалар............................................................................................................66

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Акциз.doc

— 778.00 Кб (Скачать файл)

Акциздер кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады, сонымен қатар үстеме құн  ретінде тағайындалып тұтынушыдан  төленеді. Бұл салық, әрқашанда тауар бағасының өсуімен бірге өсіп отырады, сөйтіп бюджеттің тұрақты, әрі тиімді қаражат көзі болып табылады. Сондықтан, акциздер ұғымы тар және кең мағынада сипатталады. Тар мағынада алғанда бұл ұғымды жекелеген тауарлар түрлеріне тасылынған акциздер немесе жеке акциздер деп ұғынған жөн. Кең мағынада акциз ұғымы жеке және әмбебап акцизді біріктіреді. Оларды бөлу акциздерді алу тәсіліне қарай, олардың іс қимыл аясына байланысты. Тарихи тұрғыдан алғанда, жеке акциз бұрын пайда болып, сауданың өркендеген кезінде өмірге келген. Әдетте жеке акциз жекеленген тауарлардан алынады. Мұндай акцизді салудың объектілері әр елде тауардың түріне қарай әр алуан. Ал әмбебап акциз кең ауқымды болып табылады. Әмбебап акциз кәсіпорынның өткізу бойынша жалпы айналымнан алынады. Сонымен, акциздер – бұл Қазақстан аумағында өндіріліп, өткізілетін және елімізге импортталатын, сондай-ақ Салық кодексінің 279-бабында анықталған тауарларға салынатын салық болып табылады. Акциздерді өздерінің айырмашылықтары ерекшеліктеріне қарай монопольды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымды болатын тауарларды өндірушілер төлейді.

Акцизді төлеген кәсіпорын  оны тауарлардың, қызметтердің бағасына қосып, тұтынушыға аударады. Бірақ кәсіпорын  тауардың бағасын белгілі бір  деңгейде ғана дейін, яғни төлем қабілетті сұранысқа байланысты көтере алады. Егер акциз өндірілген тауар бағасы өте жоғары болып кетсе, бұл тауарға сұраныс азаяды, төмендейді. Сондықтан тұтынушыларды ұстап қалу үшін кәсіпорын баға деңгейін сақтай отырып, өз пайдасын салық сомасына азайтуға мәжбүр болады. Яғни акциз салығының жоғарғы ставкасын қолдану халықтың сатып алу қабілеттілігін төмендетіп, өндірушілер үшін өткізу нарығын тарылтады. Пайданың минималды мөлшерін жоспарлағанда да бағаның құрамындағы жоғары акциз салығының ставкалары өндірушілерге өз өнімдерін тез уақытта өткізуге мүмкіндік бермейді, оған сатып алушылардың шектеулі мүмкіндіктері себеп болады.

Осылайша акцизделетін тауарды өндіретін кәсіпорынның табысының бір бөлігін ала  отырып, акциз кәсіпорын қызметін қаржының нәтижесіне кері әсер етеді. Өндірушілердің бұл тауарларды өндіруге деген қызығушылығы төмендейді. Ал өндірістің қысқарылуы баға өсуіне ықпал етіп сұраныстың яғни тұтыну деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бірақ бұл шектеу механизмінің жүзеге асырылуы тиімділігі акцизделетін тауарлар айналымы сферасының жүргізілетін мемлекеттік бақылауға және заңсыз айналым көлеміне тікелей байланысты.

Нарықтық экономика  жағдайындағы акциздердің өзектілігі тұрғындардың өмірлік деңгейін реттеуге, жеңілдіктер жүйесінің көмегімен халықтың кедейленген бөлігін әлеуметтік қорғауға алуға, сонымен қатар инвестициялық және кәсіпкерлік қызметтерді ынталандыру немесе шектеуге, жоғары салықтарды төлеуге заңды тұлғалар есебінен бюджеттің тұрақты кірістерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Сонымен, дипломдық жұмысты  қорытындылай отырып, акциз салығының  келесідей экономикалық ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  1. Акциз салығы, егер оны тиімді әрі ұтымды қолданса, мемлекет бюджетінің тұрақты кіріс көзіне айналуы мүмкін.
  2. Акциздер аз әрі шамалы үлестермен алынады, сондықтан олардың ауыртпашылығы салық төлеушілер үшін тікелей салықтармен салыстырғанда онша сезілмейді.
  3. Акциздер тек салық төлеушіде ақша бар кезде ғана төленеді. Өйткені салық төлеуші екінші дәрежелі қажеттіліктегі тауарларды тек ақшасы бар кезде ғана сатып алады. Ал тікелей салықтарды төлеу салық төлеуші қаржы жағынан қиын жағдайда болған кезде талап етуі мүмкін.
  4. Акциздер мемлекет үшін тиімді әрі қолайлы болып табылады, себебі, салық төлеушінің бұл салықтан жалтаруы қиындау.
  5. Акциздерді жинау тікелей салықтарды жинауға қарағанда жеңілдірек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV ҚР Заңы.
  2. Қазақстан Республикасының «Салық жүйесі туралы» Заңы, 1991 жыл 25 желтоқсан.
  3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1995 жыл 24 сәуір.
  4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексі № 209-11. 2001 жыл 12 маусым.
  5. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. №548-II 24.04.2004 жыл.
  6. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі // Алматы: 2003 жыл.
  7. Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» Заңы. 08.01.2004 жыл.
  8. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау Комитеті туралы Заңы.
  9. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы Агенттігі туралы Заңы.
  10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жинақ. Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Қаржы министрлігі.
  11. Үкіметтің, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл Жоспары.
  12. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.
  13. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.
  14. «Ақтөбе облысының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясын бұдан әрі іске асыру жөніндегі міндеттері туралы» Ақтөбе облысы әкімінің есебі // Ақтөбе газеті.
  15. Қазақстан өңірлері 2010 жылы. Статистикалық жинақ // Астана, 2011.
  16. Қазақстан 2010 жылы. Статистикалық жинақ // Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. – Астана, 2011.
  17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені. №1, Астана: 2012 жыл.
  18. Бекболсынова А. Налоги и налогообложение: Учебное пособие. – Астана: Фолиант, 2010.
  19. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2007.
  20. Бекболсынова А.С. Салық жүйесінің негіздері. Астана, 2007.
  21. Крамаренко Т.Н., Қомбарова А.М. Салық және салық салу: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
  22. Нұржанова Б., Крамаренко Т. Салық органдарының бақылау қызметі. Астана, 2008.
  23. Бекболсынова А.С., Касенова М.Р. Налоги и налогообложение (Сборник задач) Учебное пособие. Астана:Фолиант, 2008.
  24. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу: Оқулық – Алматы: Экономика, 2006 жыл.
  25. Сұлтанова Б.Б. Салық есебі: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2008.
  26. Қалдыбаев Е.К. Салықтық  бақылау: теориясы және жүргізу әдісі: Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.
  27. Самоучитель по бухгалтерскому учету и налогооблжения, - Алматы: Издателский дом «БИКО», 2006.
  28. Налоги и налогообложение: Учеб. Пособие для вузов/И.Г.Русакова, В.А. Кашкин, А.В. Толкушкин. И др.; Под. Ред. И.Г. Русаковой, В.А.Кашкина.- М.: ЮНИТИ, 2000.
  29. Д. Камелов “Администрирование акцизов табачных изделий”// Вестник №8, 2005.
  30. Нураханов.М.Е “Акцизы на бензин и дизельное топливо” // Налоговый консультант. № 3 (40) март, 2003.
  31. Налоги и налогообложение: 4-е изд./под.ред. М.В.Романовского, О.В. Врублевкой.- Спб.: Питер, 2003.
  32. Мухамбетова Б. Специальный налоговый режим для субъектов малого бизнеса // Бухгалтер и налоги – 2003, №1.
  33. Дуканич Л.В. Налоги и налогообложение. Серия “ Учебники и учебные пособия”. Ростов н/Д: Феникс, 2000.
  34. Ахметова З.М “Коректировка сумм НДС, относимого в зачет // Налоговый консультант № 5, (42) май, 2003.
  35. Иванова Н.Г., Вайс Е.А., Кацюба И.А., Петухова Р.А. Наоги и налогообложение. Схемы и таблицы. - Спб: Питер, 2001.
  36. Ф.С. Сейдахметова. Налоги в Казахстане. Алматы: 2002.
  37. Нурумов А.А., Бекболсынова А.С.  Налоговый контроль: Учебное пособие. - Астана, 2011.
  38. Майтанбаева Г. «Салық қыры мен сыры».  Қаржы-қаражат, №2. // 2002 жыл.
  39. “Бухалтерский и налоговый учет в Казахстане” Расчеты с подотчетными лицами, поставщиками, покупателями. НДС.- Алматы: Издательский дом “БИКО”, 2005.
  40. Естингеев.Е.Н. Налоги и налогообложение: Учебное пособие , 2- е изд., перераб.и доп. - М.: ИнФРА- М, 2002.
  41. Зкономика предприятия: Учебник/ Под.ред.проф.Н.А. Сафранова.- М.: Юристь, 2001.
  42. Ержанова.С “Постановка на учет по НДС в 2002 году// Налогоплательшик №12, 2001.
  43. Нарғозиев  І.Ж.  Салықтық  бақылау:  Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2009.
  44. Тоқсанбай Рақымберген Құрманғалиұлы. Экономикалық сөздік – анықтамалық. Қарағанды: «Болашақ – Баспа» 1999.
  45. Налоги: Учеб. Пособие / под.ред. Черника. -4- е изд. , перераб.и доп. М.: - Финансы и статистика, 1999.
  46. Найманбаева С.С. Салық құқығы.  Оқу құралы – Алматы: «Экономика», 2004 жыл.
  47. Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу. Оқу құралы. Шымкент, 2004.
  48. Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.
  49. Бабкина С. Новая налоговая политика // Финансы Казахстана. 1995, №6,
  50. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е.  Салық және салық салу. Оқулық. - Алматы:  Экономика, 2011.
  51. Султанова Б.Б., Абишева Ж.А. Налоговой учет. – Алматы: Издательство LEM, 2004.
  52. Касьянова Г.Ю. Налоговой учет: просто о сложном. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Информцентр ХХІ века, 2003.
  53. Иванова Н.Г., Вайс Е.А., Кацюба И.А., Петухова Р.А. Налоги и налогообложение. Схемы и таблицы. - Спб: Питер, 2005.
  54. Бекболсынова А. Салық және салық салу: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2010.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А қосымшасы

 

Акциз салығының  бюджет түсімдерін қалыптастырудағы үлесі

 

 

Ақпарат көзі:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені. №1, Астана: 2012 жыл.

2) Қазақстан 2010 жылы. Статистикалық жинақ // Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. – Астана, 2011.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б қосымшасы

 

2011 жылғы республикалық  бюджет түсіміндегі акциздер

млн.теңге

Ерекшелік №

Акцизделетін тауарлар атауы

Түсім көлемі

13

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын сигаралар, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа

7

14

Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан  әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын этил спиртінің  көлемдік үлесі 1,5-тен 12 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары

3

17

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын сигариллалар, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа

10

20

Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

3

21

Қазақстан Республикасы аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін этил спиртінің көлемдік үлесі 1,5-тен 12 процентке дейінгі  градусы аз ликер-арақ бұйымдары

8

23

Қазақстан Республикасының аумағына Ресей Федерациясы аумағынан әкелінетін құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

2

25

Қазақстан Республикасының  аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін арақ

485

27

Қазақстан Республикасының  аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін шараптар

2

29

Қазақстан Республикасының  аумағында өндірілген шикі мұнай, газ  конденсаты

-74

30

Қазақстан Республикасы аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін сыра

88

     
 

Б қосымшасының жалғасы

31

Қазақстан Республикасының  аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30 процентке дейінгі  градусы аз ликер-арақ бұйымдары

0,0

32

Қазақстан Республикасының  аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін фильтрлі сигареттер

3 143

33

Қазақстан Республикасының  аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін фильтрсіз сигареттер, папиростар

0,0

34

Қазақстан Республикасының  аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар  автомобильдерден басқа)

13

35

Қазақстан Республикасының  аумағына Ресей Федерациясы аумағынан шарап материалдары

0,0

38

Қазақстан Республикасы аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін дизель отыны

111

39

Қазақстан Республикасы аумағына Ресей Федерациясы аумағынан  әкелінетін бензин (авиациялықты қоспағанда)

1 592

40

Қазақстан Республикасының аумағына Ресей Федерациясы аумағынан әкелінетін шикі мұнай, газ конденсаты

0,0

41

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын спирттің барлық түрі, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа

18

42

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын арақ, Ресей  Федерациясы және Беларусь Республикасының  аумағынан әкелінетін кеден одағы  тауарларынан басқа

886

43

Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан  әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртінің көлемдік үлесі 30-дан 60 процентке дейін күшті ликер-арақ бұйымдары

393

44

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын шараптар, Ресей  Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа

427

45

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын коньяк, бренди, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа 

162

46

Қазақстан Республикасының  аумағына Беларусь Республикасының  аумағынан әкелінетін сигаралар

-0,1

47

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын сыра, Ресей  Федерациясы және Беларусь Республикасының  аумағынан әкелінетін кеден одағы  тауарларынан басқа

687

     
 

Б қосымшасының жалғасы

48

Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан  әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын этил спиртінің  көлемдік үлесі 12-ден 30 процентке дейінгі  градусы аз ликер-арақ бұйымдары

20

50

Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан  әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын фильтрлі сигареттер

2 249

55

Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

1 770

56

Қазақстан Республикасы аумағына Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін арақ

6

59

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын дизель отыны, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа

111

60

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензин (авиациялықты қоспағанда), Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа

1 476

63

Қазақстан Республикасы аумағына Беларусь Республикасының  аумағынан әкелінетін сыра

3

67

Қазақстан Республикасы аумағына Беларусь Республикасының  аумағынан әкелінетін жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару  адаптері бар автомобильдерден басқа)

13

69

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шикі мұнай, газ конденсаты, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа

0,0

70

Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын тауарлардың  кедендік құнына тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете есептелген акциздер

0,0


 

 

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені. №1, Астана: 2012 жыл.

 

В қосымшасы

 

2011 жылғы акциз салығының  облыстар бойынша түсу көлемі

 

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені. №1, Астана: 2012 жыл.




Информация о работе Акциз салығы