Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері.DOC

— 542.00 Кб (Скачать файл)

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп өзгерісе ұшырап отырады. Мәселен, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан “аң аулау”, “таяқ жүгірту”, “садақ ату”, “қақпа тас”, “қарагие” ойындары келесі дәуірде қайталау-толығу процесінде “аң-аулау”,“бүркіт салу” немесе “құс салу”,“садақ ату”, “жамбы ату”, “қақпа тас”, “бес тас”, “қарагие”, “найза лақтыру” болып аттары өзгеріп мазмұндары сақталып қалды. Басқасын айтқанда күні бүгінгі бәрімізге әйгілі “Ақ сүйек” ойынының бірнеше аттары бар екендігі анықталды. Мәселен, әйгілі ғалым, этнограф Э.Диваевтың еңбегінде “орда”, орыс дәрігері Е.Покровскийдің еңбегінде “тоқтымақ”, делінсе А.Алектровтың еңбегінде “Ақ сүйек”деп аталған.

Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-VІ ғасырлардағы қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың құралу дәуіріне тура келеді, себебі: ойындардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өнлдірістік қатарға негізделген. Өз кезіндегі өндіріс құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек, т.б. табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарына да қолданылды. Мәселен күні бүгінге дейін мәнін жоймаған “асық” ойындарына кез-келген сүйек емес, малдың асықтарын алған. “Бес тас” ойынына кез-келген тастар емес ұстағанда қолға сиятындай, домалақ тастар, “қарагие” ойнына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен ырғайдың бірі, тіпті табылмағанда талды пайдаланған. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтың жағынан ғана маңызды емес, ол-спорт, ол-өнер, ол-шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болсын халықтың “көк бөрі” сияқты спорттық ойындары мен жалғастырылып отырады. Бұл ойындар ерте замандағы төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын, қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды жазушы, С.Мұқанов өзінің “Халық мұрасы” деген тарихи және этнографиялық кітабында былай деп жазды: “Жүн сабайтындар көбінесе жастар болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабалатын жүнді киіз үйдің ортасына төсеген тулаққа үйеді де, айнала отыра қалып, екі қолына алған сабаумен ұра бастайды. Әдетте жастар бұған ойын-сауық үшін де жиналған. Себебі: жүн оқу-тәрбие ісінде жастар жарыса қимылдап, оны ойын-күлкіге, әзіл-ысқаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер көршілеріне күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады”,- дейді.

ХІV ғасырдың екінші жартысында және XV ғасырдың бас кезінде қазақ халқының күнделікті тұрмысы мен этнографиялық ерекшеліктерін зерттеуде екі ағымның пайда болғаны белгілі. Оның бірі-реакцияшыл-монархиялық ағым, екіншісі-прогрессивтік ағым. Реаксияшыл монархиялық ағым үстем тап өкілдерінің саяси әлеуметтік құрылыс ерекшеліктерін “ғылымсымақ” негізде зерттеу мен болды. Олар: Тронов, Мейер, Кроссовский, тағы басқалар еді. Прогрессивтік ағымда ғылыми демократиялық бағытта көпшілік қауымның этнографиялық ерекшеліктерін зерттеген ғалым, этногрфтар В.Радлов, Г.Потанин, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин т.б. болды. Осы ғалымдардың ішінде қазақ халқының өмірін жан-жақты терең зерттегендердің бірі- Э.А.Диваев. Ұлты башқұрт, ол орыс, қазақ, араб Орта Азия халықтарының тілдерін жақсы білген. Орынбордағы Некиюев кадет корпусының Азия бөлімін бітіргеннен кейін, Ташкенттегі Сырдария соғыс губернаторына кіші чиновник болып тағайындалған. Содан өмірінің 55 жылын қазақ халқының арасында өткізген ғалым.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ғалымдардың назарынан тыс қалған мәселелерінің бірі халықтың ұлт ойындарының бала тәрбиелеудегі маңызына Ә.Диваев ерекше мән беріп зерттеген. Ә.Диваев бірінші рет ғылыми прогрестік идеяда қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай,

“Бір жасқа дейін нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он беске дейін бозбала, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт”деп төрт топқа бөледі. Бірінші топтағы нәрестені тәрбиелеудегі “Бесік жыры”, “Саусақ санау”, “Тұсау кесу” жырларын жатқызады.

Ә.А.Диваев екінші топқа сәбидің дүниеге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындарын жатқызады. Қазақ балаларында ойыншықтар болған жоқ десекте болады, тек қана балалардың өздері жасаған қуыршақ пен балшықтан істеген ат, түйе, қой т.б. жануарлар бейнесі ғана болады.

Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдігі жағынан балаларды онша қызықтыра қоймайды,   сонда да антрапологиялық көзбен қарайтын болсақ, осы ұсқынсыз ойыншықтар, балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды.

Мәселен, “қой бағу ”ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан қой қойдың құмалағынан қозы жайып, қораға қамап, қоздатып, көшіп-қонып, күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Келесі топтағы бозбалалардың ойындарын төрт топқа бөледі. Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар : бес тас, лек жалау, сиқырлы табақ, жылмақ, т.б. Екінші, Жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыртеке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр, т.б. Бұлардың көп тарағандарының бірі “Ақ байпақ ”ойыны.

Қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан халық жануарлар бейнесін өлең айтса, ертегі айтса, бос кейіпкер етіп сарқылмас халық қазынасының негізгі түйіні еткен.Сондықтан да халық өмірінде жануарлар дүниесін қолданбаған, елестетпеген, не мәдениеті , не әдебиеті, не бала тәрбиесі, не әр алуан этнографиялық ерекшеліктері болмаған. Алайда бұл ойындар жас өспірімдер үшін сан алуан, сан сырлы, жұмбағы көп ерекшелігі мол ен дүние.

Үшінші топқа материялдық денелерді қолданып ойнайтын ойындарды жатқызады.Олар: ”шалма” , ”бөрік” , ”жасырмақ” , ”түйілген шыт” , ”тақия телпек” т.б. ойындар.Бұл ойындардың ішіндегі ең бір қызықтысы-«түйілген шыт» ойыны. Ойын жүргізуші ойнаушыларды өзінің айналасына жинап алады да, бір,екі,үш, деп дауыстайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырап кетеді.Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалмен бар ойыншыны қуалайды. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады. Осылайша ойын жүргізуші орамалды біреудің қолынан алғанша ойын жалғаса береді. Ал орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Содан соң жүргізуші ауысып ойын жалғаса береді.

Келесі топқа жататыны - жас өспірім , жігіттер ойындары. Бұл ойындар белгілі бір ортада жастардың мінез-құлықтарының, өмірге, дүниеге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына бағыт істейді, жігіттердің қоғамның саяси құрылысына араласуына әсер етеді.

Ә.А.Диваев осы топқа жататын жігіттер ойынының өзін үш топқа бөледі. Бірінші топ соған қарсы өз дегенін айтуға тырысты. Олардың қоғам құрылысына деген көзқарастарын бейнелейтін белгілер, әсіресе асық ойындарында көбірек көрінген.

Жалпы қазақ жастары асық ойынының белгілі бір жүйеге келтірілген түрлерін таратты. Асықты қынаға қайнатып бояп, ал қына болмаған жағдайда қарағай қабығына бояп отырған.Одан келе сақаны табанын қайрап, алшы түсіру үшін, қарсыласына білдірмей алшысын тесіп, қайрап қоятын болған.

Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік ( қой, сиыр, жылқы, түйе ) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен халықтың этнографиялық даму ерекшеліктері, той – думан, қуанышы мен реніші де осы малға байланысты болды. Төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, бүкіл мәдениетпен, өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды. Келе – келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түлік болған. «Ақ байпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.

Орыс ғалымы Ю.И.Семенов «алғащқы адамдардың, жануарлардың қозғалысын бақылауы, соны үйренуі олардың өз бетінше еңбектенуіне әкеліп тиянақтады. Содан келе-келе жануарлардың қозғалысына еліктеп әр түрлі билерді, ойындарды шығарды» - дейді.

Ең  алғашқы пайда болған өндірістік дәстүр немесе аң аулау билері мен жатттығу ойындары жайында өнер зерттеуші А.Д.Авдеев былай деп жазды:

“Осы аң аулау билерін  үйрену – жаттығу түрінде өтті, мұның коллективті бір ортаға біріктіруде тәрбиелік маңызы зор болды. Бұл аң аулап келгеннен  кейін өте бір сәтті шыққан сапарды есте қалдыру үшін, болмаса алдағы сапар үшін жасалған жаттығу ойындары еді.”

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез - құлықтың ерекшеліктері мен бірге күш - қуат молдылығын, білек күшін, дененің шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені  ойынға қатыспай тұрып - ақ  оған  күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы: Бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылытын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен суына дейін белгілі бір мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленеген  уақыттта күн сайын жегізіп, шапқызып, терісін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын  бала күн ілгері осы сынақтарға қосылады. Бәйге шарты мүлтіксіз орындалуы үшін төреші тағайындалады.

Бәйгеге қосатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде ат айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуыда мүмкін. Ол ат шабатын қашықтықтың өн бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы – қасында болған, бала осы өнердің сырларын  жете біліп, үлкен  шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады.

Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана  керектігі мен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің  бір түрі ретінде де дамыды. Мәселен, әр түрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келе жас өспірімдерге қалды.

Біздерге белгілі, мал мен жүрген көшпелі руларда киіз үйден басқа баспананың болмағандығынан, тек ашық алаңдарда ғана ойналатын “ақ сүйек”, “алты бақан”, “айгөлек”, “арқан тартыс”, “көк сиыр”, “соқыр теке”, “түйе – түйе”, “белбеу”, “тартыс”, “қасқұлақ”, “түйілген  шыт”, “ақ серек – көксерек”, “бұрыш”, “көрші”, “шертпек,” “инемді тап”, “айдап сал” т.б. ойындар шыққан. Келе - келе алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қалыптасқан ұлт ойындарына өзгеріс еніп, топқа бөлініп ойнайтын ойындар туа бастады.

Ондай ойындарндың  алғашқыларының бірі “ақ сүйек”.

Бұл жүгіріп күш көрсетіп ойнайтын ойын болғандықтан, өкпенің жұмыс қабілеттілігін арттырып, денені шынықтырып, жүйріктікке, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелейді, сондай – ақ  қараңғыда жол табуға көзді жаттықтырады, төңіректі дұрыс  бағдарлай білуге үйретеді.

Ұлт ойындарының келесі бір даму кезеңі XV ғасырлар, яғни қазақ жерінде алғаш хандықтардың қалыптасу дәуірі. Мәселен, ұлттық ойындар арқылы үстем тап өз мүддесін идеялогиясын дәріптегісі келе, халық, еңбекші күнделікті тұрмыстағы қоғамның саяси және әлеуметтік  даму ерекшеліктерін көрсететін ойындар. Ондай ойындардың бірі – “Хан жақсыма” ойыны. Енді бір топқа қозғалмалы ойындарды жатқызады: “Ақ сүйек”, “ақшалшық”, “тиын салу”, “алты бақан”, “арқан тартыс”, “белбеу тастау”, “шертпек”, “көрші”.

Қазақ халқының өмірі мен бірге шаруашылығының негізіне байланысты дамыған ойындардың бірі – “Қасқұлақ”. Бұл ойын жігіттер мен қыздардың келісуі бойынша түнде, яғни қой күзеткенде ойналады.

Келесі топқа спорттық ойындар. Олар: “Аударыспақ”, “бәйге”, “аң аулау”, “жамбы ату”, “жаяу жарыс”, “жорға жарыс”, “көкпар”, “қазақша күрес”, “күміс алу”, “қыз қуу”, “сайыс”. Осы ойындардың ішіндегі ең бір қызықтысы – “аударыспақ” ойыны. Бұл спорттық ойындар жігіттердің күштілігін, қайраттылығын, атқа міну шеберлігін байқатады.

“Бесік жырынан” бастап барлық ұлт ойындары ұрпақтың  қай - қайсысына болмасын белгілі бір бағыт беріп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата – ананың балаға деген бірінші сенімі, тілек талабы. Бұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де, ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар баланы қимылға, әрекетке, денесін шынықтыруға төселдіреді, сол арқылы өмір күресіне еңбекке баулиды.  Осының бәрі баланың жан жүйесіне әсер еткен эстетикалық  тәрбиесінің жемісі. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі қыдыруды, ойлануды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық  ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Солардың төресі «тоғызқұмалақ». «Тоғызқұмалақ» ойынының фотосуреті мен ойналу тәртібін қағаз бетіне алғаш түсірген этнограф М. Понтусов 1906 жылы. Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған деп жазды.

Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, аса қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуыда мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезесі ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің аздап жанар оты. Міне ойын даганіміз тыныс кең алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы» демекпіз.

 

 

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының  әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.

 

     Бастауыш сынып - өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.

Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану