Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері.DOC

— 542.00 Кб (Скачать файл)

әлеуметтік құндылық қабілеттік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялы қасиет болып табылады. Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылым салаларындағы ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.

әлеуметтік құндылық қабілеттілік – бала өз бетінше жаңа, бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрееттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Сондай-ақ, бастауыш сынып кезеңіндегі оқу үрдісінде әр түрлі пәндерде Әлеуметтік құндылық қабілеттілік, ақыл-ой дамуы туралы еліміздің және шет ел ғалымдары біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген. Г.В.Бабиков, А.Крутецкий (математика), «Б.М.Кедров (ғылыми-техникалық Әлеуметтік құндылық), Е.Игнатьев, О.И.Никифорова (көркем әрекеттік Әлеуметтік құндылық), А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин, Г.Айзенк, Ж.Пиаже, Э.Торндайк, Ж.Аймауытов, Т.Мұқанов т.б.

Зерттеулердің қорытындыларына сүйене отырып шығармашылқ тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық, талдап-жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, әлеуметтік құндылыққа деген құштарлығы болуы керек екені анықталады.

Бұдан қазіргі таңдағы қазақ педагогикасының міндеті – осы қасиеттерді кез-келген қазақ оқушысының бойындағы қалыптастыру деген тұжырымға келеміз.

Бүгінде әлеуметтік құндылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ал оқушыда әлеуметтік құндылықтың белгілерінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келмек. Тек Әлеуметтік құндылық қана (қандай түрде, қандай деңгейде болмасын) адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш сыныптің алар орны ерекше. Өйткені бастауыш сынып:

  1. Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға, - өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға;
  2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;
  3. Ұжымдық және іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретуге;
  4. Баланың еркін ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай жасауы керек.

Кіші жастағы оқушылардың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктері бар. Олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.Пиаженің пікірін негізге ала отырып қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Көрнекті психологтардың (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз, олардың даму мүмкіндіктерінен төмен екені көзге түсіп тұратынын айтқымыз келеді. Оқушының оқу іс-әрекетінің басым көпшілігі репродуктивті түрде іске асып жатады. «Бұл не, Қандай? Қайда?» деген сұрақтарға жауаптар алу негізінде құрылған «Неге назар аудару керек?», «Нені зерттеу керек» сияқты тапсырмалар өте сирек кездеседі. Оқушылар да, мұғалімдер де Әлеуметтік құндылық процестерге төмен бағытталған көмегінсіз, өлеңдер, ертегілер, музыка жащу, ойлап табу т.б. Әлеуметтік құндылық жұмыстар тапсырыла бермейді, сенімсіздік көрсетіледі.

1 - сыныптан бастап оқушыны жаңалықтармен, біліммен «қаруландыру» ісі қолға  алынады. Мұғалім айтады, түсіндіреді, оқушы тыңдайды, орындайды. Оқыту әрекеті оқушының өзі қоймаған сұрақтарына қайтарылған жауап түрінде құрылып, оның ішкі талап-тілектерін, сұраныстарына қанағаттандыру дәрежесі төмен болып жатады. Білім беру технологиялары да бала дауын тежейтін формада. Үлкен адам бала атқаруға тиісті іс-әрекетті көп бөлігін өзі істейді. Осыдан барып, оның  іздену, зерттеу, саралау, сарапаттауға деген қажеттіліктері жоғала бастайды. Қысқаша айтсақ, интеллектуалдық жұтаңдыққа әкеп соғады.

Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылықтар динамикасына қоғамның құқықтық және идеологиялық негіздеріндегі, әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалар ықпал етеді. Зерттеу үрдісінде оқушылардың әлеуметтік құндылықтар динамикасында төмендегі факторлар елеулі рөл атқаратынын анықтадық:

- ауыл өмірінде білім беру, дәрігерлік қызмет көрсету, демалыс, спорт, мәдениет т.б. салаларында кемсітушілік саясатының кейбір элементтерінің болуы;

- ауыл өмірінің дәстүріне қайшы  келетін, қала және батыстық өмір  үлгілерінің дендеп енуі;

- бұқаралық ақпарат құралдары  мен басқа да факторлардың ауыл өміріне, отбасы-тұрмыстық жағдайына, ауылдың әлеуметтік көрінісіне әсерінің шектеулі мүмкіндіктері;

- ұлттық мүдде, ұлттық ойлау, сананың  едәуір өсуі, ұлттық өнер, театр, көркем өнердің дамуы.

Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылық динамикасын талдай отырып, олардың қазіргі кезде дербестігі, тәуелсіздігі едәуір жоғары деңгейде екенін атап көрсетуге болады. Олар өзінің қоршаған ортаға жеке көзқарасын батыл әрі ашып айтады, оларда ұлттық мақтаныш сезімі күшті дамыған. Қазір бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы, қоршаған ортаға, өмірге, қызметке көзқарастары қарама-қайшылықты әлеуметтік кең. Олар білім, мәдениет, еңбек, кәсіби қызметтің маңыздылығын бағалауға сын көзбен қарайды, олардың жан дүниесі өте сезімтал, шектен тыс агрессивті. Осы қасиеттердің бәрі бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылық динамикасының сипаты мен бағытын айқындайды.

Сонымен, адамдардың дүниетанымдық ұстанымдары мен әлеуметтік құндылықтары түбегейлі қайта қарастырылып жатқан кезде, адамның қоғамдағы орны, оның өмірдегі рөлі өзгереді, Бастауыш сынып оқушыларының құндылықтары да елеулі өзгерістерге ұшырайтындығы дәлелденіп отыр. 

 

Ұлттық ойын-салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән нәрсенің бәрін қадыр тұтатын, дара тұлға-жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.

Бастауыш мектептен бастап сабақ кезінде немесе оқу-тәрбие ісінде н тыс кезінде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу осы үздіксіз процестің жалғасы.

Сонымен оқушылардың ой-өрісін, талабы мен талғамын ұштай түсу үшін бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Қай пәнді болсада оқушыларға түсінікте, қызықты, тартымды және күнделікті өмірмен байланыстыра өту бүгінгі өмірдің басты талабы.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасымен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу-тәрбиелеу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін оқу-тәрбие ісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалануды іске асырудың орны ерекше.

Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде халыққа білім беру саласында адал еңбегімен алға шығып, жас ұрпақтарды оқытып, оларды тәрбиелеуде игі істерді жүзеге асырып келе жатқан ұстаздарымыз қаншама. Олардың бәрі де оқу–тәрбие процестерінде ұлттық ойын элементтерін қолдануда әріптестерінің озық та, үлгілі тәжірибелерін тиімді пайдаланып, кейінгі артынан ілесіп келе жатқан жас ұстаздарға, мұғалімдерге мұра етіп қалдыруда.

Ұлттық ойын - ойын арқылы іске асатын, оқу-тәрбие әдістемесі болып табылып, екі түрде қарастырылады: ойын сабақ және дидактикалық ұлттық ойындар. Бірінші түрінде басты рөл тәрбиешіде, ол баланың оқу-тәрбие ісіне деген қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі ойын амалдарын пайдаланады, жарыс элементтерін қосуды, тағы басқа ойын элементтерін қосу арқылы әр түрлі сұрақтармен, нұсқаулармен, түсіндірмелермен байланысты. Ұлттық ойын көмегімен мұғалім тек қана нақты білім бермейді, олардың ойын қалыптастырып, ойнауға үйретеді. Ал дидактикалық  ұлттық ойында, оқушыларға тапсырмалар жұмбақ түрінде, сұрақтар түрінде беріліп, оқу-тәрбие ісінде қоршаған орта жайлы білімдері кеңейтіледі. Дидактикалық ұлттық ойын баланы жан - жақты етіп тәрбиелеуде зор қызмет атқарады. Оның ішінде негізгі қызметі: ақыл-ой тәрбиесінде зор қызмет атқарады. Дидактикалық ұлттық ойын мазмұнына қарай білімділік,  тәрбиелік, көрнекілік, сөздік, іс - әрекеттік міндеттер атқарылады. Сондықтан да өзіне тән әдістемелік жолдары бар:

1. Дидактикалық ұлттық  ойындарды өткізгенде мұғалім  ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды оқытады. Бұл үшін алдымен мұғалімнің өзі көңілді, қызықты ойынға ықыласпен араласып, қуаныш сезімінде болуы керек.

2. Дидактикалық ұлттық  ойынды ұйымдастыруда мұғалім  алдымен ойынға баланы қызықтырарлықтай  мүмкіндік жасап, сол негізде баланың ақыл-ой белсенділігін арттырады.

3. Мұғалім белгіленген  ережені орындауда қатаң талап  қоюы керек. Бұл баланы талапты  орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.

4. Егер барлық бала  ойынға белсенді түрде қатынасқанда  ғана ұжымның дидактикалық ұлттық ойынның алдына қойған мақсатына жете алады.

Дидактикалық ұлттық ойында білім беру мен оқу-тәрбие бір-бірімен тығыз байланыста бірлікте жүргізіледі.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін оқу-тәрбие ісінде дидактикалық ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше.

Оқу-тәрбие ісінде тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.

Сонымен қатар оқу-тәрбие ісінде дидактикалық ұлттық ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырып, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуіне мүмкіндік жасайды.

Оқу-тәрбие ісінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты, баланың білімін ұштай түсінуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Сонымен, дидактикалық ұлттық ойын дегеніміз-жеке пәнге, тақырыпқа байланысты баланың білімін нығайтуға, пысықтауға, бекітуге әсер ететін ұжымдық ойын.

Дидактикалық ұлттық ойын – балалардың білімді игеруін, ақыл-ой қызметін дамытып, өз ара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші.

Дидактикалық ұлттық ойында көрнекілікті мұғалімнің сөзін, балалардың іс - әрекеттерін, ойыншықтары мен ойын құралдары, заттар мен суреттер тағы басқаларды дұрыс ұштастыру қажет екенін ескеру қажет.

    1. Балалар ойнайтын және ойынның, материалдың орталығы болып табылатын заттар.
    2. Заттарды және олармен не істеу керек екенін бейнелейтін заттардың неге арналғанын, негізгі белгілерін, материалдардың қасиетін анық көрсететін суреттер.
    3. Ойын әрекеттерін және ойын ережелерін орындауды нақты көрсетіп және сөзбен түсіндіру.

Дидактикалық ұлттық ойындар сабақ уақытында өтетіндіктен оқу жүйесіне санасады.

Демек, ұлттық ойынға алынатын дидактикалық материалдардың «Ана тілі» оқулығындағы тақырыптар мен үндес келуі білімділік, тәрбиелік тұрғыдан оң нәтиже берері сөзсіз.

Ендеше, оқулық құрылымын талдау, әр тақырып мазмұнына сәйкес келетін ұлттық ойын түрлерін іріктеп алу – зерттеу жұмысымыздағы негізгі міндеттердің бірі.

2-сыныпқа арналған оқулыққа  іріктеліп алынған материалдар  негізінен халық ауыз әдебиеті  үлгілері, көрнекті ақын – жазушыларымыздың  шығармалары мен үзінділері, сонымен бірге танымдық маңызы жоғары кейбір ғылыми очерктер мен мақалалар болып табылады. Оқулыққа енген материалдар құрылысы жағынан тақырыптық принципке сәйкес орналастырылған. Осыған орай оқулықтарда төмендегідей бөлімдер қамтылған.

  1. Туған елім – Қазақстан
  2. Асыл сөз
  3. Адам болам десеңіз…
  4. Еңбек түбі – береке
  5. Табиғат – тіршілік бесігі
  6. Өнегелі өмір
  7. Біздің тілегіміз – достық

Әр бөлім оқулыққа арнайы енгізілген – Зерделі мен Талапбектің сөздерімен басталған. Кейіпкерлер 1 - сыныпты аяқтап, балармен бірге 2 - сыныпқа көшкен ұл мен қыз. Бөлімді кейіпкерлер сөзімен бастаудың себебі - оқушыларға түсінікті тілмен осы бөлімде берілетін білімдердің мақсатын түсіндіру, әрі оларды әрекетке бағыттайтын әсерлер туғызу, сондай – ақ осы бөлімнен оқушылардың алатын білімдерінің қажеттілігіне олардың зейінін аудару. Одан әрі оқушылардың жаңадан берілген оқу материалын қабылдауы, оның оқушы жадында сақталып, ойлау елегінен өткізілуі, санасында қорытылып, белгілі бір тұжырымдар жасалуы, берілген білімнің оқушы санасына енуі, оны бала өзінің атқаратын істерінде қолдана алатындай деңгейге жетуі мұғалімнің оқу-тәрбие ды дұрыс ұйымдастырып, әдістер мен талаптарды жете пайдалануы мен бұлжытпай орындалуына байланысты болады.

Әр бөлімнің соңында тағы да кейіпкерлердің (Зерделі мен Талапбектің) қатысуымен оқушылардың білімі, біліктілігі мен дағдысы алуан түрлі сұрақтар, тест – тапсырмалар арқылы тексеріліп, бекітіледі. Бұл жұмыс түрлерін «Көкпар», «Орамал тастамақ», «Теңге алу», «Кім жылдам ?» т.б. ойындар арқылы ұйымдастыруға болады.

Е.Сағындықов «Ойынның тіл дамытудағы рөлі ерекше. М.Горькийдің сөзімен айтар болсақ... бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады. Сонымен нақтылай айтсақ, ұлттық ойындар, тіпті жалпы ойын атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралдарының бірі болып табылады», - дей келе, ойын үстінде бала тілдің ішкі өрімдерін, халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік алатындығын баса көрсетеді.

Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану