Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;
Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ процесс. 1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. 3-4 сыныптарда оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілік өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.
Сонымен дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. Оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.
Оқушылар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. әрбір оқушы – осы ұжымның мүшесі, сондықтан да бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Социалистік қоғам адамның жеке басының интегралдық сапасы – ерекше актуалды педагогикалық міндетті құратын ұжымды қалыптастыру.
Қазіргі таңда ұжымды дамыту, оқушылардың белсенді әрекеттерін дамыту, жеке тұлғаны дамыту маңызды істердің бірі. Көрнекті педагогтар К.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Макаренко, М.Жұмабаев оқушыны дамытуға бағыт-бағдар беріп отырған. Кеңестік психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Апанов, В.Давыдов, Л.Занков, В.Крутецкий, М.Мұқанов, Ж.Әбділдин, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыров еңбектері танымдық іс-әрекетте жеке тұлғаны дамыту мәселесінің алтын қоры деп білеміз. (Қазақстан мектебі-14-71,2005-56 б).
Қазіргі педагогикалық психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л.Божовичтің, Р.Буренің, Л.Венгердің, Я.Коломинскийдің, Е.Панько және т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Ұжымдық танымдық әрекеттің үдерісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:
1) Символикалық бейнелерге
2) Қисынды ойлауды және көрнекі-
3) Қиялды, әр түрлі қабылдауды жетілдіру.
Қорытынды
Ойын - оқушылардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Оқу-тәрбие ісінде ғы ойын арқылы оқушылар білімін шыңдап ой - өрісін кеңейтеді.
Ұлттық элементі бар дидактикалық ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік, білімділік мәні, жүргізілу ерекшелігі болады. Мұндай ойын арқылы оқушы тез ойлауға, тапқырлыққа үйренеді. Оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып арнайы ұйымдастырылған ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез - құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады және де оқу-тәрбие ісіне деген қызығушылығын арттырады.
Демек, 2 сыныптағы тәрбие ісінде орында ұлттық ойындарда қолдану оқушылардың ұлттық сезімін оятып, сөздік қорын молайтуға, білімін тереңдетуге жақсы әсерін тигізеді.
Басқа дидактикалық ойындар сияқты ұлттық ойын оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру құралы қызметін атқарады.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.
Ұлттық ойындар – бастауыш мектеп балаларының негізгі іс–әрекеті, оқудың маңызды құрамды бөлігі, дидактикалық ойынның бір түрі.
Ұлттық ойын – оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте дербестік пен инициативаны, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға жол ашады. Ұлттық ойынның ең басты ерекшеліктерінің бірі балалардың білімді игеруде ақыл ой қызметін дамыта отырып, өзара қарым - қатынас жасауға жеткен жетістіктерінің дәрежесінің көрсеткіші. Екіншіден, оның ұжымдық сипатта болатындығы. Ұлттық ойын көп жақты, қиын педагогикалық құбылыс.
Ұлттық ойынның негізгі мақсаты оқу-тәрбие барысында баланы қызықтыра отырып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарына жеткізеді.
Ұлттық ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтіп, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, сезімдерін күшейтеді.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. «Ана тілі» оқу-тәрбие ісінде рында ойын элементтерін пайдалану мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Ойын оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез, әрі ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істей білуге үйретеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың
пайдасы /УБастауыш
мектеп,
20041. -Б. 52-56
2. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні.
- Алматы: 1985ж.
– Алматы: Атамұра, 1999ж.
1994ж.
11. Болдырев И. С.Класс жетекшісі.- Алматы :Мектеп, 1980.-Б.
12 Кішібаева Д.
Ұлттық ойындардың пайдасы
/УБастауыш
мектеп,
2004, №1. -Б. 52-56
13 Нұрғаева Г.
Ойын сабақ // Бастауыш мектеп,2001,
№7. -Б. 40-
46
14. М.Жайлауова,З.Сексенбаева.
Дидактикалық ойындар жэне
оларды пайдалану // Бастауыш мектеп,
2004, №6. -Б. 28-30
15.Қаженбаева
А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту
//Отбасы
және балабақша, 2002, №1.-Б. 9-10
16.Қоянбекова.С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні
//
Қазақстан
мектебі, 2002, №1-2.-Б. 45-49
17.Қазақстан мектебі №9. 2002 23-30 6.
18.Байжұманова.
Б. Оқушылардың танымдык
//Қазақстан мектебі, 2000, №2.-Б. 29-31
Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану