Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
Ұстап қара қарындашын,
Ұстап қарындашын қарындасым
Ұсынды қарындасым қарындашын
деген бүгінгі мектеп құралдарының біріне арналған жаңылтпаш дәлел бола алады.
Жаңылтпаштардың бала тілін ширатудың құралы екендігін педагогика ғылымы бұрыннан мойындаған, оны бала бақшалар да, мектептер де, негізге алып отыр.
Өтірік өлеңдер мен күлдіргі әңгімелер - балалардың ауызекі поэтикалық репертуарында көптеп кездеседі. Ондағы оқиғалар адамның санасына симайтындай көзқараста дамиды. Оларды бейнелейтін бүкіл жүйе шындыққа жанаспайды. Іс-әрекеттің бәрі - логикалық қателік десе болады.
Оған: "Тазшаның өтірік өлеңдері", "Қаңбақ шал", "Тоғыз тоқылдақ , бір шіңкілдек", "Суйаттың өтірік өлеңдері", "Ку Тазша", "Құмырсқаға қой бақтырдым " және т.б. дәлел бола алады.
Күлдіргі әңгіменің ерекшелігі - адамдардың бәріне танымал, түсінікті көріністерді, жанды-жансыз табиғат көріністерін алады. Солардың болмыстарын тыңдаушысына өз басының ісімен, қатынасымен байланыстыра айтқанда еріксіз өрескел, күлкі күйлер туады. Күлдіргі әңгімелерді өтірік өлеңдер жандандыра түседі. Оларда қиялға мейлінше еркіндік беріледі. Оның мазмұны күнделікті тіршіліктен, күн көру кәсібінен туындайды. Өтірік өлеңдердің көркемдік шарты-өтірікті жорта шындықтай етіп баяндау, қиыспайтынды шебер қиыстыру болып табылады. Оны Тазшаның мына бір өтірік өлең шумағынан байқауға болады.
Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай, жүз тұсақтан сатып тұрдым.
Айдадым жылқы қылып, тоқсан түлкі,
Борсықты ұстап мінсең, аттың мүлкі.
Ішінде топ адамның тулап
Қалдың-ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкі !
Бұл шумақтарда суреттелген көріністер әсерлеу, шендестіру ретімен берілген. Бір нәрсе, екіншісімен әдемі қиыстырылған, тыңдаушыға шеберлікпен, фантастикалық дәрежеде, күлкілі түрде жеткізілген. Бұл баланың ойын ұшқырлап, қиялға жетелейді, эстетикалық әсер береді, дүниетанымын жетілдіреді.
Жұмбақтар - қазақ жерінде сонау көне заманнан кең тараған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақтар ертектер де, ақындар айтысында да кең қолданылған.
Жұмбақтардың педагогикалық құндылығын зерттеушілер өте жоғары бағалайды.
Олар балаларды қуанышты сезімге бөлейтінін, зейінін пәндер мен жұмысқа және олардың белгілеріне бағыттайтынын, осы белгілердің сөздік мағынасына терең бойлауға итермелейтінін, ойлау қабілетін қалыптастыратынын атап көрсетеді.
Әрине, балаларды ауызекі
Біздің пайымдауымызша, балалардың қызығушылығын қолдауда сенімді ролді біріншіден, бейнелердің нақтылығы, түсініктілігі мен белгілігі, рифмнің айшықтылығы, екіншіден, басқалардың ақыл-ойын байқап өзгеге де, өзінің де деңгейін көрсетуге деген талпыныс атқарады. Баланың шешімін тапқан әрбір жаңа жұмбағы оның өзіне деген сенімін бекіте оның ойлау қабілетін дамытудың келесі бір сатысы болып табылады.Жұмбақтың шешімі табылмаған жағдайда, балада білмегенін танып-білу, басқаларға теңелу, басқалардан кем қалмау деген талпыныс пайда болады.
Сөйтіп, жұмбақ балалардың ақыл-ой әрекетін белсендендіреді, ақыл-ой жұмысына талғамын қалыптастырады. Жұмбақтар балалардың қазақ тілінің байлығымен таныстырады. Жұмбақтарды балалар онша түсіне бермегенімен, ықыласпен қызықтайды. Жұмбақтардың шешімін өздері таба бермегенімен, шешімі табылғандарды есте сақтауға талпынады, ауызша ұғымның қарапайым бір түріне айналады. Оның танымдық мәні төмендейді.
Балалардың жас ерекшеліктерін жақсы білетін халық арасынан шыққан тәжірибелі ұстаздар жұмбақтарды балалардың жасына, зеректігіне, тәжірибесіне қарай береді.
Бүгінгі қоғамда болып жатқан жаңа өзгерістердің балалар репертуарындағы жұмбақтарға әсері болмай қалған жоқ. Қазақтардың бұрынғы тыныс-тіршілігіндегі нәрсенің көпшілігі жаңа заман балаларына түсініксіз болып қалды. Тұрмыстың өзіндік ерекшелігін білдіретін жұмбақтар ұмыт болып барады. Ең кең танымал жұмбақтың бірі: "Асты тас, үсті тас, ортасындада піскен ас" деген кол диірмені туралы жұмбақ болған. Қол диірменін бүгінде тек көрмеден көруге болады, оның қандай зат екенін балаға қанша оңды түсіндірсең де, оны ол көз алдына елестете алмайды. Дәстүрлі жұмбақтардан киіз үй, оның жабдықтары, тағам-тамақтар, үй жануарлары, аң-құстар, табиғат, киім-кешек және т.б. туралы жұмбақтар көптен кездеседі.
Қазіргі жұмбақтарда кітап, машина, радио, қалам, техника, оку, білім, адам және оның мүшелері, аспан, хайуандар, жәндіктер, құстар, космос және т.б. жұмбақтар көрініс алған. Мысалы:
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе, жарыстан
Аяғы екеу болғанмен ізі
Сағатта талай жерді қарыштайды
(велосипед)
ххх
Бір бұлбұл отырады, салып
Журуге аяғы жок, емес жанды.
Өнері қандай асқан деп
Ән-сәтте жер түбінен хабар алды
Бүгінгі жұмбақтар - балалар фольклорының жанры. Жұмбақтар жинағы, мектепте жұмбақтарды оқытып - үйрету балалардың осы шығармаларға, тұрақты түрде қызығушылығын арттырады.
Сонымен,
күлдіргі фольклордың аясына енетін
жанрлардың эстетикалық табиғаты балалардың
оларға деген эстетикалық
Қарастырылған жанрлардың көркемдік құрылымы тәрбиеленушілердің сезімдік қабілеті мен ақыл-ойын дамытуда, адамгершілік асыл касиеттерін тәрбиелеуде педагогикалық ықпал етудін ерекше бір құралы болды, педагогикалық, эстетикалық функцияларды атқарды.
Ойын фольклоры балалар шығармашылығында жетекші орын алады.
Тыныс-тіршілігі ойынмен байланысы болмаған баланы тіпті көзге елестету мүмкін емес. Ғалымдардың да қайсы бірі болмасын ойынның бала тәрбиесіндегі рөлін жоғары бағалайды. Олардың зерттеулерінде "ойыннан жеткілікті білім алмаған бала, мектепте де ешнәрсеге үйренбейді және қоршаған әлеуметтік ортамен де байланысы болмайды" делінген
Балалар ойынында педагогика мен өнер дене тәрбиесі жүйесімен байланыста болады. Көптеген ойындарда ересектердің жұмысы, маңызды еңбек түрлері егін (егін өру, мал бағу және т.б.) көрініс алады. Ғасырлар бойы
ойындар балалар тәрбиесінің (дене, акыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және т.б.), спорттық-әскери даярлығының таптырмас құралы болды.
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі
Балабақшадағы
тәрбиелеу-оқыту жұмысында
Баланың
сөздік қорын байыту, нақтылау үшін,
күнделікті өмірде орынды пайдалана
білуі үшін жаңа сөздің мәнін, мағынасын
жете түсіндіріп, белсенді сөздік қорын
арттыру қажет. Қоршаған заттармен
құбылыстардың барлығы сөз
«Ана
тілін үйрену- сөздерді жаттау, олардың
жүйесін, өзгеру заңдарын білу
ғана емес, тіл үйренумен бірге
бала тілдің санасыз көп
Біз балалармен сөздік жұмысын
жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай
білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі
және пішінін ажырата білуге,
өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі
құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін
дамыта отырып, белсенді түрде
тілдік қарым-қатынас жасай
Мектеп
жасына дейінгі балалардың
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген
сөздерін тиянақтап, анықтап,
әрі байытып отыру басты
Тіл дамыту
сабақтары баланың өткен
Мектеп жасына дейінгі балаларда тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: тілді іс - тәжіриебеде қолдануы, психикалық процестерді қайта құруға септігін тигізетін ойлау құралы. Баланың сөз қоры мектеп жасына дейінгі кезеңде үш есе ұлғаяды. Баланың сөздік қоры: есімдердің, етістіктердің, зат есімдердің, сын және сан есімдердің әсерінен молаяды. Бірте - бірте ана тілінің морфологиялық жүйесі құрмалас сөйлемдерді меңгере бастайды. Осының бәрін бойына сіңірген бала жаңа сөздерді оңай құрайды. Олардың мағынасын өзгерте алады.
Мектеп жасына дейінгі кезең баланың тілдік нормаларын,тілдік көріністерін аңғартуға бейімделген кезең. Бұл кезде бала сөздің мағыналық жағы мен дыбыстық жағына көп көңіл аударады. Бес жасында сөздердің қалай пайда болатынын түсіне бастайды да, түбірлес сөздерді іріктейді.
Белгілі-бір сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс атауы баланың фонемалық есту қабілетін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балада дауысты,дауыссыз жуан және жіңішке дыбыстар жайлы алғашқы түсінік болуы қажет. Соның арқасында бала сөздің дыбыстық жүйесіне талдау жасай алады. Төрт жасар бала сөздің алдыңғы және соңғы дыбыстарын ажыратады. Ал бес-алты жасар бала сөздерге күрделірек талдау жасауы керек. Бала сауатын ашу үшін ауызша сөз құрамын білу керек. Ол ауызша айтылған сөйлемнің құрамында қанша сөз бар екенін талдайды да ұзақ уақыт бойы сөйлемдерді ауызша құруға тырысады.
Даярлық тобында алдында меңгертілген білім-білік дағдыларын қайталату, үйренген сөздермен сөйлем құрату, әңгімелеп айтуға үйрету жұмыстарын әрі қарай жалғастыру, сөздік қорын байыту жалғастырылады..
Ересек балалар тобында
(5-6 жас) бұрынғы топтарда үйренгендері
кеңейтіле жүргізіліп, ауызша сөйлеу
тілінде грамматикалық
Белгілі тақырып төңірегінде жаңа сөздерді меңгертуде жаңадан бағдарлап отырған заттар мен табиғат өзгерістері, жан-жануарлар тіршілігі, ұлттық құрал-жабдық, ыдыс-аяқ, киім-кешек, олардың қалай аталатыны, қайда, неден жасалатыны, кімдер жасайтыны, тұрмысқа қажеттілігі, пішіні, түр-түсі, сапасы, айрықша белгілері туралы ұғымдары жетілдіріледі. Таным қабілеттілігін арттыру, заттың атын атап айтуға, заттарды, жан-жануарларды, табиғат өсімдіктерін салыстыра білуге жаттықтыру, түрлі мамандыққа байланысты сөздерді меңгерту (тігінші, сауыншы, малшы, шопан), сөздік қорларын сан жағынан молайту және оның сапалық жағына да назар аударту қарастырылады.
Сондай-ақ көп мағыналы және қарама-қарсы мағынаны (антоним) білдіретін, мағынасын жуық (синоним) сөздерді түсіндіру, ауызша сөйлем, құратуда оларды орынды пайдала білуге үйрету, тәжірибелік жаттығулар орындату арқылы тиянақтап отырылады.