Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері.DOC

— 542.00 Кб (Скачать файл)

Биені - құраулап,

Түйені - көскөстеп,

Сиырды - аухаулап,

Ешкіні - шөрелеп,

Шақыра - аламыз,

Сауамыз, бағамыз, - дейді.

Өлең аяқталған соң бұрынғы тәртіппен жүргізуші балалардан біртіндеп:

- Биені қалай шақырамыз? - деп сұрайды.

- Биені «құрау-құрау» деп шақырамыз.

- Түйені ше?

- Түйені «көс-көс» деп шақырамыз.

- Сиырды ше?

- Сиырды «аухау-аухау» деп

- Ешкіні ше?

- Ешкіні «шөре-шөре» деп шақырамыз.

- Ал енді малды суға кім  шақыра алады? - деп сұрайды. Егер  балалар білмесе өзі былай деп айтып шығады:

Жылқыны - «Моһ-Моһ»,

Қойды - «пұшайт-пұшайт»,

Ешкіні - «шөре-шөре»,

Түйені - «соран-соран»,

Сиырды - «шәугім-шәугім»,

Итті - «кә-кә»,

Тауықты - «шеп-шеп»,

Мысықты - «піш-піш», «кіс-кіс» - деп шақырады.

Бұл ойынды малдың төлеуіне де арнауға болады. Ол үшін мұғалім:

- Малдың төлдеуін қалай атайды? - деп сұрайды.

Ойынның сөздері балаларға таныс болмаса, әрі олардың жасы тым кіші болса, жүргізушінің өзі алдымен айтып береді:

Бие - құлындайды

Қой - қоздайды

Ешкі - лақтайды

Түйе - боталайды

Ит - күшіктейді

Тауық - жұмыртқалайды

Мысық - балалайды.

Енді жүргізуші бұрынғы тәртіппен ойнаушылардан өлеңде айтылған жануарлардың түрлерін, төлдеуін жеке-жеке сұрап шығады.

Сөзді дұрыс айтып, жауабын анық бере алмаған ойыншылар айыпты болады да, дұрыс жауап бергендер жеңіп шығады. Жеңілгендер көпшіліктің қалауы бойынша тақпақ, жаңылтпаш айтып береді. 
Бастауыш сынып оқушыларының  әлеуметтік құндылығын дамыту – ұлттық ойындар, көңілді кештер, ұлттық мерекелер, жарыстар негізінде жүзеге асады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта мұғалімдер ұжымдаса отырып жұмыс істесе, бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығы біршама дамиды. Мұғалімдер бірлесе істейтін жұмыс түрлері мыналар

    • тәрбие сағаттары;
    • интеллектуалдық сұрақтар;
    • сурет салу;
    • ХХІ ғ көшбасшысын ұйымдастыру;
    • Жеті өнер үйірмесі;
    • Жиналыстар жасау;
    • Кітап, газет, журналдар оқыту.

Алайда бұл істер күнделікті тәжірибеде көрініс таба бермейді.  Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылықтар іс-әрекеттерін дамытатын мұғалім болғандықтан, мұғалім бастауыш сынып оқушысына әлеуметтік құндылық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатыстырып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет.

Бастауыш сыныптағы оқушылардың әлеуметтік құндылықты дамыту қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

әлеуметтік құндылықты дамыту үшін ең алдымен оқушылар жеке тұлғасының сапаларын дамытқан жөн. бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінде оқушылардың жеке тұлғасының сапаларын мынадай үш тұрғыда көрсетуге болады:

 

    1. Психологиялық сапа

 

 

 

    1. Педагогикалық сапа

 

    1. Әлеуметтік сапа.


Баланың жеке сапаларын дамыта отырып біз оның қоғамда дамуына, ұжымда қалыптасуына ықпал жасаймыз.  Баланың әлеуметтік құндылықтарын дамытудың қазіргі уақытта көптеген сондай-ақ көпшілік зерттеулермен дәлелденді.

Баланың әлеуметтік құндылықтары дамитындай мәнге ие болуы үшін төмендегідей негізгі жағдайларды  ескеру қажет:

1)әлеуметтік құндылықты дамытудың мақсаты. Балалар нені, не үшін істейтіндерін білулері қажет. Балаларды қызықтыратындай нақты міндет қою қажет.

Оқушының ұжымдық танымдық іс-әрекетіндегі себептер, яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетте бар күш-жігерін салуға итермелейтін ынта зор роль атқарады. А.К.Дусавицкий мен В.В.Репкиннің зерттеулері көрсеткендей барынша тиімді ұйымдастырылған ұлттық ойындар негізінде төменгі сынып оқушылары шынай құндылық мүддені білуге тез ауысады

2) әлеуметтік құндылықтың мазмұны – бұлар балаларға орындауға тиісті білімдер, яғни оқушылар өздерінің алдына мақсат қоя отырып өздерінің алған білімдерінің негізінде ұжымшылдық іс-әрекеттерін дамыту.

3) Оқушының танымдық іс-әрекеті  дамытушылық сипатқа ие болуы  керек, ол үшін  балаларға ылғи  талап қоя отырып, оны үнемі  күрделендіріп отыру керек. Танымдық  іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсаты  міндеттері біртіндеп күрделендіріледі, орындалатын әрекеттің жылдамдығы мен сапасына қойылатын талап жоғарылайды.

Сынып ұжымы мен оның танымдық тұрғыдан дамуының өзіндік педагогикалық-психологиялық  шарттары бар. Олар:

    • Оқу іс - әрекетінде – оқушылардың өзара көмек берулері, мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттері, оны ұйымдастыру формалары;
    • Сабақтан тыс кездегі ұжымдық танымдық іс-әрекеттер, оқушылардың саяси оқиғаларға, музыкаға, өнерге, әдебиетке, спортқа деген қызығушылық және оның көріну жолдары: кино, театрларға бару, үйірмелерге, акцияларға қатысу, пікірталастар, мектептің қоғамдық өмірге араласуы;
    • Қоғамдық пайдалы еңбек және оның ұжымның сыныптан тыс өміріндегі орны, еңбек түрлері мен оны орындату сипаты;
    • Сыныпқа басшылық жасайтын ұйымдармен байланысты оның көріну жолдары, сыныпқа ата-аналар қоғамының ықпалы;
    • әлеуметтік құндылық бағдарының дамуы;
    • Ұжымның жеке оқушыға, оқушының ұжымға ықпалы;
    • Сыныптағы жалпы эмоциялық ахуал сипаты: ашық-жарқын, сергек қарқынды, қысымшыл, ашушаң, т.б.
    • Ұжым өмірін ұйымдастырудағы негізгі  кемшіліктер, ұжым мүдделері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, оны дамыту жолдары.

Бастауыш сыныптағы әлеуметтік құндылықтарды дамыту ол әрбір мұғалімнің, басшының, тіпті ата-ананың да негізгі міндеті болып саналады[42].

Егер де бала мұғалімдердің ұйымдастырғысы, дамытқысы келген іс-әрекеттерін  қабылдауға ынталанбаса, мұғалім қанша тырысқанымен, оны оқушылар меңгере алмайды. Ол үшін мұғалім баланы ең алдымен белсендіруі қажет. Баланың белсенділігі – оның танымдық дамуындағы қажетті фактор. Баланың белсенділігін, қызығушылығын оятатын басты тұлға, ол – мұғалім. Мұғалім баланы танымдық іс-әрекеттерге оятатын, оның мүддесін, бағдарлылығын, оның іс-әрекет себептерінқалыптастыратын ұлттық ойын элементтерін.білуі керек.

Мұғалім оқушылардың белсенділігін, күш қуатын, әлеуметтік құндылықты дамытуға бағыттағанда, яғни мектепшілік мейрамдарға дайындалу, ұлттық тақырыптардағы ойындарға қатыстыру, интеллектуалдық ойындарға қатысу т.б. Оқушының белсенділігі дамып, ортаға деген қызығушылықғы оянады.

Бастауыш сыныпта әлеуметтік құндылықтарын  - ойын соның ішінде  ұлттық ойын әрекетіі барысында да дамытуға болады.

Бастауыш сынып оқушысының негізгі іс-әрекеті оқу болғанымен, ойын бала өмірінде үлкен рольге ие. Ойынның бала өміріндегі орнын анықтаумен Н.К.Крупская, А.С.Макоренко сияқты көптеген көрнекті педагогтар шұғылданды. Айталық Н.К.Крупская: “Баланың әлемді танып-білуіне үлкен әсер ететін ойын”,- десе, А.М.Горький: “Балының ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп шын мәніндегі еңбекке айналады” – деген[44].

Зерттеу мақсатына байланысты Қызылорда қаласының № 11 қазақ орта мектебінің 2-сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығының қалыптасу деңгейін зерттеуге арналған әдістеме жүргізілді.

Ол үшін біз төмендегідей әдістер мен әдістемелерді пайдаландық:

1- әдістеме

Ойын, тапсырма, сұраққа жауап, оқулықпен жұмыс көрсеткіші. Анықтаушы экспериментте ұжымдық танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейін айқындауға арналған ойын, тапсырма, оқулықпен жұмыс, сұрақтарға берілген жауаптарының  жиынтық көрсеткіші төмендегі кестеде берілді:

 

Кесте 1-  Қалыптасу деңгейін айқындауға арналған ойын, тапсырма, оқулықпен жұмыс, сұрақтарға берілген жауаптарының  жиынтық көрсеткіші

 

 

Эксперимент  Қызылорда қаласы

№ 11 мектебінің, 2- «А»  сынып

Бақылау Қызылорда қаласы № 11 мектебі 2«Ә» сынып

Оқушылар саны

Көрсеткіш

Оқушылар саны

Көрсеткіш

Ж

15

68 %

13

50 %

О

7

28 %

9

36 %

Т

3

15 %

3

21 %


 

Ойын, тапсырма, оқулықпен жұмыс, сұраққа жауап  қорытындысы мынадай нәтиже көрсетті.

1 – «Оқушылардың ұлттық ойындар арқылы әлеуметтік құндылық бағдарының белсенділігінің деңгейін» анықтауға арналған ойын, тапсырма, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістемелері берілген. Ол әдістемелер оқушылардың, әлеуметтік құндылық белсенділігінің қалыптасу деңгейін айқындауға негіз болады. Оқушылар берілген әдістемелерді орындауда қызығушылық, белсенділік танытты, өз біліміне сүйеніп ойын, тапсырма шешімін табуға ұмтылғаны байқалды, ойын барысында еркіндік танытты, дегенмен топтың жартысына жуығы бірлесіп орындауды көмекті қажетсінетінін көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды тәрбие үдерісінде мұғалімдер оқушылардың ұлттық ойын    әрекетіне көңіл бөлмеуі салдарынан әлеуметтік құндылық белсенділігі білік, дағды, икемділік қалыптаспаған, оқу оқушылардың қалыпты дамуына негіз болғанмен танымдық белсенді  әрекетті  дамытуда нәтижелі көмектеспейді.

Эксперимент  төмендегі мақсаттарға бағытталды:

1. «Бәйге алу» ойыны. Ойынды ойнамас  бұрын сұрақтар беріледі:

а) Қандай ұлттық ойындар бар?

ә) Атпен ойналатын ойын түрлерін ата.

б) Ел рәміздерін ата.

Осындай сұрақтардан кейін қима қағаздар беріледі. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген 2 атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұрады. Дұрыс әрі тез орындаған оқушы туды алып жеңіске жетеді.

2. «Қыз қуу» ойыны. Алдымен сұрақ - тапсырмалар беріледі. Содан кейін алдымен қыз бала 1-тапсырманы орындауға кіріседі, артынша ер бала орындай бастайды. Егер ер бала тапсырманы бұрын орындаса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса, онда ол ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.

3. «Хан талапай» ойыны. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге байланысты алдын ала үлестірмелі қима қағаздар дайындалады.Асық жерге шашылады,ал балалар талапайлап асық алады.Оқушыға қай нөмірлі асық түссе,сол нөмірге сәйкес келетін қима қағаздағы тапсырманы орындайды.Кім тез,әрі дұрыс орындаса,сол жеңіске жетеді.

4. «Теңге алу» ойыны. Бұл ойынды 2 затты салыстыру, олардың ұқсастықтары  мен айырмашылықтарын тапсыру  тапсырмаларын орындату арқылы  ойнатуға болады. Алдымен сұрақ-тапсырма  беріледі. Ұлттық теңгеміздің суреті ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы тапсырманы дұрыс орындаса, сол төл теңгемізді алады.

5. «Арқан тарту» ойыны. Бұл ойында  алдымен ойынға байланысты сұрақтар  беріледі. Тақтаға арқан суреті  ілінеді. Тақырып бойынша берілген  тапсырманы кім көп орындаса, сол топтың жеңіске жететіндігі айтылады.      

Міне, осы ойындарды ойнатқанда, оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді. Сөйтіп «оқушылардың ой - өрісін ойын арқылы дамытамыз» -дейді, С.Қазиева.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Кім жылдам?

Сабақтың мақсаты: Табиғатты сүюге, аң-құсқа қамқорлық жасап, күтуге тәрбиелеу. Түрлі тақырыптағы әңгімелер оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін жетілдіру.

а) «Шешуін тап» ойыны. Қоян туралы жұмбақ жасырылады.

1) Ұзын құлақты,

Жәудір көзді,

Мамық жүнді.

2) Екі жеңдей құлағы, 

Тың таңдап  тұрады.  

б) Мұғалімнің әңгімені мәнерлеп оқуы.

в) Оқушылардың әңгімені оқуы.

г)  «Арқан тарту» ойыны арқылы әңгіме мазмұнын оқушылар қалай түсінгендігін байқау. Ол үшін сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім қойған сұраққа қай топ дұрыс, көбірек жауап берсе, сол топ жеңімпаз атанады. Тақтаға алдын ала арқан суреті салынады.

Қойылатын сұрақтар:

1) Әңгіме не туралы?

2) Әңгімедегі баланың аты кім?

3) Ол қайдан келе жатты?

4) Оның көзі неге түсті?

5) Ол нені көріп қалды?

6) Сәрсен көжекті қалай ұстады?

7) Көжек қандай күйде еді?

8) Сәрсен көжекті қайда алып  келді?

9) Балалар неге мәз-мәйрам болысты?

10) Сәрсен мен балалар көжекке  қандай қамқорлық жасады?

11) Көжек нені сүйсініп жейді  екен?

Екі топқа бөлініп «арқан тарту» ойынын ойнау оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Оқылып отырған мәтіннің мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.

ғ) «Қыз қуу» ойыны арқылы оқушыларды ептілікке, зейінді болуға тәрбиелейміз. Алдын ала төмендегі тапсырмаларды оқушыларға беріп қоямыз.

1. Мәтіннен мезгілді суреттеген  жолды тауып оқы.

2. Көжектің түр-тұлғасын суреттеген  жолдарды тауып оқы.

3. Сәрсен көжекке үйшікті неден  жасағанын айтып көр.

4. Қоянның көжегі жеген шөптерді оқы.

5. Сәрсеннің сөздерін мәтіннен  тауып оқы.

1-тапсырманы қыздардың біреуі  орындайды. Келесі тапсырманы ұл  балалардың біреуі мәтіннен тауып  оқиды. Ал 3,4,5-тапсырманы қыздардың  не ұлдардың қайсысы бұрын  қолын көтерсе, сол орындайды. Егер  ер бала тапсырманы бұрын орындаса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса, онда ол ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.

Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану