Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері.DOC

— 542.00 Кб (Скачать файл)

д) Дәптермен жұмыс. Мына үзінділерді дәптерге жаздыру:

1. Таң қылаңдап атып түн қараңғысы  сейіле бастаған еді. Мұрынға  жаңа гүлдеген жиде ағаштарының хош иісі келеді.

2.Тұмсығы ешкіден гөрі ақбөкенге  ұқсас. Жырық ерін. Тойса қос танауынан  дем алып, ентігіп жатады. Құлақтары  тым ұзын.

е) Сөздік жұмысы.

Елең – алаңнан, таң- азаннан, ертең- ертеден;

қылаңдап - жаңадан ғана көрініп, жаңа ғана атып;

табан жол - бір кісілік жол;

е) Көркем сөз оралымдарын тауып оқу-тәрбие  және оны үйде жазып алып,жаттауды тапсыру:

таң қылаңдап

түн қараңғысы сейіле

хош иісі

көзі жәудіреп

аяғын ұшымен мысықша басып келу

тыпырлаған көжекті

қуанышы қойнына сыймау

жүніне шаң жуытпайды

сығалап қарау

басын қылтитып шығару

шоқаңдап

қарны бұлтиып                                               

жонданып семіре бастады.

Қорытынды.

Ұр, тоқпақ (Ертегі) 2 сынып.

мақсаты:

Білімділік мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға төселдіру. Ертегіге тән ерекшеліктер туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты: Тіл байлығын арттыру, оқуға қызығушылықтарын тудыру.

Тәрбиелік мақсаты: Адалдыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Қиялдарын шыңдау.

Көрнекілігі: Ертегі туралы сюжетті суреттер, жеке суреттер.

Тәрбие жұмысының барысы: Мұғалім ертегі кейіпкерлері туралы «жауабын тап» ұлттық ойынын ойнатады.

Ж Ұ М Б А Қ Т А Р

Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сиырым жалап тұр.    (Қазан, от)

Бір нәрсе іші қуыс,сырты томпақ,

Болады денесінде үш - төрт құлақ.    (Қазан)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.    (Қой)

Екі кісі қарауыл қарайды,

Бір кісі шөпшек тереді.     (Түйенің өркеші, ерні)

Ертегіні оқымас бұрын «Көкпар» ойынының шартын түсіндіреді. Ойын 2-айналымнан тұрады. 1-ші айналымда ертегі мазмұны бойынша берілген сұрақтарға аттылы жігіттер жауап беруі керек. Дұрыс жауаптан кейін көкпар алынады.

 

Кесте 2-  Бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына деген көзқарас, қатынастарын анықтау

 

Жауап

Эксперимент

Бақылау

Бала саны

Сапа

Бала саны

Сапа

А

7

28 %

7

28 %

Ә

10

46 %

10

40 %

Б

8

30 %

8

32 %

Барлығы

25

100 %

25

100 %


 

 

 

 

 

 

Жауап

Эксперимент

Бақылау

Бала саны

сапа

Бала саны

сапа

А

8

30 %

9

36 %

Ә

12

46 %

10

40 %

Б

5

23 %

6

24 %

Барлығы

25

100 %

25

100 %


 

Жүргізілген әдістемелер оқушылардың ұлттық ойындар арқылы тапсырмаларды орындауға ынтасы жоғары болғанымен өздігінен орындау іскерлігі, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру қабілеттерінің төмендігін көрсетті. Сонымен оқушылардың қызығушылығын, ынтасын жойып алмайтындай, олардың әлеуметтік құндылығының белсенділігін қалыптастыратындай  жұмыс формасын таңдаудың қажеттігі туындады[46].

№3 әдістеме. Мақсаты: оқушылардың ерік-жігерлік белсенділіктерінің даму деңгейін анықтау.

1. Тапсырманы орындауда қате  жіберген жағдайдағы сенің әрекетің?

    а) қатені талдап, оқулықпен  қосымша жұмыс жасаймын;

    ә) қатемді басқаларға  қарап жөндеймін;

 

 Кесте  3- Әдістеме жұмысын  талдау нәтижесінің  қорытындысы.

 

Сыныптар

1-сұрақ көрсеткіштері

2 «А» - эксперимент сыныбы бойынша

1 «Ә» - бақылау сыныбы бойынша

Ерік-белсенділіктері қалыптасқан

12

12

Қалыптаспаған

13

13

Сауалнамаға қатысқан оқушылар саны

25

25


 

Қорытынды: оқушылардың ерік-жігерлік белсенділіктерін жетілдіру  қажет екені байқалды.  Осы бағытта проблемалық оқыту тәсілдерінің мүмкіндігін пайдалануға бағытталған эксперименттің қажеттігі туындайды. .

4-әдістеме

Мақсаты: қоршаған орта туралы ұғым-түсініктерін анықтау, 2-сынып оқушыларында ұжымдық танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған: «Кілемді немен жамаймыз?», «Суретте не жетіспейді», тест. Бойынша жүргізілген  жұмыстарда эксперимент сыныбындағы оқушылар қызығушылық, белсенділік танытқанмен барлығының бірдей ұжымдық танымдық әрекетінің қалыптаспағандығы анықталды.

Бұдан шығатын қорытынды оқушылардың ұжымдық танымдық әрекетін дамытуға, қызығушылығы мен ұжымдық танымдық белсенділігін арттыруға  бағытталған дидактикалық ойын көп қолданылмайды.

Зерттеу жұмысының барысында жүргізілген қалыптастырушы эксперименттің мақсаты 2-сынып оқушыларының қоршаған ортамен таныстыру арқылы  ұжымдық  танымдық белсенділіктерін қалыптастыру.

 Кемшіліктер мен олқылықтар  анықталып, ұжымдық танымдық белсенділіктің  даму деңгейі белгілі болған  соң қалыптастыру экспериментінің  жоспары, бағдарламасы құрылып, пайдаланылатын  дидактикалық ойындар, тапсырмалар, оқулықпен жұмыс, сұрақтар іріктелді.

Эксперимент бастауыш мектептің 2 «А» сыныбының оқу бағдарламасына сай тәрбие  жүйесінде барысында жүргізіледі. Жалпы көрсеткіштері төмендегідей:

«Қызықты орта», «Әлемде талай қызық бар», «Жазылмаған тезис», «Табиғат кент»,  «Тап және сыз» т.б. ойындар өткізуге болады. Біз 40-тан астам ойын түрлерін пайдаландық, оқушылар оларды талқылады. «Кім тез?» ойында оқушылар жұмбақтар шешіп түрлі есептер шешумен айналысты.

 

 

Фильвордты  шеш. ]жеміс]

 

Фильвордты  шеш. ]көкөніс]

АЛ

ЗІМ

МІС

АЛ

БЫЗ

ҚЫ

БІЗ

ЗЫЛ

ҒАҚ

Е

РІК

МА

СӘ

ҚИ

ҚА

ЯР

Ө

А

ЖҮ

ШИ

ЗА

ША

ПИ

ҚАР

МҰРТ

ЖЕ

ЖАҢ

НАР

ЯЗ

УЫН

ҚЫ

НАҚ


 

Сурет1- Фильвордты  шеш.

 

Екі топ арасында жарыс түрінде өтетін шапшаңдықты, білімділік пен қызығушылықты, ұжымдық танымдық белседілігін қалыптастыруға анықтауға арналған  эстафеталық ойын: «Кім тез?»

Көп  нүктенің  орнына  керекті  сөзді  қой. ( әкем, зейнеткерлер, отбасымда, менің, тұрады, шешем )

  1. Менің  . . . . . .   төрт адам  тұрады. 

2. Менің  . . . . . . жүргізуші.

  1. Менің  . . . . . . мұғалім.
  2. . . . . . .  атам  мен  әжем . . . . . . .   .

Біздің  отбасымыз  өте тату  . . . . . .

Көп  нүктенің  орнына  керекті  сөзді  қой. (тамақ, дәмді,  шешем, асхана, ұнайды.)

 

  1. Мектепте . . . . . . . .   бар.
  2. Біз  асханадан  түсте . . . . . . ішеміз.
  3. Аспазшылар тамақты . . . . .  пісіреді.
  4. Менің  . . . . . .   аспазшы.

Бізге  асхана  . . . . . .  .    .


 

Балалар сыныптан тыс жұмыстарда ұжымдық  танымдық ойындарға, қоршаған ортамен таныстыру жұмысының барлық түрлеріне: эстафеталық ойын, сырттай топжорықтар, ойша саяхаттар қиялында ғажайып-мәдени орындарға бару т.б. қызыға  қатысады. Сабақтарда негізінен  дидактикалық ойын түрлері қолданылды. Оқытудың дәстүрлі емес түрі кең қолданылады. Зерттеу кезінде эксперименттік бағалау, бақылау, әңгімелесу әдісі, проективті әдістемелер, дидактикалық ойындар топтамасы, тұтас жүйесі қолданылды. 1-сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін  ескеріп, оларға «Ұжымдық танымдық әрекетке эмоционалдық қатынасын бағалаудың «Көңілді, көңілсіз» зерттеу әдістемесі жүргізілді.

«Оқуға және оқу пәндеріне қатынасын анықтау» әдістемесін Г.Н.Казанцев ұсынды. Бұл әдістеме  оқушылардың  пәндерге   оқу мотивтерін сапалы талдауға арналған. Әдістеме екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде оқушының пәндерді ұнататын ұнатпайтыны, екіншіде сол пәнді не үшін ұнататыны анықталады, пән бойынша ұйымдастырылған дидактикалық ойынға қатынасы мен ұжымдық танымдық белсенділігінің деңгейіне мән беріледі.

Бұл бағытталуға сәйкес мынадай деңгейлер бөліп көрсетіледі:

ұжымдық танымдық мотив білімді игеруге бағытталды, мұнда білімге қол жеткізу тәсілдері жетекші роль атқарады. Ұжымдық танымдық белсенділігін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар:  «Шатасқан», «Қозғалыс сыйла», «Менің эмоцияларым», «Көңіл-күйді көрсет», «Бәрі керісінше», «Мимикалық гимнастика», «Үндемес», «Ойды жалғастыр», «Ертегі құрастырамыз», «Жазғы жаңбыр», «Сыйлық», «Би», «Бір аяқ жол», т.б. «Суретке не жетіспейді?», «Не бейнеленгенін анықта», «Дөңгелектер арқылы жазу» т.б. Ұжымдық танымдық процестерді оның ішінде, есті дамытуға арналған ойындар мен жаттығулардан «Төртіншісі артық», «Заттарды салыстыр», «Сөйлемді аяқта», «Артық сөзді тап», «Сөйлем құра», «Сөзді атаңыз», «Керісінше айт» т.б. оймен келетін ойындар: “Үш әділ”, “Сөз мәнісін байқайық”, “Үш аманат” т.б.

Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулардан «Не өзгерді?», «Айырмашылығын тап», т.б. көптеген ойындар өткізілді (Негізгі дидактикалық ойындар қосымшада көрсетілген).

Ойын - баланың қабілеттерін, мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, өзін-өзі бекітуге мүмкіндік беретін ерекше іс-әрекет түрі, оқушы тұлғасының әлеуметтік дамуының негізгі факторы. Ұжымдық танымдық процестерді қалыптастыруға бағытталаған ойындар А.Маслоудың «қажеттіліктер иерархиясының» барлық деңгейлерінің қанағаттандырылуына өз ықпалын тигізеді. Мысалы, қозғалыс тудыратын ойындар  оқушының дене бұлшық еттері, қан айналым жүйесі, көңіл-күйіне жағымды ықпалын тигізіп, оның физиологиялық қажеттіліктерінің өтелуіне мүмкіндік тудырады, қарым-қатынасты дамытуға, өз қабілеттері, мүмкіндіктерін көрсету қажеттіліктерінің өтелуіне оң әсерлерін тигізеді.

Зерттеу мәселесін теориялық тұрғыда және практикалық жағдайда саралау  нәтижісінде оқушылардың  ұжымдық танымдық белсенді іс-әрекет біліктерінің қалыптасу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Біздің қабылданған тұжырымызға сай негізгі үш деңгейді бөліп көрсетеміз: төменгі, орташа, жоғары.

Төменгі деңгей: іс-әрекетке селқос қарау; танымдық қызығушылығының ынжарлығы; танымдық тапсырмаларды нұсқау арқылы ғана орындауы; біліктерінің және дербестігінің байқалмауы.

Орташа деңгей: танымдық іс-әрекетте белсенділік  танытуы; деректерді жинауға қызығушылық; өздігімен жұмыс істеуге ұмтылу және кей жағдайда мұғалім көмегін қажетсіну; үлгі бойынша жұмыс істеу және құбылыстың мәнін, негізгі  тұстарын көре білу; жұмыстың орындалу жолдарын табу.

Жоғарғы деңгей;  ұжымдық танымдық қызығушылық; ұжымдық танымдық белсенді  іс-әрекетті қажетсіну; белсенділік таныту; құбылыстық маңызын, заңдылығын білу; мақсат қоя білу; нәтижеге жету әдістерін таңдау және оны тиімді пайдалану; нәтижесін бағалау.

Бірінші кезең -  ойынды ұйымдастыру даярлық жағдайын, ойынның мазмұнын, идеясын, сюжетін, құрылымын, мағынасын    талдаудан;   ойынға қатысуға оқушының  танымдық қызығуын анықтау; Даярлық кезеңінде  ойынға  талдау  жүргізіп, оқушылар арасында міндеттерді бөледі.  Ойын жағдайын талдау  нәтижесінде  оқушы  танымдық әрекетті орындауда жағымды эмоциональдық күйге түсіп, көп  мәліметті  айқындайды.  Екінші кезең  - ойын проблемаларын шешу: ойын мақсатын  шешу белсенділікті дамытатын  жолдарын қарастыру, жоспарлау,  әдіс-тәсілдерді таңдай  отырып, танымдық әрекеттің барлық  қырларын  айқындау.

Үшінші кезең  - ойын барысында танымдық әрекетті атқара отырып, нәтижесін  тексеру,  әрекет  бағыттарын айқындау. Бұл кезеңде  игерілген  білімді  қолдану  шегі  мен оның  қозғалыс  кеңістігі айқындалады,  жалпыдан-жалқы, жалқыдан-жалпыны  көре білуі  меңгеріледі. Бұл  жұмыстардың  нәтижесінде  танымдық белсенділік  дамиды, іс-әрекетті орындау  біліктері қалыптасады.

Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану