Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері.DOC

— 542.00 Кб (Скачать файл)

Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру сынып пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.

Бастауыш сынып оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл) балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға, т.б. жағдайларға байланысты.

Бастауыш сынып кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен роль атқарады.

Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш сынып шағында жүзеге асады.Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығыартып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінінің дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.

Бастауыш сынып кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.

Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Сыныптегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш сынып кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестетеу үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш сынып кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.

Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды. Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Еліміздегі тіл туралы заң жыл сайын әрбір Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып отыруға байланысты тек ересектердің сөйлеу әрекетінен ғана нәтиже байқалмайды, сонымен қатар бастауыш сынып жасындағы балалардың тіл дамуы – ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.Сол себептен де ұлттық ойын элементтерін     тиімді қолдану арқылы меңгертудің маңызы зор.

Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білуі жатады. Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.

Бастауыш сынып жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы сынып табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әрі сыныптегі жаңа талаптарға негізделеді.

Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді ашады. Бастауыш сынып оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттерінің қалыптасуында оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезең. Олардың өзгелермен қарым-қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады. Мұғалім мен тәрбиешілердің үнемі бақылауында болатын балалардың психикалық даму кезеңдері айтарлықтай сапалы өзгерістерге ұшырайды.

Бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарадаы. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Әуелгі уақытта сыныптегі жаңа жағдайға бала әлі беймделе алмағандықтан, оқу үстінде мына қиындықтарға кезігеді: 1-ші: баланың сынып жағдайына бейімделуі, -2-ші: мұғалім, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.3-ші: 1 сынып оқушыларына беретін тапсырмалар тым жеңіл болып, қызығу жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды.

Сыныпке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығалды. Бас миының салмағы 100 гр-нан 1400 гр дейін өседі. әсіресе оның (миы) маңдай бөлігі жақсы қалыптасып, ой мен сөйлеудің дамуының қарқындауына әкеледі. Кіші сынып жасындағы балаларда ми жасушаларындағы қозу мен тежелу мөлшері күрделі маңызды. Бұл кезде тежелу қабілеті үстем алып, осының нәтидесінде кіші оқушы өзін-өзі меңгере алуына, керек деген жерде өзін-өзі теңселте алуына мүмкіндігі бар. Кіші сынып жасында бала мақсатты іс-әрекет етіп, өзнің қозғалысын басқара алатын болады.

Бала сыныпке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бал ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де ойнағысы келеді. Бірақ оған кіші оқушының уақыты да, мұршасы да жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде 1-ші орыннан 2-ші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай ойын жаңа мазмұн алады. Балалар ролдердің азаматтық қасиеттік сапасына, айталық, ептілік, қайраттылық, батырлығына, әдемілігіне мән береді. 1-ші және 2-3 сыныптағылардың ойыны бірдей емес. 1-ші сыныпта оқушы «мен ұшқыш болатын», «маған сондай роль ұнайды» деп айтып, бірақ соны орындауға әрекет жасап жарамайтын болса, 3-ші сыныптағылар роль ойынына електеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болуы үшін әрекет жасайды. Осының өзі өзін-өзі тәрбиелеудің басы болып табылады. Ойын мақсатының мүлдем өзгеруі басталды. Ойын бұрын ермек болып келес, енді кіші оқушы үшін өз-өзін тәрбиелеудің құрамына айналып отыр.

Ұлттық ойындардан басқа түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен бастауыш сыныптың  2-3 сыныптарында айналыса бастайды. Мысалы жаңылтпаш айту, асық ату, теңге тасту т.б. ойын ойнайды. Ойын үстінде баланың ойы, ептілігі, күштілігі, шыдамдылығы, жылдамдылығы, тапқырлығы дамиды.

Бастауыш сыныптегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Оған біраз мерзім үйрену керек. Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал, жанама ықылас сол нәрсеге қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы кеп тұрады. Мұның себебі олардың оқуға әлі төселмегендігінде.

   Жетістікке жету мотивациясымен бірге балада екі түрлі тұлғалық сапа пайда болады. Ол еңбекқорлық және өзбеттілік. Еңбекқорлық сапасы бастауыш сынып кезеңінде оқу әрекетімен, еңбек әрекеттерінде дамиды және тұрақталады. Балаларда еңбекқорлықтың сапасына қалыптасуына оқу әрекетінің алғашқы кезеңінде ездесетін қиыншылықтар қолайлы жағдай жасайды, олар жаңа өмірлік жағдайға бейімделу, оқу, санау, жазу барысында кездесетін мәселелер, үйдегі, сыныптегі жаңа кедергілер жатады. Осы сапаның қалыптасуына баланың жеткен жетістіктерін мадақтаудағы саналы  ойластырылған үлкендер әрекеті жатады. Сонымен қатар мындағы ең маңызды рольді баланың өз жетістігіне сөнуі де жатады. Бала өз еңбегіне қанағаттанған, риза болған кезде ғана еңбексүйгіштік сапалары пайда болады. Еңбектану барысында балада жағымды эмоция әсер беретін жағдай болуы шарт. Өзбеттілік сапасы үлкендерге тәуелділігімен байланысты болады. Егер бала үлкендерге сеніп, солардың дегенімен жүре беретін болса, оларда өзбеттілік қасиеті қалыптаспай жолы өссе де үлкендерге деген тәуелділік байқалады. Ал егер бала ерте жасынан өзбеттілік көрсетсе, тұйықтық, өзгені тыңдамау сияқты қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Мұндай кемшіліктер кездеспес үшін өздігінен жасауға көп жұмыс тапсырып, оған сенімділік білдіру керек. Баланың өзбеттілікке ұмтылуына қуанып, мадақтап отырған жөн. Сыныптегі алғашқы күннен бастап үйге тберген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз өздері орындағанын қадағалап, өзі орындаған тапсырманы дұрыс және дұрыс емес болса да қолдап отыруы керек. Бұл сапаның қалыптасуына мынандай әлеуметтік психологиялық ситуациялар ұйымдастыру керек. Балаға бір тапсырма беріледі, сол тапсырманы орындау барысында бала үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсіп, олардың әрекеттерін басқарып отырады және бұл ойын барысында бала топта «лидер» атанады.

Бала сыныпке келгеннен кейін өзін қоршаған адамдармен қарымқатынасында үлкен өзгерістерге ұшырайды. ОЛ біріншіден, қарым-қатынасқа кететін уақыт көлемі ұлғаяды. Бұрын бала ойыншықтарын ойнаумен көп уақыт өткізетін болса, сыныпке келгеннен кейін уақыттың көпшілігін мұғалімдермен, құрдастырмен, үй ішіндегі туыстармен өткізеді.

Екіншіден, қарым-қатынастардың тақырыбы өзгереді. Бірінші кластарда балалар кластарына қарағанда, мұғалімдермен көп қарым-қатынас жасайды. өйткені, бұл кезеңде баланың мұғалімге деген сын көзқарасы қалыптаспаған. Мұнда мұғалім барлық бейнесімен үлгілі болып көрінеді.

Үшінші, 4-ші кластарда ол өзгереді. Бұл кластарда мұғалім тұлға ретінде көп қызықтырмайды, оларды өз кластарымен араласу қызықтырады. Балалар қарым-қатынас кезінде, достарын таңдау жақтарында өзгереді. Мысалы, бірінші кластарда достарын мұғаімнің бағлауы мен оқу әрекетінің үлгеріміне байланысты таңдаса, 3-ші кластан бастап баланың тұлғалық қасиеттеріне байланысты таңдайды. Сынып табалдырығында балаларда өздік сананың жаңа деңгейі ішкі позициясы пайда болады. Бұл позиция өзіне қоршаған адамдарға, болып жатқан жағдайларға деге қатынасын білдіреді. Ж.Пиаженің айтуынша әртүрлі жол кезеңдегі балдар мораль нормаларын бағалуы әртүрлі. Мысалы, 5 жаста адамның жасаған әрекетіне байланысты 2 категорияға: жақсы, жаман адам деп бөлуге тырысса, 11-12 жаста қандай адам болса да өзіне деген шынайы әділ сыйластықты қарым-қатынас жасауына құқығы бар екенін түсінеді. Сонымен қатар осы кезеңге адамды жасаған әрекетіне қарай емес, оған итермелейтін себептеріне байланысты адамды бағалау керек екенін біледі.

Жеке бас деген ұғымға «Мен» деген ұғым кіреді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда жақсы орынға ие болсам екен деп арман етеді. Егер кіші оқушылардың өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ  деп атайды.  Керісінше, өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен болса, ондай баланы кішіпейіл деп атайды. Бастауыш сынып оқушысы өзінің ісіне, мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде болады. Кіші сынып оқушыларыныңы жеке басы деген түсінікке – сыпайылығы, керісінше әдепсіздік сапалары да жатады. Бұл жастағы балалар ақкөңіл келетіндіктен бұлардың көбі сыпайы болып келеді. Олардың жеке басына тән қасиеттерде «Мен» деген баға емес, тиісті мөлшерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай екендігі білінеді. Мөлшері  немесе  норма деп балаға қоятын талаптарды айтады. Бала сыныпке келмей тұрып, не істеуге болатынын, не болмайтынын жақсы біледі. Сыныпке кіргеннен кейін бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Айталық, саббаққа кешігіп, не берген тапсырманы орындамай келмеуіне болмайжы. Тапсырманы орындамаса мұғалімнен, құрбыларынан ұят болатынын біледі. Сол сияқты сыныпке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұлар норманы бұзуға жатады. Бастапқы кезде бұған үйрене алмай қиналады, бірте-бірте мөлшерлерді орындауға үйрене бастайды. Баланың мінезінің нормаларын ережелерін шын мәнінде игеруі алдымен педагогтің, олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістері мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді.

Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану