Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері.DOC

— 542.00 Кб (Скачать файл)

  Осы айтылғандар бойынша  берілген мәтін мазмұнын терең түсінуге  көмектеседі;

Оқушының танымдық әрекетінің дұрыс қалыптасуында  дидактикалық ойынның мазмұнының үлкен мәні бар. М.Мұқанов: «Баланы оқуға итермелейтін күш, негізінен, екі түрлі түрткіден құралады: бірінші-сыртқы  түрткі, екіншісі-ішкі талаптану түрткісі»-дейді.  Мұндағы  сыртқы түрткі - мұғалімнің тарапынан болатын әсерлер де, ішкі түрткі-оқушының өзіндік ықыласы мен танымдық іс-әрекетке талаптануы жатады. Л.С.Выготский:  «... оқу әрекеті бір жағынан шәкірт не біледі, не істей алады, қандай танымдық негізі бар, екінші жағынан оның оқуға қатынасы қандай, не үшін, не мақсатпен оқиды, білімді қандай дәрежеде меңгеруді қалайды деген тұрғыда  анықталады»-деген[48].  Оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыруда дидактикалық ойынды кеңі қолданудың, оқу процесінде оқушылардың ізденістерін, тапқырлық ойындарын т.б. қолданудың маңызы ерекше.  Ең қызықты, мазмұнды ойын оқушылардың сұрақ –жауап, тапсырмаларды орындауы  негіз жасай алмайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық белсенділігінің дамуына әсерін тигізетін ойын түрлері: имитациялық, іскерлік, ситуациялы-рольдік, шығармашылық, логикалық ойындар кең қолданылады. Ситуациялы-рольдік ойындар-белгілі  бір ситуациялық жағдай жасап, пайда болған проблеманы шешуде рольдік міндеттерді орындау түрінде беріледі.

      • оқыту, білімді қабылдау, біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
      • эмоционалдық (сабақта жайлы атмосфера жасау);
      • коммуникативтік: қарым-қатынасты дамыту;
  • релаксациялық: оқу- оқыту процесіндегі сезімдік қажуды төмендету;
  • психологиялық, психикалық процестерді: қабылдау, ес, ойлау, т.б. дамыту;

:

Қорытынды, айқындаушы, қалыптастырушы экспериментінен кейінгі кезеңдегі бақылау нәтижесінде бақылау және эксперименттік топтардағы оқушылардың ұжымдық танымдық белсенділігінінің дамуына  дидактикалық ойынның ұйымдастырылуы, оқыту түрлерінің, оқу әдістерінің тиімді алмасып келіп отыруы үлкен ықпал ететінін байқатты.

Әсіресе оқушылардың ұжымдық танымдық процестерін дамытуға, бағытталған ойындар мен жаттығулардың ықпалы жоғары екендігі ерекше көзге түсті. Мұндай ойындар кезінде оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйі, қарым-қатынасы жақсарып, ұжымдық танымдық белсенділігі артып,  іс-әрекетке жағымды қатынасы қалыптасып, танымдық процестерін дамып, мотивтерінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Оқушылармен әңгімелесу, эксперттік бағалау барысында олардың көпшілігінің танымдық белсенділігінінің қалыптасуында ойын барысындағы қарым-қатынастың, оқу үрдісінің қызықты, еркін жүргізілуінің ықпалының зор екендігі байқалды.

«Ұжымдық танымдық белсенділігін  анықтау» әдістемесінің бірінші бөлімінің қорытындысы бойынша 2-сынып оқушылары ұнататын ойын түрі анықталып, олардың пайдаланылатын ойындар бөліп алынды. Жүргізілген ойынның нәтижелерін математикалық талдау төмендегідей көрсеткіштер берді: бастапқы кезде бұл ойын бақылау  тобы оқушыларының 40,6% – ы, эксперименттен кейінгі кезеңдерде бұл көрсеткіш 2,8% – ға азайып 37,4% –ды құраған.

Бастапқы кезеңде бұл эксперименттік топ оқушыларының 36,6%-ы қызығып оқыса, эксперименттен кейін 61,1% –ды құрады. Яғни бұл оның 24-5% –ға артқандығын көрсетеді. Төмендегі 4-кесте бойынша оқушыларға жүргізілген ойын, тапсырма, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап  нәтижелерін екі топты салыстырмалы түрде көруге болады.

Кесте 4 - Эксперименттік және бақылау топтарының бастапқы және эксперименттен кейінгі  нәтижелері

Топтар

Бақылау тобы                             Эксперименттік топ

Дидактика

лық ойындар

Бастапқы кезең

Экспер. Кезең

Бастапқы кезең

Экспер. Кезең

 

14,2%

13%

22,4%

39.9


 

Екінші бөлімінің қорытындысы бойынша оқушылардың жоғарыда аталған: таңдау мотивтері және қызығушылық түрлері анықталды. Алынған нәтижелерді талдай келе, мынадай нәтижелерге қол жеткіздік: бастапқы кезеңде эксперименттік топ оқушыларының оқу үрдісіне қызығушылығы 26,7%-ды құраса, эксперименттен кейін ол 14,5%-ға артып, 41,2%-ды құрады. Танымдық мотив 22,4%-дан 26,5%-ға көтеріліп, 4,1%-ға артқандығы байқалды. Әлеуметтік мотив бастапқы кезеңде 36,7%-ды құраса, эксперименттен кейін 12,3%-ға төмендеп, 24,4%-ды құраған. Мұны жүргізілген қалыптастырушы эксперименті жұмыстары нәтижесінде сыныптағы психологиялық хал-ахуалдың жақсаруы, сапалы тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы және үрдіске қызығушылық пен ұжымдық танымдық мотивтің артуына байланысты түсіндіруге болады.

Зерттеушілер оқушының айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына, танымдық белсенді әрекетке итермелейтін мотивтерді екі топқа бөледі: біріншісі – оқушы белсенділігін меңгеретін объектіге бағыттайтын танымдық мотивтер, екіншісі- оқушы белсенділігін оның қарым-қатынасына бағыттайтын әлеуметтік мотивтер.

А.К.Маркова танымдық мотивтерді былайша көрсетеді: жаңа білімдерді игеруге бағытталған оқу мотиві; білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталған оқу –танымдық мотивтер; білімдерге қол жеткізу тәсілдерін жетілдіруге бағытталған өз бетінше  білім алу мотиві. Ұжымдық танымдық мотив білімді игеруге,  оларды  алу тәсілін жетілдіруге  бағытталады [49]

Мазмұнды – операциялық компонент   -  жетекші білім  жүйесі мен оқыту  тәсілдерін  қамтиды. Ал оқушылардың білімі оқу материалының, дидактикалық ойынның мазмұны негізінде қалыптасады. Оған  оқу   білік- дағдыларын: мақсат қою,  жұмысты тиімді ұйымдастыру, белгілі бір қарқында  жұмыс істеу  жатады.

Еріктік компонент – танымдық  іс-әрекеттің ажырамас бөлігі, оның негізінде таным барысындағы  қиындылықтарды жеңу    ерік  күшін жұмсауға дайын  тұру оны  әрекетте  іске асыру жүреді.

Зерттеліп отырған мәселені шешуге ықпал етуші негізгі компоненттерге нақты түрде түсінік беретін, мазмұндық сипаты.

Мотивтік компонент – қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндігі, белсенді әрекетке ұмтылушылықпен сипатталады.

Танымдық қажеттілік - ынталылық, таным процесіне бағдарланушылық;  сезіммен байланысты.

Танымдық қажеттілік  2-сыныпта біртіндеп күрделеніп, өзгеріп, күрделі деңгейі келеді, он қанағаттандыру тәсілдері де өзгереді. Мотив-әрекеттің ішкі қозғаушысы. Мотивтер әрекеттің танымдық, еріктік, эмоционалдық, мазмұндық компоненттерімен қатар жүріп, олардың қалыпты дамуына ықпал етеді. Ол оқушының ұғым-түсініктерін кеңейтуге тірек болып, бірте-бірте оның ішкі қасиетіне ауысады. 

Адам әрекетінің субъектілігі оның ішкі қажеттерімен, эмоцияларымен, мотивтерінің бірлігімен көрінеді. Бұлар адам белсенділігінің де деңгейін танытады. Мотив мақсатқа жетудің жолдарын саралауға көмектеседі, осы жолда кездесетін қиындықтарды жеңуге ұмтылдырады.

      Бұл сонымен бірге  оқушылардың ұжымдық танымдық қызығушылығы артатынын көрсетеді. Төмендегі 5-кестеден оқушылардың сұраққа берген жауап нәтижесін бақылау тобымен салыстырмалы түрде көруге болады.

 

Кесте 5- Оқушылардың эксперимент жүргізу барысында дидактикалық ойынды таңдау мотивтері және танымдық қызығушылығын анықтауға бағытталған  жұмыс нәтижелері (бастапқы және эксперименттен кейінгі кезең)

 

 

Үрдіске                Мазмұнға              Танымдық              Әлеуметтік                            

қызығушылық   қызығушылық          мотив                     мотив

Топтар

Баст. кезең

Эксп кезең

Баст. кезең

Эксп. кезең

Баст. кезең

Эксп кезең

Баст. кезең

Эксп.

кезең

Бақыл. тобы

26,5%

27,8%

13%

11,1%

26%

29,6%

33,3%

31,4%

Эксп. топ

27,8%

32,6%

14,2%

16,3%

22,4%

26,5%

36,7%

34,2%


 

Кесте 6

 

Зерттеу кезеңдері

Топтар

Бастапқы кезең

(орта есеппен)

Эксперименттен кейін

(орта есеппен)

Бақылау тобы

39 ұпай

37 ұпай

Эксперименттік топ

40 ұпай

32 ұпай


 

7-кестеде көрсетілген мәліметтер  төменде диаграмма түрінде берілді.

 

 

Сонымен, жүйелі жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері  2- сынып оқушыларының ұжымдық  танымдық белсенделегінің көзі мотивтерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды арнайы ұйымдастырылған жұмыстар, танымдық іс-әрекеттер,  танымдық тапсырмалар, оқулықпен жұмыс, ойын арқылы жүзеге асатындығы  дәлелденді. Біз енді дүниетану пәнінде “Табиғаты  аялайық” ойынын ұйымдастыру әдістемесін қарастырайық.

Негізгі мақсаты: табиғатқа экологиялық көзқарасын қалыптастыру; табиғат объектілерімен өзара әрекетін кеңейту;

Бағдарлық уақыт бір сағат.

Қажетті материалдар: қағаз, қалам, жануарлар мен өсімдіктер туралы мағлұматтары, оқу мазмұнын меңгеру  біліктілігін танытатын материалдар, ұғым, ақпараттық мәлімет жазылған парақ.

Өткізілу жолы: мұғалімнен кеңес алып, оқушылар өздерінің мүмкіндіктеріне қарай үйде өсетін өсімдіктер немесе жануарларды таңдайды, үйіне әкелмес бұрын оларға қажетті нәрселердің тізімі құрылады.

Тірі табиғат объектісін үйде ұстауға  қойылатын талаппен танысады. 

Ойын табиғатқа жанашырлық қасиетімен қоса танымдық белсенділігін де дамытатындығын байқатты.

Сонымен,оқушының танымдық белсенді іс-әрекеттінің сапалық деңгейі оның танымдық, еріктік, эмоциялық процестерінің даму дәрежесін анықтайды, бұл танымдық рекет дамуының жоғары деңгейіне және оқушының даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты деп тұжырым жасауға болады.

Оқушылардағы танымдық белсенділігі мен іс-әрекет бағытын, сипатын, белгілерін, қалыптастырушы эксперименттен кейінгі қалыптасу дәрежесі мен деңгейін қарастырсақ:

    • танымдық белсенділікті дамытудағы әрекеттің  дидактикалық ойынның мазмұндық, мотивациялық  бағыты, маңыздылығы;
  • танымдық белсенділіктің интеллектуалдық бағыты;
  • танымдық белсенділіктің ерекшелігі, сипаты.

Оқушының танымдық белсенділігін талдау -оның құрылымы мен негізгі компоненттерін ажыратуға көмектеседі.

Танымдық белсенділік құрылымы: оқушылардың қызығушылығы, қабілеті, қажеттілігі, мотиві, ынтасы арқылы анықталады.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі олардың интеллектуалдық, даму деңгейіне  тәуелді.

Оқушының  танымдық белсенділігінің деңгейі, оның сипаты  мынадай педагогикалық – психологиялық зерттеулерді талдау арқылы  мүмкін болды:

    • Дидактикалық ойын барысында мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті сипатымен  анықталады (Ж. Хайдаров, П.И.Пидкасистый, т.б.)
    • Оқушылардың танымдық белсенділігі оның  іс-әрекетінде  жеке тұлғалық маңызды қасиеттерін  қалыптастыруға  бағытталады (А.Е. Әбілқасымова, Р.С.Омарова, т.б.)

2- сынып оқушыларының танымдық белсенді іс-әрекетінің  тиімді ұйымдастырылуы, мұғалімнің  біліктілігіне, шеберлігіне, қоршаған ортамен таныстыруда қолданылатын  дидактикалық ойынның, оқу материалының сипатына  байланысты. Оқушылардың  танымдық белсенділігін   ойын арқылы ұйымдастыру оған ықпал  ететін компоненттердің құрамын анықтауға мүмкіндік берді.

 

        Бастауыш сыныптарда  сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан бала үшін;

-Жалпы адамзаттың мәдениетті  меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухпни жалғастырушы;

-Сынып ұжымының алуан түрлі  бірлескен іс-шаралары барысында  олардың өзара ынтымақтастық  қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

-оқушы тұлғасының қалыптасуына  қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуиіі; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, 
саяси ерекшеліктерін түсінуде  көмекші, кеңесші.

 Сыныпта қолайлы, жайлы йоральдық-психологиялық  ахуал 
қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, 
қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы; 

- Оқушының дамуы мен  жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиесін күштердің (мектеп,- отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Сынып жетекшісінің негізі мақсаты қоғамның талаптарымең  тікелей байланыста, ал  әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оынң потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.

Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану