Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;
Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46
Кіріспе ..............................
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………...........
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі экономикалық жағдайдың күрделілігіне қарамастан жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы орта білім алуға түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалынып жатқан батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының алғы шарты.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда ел Конститутциясынан бастау алған “Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің Мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар.
Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде оқу-тәрбие ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізу дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқу-тәрбие барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады.
Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары әлеуметтік құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педагогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.
Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі-ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтың, С.А.Ұзақбаеваның, Р.Қ.Төлеубекованың, Е.Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш оқу-тәрбие жүйесінде мынадай қайшылық бар екендігі байқалады:
Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу диплом жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану.
Диплом жұмысының құрылымы:
кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Бастауыш сынып оқушыларының
әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық
ойындарды
қолданудың педагогикалық негіздері.
Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан солардың қай-қайсында адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлттық ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жәй емес.
Қазақ халқы материялдық мұраларға мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі болып табылады. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылыми жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары бастауына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Қазіргі кешеніне (Төтенаев Б. Қазақтың ұлтттық ойындары. Алматы: Рауан, 1991, 3-бет )келген Маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.
Халқымыздың ұлы перзентінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ой өнері бар. Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған» – деп тегіннен айтпаса керек.
Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса отырып көзіміз әбден жетеді себебі қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына байланысты болған.
Ұлт ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған.
Алғашқы қауымдық кезеңнен біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр алуан құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар айналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.Маккей “бұл ойындарының барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды” дейді. Сондай – ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген “Қызбөрі” ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезімен яғни таптық қатынастан бірге туғандығы жайлы ескертеді. Мәселен, тарихи уақиға Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың кезіндегі негізгі кәсібі болған аңшылық келе – келе жекелеген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен рөлін анықтады. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған жатығулары кезінде «Қарагие» ойынын туғызды.
Қазақ балаларында ойыншық болған жоқ десек те болады, тек қана балалардың өздері жасалған зырындауын, қуыршақ пен балшықтан істеген ат, түйе, қой, ит т.б. жануарлар бейнесі ғана болды. Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдік жағынан балаларды онша қызықтыра қоймады, сонда да, антропологиялық көзбен қарайтын болса, осы ұсыныс ойыншықтар балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды. Мәселен “Қой бағу” ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан “қой” қой құмалағынан “ қозы” жайып қораға қашап, “қоздатып”, “көшіп-қонып” күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Балалардың ойындары сол күндегі қоғам өміріне негізделіп, күнделікті тіршіліктің қалыптасқандығын аңғартады.
Барлық білім тәжрибеден, түсініктен аңғарудан туады. Олдай болса, бала өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады. Ол дүние сырларын түсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды.
Қазақ халқы – ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ерте, де ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таратып отырған. Сондықан көпшілігі бүгінігі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Қазақтың ұлт ойындары туралы алғаш пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушыладың қай – қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді.
ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғоляға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материялынан “Монғолия тарихы” атты еңбегін жазды. Мұнда ол Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірі мен әдет-ғұрыптары, демалыс уақытын өткізгендегі ойын – сауықтары жайлы, жауынгерлік ерліктері туралы айтылады.
Италия саяхатшысы Марко Поло өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын сауықтарын көріп, көптеген ұлттың шығу тарихына, қалыптасу дәуіріне де болжам айтқан.
Қазақтың ұлттық ойындары жайындағы деректер Қазақстан жерінде болмаған кейбір шетел ғалымдарының зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен: Австрия дипломаты С.Герберштейннің 1516 – 1517 және 1526 – 1527 жылдары Москвада болып, Қазақтарды білетін орыстардың ауызша айтуынан жазып алғандары 1549 жылы латын тілінде “Записко о Московских делах” деген атпен жарық көрді. Бұл еңбегінде қазақ жері, халқының әдет – ғұрпы, орыс халқымен қарым – қатынасы, ойын – сауықтары жайында жазған. Сондай ақ италия ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың белгілі елшісі Дмитрий Геросимов пен кездесіп, соның айтуымен «Книга о Московском посольстве» атты еңбегін жарыққа шығарады. П.И.Новокамский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқы мен аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай-ақ ойын сауықтары жайында жазған. Мұндай анықтаманы дәлелдейтін мағлұматтар Германиядағы Лейден университетенің архивінде де сақталған.
XVII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П.С.Паллос болды. Ол 1767 жылы Батыс Сібірі мен Орал бойына жасаған экспедицияны басқарып, осы сапарында жиналған материалдардан 1773 жылы “Путешествие по разным провинциям Россиской империй” атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің “Известия о киргизах” атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған, халықтың ойын сауықтарының қалай өтетендігі, демалыс уақытын қалай өткізетіндегі, аңшылық өнері қарастырылып мысалдар келтірілген.
Қазақ халқының қонақ жайлылығы мен ойын-сауықтары тіпті сонау Марко Поллодан бастап, 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған Шығысты зерттеуші ғалым, Венгр Арминий Вамбери мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында маңғышлақта болған неміс этнографы Рихтер Кортуцқа дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған. Қазақтың этнографиясын зерттеп, оны Европа елдеріне таратуға ат салысқандар–поляк халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залеский болды. А.Янушкевич “Дневники и письмо из путешествия по казакским степям” атты еңбегінде қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп, қонған күнін “бұл күн бұлар үшін бақыт күні, қуаныш күні” дей келіп, сол күнгі ойын сауықта, әсіресе “Қыз қуу” ойынының көз тартарлық қызығын сипаттайды. Осы ойын-сауық үстіндегі ақындар айтысын „Менің алдымда Демосфен мен Цицеронды естімеген, оқу мен жазудан хабары жоқ екі ақын, айтыс үстінде олимпиадаға күрескерлердей бірімен-бірі айқаса түседі. Не деген талант, не деген жыр. Менің жанымды тебірентіп, жүрегімнен орын алуда”,- деп табиғи дарын құдіретіне бас ие суреттей келіп, „мұндай дарыны бар көшпелі халық еш уақытта да шетел отары болмайды, түбінде халықтар арасынан құрметті орын алатынын өздері-ақ айтып отыр”,- дейді.
Г.В.Плеханов “Письмо без адреса” атты еңбегінде “ойын еңбек бастамасы болғандықтан баланың уақытымен ғана өлшенеді”,- дей келіп материалистік тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бірінші кезекте тұрғанымен адам өмірінде ойын да қажетті екендігін дәлелдеді. Мұндай пікірді орыс ғалымы, дәрігері, педагог К.А.Пакровский қостаған. Ол “ойын-күнделікті бала еңбегі болашақ өмірдің бастамасы ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеттілігі байқалады”,- дей келіп “Физическое воспитание детей и разных народов преимушественно Россий” атты еңбегінде Азия халықтарының оның ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене шынықтыруының халық тәрбиесіндегі алатын орнын зерттеп, өзінше баға берген. Көптеген ойындардың шығу кезеңдерін, дамуын, қалыптасқан дәуірлерін де анықтаған.
ХІХ ғасырда халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықарын, ұлт ойындарын зерттеуде қазақтар арасынан да бірлі-жарым адамдар шыққан. Солардың бірі-Ешмұхаммед Букин болды. Ол дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы Е.Букин “физическое и умственное воспитание у киргиз” атты еңбегінде жергілікті мамандар арасынан бірінші болып “гимнастика” деген терминге ғылыми түсініктеме берді. Демек адам баласы үшін ғана емес, ересектер үшін де қандай роль атқаратындығын баяндайды. Жергілікті мамандар ішінде ұлт ойындарын жинастырып, қағаз бетіне түсірушілер барған сайын көбейе береді.
Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының өзіндік тарихи, дамуы, қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда бізге жеткен ұлт ойындарының біразы сонау көне заманнан басталады. “Бес тас”, “асық”, “садақ ату”, “қарагие” сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан 5000 жылдар бұрын ойнағалдығы жайында айта келіп, ағылшын ғалымы Э.Маккей бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға ұқсайды,-дейді.
Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану